«1 маусым Балаларды қорғау күні»
Бағдарламаның мақсаты:
1 маусым Балаларды қорғау мерекесін сезіну ,балалық шақтарын бақытты өткізуге ,елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу.Балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып ,достыққа бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар,сөздер,жалаушалар,суреттер,үнтаспалар.
Өтілу барысы:
Анель: Құрметті ата-аналар .Балғын балдырғандар!
1 маусым Балаларды қорғау күні-ең алғашқы халықаралық мерекелердің бірі.
Сіздерді 1 маусым Әлем балаларын қорғау күні мерекесімен құттықтаймыз.Өздеріңе қуаныш,шаттық сыйлайтын мейрамдарың құтты болсын!
Жас бөбектер сендерге арналады
Бүгінгі мерекенің салтанаты
Жас бөбектер ,сендерге сыйланады
Өмірдің ең керемет мархабаты
Гүлшат:
Бұл күн –балалардың шулы да көңілді мерекесі ғана емес ,сондай-ақ балалардың құқығын есіне салатын,иманды да әділетті ,қоғамның қалыптасуына жағдай туғызатын мереке.Осы мерекеге орай ұйымдастырылып отырған «1 маусым Балаларды қорғау күні» атты әдеби-сазды бағдарламамызға қош келдіңіздер!
Анель:
Балаларға қамқор болып жүретін
Бала десе бар байлығын төгетін
Жас бөбектер болашағым көркейтер
Тыңдайықшы мектеп директорының тілегін-деп Достық бастауыш білім беретін мектебінің директорының міндетін атқарушы: Сембаев Серікқазы Оразалыұлына сөз береміз.
Гүлшат:
Бүлдіршіндер болашақ ой тұлғалар
Әрқашан көк аспанда шарықтаңдар
Ата-ананың ақ батасы қаабыл болып
Тілек сөз өздеріңізде ата-аналар.-деп құттықтау сөз ата-аналарға беріледі.
Анель:
Жас жүректі толғатып ,тербеткендер
Жырлатып ,думандатып әндеткендер
Бүгінгі күн сендерге арналады
Айналайын ақ жарқын жүз бүлдіршіндер!
Жаздың алғашқы күні келетін балаларды қорғау күні мерекесімен қатар мектеп жанында ұйымдастырылатын «Балдәурен» демалыс лагері өз жұмысын бастайды.Жазғы демалыс лагері сағат 9.00-12.00 аралығында жұмыс жасайды.
Гүлшат:
«Балдәурен» демалыс лагері қызықты да тартымды өтпек.Олай дейтін себебіміз,балалардың қызығушылығын арттыра түсетін жоспарда түрлі спорттық жарыстар ,мәдени шаралар,табиғат аясында демалу,аудандық мұражайға бару ұйымастырылып отыр.
Келесі кезекте біздің жас әншіміз Төлегенова Еркежанның орындауында «Әдемі» әнін қарсы алыңыздар!
Сүйкімді періштелер сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келер
Ақын да,жыршы да,мың бұралған бишіде
Ең алдымен балалықты меңгерген.-деп мектебіміздің түлегі Анельді «Испан» биімен қарсы алайық.
Гүлшат:
Маусым айы жаз айы
Маусым айы нұр айы
Маусым айда балалар
Құлпыра түсер шырайы
Алдарыңызда Ақнұрдың орындауында «Көңілді күн» әнін қарсы алайық.
Анель:
Жүрейік бүлдіршіндер күліп жиі
Шарықтасын өнердің әсем күйі
Көрермендер қошеметтеп қарсы алайық
Ортада Гүлшаттың «Үнді» биін
Анель:
Күннің жаңа нұры бар
Мұның жаңа сыры бар
Балалар сүйген мейрам бұл
Жайнатамыз гүл,гүлді демекші Достық мектебінің оқушысы Сыдықова Махаббаттың орындауында «Ана тілім» әні.
Гүлшат:
Басты қоссақ бәріміз
Еліміздің сәніміз –деп кішкентай бүлдіршіндердің орындауында «Буратино» биін тамашалайық.
Анель:
Тойға шашу шашылсын
Бимен көркі ашылсын
Уа,халайық қарсы алайық
Бірге билеп тамашалайық
Қара жорға биін
Гүлшат:
Бүгінгі күні балалар шексіз шаттық пен қуанышқа бөленді ,жарқын да,кемел Қазақстанның көркейіп ,өркендеуіне үлес қосып ,жарық жұлдызына айналатын сендерсіңдер,бүлдіршіндер!
Анель:
Өздеріңе шаттық қуаныш сыйлайтын мерекелеріңіз тағы да құтты болсын,жас достар!
Осымен сіздерге арналаған «1 маусым Балаларды қорғау күні» атты әдеби-сазды бағдарламамыз аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |