1 маусым 2016 ж сәрсенбі


тап от басып, опыќ жеген жас ќыздар μздерініњ ж‰кті екендерін



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата18.03.2017
өлшемі3,39 Mb.
#10002
1   2   3   4

тап от басып, опыќ жеген жас ќыздар μздерініњ ж‰кті екендерін

білгенде ата-анасынан, не баланыњ єкесінен ќолдау кμрмеген

соњ баланы жасанды жолмен алдыртып тастайды, не μмірге

єкелген соњ бас тартып, перзентханада тастап кетеді, не бол-

маса б‰гінгі ќоѓамда болып жатќан адам айтќысыз с±мдыќ жаѓ-

дайларѓа барады. Сондай ќиын сєттерде т±њѓыш сєбиін босан-

ѓан, біраќ оны μздігімен μсіруге м‰мкіндігі жоќ немесе єлдебір

себептермен баласынан бас тартпаќшы болѓан єйелдерге кμмек

кμрсету маќсатында ашылѓан мына Аналар ‰йлерініњ арќасын-

да ќаншама баласынан безінбек болѓан аналар райынан ќай-

тып, ќаншама т±рмыс тауќыметін тартќан жас аналар ќолдау-

кμмекті сезінуде. Біраќ, б±л жылы орын да, дайын тамаќ та

уаќытша. Сондыќтан, б‰гінгі ќоѓамда м±ндай аналар ‰йініњ бо-

луына ќарсылыќ танытатындар да жоќ емес. Себебі, осын-

дай ‰йлердіњ кμбеюі ќыздарымыздыњ ж‰генсіз кетуіне, емін-

еркін ж‰ріске салынуына итермелейтінін айтса, енді біреулері

м±ндай ‰йлер тастанды балалардыњ санын азайтуѓа септігін

тигізетіндігін айтады. Ал, сіз не дейсіз, оќырман?

Б‰гінде еліміздіњ єр

μњірінде "Аналар ‰йі"

ж±мыс істеуде. М±ндай игі

іс осыдан екі жыл б±рын

ќазаќстандыќ кєсіпкер

Айдын Рахымбаевтыњ

ќолдауымен ќолѓа алынѓан

болатын. Кейін еліміздіњ

μзге μњірлерінен басќа да

кєсіпкерлер оѓан ќолдау

білдірді. Ќазіргі к‰ні

еліміздіњ 18 ќаласында

осындай 26 аналар ‰йі бар.

Бала күнгі ақын досы Серікбай Оспановпен

Серік Тұрғынбекұлы ақын ағасы Мұхтар Шахановпен

Академик Серік Қирабаев жəне Серік Тұрғынбекұлы

6

1 маусым  2016 жыл

«...Серік өлеңдері өзіне тəн 

қарапайым  көрінеді,  форма 

жағынан  да  бір  өңкейлеу,  көз 

тарта бермейді. Бірақ Серіктің 

салмақ  салатын  жері  –  мəсе-

ленің түбі, ойдың терең қазығы. 

Жайша да мəлім жайттар кенет 

өлең аяғында тұтқиылдан биік 

шешім тауып кетеді. Жай ұста-

сып жүріп-жүріп, бірақ шалатын 

балуандар  сияқты.  Оның  бұл 

бағытынан арылмағанын қалар 

едім».

Ғафу Қайырбеков,

Қазақстанның Халық 

жазушысы.

t

«...Бүгінде Елордада тұра-



тын Серік Тұрғынбекұлын қалың 

оқырман  қауым,  «Астананың 

бас ақыны» деп санайды. Оған 

Серіктің  жасы  да,  шашы  да, 

шашасына шаң жұқтырмайтын 

тұлпарлығы да, қияға самғай-

тын сұңқарлығы да толық дəлел.

...Ақын  сезімінің  алдамай-

тындығын,  ақынның  ұшқыр 

қия лы ұшқары сөз емес, ұлттың 

қамын  күйттейтін  киелі  ұғым 

екенін  бағамдауға  болады. 

Серіктің  өзі  таңдаған  осы  бір 

қиын да күрделі жолына ақын 

ағасы ретінде əрдайым сəттілік 

тілеймін.

...Серік  махаббатты  жыр-

лағанда, оған əр қырынан келіп, 

өзіндік өрнек табады. Ақынның 

«Жанарыңнан  бір  моншақты 

үйіріп», «Сонау жылы... күз еді» 

атты  сюжетті  өлеңдері  соған 

айқын айғақ. Махаббатты жыр-

лағанда  ақынның  тілінен  бал 

тамып,  қыз  атаулы  құлпыдай 

құлпырып шыға келеді.

...«Шалғайған  жалпақ  өл-

кені  Шолохов  болып  шолған» 

ақын  кемеліне  келіп  толған 

ару Ақжайық ты, Құм Нарынды, 

сұлу Көкшені, Арал мен Балқаш 

арасын кең тыныс, кемел оймен 

кестелейді.  Ақын  табиғаттың 

жарасын,  көңілінің  наласын 

«Ананың  зары»,  «Шағаланың 

шаңқылы», «Маралдың мұңы» 

арқылы əсерлі береді. Қай тақы-

рыпқа қалам тербесе де, жалаң 

баяндай бермей, əртүрлі ырғақ, 

əрқилы мақаммен түрленте, құ-

былта,  құлпырта  жырлайтын 

ақын тапқырлығына тəнті бола-

сыз».

Сəбит Досанов, 

Жазушы, ҚР Мемлекеттік 

сыйлығының жəне «Түркі 

əлеміне сіңірген еңбегі үшін» 

Халықаралық сыйлықтың 

лауреаты.

t

«...Кіріптар  елде,  кіріптар 



қауымда,  бір-біріне  кереғар 

күштер  мен  идеялардың  шы-

тырман қақтығысы заманында 

бұндай күреске тəуекел еткен-

дердің  қай-қайсысы  да  нағыз 

трагедиялық тұлғалар. Оларды 

не дəріптеу, не даттаудан гөрі 

олар өткен жолды талдау, олар-

дың тағдырының тағылымын та-

разылау əлдеқайда тиімді. Бірақ 

бұл кез келген көркем шығарма, 

əсіресе,  поэтикалық  шығарма 

көтере алмас күрделі жүк.

Соны ескеріп, күллі ұлт бо-

лып өз тарихымызды саралап 

жатқан рухани ізденіске өрелі 

үлес қосқан талантты суреткер-

ге риза болмасқа хақымыз жоқ».



(«Кейкі батыр» 

дастанына пікір)

Əбіш Кекілбайұлы,

Қазақстанның Халық 

жазушысы, Қазақстанның 

Еңбек Ері.

«Қазақта,  Құдайға  шүкір 



ақын көп. Бірақ, бəрінде ақын-

дық мінез бар ма? Ақындық мі-

нез бекзаттық қасиет. Бекзаттық 

тек қуалайды. 

Серік Тұрғынбекұлы – текті 

ақын.


... Ақын Серік Тұрғынбекұлы-

на құрмет өз аяғымен келген. Ол 

құрметті іздеген де, күткені де 

жоқ, бар ісі өлең жазу болды. 

Өлең  деген  желп-желп  еткен 

жел сияқты, қай жақтан келіп, 

қойын-қонышқа толып кететінін 

ақынның  өзі  де аңғара  алмай  

қалады.  Бірдеме  айту  керек  

болса,    ақынның  мазасы  кете 

бастайды.    Сондай  сəттерде 

өлеңдер өріліп келе береді, келе 

береді. Өлең деген бойжеткен-

нің  бұрымындай  сұлу  өрілсе, 

ақын көңілі жай табады, ол ер-

лік жасағандай сезінеді. Əлем 

əуенге айналғанда дүние шіркін 

қандай əдемі десеңші. Осы лəз-

зат ақынның азығы.

Асыл сөзі сарқылмаған, 

алдаспан жыры жарқылдаған

МЕРЕЙ

Ақын Серік Тұрғынбекұлы 

70 жаста

Қазақ поэзиясының ақжал арғымағы атанған ақын, Халықаралық «Алаш» 

сыйлығының, Бүкіл Түрік поэзиясы фестивалінің лауреаты, жерлесіміз Серік 

Тұрғынбекұлы 1946 жылы 1 наурызда Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы 

Ақшығанақ ауылындағы Төлеген қыстауында дүниеге келді. Мектеп  бітірісімен 

осы аудандағы «Жаңа өмір» газетінде қызмет істеді. Әл-Фараби атындағы 

Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің түлегі. Қазақ 

радиосында аға редактор, республикалық «Лениншіл жас» газетінің Торғай, 

Қостанай облыстары бойынша меншікті тілшісі, республикалық халық 

шығармашылығы үйінде фольклор бөлімінің жетекшісі, қазақ теледидары 

әдеби драмалық хабарлар Бас редакциясында, қазақ радиосында редактор, 

Баспа полиграфия, кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде 

аға редактор, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, мәдениет 

министрлігіндегі репертуарлық, редакциялық алқаның Бас редакторы, Астана 

қаласындағы С.Сейфуллин мұражайының директоры қызметтерін атқарды.

" " " " " " " "

Àғàëàðäàí  àқ  òіëåê


Серік Тұрғынбекұлы жəне жазушы, 

драматург Сəкен сері Жүнісов

Халық қаһарманы Тоқтар Əубəкіров 

жəне Серік Тұрғынбекұлы

Журналист-жазушы інісі Серік Шайман 

жəне Серік Тұрғынбекұлы

7

1 маусым  2016 жыл

t

Серіаға-ау, мəлім күллі сырың маған,



Қырық жұт келсе-дағы қырылмаған...

Торғайың-

Қазақта бір киелі ел ғой

«Алаш» деп, 

Əлі күнге шырылдаған!

Бұл дала, 

Құдайым-ау, 

Қандай дала,

Қарасаң, 

Қара жерде нардай дара.

Қай құста қандай ғажап –

Қасиет бар,

Қазаққа адал болған –

Торғай ғана!..



Серік Ақсұңқарұлы,

Ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының 

лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген 

мəдениет қайраткері.

t

«Асқаның – алты қырқа, Серік ақын,



Аяғың жеткен жердің бəрі жақын.

Қамшының сегіз таспа өріміндей,

Өлеңмен бірге өрілген сенің атың!

Өлеңсіз өмір бар деп сезінбейсің,

Сезімнің мөлдіреген өзіндейсің.

Кешегі Кеңшіліктің сыңарындай,

Сырбай мен Ғафулардың көзіндейсің.

... Сондықтан тыным алмай толғанасың,

Күн сайын қаламыңды қолға аласың.

Қияға қиырдағы көзің салып,

Қырандай қанатыңды қомданасың.

Ұланы байтақ елдің байтақ ақын,

Кезің бұл айтарыңды айта алатын.

Тулаған тіршіліктің айдынында,

Жөнің жоқ жел қайықтай шайқалатын.

Несіпбек Айтұлы,

Ақын, Халықаралық Жамбыл атындағы 

сыйлықтың лауреаты.

t

«Осы теңеу о бастан



 Көкейімнен кетпей жүр.

Жалғасқандай жер-аспан,

Ағыл-тегіл неткен жыр!

Жетпісінші көктем бұл,

Жетпіс рет су ақты.

Жүйткіп аққан неткен жыр, 

Неткен өлең шуақты!

... Асқарларға ұмтылдық, 

Көңіл қорқақ, қол батыр...

Арқа бүгін ұл туып,

Арқа-жарқа боп жатыр!  

Əбіжан Əбілтай,

Ақын.

...Ақынның мінезі ақылға сыя бермейтін 

– мінез. Ақын тек құрғақ ақыл айтып отырса 

не болмақ? Ол ақындық өнерге жатпайтын іс. 

Ақын тілі – метафора, аллегория, образ. Ақын 

ақиқатты айтты деп айғайлау, сірə, дұрыс 

емес. Ақын нені болсын меңзеп, образбен 

өрнектейді, ақын сөзі сонысымен дəмді əрі 

мағыналы. Ұрандап сөйлеу ақынды шарша-

тады, ақыры жығады, халықтың одан көңілі 

суиды. Меңзеп, астарлап сөйлеу даналықтың  

өлшемдері. Осы сөзімізге дəлел Секеңнің 

«Қилы заман – қым-қуыт» деп басталатын 

өлеңі бар».



Ғарифолла Есім,

Академик, жазушы.

t

«...Дастан қазақ топырағында қалыпта-



сып, қабырға қатайтқан оқиғалы поэмалар-

дың үлгісінде жазылған. Жат жұрттың рухани 

үрдісіне еліктеуі де, солықтауы да жоқ. Сөйте 

отырып, бес ғасырлық мектебі бар қазақ по-

эзиясының поэтикалық мол ғибратын ақын 

Серік пайдаланып отырады. Бүтін буынмен 

төрт тағандап қат-қатымен түсіп отыратын 

жыр  шумақтары  сұлу  суретімен,  сыршыл 

сезімімен, сындарлы ойымен оқырман жүре-

гін  тербейді.  Тербей  отырып  тебірентеді. 

Тебіренте отырып кеше мен бүгін жəне бо-

лашақ туралы толғантады. Шынайы өнердің 

шапағаты осындай болмақ».

(«Кейкі батыр» дастанына пікір)

Ақселеу Сейдімбеков,

Филология ғылымдарының док-

торы, профессор, жазушы, ҚР Мемле-

кеттік сыйлығының лауреаты.

t

Əдетте, көркем əдебиеттегі, оның ішінде 



поэзияда тақырып аясы белгілі: туған жер, 

табиғат, ғашықтық, көңіл-күй өлеңдері, қоғам 

мен адам туралы толғаныстар. Ал, тақырып 

ортақ болғанымен өлең-жырдың сипатын са-

ралап, ерекшелейтін, таразылайтын өлшем 

бар. Ол ой жаңалығы, түйін ерекшелігінің 

шешімінің тосындығы, сөз суреті əр ақында – 

нағыз ақында өзгеше болуға тиіс. Сондай-ақ 

сезімталдық, парасаттылық, аңғарымпаз-

дық, біліктілік, білімділік сынды ақынға жара-

тылысынан бойына бітетін табиғи таланттың 

қажеттігі белгілі. Негізгі, басты талаптар осы. 

Азаматтық парызына адал ақын өзі ғұмыр 

кешіп жатқан қоғамның, əлеуметтік ортаның, 

ең бастысы замандастарының өмір-тіршілі-

гін, тағдыр кешулерін жан-жүрегімен түсініп, 

соны сөз өнерінде келістіре көркемдеп, шын-

дығына шырақ жағып, ақиқатын айтып оқыр-

мандарына жырларымен жеткізу. Ал, Серікте 

осындай ақындық қасиеттердің бəрі бар.



Қуанышбай Құрманғали,

Ақын, жазушы.

Çàìàíäàñ 

құðäàñòàðû, 

іíіëåðіíåí іçãі òіëåê

«...Өлең де ақынның перзенті. Сондықтан да болса керек, ағыл-тегіл 

ақтарыла сөйлейтін Серіктің жырлары да арнасынан асып-тасып ағып 

жататын ақ бұлақтай құйылып, ақ көңілі мен ақ ниетіндей жаныңды 

баурап алады. Ойлы, ойнақы, астарлы, айшықты, бейнелі, бедерлі.

...Серік қысқа лирикалық өлеңдердің ғана емес, эпикалық шығарма-

лардың да шебері. «Нан туралы баллада», «Барлыхан», «Бұлақ», «Сыр-

байдың даусы» балладалары мен «Мандат», «Махамбет жəне Жəңгір 

хан» поэмалары, «Кейкі батыр» тарихи дастандары соның айғағы».



Серікбай Оспанов,

Ақын, Халықаралық Жамбыл атындағы 

сыйлықтың лауреаты.

t

«...Серік Тұрғынбековтың өлеңінде – өзіндік мінез, өзінде – ақындық 



мінез мол. Өмірде де, өлеңде де бастаған ісі бітпей, жан жомарттығы 

мен жүрек мейірімі толастамай, ойын ірікпей, сөзін бүкпей, ағынан 

жарыла білетін бұл ақында шынайылық мол. Ол көбінесе, көңіл-күй 

сезімнің ақыны».



Күлəш Ахметова,

Ақын, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Ақынның кітаптары

8

1 маусым  2016 жыл

Алғашқы еңбек жолын 1997 

жылы Алматыдағы Құрманғазы 

атындағы консерваторияның қа-

зақ тілі кафедрасында бастаған 

ол  талай  өнерпаз  жастарға 

ана  тілінің,  қазақ  әдебиетінің 

қадір-қасиетін  дарытып,  олар-

дың  дүниетанымын  кеңейтті, 

ұлттық салт-сана қағидаттарын 

дәріптеді. Сол бір кезде жас ұс-

таздан тағылым алған Өмірқұл 

Айниязов,  Асылбек  Еңсепов 

және басқа қазақ өнерінің май-

талман шеберлері Жанар ұстаз-

дарын осы күнге дейін ауызда-

рынан тастамай айта жүреді.

Бірақ  Жанарды  асқақ  Ал-

матыдан  гөрі  өзі  туып-өскен 

кең  жазира  –  Торғай  даласы 

өзіне тарта беретін, оның үсті-

не анасы да қызының қасында 

болғанын қалады. Сөйтіп, Жа-

нар  Дүйсенбайқызы  елге  ора-

лып,  Шилі ауылындағы Қайне-

кей  Жармағанбетов  атындағы 

орта мектепке келді. Ал, соңғы 

он жылдам астам уақытта ұлы 

Ыбырай Алтынсарин негізін қа-

лаған мектептің ұстазы.

Ж анар  Жұмағұл ова  – 

жаңашыл  ұстаз.  Оның  шәкірт-

тері аудандық, облыстық, тіпті 

республикалық  білім  бәсе-

кесінде абыройға бөленіп жүр. 

Өнерге де жақын қарындасымыз 

шәкірттерін айтыс, терме өнер-

леріне де баулып, қанаттанды-

руда. Марғұлан Оспанов, Жеңіс 

Жүсіпов  сынды  оқушылары 

бүгіндер  көпшілікке  танымал. 

Ерік Есенгелді, Назерке Нұра-

лықызы сияқты шәкірттері осы 

«Қостанай таңы» газетінің жас 

тілшілері. 

Ұстаздың  өзі  болса  аудан-

дық, облыстық, республикалық  

дәрежедегі  әртүрлі  мәртебелі 

марапаттарға ие болған. Был-

тыр «Большая международная 

энциклопедия» редакциясының 

таңдауы бойынша «Білімді да-

мытуға қосқан үлесі үшін» ме-

далі  және  дипломымен  мара-

патталды. Бұл награданы аудан 

басшылары салтанатты жағдай-

да тапсырып, мерейін өсірді.

Жанар Жұмағұлова – «Қос-

танай таңының», басқа да ба-

сылымдардың қоғамдық тілшісі. 

Оның оқырманға ой салар талай 

мақалалары біздің газетте, «Еге-

мен Қазақстанда», «Ислам өр-

кениеті» «Қостанай-Агро» және 

басқа газет-журналдарда жария-

ланып жүр.

Ыбырай  мектебі  ұлағатты 

ұстазының алда да алар талай 

асу-белестері  бар.  Сол  жолда 

Жанар  қарындасымызға  жаңа 

жеңістер тілейміз.

СУРЕТТЕ: Жанар Жұмағұлова.

КЕЛБЕТ

Шәкірт жүрегіне 

жол тапқан

Сәлім 

     МЕҢДІБАЙ

Торғай селосындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп-

те ұлы ұстаздың ізбасарлары деген атаққа лайықты талай тамаша 

педагогтар жұмыс істейді. Солардың бірі – Жанар Жұмағұлова. Оның 

ұстаздық еткеніне жиырма жылдай уақыт болды, Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін 

және Қостанай мемлекеттік институты дефектолог-логопед факуль-

тетін бітірген.

Ұлағатты ұстаз  

Жанар Жұмағұлова туралы сөз

Мен бұл мақаламда 

нағашы атам Қияқ 

Ыбышев туралы 

айтқым келеді. Егер 

ол кісі тірі болғанда 84 

жасқа толар еді. Амал 

не, өмірден ерте кетті. 

Асқар таудай аяулы нағашы 

атам Қияқ Бейсембайұлы 1932 

жылы 23 ақпанда Қостанай об-

лысы, Аманкелді ауданы, Комму-

низм жолы «8 Март» колхозын-

да  дүниеге  келген.  1938  жылы 

алғаш  Жасбуын  сегізжылдық 

мектебінің есігін ашып,  1-сынып 

оқушысы  атанады.  Одан  кейін 

оқуын Аманкелді орта мектебінде 

жалғастырады.  1945 жылы ком-

сомол қатарына өтеді. Атам 1950 

жылы Қарағанды педагогикалық  

институтына  оқуға  түсіп,  сту-

дент атанады. Оны аяқтағаннан 

 кейін ұстаздық жолы басталады. 

Жас  маман  екі  жылдай  Арқа-

лық және Жасбуын сегізжылдық 

мектебінде,  одан  кейін  Ленин 

атындағы мектеп-интернатында 

мұғалім-тәрбиеші  болып  еңбек 

етеді.  Ал,  1961  жылы  Гоголь 

атындағы Қызылорда педагоги-

калық институтын аяқтап, жоға-

ры мектеп-интернатта оқу ісінің  

меңгерушісі қызметін атқарады. 

Партия  қатарына  өткен  Қияқ 

Ыбышевті 1963 жылы Байғабыл 

орта  мектебіне  директорлыққа 

тағайындайды.  Бірер  жылдан 

кейін  Жаңа  ауыл,  Б.Майлин 

атындағы  және  Жасбуын  орта 

мектептерінде оқу ісінің меңге-

рушісі, директор болады. 

Нағашы атам білім беру са-

ласындағы  адал да қалтқысыз 

еңбегі үшін «Халық ағарту ісінің 

үздігі»  атағын  иеленеді.  Аудан 

бойынша «Ұстаздардың ұстазы» 

белгісін алған тұңғыш азамат. Ау-

дан, облыс оқу бөлімдерінің және 

Оқу министрінің мақтау қағазда-

рымен марапатталады. Москва 

қаласында  өткен  Мұғалімдер 

съезіне делегат болып қатысты. 

Ленин  ордені  және  «Тың  жер-

лерді игергені үшін» медалі, оған 

қоса басқа да марапаттарды ие-

ленді. Анамның айтуынша, дос-

қа сыйлы, елге құрметті болған 

Қияқ  Бейсембайұлының  ұстаз-

дық  жолын  бүгінде  ұл-қыздары 

Алма, Наталья, Ғалия, Эльмира, 

Қанат,  екі келіні, алты немересі 

мен екі немере келіні жалғасты-

руда. Жиен немересі, яғни мен де 

№28 Құсмұрын орта мектебінде 

ағылшын тілі пәнінің мұғалімімін. 

Нағашы атамдай әйгілі ұстаздар-

дың ұстазы болуға тырысамын. 

Атамдай шәкірттерге білім нәрін 

берген  аға  ұстаздарды  жастар 

ұмытпауы керек.



Айжан ҒАБДЫҒАЛЫМ.

Әулиекөл ауданы.



Ұстаздар әулеті     

                                                                                        

Мемлекеттік тіл – 

отбасында 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 

жылдығын мерекелеу шеңберінде Рудный қаласы 

әкімдігінің  «Қалалық тілдерді оқыту»  орталығында 

іс-шара ұйымдастырылды.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Шараға қазақ, орыс, өзбек, татар ұл-

тының өкілдері атсалысты.  «Сәлем – сөздің анасы» кезеңінде  қа-

тысушылар өздерін мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде 

таныстырды. Бұл кезеңде татар  ұлтының өкілі Игорь  Руковтың от-

басы тілді жетік меңгеруімен  ерекше көзге түсті.  «Тілмаш»  кезеңін-

де қатысушылардың мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігі 

анықталды. Бұл тұста әрбір топ ортаға тасталған  10   мақал-мәтел-

ді  үш тілге шебер аударып, бірлесе жұмыс істеді. Ал,  «Өнер – өмір 

өрнегі»  атты шешуші кезеңде қатысушылар  өз қалауы бойынша 

шығармашылық өнерлерін көрсетуде үш тілде және екі тілде папуриді 

сәтті   орындап шықты. 

Тағылымды шара да өз мәресіне жетіп, «Қалалық тілдерді оқыту» 

орталығының басшысы  Жанна Джамбурчина:  «Бүгінгі игі іс  дос-

тықтың куәсі іспеттес. Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін!» 

деп көрермендерге  тілегін білдіріп,  қатысушыларды  «Алғыс хатпен» 

марапаттады.

Эльмира ДОСАНОВА,

«Қалалық тілдерді оқыту» орталығы  КММ әдіскері.

Рудный қаласы.



Ерлік пен елдікті 

жыр еткен

Толқыны жапқан дала адырлардың,

Бойында туып-өстім Қабырғаның.

Қарттардың естіп өстім даналығын,

Жастардың жинап бойға жалындарын.

Асылдай  көкірекке  сақтағаным,

Көктетіп көк ормандай баптағаным.

Көрінсін  туған елге бір жарқ етіп,

Менің де қап түбінде жатпағаным, – деп жырлаған еңбек және 

соғыс ардагері, есеп қызметінің шебері, ақын Байдақ Молдашұлы-

ның 90 жасқа толуына орай Аманкелді аудандық кітапханасында 

арнайы кеш өтті. Кеш шымылдығын кітапхана қызметкері Әміржа-

нова Мөлдір «Ардагер ақын, асыл тұлға – 90 жаста» атты ақынның 

өмірі мен шығармашылығынан, өз қолымен жазылған қолтаң-

баларынан құралған кітап көрмесімен ашты. Аманкелді жалпы 

білім беретін орта мектебінің оқушылары ақынның атақты «Көк-

шағыр» поэмасы мен «Әли-арық» поэмаларынан үзінді оқыды. 

Кеш барысында ақынның інісі Назарбек Бектемісовтің, Ахметсапа 

Айбекұлының, Қонысбай Әбілдің ақынға арнап жазған жалынды 

жырларын мектеп оқушылары мәнерлеп оқыды. Байдақ Мол-

дашұлының шығармаларын оқушы кезінен бастап зерттеп жүрген, 

бүгінгі таңда Аманкелді орта мектебінде жұмыс істейтін Әсем Дос-

бергенова өз жұмысынан үзінді келтіре кетті. Ақынның майдан-

дас досының қызы Мейрамгүл Әлімғазина ақынның адамгершілік 

асыл қасиеттерін тізіп, баяндап берді.

Кеш қонақтары ақынның үзеңгілес інісі Балға Нұрғожин, үлкен 

ұлы Қайыржан Байдақұлы сөз алып, ұрпақтарының осындай кеш 

өткізіп, әдеби шығармаларын көпшілікке танытып жатқанына ри-

зашылықтарын білдірді.

Халық арасынан шыққан Байдақ Молдашұлы сынды тұлғалар-

дың өмірі мен шығармашылығы соңынан ерген ұрпаққа үлгі бол-

мақ. Ақынның әдеби мұрасын танытуға арналған осындай кештер 

өз жалғасын тауып, жыл сайын дәстүрге айналады деп сенемін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет