1.МДПедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі.
Педагогиканы ғылым ретінде өз пәні, яғни ғылыми таным – таным білімнің белгілі бір саласы бар. Бұл қоғамның жас ұрпақты өмірге даярлау жөніндегі ерекше функциясы – тәрбие беру саласы болып табылады.Тәрбиенің негізі мақсаты – жинақталған білім мен қоғамдық – тарихи тәжірибені жеткінші ұрпақтарға беру.Тәрбиелеу процесінде жаңа ұрпақтар білімді, белгілі еңбек машығын меңгеруге қоғамдағы мінез – құлық нормаларын ұғып өмірге деген көзқарастардың белгілі жүйесін қалыптастыруға тиіс. Әрбір ұрпақтың алдында көбінесе күні бұрын болжауға болмайтын міндеттер бағдарлай білуге, оларды шешуге потенциалды дайын болуға көмектесетін белгілі бір қасиеттер қалыптастыруға тиіс.
Педагогиканың тәрбиелеудегі рөлі қандай? Ғылым ретіндегі педагогикамен қоғам функциясы ретіндегі тәрбиенің арасындағы байланыс неден көрінеді?Бұл сұрақтарға жауап беру үшін тәрбиенің қоғамдық мәнін ашып адамзат қоғамы дамуының түрлі кезеңдерінде оны жүзеге асырудың ерекшеліктерін талдап қарау, сондай – ақ педагогика ғылымы қалай дамып, қалыптасқандығымен танысу қажет.