1. мб және мг пәні, міндеттері


Ақуыздардың құрылымдық ұйымдасуы, бірінші, екінші, үшінші, төртінші реттік құрылымы



бет3/9
Дата06.12.2022
өлшемі47,39 Kb.
#55260
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ақуыздардың құрылымдық ұйымдасуы, бірінші, екінші, үшінші, төртінші реттік құрылымы.

Ақуыз молекуласында аминқышқылдар бір-бірімен пептидтік байланыс арқылы байланысып үлкенді кішілі полипептид тізбегін пайда етеді. Бұл бірінші реттік құрылым деп атайды.


Пептидтік тізбектің көптеген ферменттері алғаш -ширатпа не ß-құрылым күйінде болады. Ақуыздың кеңістікте мұндай қарапайым жинақталуын екінші реттік құрылым деп атайды.
Полипептид тізбегінің -ширатпасының, ß-құрылымының және құрылымсыз учаскелерінің кеңістікте глобула конформациясына жинақталып, табиғи құрылымының түзілуі. Бұл үшінші реттік құрылым. Бұны фолдинг деп те атайды.
Кейбір ақуыздардың төртінші реттік құрылымы да белгілі, мысалы гемоглобин. Оның молекуласы төрт субединицадан тұрады.



  1. Нуклейн қышқылдарының түрлері мен қызметтері



Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus — ядро) — құрамында фосфоры бар биополемерлер. Табиғатта өте көп тараған. Нуклеин қышқылдарының құрамына азотты негіздер (пиримидинді(Т-Ц), пуринді(А-Г)), фосфор қышқылы және моносахаридтер (рибоза мен дезоксирибоза) кіреді. Нуклеин қышқылдары құрамындағы моносахаридтердің қалдығына байланысты РНҚ және ДНҚ болып екіге бөлінеді. ДНҚ молекулалық массалары бірнеше мыңнан ондаған миллионға жетеді.


Қызметі:
Нулеин қышқылдары ақуыз биосинтезіне қатысады және тірі организмде тұқым қуалаушылықты сақтап, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді.



  1. Нуклеотидтердің құрылысы. Полинуклеотидті тізбектердің түзілуі.

Нуклеотидтер өз кезегінде 3 бөліктен тұрады: азоттық негіз- қант-фосфор қышқылы.




Полинуклеотидтер— табиғи және жасанды биополимерлер. Көптеген мононуклеотидтер қалдығынан тұрады.



  1. ДНҚ молекуласының бірінші реттік құрылымы бір жіпше бойында нуклеотидтердің бірізділікпен тізбектеліп орналасуы б.т. фосфодиэфирлік байланыс арқылы тұрақтанады

ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылымы оның екі жіпшесіндегі азоттық негіздердің бір бірімен сутектік байланыс арқылы комплиментарлы байланысуы.ДНҚ жіпшелері полярлы болады,яғни 5 және 3 ұштары белгілі ДНҚ молекуласының қосширатпалы бір біріне антипаралель орналасқан.Қос ширатпаның бәр оралымында 10 жұп нуклеотидтер кездеседі,ал оралымның ұзындығы 3,4 нм тең.
.ДНҚ молекуласының үшінші реттік құрылымы оның ақуыздармен байланысуын және көптеген рет тығыз ширатылып крнденсациялануын айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет