1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата09.03.2017
өлшемі2,13 Mb.
#8730
1   2   3   4   5   6   7

айзат  ТоЙғҰлоВа              

                                                            № 20 орта жалпы білім беретін мектептің

1 « б»сынып жетекшісі 

Орал қаласы

Болашағы біртұтас ел

7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі  және зымыраған уақыттың 

қанатында  Ұлы  Отан  Жеңістің  көктемі  де  келіп  жетті.  Осынау 

айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал 

азаматтарымызға деген  ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан 

сөнбек  емес.Олар-өмірдің  мәні,көңілдің  жыры,әр  отбасының 

алтын қазығы дегендей мектебімізде 5- мамыр күні 1-8 сыныптар 

аралғында саптық жүріс  сайысы болып өтті. Оқушылар күні бұрын 

дайындалып мерекеге сақадай сай 

тұрды. 11-сынып оқушысы Батыр 

Жұбандықов    жетекшілігімен 

әр  сынып  ортаға  шығып  әскери 

адымдап  жүріп  патриоттық  ән 

орындалып,ұрандарын  айтылды. 

Сайыс  соңында  «Тәртіптік  сап», 

«Сап  тәртібі»,  «Сыртқы  келбеті», 

«Бұрылыстарды 

орындау», 

«Саптық қадам», «Саптық қадам», 

«Саптық 


әндерді 

орындау», 

«Үздік  командир»  номинациялар 

берілді. 



а. ғҰмароВа

Покатилов ЖОББМ-нің кітапханашысы, Теректі ауданы

Балалар жеңісті жырлайды...

Орал қалалық кітапхана жүйесіне қарасты А.С. Пушкин атындағы балалар кітапханасының  қолдауымен, 

«Атамұра» аула клубымен бірлесе отырып 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, жыл сайын өтетін дәстүрлі «Балаларға 

соғыс туралы оқимыз – Читае детям о войне» Халықаралық акция шеңберінде «Біз  жеңісті жырлаймыз..» 

тақырыбында патриоттық акция өтті. Шараға №№44,46 мектеп оқушылары қатысты. Кітапхана қызметкерлері  

жыл сайын мектепте, балабақшаларда балаларға соғыс 

және жеңіс туралы әңгімелер, өлеңдерді мәнерлеп оқуға 

көңіл  бөлсе,  биылғы  жылы  оқушылар  жүрек  жарды 

өлеңдерін өздері оқып берді.

Шара  Аружан    Бисенбайдың  «Цвети,моя  земля!» 

әнін  орындауымен  басталды.  Оқушылар  өлеңдерін 

оқып,соғыс, 

жеңіс 

туралы 


әндер 

шырқалды. 

Кітапханамыздың  ең  кішкентай  оқырманы  Сағындық 

Шұғыла Ғ.Қайырбековтың  «Сен оны құрметте!» өлеңін 

нақышына  келтіріп  оқыпжиналғандардың  көңілінен 

шықты.  Акция  өте  әсерлі  өтті  өйткені  балалар  кезек  – 

кезек  «Батыр  қыз  Әлия»,  «Жеңіс»,  «Болмасын  соғыс, 

болмасын!»,  «Әке»,  «Ұлы  Жеңіс!»,  «Жеңімпаздар 

сәлемі»,  «Қос  ананың  перзенті»  өлеңдерін  мәнерлеп 

оқып берді. 

Мереке соңы қуанышымыз,жеңісіміз ұзағынан, елімізде бейбітшілік болсын деген тілекпен «Атамұра» аула 

клубының тәрбиеленушісі Ақтілек  Сафарғалиевтің «Жаса Қазақстан» әнін орындаумен аяқталды.



Торғын бекеШеВа  

А.С. Пушкин атындағы балалар

 кітапханасының кітапханашысы, Орал қаласы 

«Мәңгі өшпес отты жылдар



Ерлік елге мұра – ұрпаққа ұран

Жігітке - жеті өнер де аз

 Григорьев мектебінде  Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, азаматтық борышын сезіну мақсатында 

Отан қорғаушылар күні  және Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына арналған «Жігітке жеті өнер де 

аз», - деп аталатын  8-10 сыныптар, ұлдар арасында  әскери-спорттық байқау оздырылды.

Бұл  байқауға  мекеп  оқушылары  жақсы,  белсенді  қатысып,  түрлі  қиын  да  әрі  қызықты 

кедергілерден  өтті.  Әр кезеңдердің өзіндік қиындықтарына 

қарамай  уақытты  үнемдей  білді,  сонымен  қатар  оқушылар 

автоматты  шашып,  қайта  жинау  тәсілдерін  де  жетік 

меңгергенің осы байқау барысында көрсете білді.     

Патриоттық сезімі қалыптасқан оқушының жауапкершілігі, 

адамгершілік  қасиеттері  қалыптасып,  өткенге  құрметпен 

қарап,  ақыл  тоқтатады,  саналы  ойлауға  үйренетіні  сөзсіз. 

Осы  байқау  қорытындысы  бойынша    І  орынды  иеленген  

Зайцев Никита, ІІ орынды Елемесов Ахметжан иеленсе, ІІІ 

орынды  Айдынғалиев  Айбек  жеңімпаз  атанды.  Осыншама 

жерді мұраға қалдырған ата-баба ерлігіне тәнті болу, үлгі алу, ел мен жерге ие болу, Отанды сүю 

мектеп табалдырығынан басталады.  



 Темірғали үмбеТалИеВ

Григорьев МБК-нің  АӘД ұйымдастырушысы   

Бөрлі ауданы

Жеңіске 


арналған 

шара


     Мерей  ауыл  кітапханасында      

жасөспірімдер  мен   балалар  

арасында      бір    мезгілде,    бір  

дауыспен      Ұлы  Отан  соғысы  

туралы  кітаптардан  дауыстап  оқу шарасы   өтті.                  Бұл  шараға 

орта  мектеп  оқушыларының қатысуымен  өтті.  Олар  бір  дауыстан  барлығы  

бірге,  бір  мезгілде    Баубек  Бұлқышевтің  «Шығыс  ұлына  хат»  және  Әбу  

Сәрсенбаевтың          «Сен  құрметте  оны» - атты  өлеңін  оқыды.   Сонымен   

қатар,  соғыс  туралы   жазған  ақын – жазушыларымыздың  шығармаларымен  

таныстыру    мақсатында    «Ұлы    Жеңіс»  -атты    кітап    көрмесінен    шолу  

жүргізілді.  

айгүл  сарбалИноВа

Мерей  ауыл  кітапханашысының кітапханашысы

Тасқала ауданы    

Хамза  Есенжанов  атындағы  облыстық  балалар  мен 

жасөспірімдер 

кітапханасының 

ұйымдастыруымен 

«балаларға  соғыс  туралы  кітап  оқимыз»  акциясы 

бойынша,  1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы 

туралы балалар әдебиетінің үздік шығармаларын үлгі ете 

отырып, жас ұрпақты азаматтылыққа және патриоттыққа 

тәрбиелеу  мақсатында    Шежін  балалар  кітапханасында 

Ұлы Жеңіс күніне орай5«а», 5 «б» сынып оқушыларының 

қатысуымен Жамбыл Жабаевтың 

«лениградтық өренім» 

атты өлеңі дауыстап оқылды.

1941  жылы  4  қыркүйекте  «Ленинград  жаудың 

қоршауында  қалды,  сақтанындар»  деген  хабар 

таратылғаны, фашистер 6 қыркүйекте қалаға бірінші бомба 

тастады, дәл сол күні «Ленинградская правда» газетінде 

Жамбылдың  «Ленинградцы,  дети  мои!»  деген  Жамбыл 

Жабаевтың  жалынды  өлеңі  жарияланғаны  туралы  шара 

барысында оқушыларға жеткізілді.

Ленинградты  қорғаушы  жауынгер-жазушы  Всеволод 

Вишневский:  «Плакаттардан  Жамбылдың  Ленинградтық 

өренім»  деген  өлеңін  оқығанда  барлығымыз  көзімізге 

жас алдық, жылап тұрып оқыдық. Сонда қазақ халқының 

достығы  мен  сүйіспеншілігіне  риза  болдық!»-деп  жазған 

сөзі Орталық «Правда» газетінде жарияланғаны және сол 

плакаттың бірінші саны қазіргі кезде Санкт-Петербургтағы 

Петропавл  қамалында  мәңгі  сақталуда  тұрғаны  туралы 

мәліметтер оқушыларға айтылды.

Шара соңында 

«мәңгі өшпес отты жылдар» атты кітап 

көрмесіне  шолу  жасалды.  Кітап  көрмеге  соғыс    туралы 

кітаптар  мен  нақыл  сөздер,  батырлардың  суреттері 

оқырман назарына ұсынылды.

 

 

З.нҰрмҰХаноВа 



Шежін балалар кітапханасының кітапханасышы,

Тасқала ауданы



№№11-12 (243-244)   02.06.2016 ж.

7

Ұмытылмас ұлы тұлға



ЖіГерлі Жас 

маман

Алдынан  талай  баланы 

өткізіп, 

талай 


тентекті 

тәрбиелеген 

ұстаздардың 

бірі  де,  бірегейі  де  10  «б» 

сыныбының  жетекшісі  Рысжан 

Қалижанқызын  айтуға  болады.  

Рысжан 

Қалижанқызы 



– 

көп  жылдар  бойы  ұстаздық 

қызметте  өз  міндетін  абыроймен  атқарып  жүрген  ардақты  ұстаз.  Оның  жетекшілігімен 

мектеп  бітірген  сыныптардан  мәдениет  қайраткері  Мұсағали  Бектеновті,  Облыстық 

айтыскер  ақын  Қ.Қапанов,  аудандық  айтыстардың  жүлдегері  Ж.Сайғожиева,  ауылдық 

мәдениет үйінің басшысы болған Ж.Балмұхановтайөнер иелері шықты. 

Біз Рысжан  апайдың ұстаздық жолындағы кенже сыныбымыз. Үлкен жүректі ұстазымыз 

бізді  5-сыныптан бері апайымыз оқытып, тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді. 

Осы  кішкентай  кезімізден  мектебіміздегі  әр  түрлі  мерекелерге,  сайыстарға    қоғамдық 

іс-шараларға,  спорттық  жарыстарға,  білім  деңгейін  тексеру  бағытындағы  байқауларға 

ұдайы  қатыстырып,  қадағалап,  нәтижелі  жетістіктерге  қол  жеткізуге  әрдайым  бас-көз 

болып, келеді. 

      Біздер Рысжан Қалижанқызындай ұстаздың шәкірті болып, дәріс алғанымызды 

мақтан  тұтамыз.  Біз  келесі  жылы  мектеп  бітіріп,  үлкен  өмірге  қанат  қағамыз.  Бесінші 

сыныптан бері бізді оқытып, жан – жақты тәрбие беріп, бар ерекшелігімізді қиып кету оңай 

емес, әрине «Бала – шыбық, қалай тәрбиелесең, солай өседі» дейді дана халқымыз. Біздің 

бүгін осылай жарқырап жүруіміз Рысжан апайдың арқасы деп білемін. Күн нұрына пара-

пар болған ізгілік пен мейірімге толы оның әрбір сөздері мәңгі жадымызда сақталады.



 бұлдырты орта мектебінің

10 «б» сынып оқушылары

Бұлдырты ауылы, Сырым ауданы,



Шәкірттерімен мерейленген -  меңдігүл!

Жәнібек  ауданында экспедициялық отрядтардың туристік-өлкетану қызметін 

белсендіру,  балаларға    туған  өлкенің  тарихи,  мәдени  және  рухани  мұрасын 

таныту,  оқушылардың  іздестіру-зерттеу  қызметінің  дағдыларын  жетілдіру, 

үздік  экспедициялық  отрядтарды  анықтау,  тәжірибесін  тарату  және  жинақтау, 

оқушылардың  дәстүрлі  туристік-өлкетану  жұмысын  сақтау  және  шыңдау, 

жаңа  инновациялар    мен  әдіс-тәсілдерін  іздестіру  мақсатында  Қазақстан 

Республикасы  Тәуелсіздігінің 25  жылдығына орай аудандық «Менің Отаным – 

Қазақстан» туристік экспедицияларының қорытынды слеті оздырылды.

Слет барысында«Тарих қойнауында», «Сөнбес жұлдыздар», «Ұлттық салт-

дәстүрлер  және  өнер»,    «Ұлы  дала  перзенттері»,  «Ескерткіштер  ел  тарихы»  

секциялары бойынша оқушылардың өлкетану бағытындағы ізденістері жан-жақты сараланды.

А.  Оразбаева  атындағы    ЖББН  мектебінің  I    санатты  тарих  пәнінің  мұғалімі,  Қазақстан  Журналистер 

одағының  мүшесі,    үстіміздегі  жылы  Елбасы  Н.Назарбаевтың  алғыс    хатымен    марапатталған  Меңдігүл 

Фазылова  «Сөнбес жұлдыздар» секциясы бойынша  «Әлемдегі кереметтің барлығы ұстаздан» және  «Ұлы дала 

перзенттері» секциясынан «Қазақстан»  газеті – еліміздегі  баспасөздің ізашары» тақырыбында 9-сыныптың 

оқушылары Бибізада Сайынова мен Гүлсезім Темірғалиеваларға жетекшілік жасап, ғылыми жобасын ұсынған 

болатын. Шәкірттері ұстаз үмітін ақтап шықты. 

«Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын 

тынымсыз лаулаған жалын иесі»,  - демекші,әрдайым тынбай ізденіс үстінде жүретін Меңдігүл Ғарифоллақызын 

шәкірттерінің жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыс, екі өренге жұлдыздай ағар жұмыр жал жүйріктей, 

жеңісті сәттеріңіз көп болсын дейміз. Лайым солай болғай!



Толқын  кИсекоВа

Жәнібек аудандық  білім беру бөлімінің  әдістемелік кабинетінің әдіскері

Жәнібек ауданы

Жақсының  жақсылығын  айт  нұры 

тасысын,жаманның  жамандығын  айт 

құты қашсын -  дегендей мен өз әріптесім 

Хансұлтанова  Балқадиша  Шакенқызы 

туралы ой қозғамақпын. Аққозы жалпы орта 

білім  беретін  мектеп  –  балабақшасында 

қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәнінен  сабақ 

беретін  жас  мұғалім  өз  ісінің  маманы. 

Ұжымда    үлкенге  де,  кішіге  де  сыйлы, 

өзіндік орны бар  әріптесім өз жұмысын үнемі жаңашылдықпен, 

ізденіспен атқарып жүр. Үнемі мектепте тәрбиелік мәні зор «Сыр 

– сұхбат», «Мұқағали оқулары» сияқты көптеген іс –шараларды 

өткізіп жүреді. Жақында аудандық «жас мұғалімдер» сайысына 

қатысып жүлдегі орын иеленді. Жас келсе іске демекші ұжымда  

атқарып  жүрген  жұмыстарымен,    іске  тиянақтылығымен 

ерекшеленеді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсам 

мен әріптесімен мақтанамын және  алдағы істеріне тек сәттілік 

тілеймін.

Гүлсезім рамаЗаноВа

Аққозы орта мектебінің тәлімгері

Қаратөбе ауданы

Мақтаулы ұстаз

       Райхан Мақсотқызы 

2001 жылы жоғары оқу орнын  

жақсы  аяқтап,  еңбек  жолын  

өзі  білім  алған    мектебінде 

«қазақ    тілі    мен    әдебиеті  

пәнінің  мұғалімі»  бастады.      

Бүгінде  ол жоғары  санатты, 

Оқушыларының    сүйікті  

ұстазы.  Оның    оқушылары  

аудандық    Қадыр,  Абай, 

Мұқағали 

 

оқуларында  



бірнеше  мәрте  топ  жарып, облыстық  сайыстарда  

да бақ  сынап  жүр.  Бекзат пен Арайлым  аудандық  

пән  олимпиадасының  жүлдегерлері. ҰБТ – дан  да  

оқушылары  қазақ  тілінен  жоғары  балл  жинап, 

аудан  мектептері  арасында  алдыңғы    орыннан  

көрінуде.  Ал,  шәкірттері  Алматы,  Ақтөбе,  Орал 

қалаларының  беделді  оқу  орындарында  білім  

алуда.  Әлі    күнге    дейін    Райхан    Мақсотқызы 

олардың    әрқайсысымен    тығыз    қарым  – 

қатынас  жасап, байланысын  үзген  емес. Олар  

да    мұғалімдерін    ұмытпай,    үнемі  хабарласып, 

мерекелерде  құттықтап  жатады.   Ұстазға  бұдан  

артық  құрметтің  керегі  де жоқ. 

            Ұстаздық  жолдағы  жеткен  жетістіктері 

бағаланып,  бірнеше рет  аудандық білім бөлімінің, 

облыстық  білім  басқармасының    «Құрмет 

грамотасымен» марапатталды.

      Райханның  ата – анасы  да  ұзақ  жылдар  

мұғалім  болды, бүгінгі  таңда  зейнеткер  ұстаздар. 

Соңынан  ерген  екі  сіңлісі  де  осы  мамандықтың  

иелері. Өзімен  тетелес  сіңлісін  еске  алғанда, 

егер    тірі    болса  менен    асқан  жақсы    маман  

болар    еді    дейді.  Ал    ең    кіші    сіңлісі  -  Динара 

Орал  қаласындағы  №27 мектепте  психолог. 

     Ата – анасының  ізін  жалғап, бала  күнгі  

арманын    орындаған    Райханның    шығар    биігі  

әлі де  алда  екеніне  біз  толық  сенімдіміз. Тек  

сол  жолда  қанаты  талмай  биікте  самғауына  

тілекшіміз. 

Шолпан ИХсаноВа

Кеңсуат орта жалпы білім беретін мектебі

Директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары 

Ақжайықауданы

Біздің Салтанат

Аянғалиева  Салтанат  Нұрланқызы    2012 

жылдан  бері    осы  мектепте  еңбек  етіп 

келеді.  Осы  жылдар  ішінде  ол  өзін  жан- 

жақтылығымен,  сабырлы,ибалы  мінезімен  өз 

ісінің  білгір, талантты маманы ретінде  көріне 

білді. Балаларды жан- тәнімен жақсы көреді,қашан көрсең де 

олардың  ортасында  үнемі ізденіс үстінде жүреді.   Мектебіміз 

бен ауыл мәдениет үйінде өтілетін шаралардың    әр уақытта 

өте  қызықты,  мазмұнды  өтуіне  ұйытқы  болып    жүреді.

Салтанат  Нұрланқызы  мектепішілік «Алтын арай» газетінің  

редакторы. Оның басшылығымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына 

орай  аудандық  байқауда    «Жас  Ұлан»  балалар  ұйымының 

«Даланың естелік падишасы» тақырыбындағы оқушылардың 

үнқағазы   жүлделі І орынды иеленді. Газетке Ұлы Жеңістің 70 

жылдығына арналған мектептегі өткізілген түрлі шаралар мен 

тәрбие сағаттары және оқушылардың шығармалары, өлеңдері 

мен суреттері енгізілді.        

Шығармашылықпен  жұмыстанатын  тәлімгер  мақалалары 

облыстық  «Жайық  үні»,  «Самал»  газеттеріне,  аудандық 

«Жайық  таңы»  газетіне  жарияланып  тұрады.    1  мамыр  күні 

«Достық  әнін  шырқайық!»  тақырыбында  өткен  Бударин 

ауылына Қазақстан халықтарының Бірлігі күні мерекесіне орай 

мерекелік  концертке  7-сынып  оқушылары  Зарипов  Мансур  мен 

Нажмеден Асланбек «Жаяу» әнін және 3-сынып оқушылары 

Ербақыт Аружан мен Хамза Айбибі «Анашым» әнін орындап 

келді. Оқушылары 2014-2015 оқу жылында  аудандық  «Жас 

жол қозғалыс инспекторлары» сайысында, 2015 жылы «Жас 

сақшы-2015» сайысында  жүлделі III  орын  иегерлері болды.

Аудандық  «Білім  беру    мазмұнын    жаңғыру:  болашаққа  

бағдарлау»  тақырыбында  өткен  мектеп  тәлімгерлері  мен  

ұйымдастырушылардың  секциялық  отырысында    «Бірлесіп 

басқару  және  өзін-  өзі  басқару  моделін  дамыту  тұлғаның 

көшбасшылық  және  басқарушылық  қасиеттерін  тәрбиелеу 

факторы  ретінде»  тақырыбында  баяндама  оқып,  өз  іс- 

тәжірибесін  ортаға  салды.  Салтанат  Нұрланқызы    өз  ісіне 

мұқият, жауапкершілігі мол,еңбекқор, ізденімпаз, адамгершілігі 

мол, жайдарлы жан. Оны мектеп оқушылары мен әріптестері, 

ата-  аналар,  ауыл  тұрғындары  біздің    Салтанат  деп    жақсы 

көріп, құрметтейді.

                  Жайнагүл ӨТеШқалИеВа

Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебінің 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ақжайық ауданы, Жаңаблақ ауылы

Ұстаздық- ұлы іс

Мектебімізде  оқу  жылының  соңында  «Жас  ұстаз-2016» 

байқауы  оздырылды.  Оған  математика      пәнінің  мұғалімі 

А.Әміржанова,дене  шынықтыру  пәндерінің    мұғалімдері  

Ә. 

Жолдыбаев  мен  М.Хамитов,  ағылшын  тілі  пәнінің  мұғалімі 



А.Қайреденов,биология  пәнінің  мұғалімі  Б.Насиболла, 

технология  пәнінің  мұғалімі    Г.Оразаева,әлеуметтік  педагог 

А.Дүйсенбаева қатысты. Жас мұғалімдер бес бөлімнен тұратын 

білім  сайысында  барларын  салды.  Соның  ішінде  Боткөз 

Насиболланың  жан-жақты  дайындалғаны  сұрақтарға  толық 

жауап  бергенінен  көрініп  тұрды.  Әділғали  Жолдыбаевтың 

жасөспірімдердің өтпелі кезіндегі сезімдерін,қалай бағыттауға 

болатынына  өз  ойын  жеткізген  кезде,жас  ұстаздың  ұшқыр 

ойымен жұртшылықтың көңілінен шықты.

Сайыс  соңында  жеңімпаздарды  анықтау  әділқазы 

мүшелеріне  оңай  болған  жоқ.Бірақ  сайыс  болған  соң  оның 

жүлделі орындары болу керек.Шешім бойынша «Шығармашыл 

ұстаз» бағамымен  А.Әміржанова, «Өнерлі ұстаз» бағамымен 

А.Қайреденова,  «Шебер  ұстаз»  бағамымен  А.Жолдыбаев, 

«Жеңіске  деген  жігері  үшін»  бағамымен  М.Хамитов, 

«Көрермендер  көзайымы»  бағамымен  Г.Оразаева,  «Білімді 

ұстаз»бағамымен  А.Дүйсенбаева,  бас  жүлдені    биология 

пәнінің  мұғалімі  Б.Насиболла  иеленді.  Сайыс  жеңімпаздары 

мен  қатысушыларын  тәлімгерлері  бағалы  сыйлықтармен 

марапаттады.  Мектеп  директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі 

орынбасары  Н.Мырзагалиева  жас  ұстаздарға  сәттілек 

тілеп,тәрбие орталығы атынан құттықтау хат табыс етті. 



арайлым Әбіл

Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ-нің 

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Жаңақала ауданы,Мұқыр ауылы



№№11-12 (243-244)   02.06.2016 ж.

8

Әрқашан күн сөнбесін

Өнерлі өрендерміз

Ұстазыма мың алғыс!

Мен  биыл  1-сыныпты  аяқтадым. 

Менің  ұстазым  Жалелова  Мақпал  

Мүдіресқызы.  Ол  өте  қарапайым, 

сыпайы,  инабатты  жан.  Бізге  оқуды, 

жазуды үйретті. Енді жаз бойы демалып 

ойнаймын. 

Апайыма 


алғысымды 

білдіремін. 



альбина самаТоВа

Аңқаты ЖОББМ-нің оқушысы, 

Теректі ауданы

Гүлсана біздің осындай

Гүлсана Нұрланқызы – біздің мектептің 

мақтанышы. Биылғы оқу жылы Гүлсана 

үшін жұлдызының жанған шағы болды. 

Ол  екеуміз  Қарауылтөбе  ауылында 

өткен «Егемен елім – кең байтақ жерім» 

атты  аудандық  «Балдәурен»балалар 

шығармашылығы 

фестиваліне 

қатынасып белсене өнер көрсеткені үшін 

эстрадалық  вокал  аталымы  бойынша  

мадақтама  және  ескерткіш  сыйлық 

алдық. Сол күннің ертесіне ол аудандық  ХҮІІ Абай оқуларының 

«Өлең  –  сөздің  патшасы,  сөз  сарасы»    мәнерлеп  оқу  жанры 

бойынша  сайысқа  қатысып,  отыз  бес  мектептің  дүлдүлдері 

арасынан  бас  жүлдені  жеңіп  алып,  облыстық  кезеңге  жолдама 

алды.  Сол  білім  сайысында  айтыскер  ақын  апамыз  Жансая 

Мусинаны  көргенін,сол    сайыста  әділқазы  мүшесі  болғанын 

қуана  айтып берді. Екеуміз биыл аудан орталығындағы мектеп – 

гимназияға оқуға барамыз деп дайындалып жүрміз.

Гүлсана  әжесінің  бауырында  өскен,үйінің  кенжесі.  Әжесін 

жанындай жақсы көреді. Өзі сондай қайырымды, қолындағысымен 

бөлісуге әзір тұрады. Оның қай кезде де жолы болғыш. Мен де 

онымен әрқашан бірге жүргенді қалаймын.

дильназ балаЖаноВа 

                                   Кеңсуат орта жалпы білім беретін 

мектебінің  6 – сынып оқушысы

Ақжайық ауданы, Кеңсуат ауылы

Біздің сынып

Мен екінші сыныпта оқимын. Біздің сынып 

ұйымшыл,  тату-тәтті,  әрдайым  бір-  бірімізге 

көмектесіп,  қамқор  болып  жүреміз.  Сынып 

жетекшіміз  –  Беккужина  Бағила  Салыққызы. 

Сыныпта  алты  оқушымыз.  Екі  қыз,  төрт 

ербала. Сыныптағы оқушылардың бәрі өнерлі. 

Мерекелік  шараларға  ән  айтып,  би  билеп, 

белсене  қатысамыз.  Мен  өз  сыныбымды, 

ұстазымды жақсы көремін. Болашақта да үлгілі 

сынып  болып,  жақсы  жетістікке  жететінімізге 

сенемін. 



 Жарқын ШанкИеВа

В. Шубин атындағы орта мектептің 

2-сынып оқушысы, Тоғанас ауылы, 

Сырым ауданы

Бастауышым -  

балбұлағым

Бастауышым 

жадымызда 

жаңғырып 

тұрар,балалық  шағымыздың  үлкен  бір  бөлімі 

іспеттес. Армандап өткенімізге көз жүгіртсек, бал-

балалық шағымыз, тұлымымыз желбіреп,тарыдай болып,алғаш 

«Мектеп»деген үлкен өмір баспалдағының алғашқы сатыларын 

жүріп өткенім жадымнан еш уақытта кетпесі анық.

Алғаш  жүрегім  лүпілдеп,  мектеп  табалдырығын  қуана  әрі 

қобалжып  еніп  едім.Осы  сәт  менің  жұдырықтай  жүрегімде 

мәңгі қалды. Мектептің не екендігін түсінбесем де келуге деген 

құштарлық менде басым еді.Себебі қолыма қалам ұстап, кітап 

деген  дананың  алғашқы  беттерін,әріпті  парақтай  отырып 

сауатымды  аштым.  Оңымыз  бен  солымызды,жақсы  мен 

жаман,ақ  пен  қараны  ажыратуды  үйреткен,  мектептің  жүрегі 

болған ұстаздар қауымы мәңгі жасасын дегім келеді.

Алты  жасымыздан  жалықпастан  білімді  үйреткен, 

жығылғанда  демеген,сүрінгенде  сүйеген,  бар  қателігімізді  көз 

жұма  кешірген,  қолдап-қолпаштаған,  сағымыз  сынғанда  дем 

берген, өмірде өз жолымызды табуға бағыт берген ұстаз-ана: 

Шынар Амангелдіқызына алғысым шексіз.он төрт оқушыны өз 

перзентінен кем көрмей қолдап, татулыққа, достыққа баулыды.

Қош, «Ұстаз-ана» «Бастауышым». Сенімен қимай қоштасамын.

Жанасыл ХасаЙынқыЗы

М.Мирманов атындағы мектептің 4 «ә» сынып  оқушысы

Жаңақала ауданы, Бірлік ауылы

Біздің  


сыныптағы оқушылардың 

бәрі  өнерлі.  Алтынгүл  мен  Гүлжауһар  ән 

айтқанды  ұнатса,  Маусымжан  би  билеуге 

икемді.  Дулат  қазақ  күресіне  қатынасып, 

республикалық  қазақ  күресінен  өткен 

жарыста  чемпион  болды.  Оралхан, 

Райымбек,  Меңзада,  Мейрамбек  төртеуі 

баян  үйірмесіне  қатысады.  Мектепішілік  шараларда  өз  өнерлерін  көрсетіп  жүр.  Әр 

аптаның  дүйсенбі  күні  өтетін  тәрбие  сағатына  да  белсенді  дайындалып  келеміз. 

Сыныптың  барлық  оқушылары  жас  турист  үйірмесіне  қатысамыз.  Үйірме  жетекшісі 

Аманжан  Талапқалиұлы  бізді  далалық  жорықтарға  шығарып  тұрады.  Сыныптағы 

оқушылардың сабақ үлгірімдері де жақсы. Сыныпта төрт оқу озаты, бес оқу екпіндісі 

бар. Бұл жетістіктеріміздің барлығы аяулы ұстаздарымыздың еңбегі деп білемін.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет