1. Маркетингтің шығуы және жалпы сипаттамасы. Маркетингтің принціп түрлері мен қызмет түрлері



бет27/27
Дата13.02.2023
өлшемі491 Kb.
#67467
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Сыртқы нарыққа шығу тәсілдері.

Фирма шетелде тауарды өткізумен айналысу үшін сол нарыққа шығудың тиімді тәсілін таңдауы қажет.
Экспорт. Шетел нарығына шығудың ең оңай түрі экспорт болады. Жүйесіз экспорт дегеніміз – фирма кей-кейде ғана өзінің артық тауарларын экспортқа шығарады және шетелдік фирмаларының көтерме саудагерлеріне сатады. Фирма экспортты екі тәсілмен жүргізуі мүмкін:

  1. Жанама экспорт тәуелсіз халықаралық маркетинг делдалдары арқылы жүргізіледі.

  2. Тікелей экспорт тәсілінде экспорттық операцияларын фирма өз бетінше жүргізеді.

Бірлескен кәсіпкерлік. Отандық кәсіпорын және шетелдік фирма өндіріс және маркетинг мүмкіндіктерін біріктіреді. Нәтижесінде бірлескен өндіріс күштері құрылады. Бірлескен кәсіпкерліктің әдетте 4 түрі орын алған:

  1. Лицензия алу дегеніміз лицензияны сатушы өндіріс үдерісін, тауар белгісін, патентті, сауда құпиясын қолдану құқын қалам ақыға (гонорарға) немесе лицензиялық төлемге айырбастайды.

  2. Медігерлік өндіріс стратегиясында шетел кәсіпкері жергілікті өндірушілермен бірлесе тауарды өндіру келісімін жасайды.

  3. Келісім бойынша басқару стратегиясында отандық фирма шетелдік серіктеске басқару саласындағы өзінің *ноу-хауын* ұсынады.

  4. Бірлескен кәсіпорын стратегиясында жергілікті коммерциялық кәсіпорын құру үшін шетелдік және жергілікті капитал салымшыларының әрекеттерін біріктіреді.



Тікелей инвестициялау. Шетелдік нарықтағы әрекеттерге қатысудың толық түрдегі формасы ретінде шетелде құрастырылған кәсіпорындар немесе өндіріс кәсіпорындарын ұйымдастыру болады. Тікелей инвестициялаудың артықшылықтары мыналар:
-арзан жұмыс күшін, арзан шикізатты қолдану мүмкіндігіне, көлік шығындарын азайту арқылы фирма қаражатын үнемдеу мүмкіндігіне қол жеткізеді;
-жергілікті тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, серіктес елде өзіне жағымды бейне қалыптастырады;
-қабылдайтын елдің клиенттерімен, жабдықтаушылармен, дистрибьюторлармен тығыз қатынас құру арқылы өзінің тауарларын жергілікті маркетинг ортасына ұтымды бейімдейді;
-фирма өзінің капитал салымдарына толық бақылауын сақтай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет