2. Зейін туралы түсінік: зейіннің қасиеттері, зейінді балада дамыту.
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.
Зейін қою машығы баланың жасына байланысты. Мектеп жасына дейінгі балалар негізінен қысқа уақытқа ғана ойын жинақтай алады. сондықтан оқытушымен бірге құрастырылған үй жаттығуларының кестесін орындаған өте маңызды. Кіші оқушылардың күніне 2–3 рет 30 минуттан жаттығуы тиіс, бұл кезде олардың зейіні тапсырманың барлық шарттарын орындауға қабілетті. Балаға өмірінің алғашқы күнінен бастап оның жасына сәйкес зейін қою бойынша тапсырмаларды орындауды талап етуге болатын жағдайлар жасау керек.
Зейін қасиеттері: шоғырлану – объектіге зейін қою деңгейі; көлемі – бір уақытта зейінмен қамтылатын объектілер саны; аудару – әдейі саналы түрде зейінді бір объектіден басқасына аудару; тарату – бірнеше объектіні бір уақытта зейін саласында ұстап тұру, бірнеше қызмет түрлерін орындау мүмкіндігі; тұрақтылық – объектіге зейін аудару ұзақтығы
Достарыңызбен бөлісу: |