1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет18/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Байланысты:
1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Апейрон дегеніміз не?
2. Зенонның қандай «апорияларын» білесіз?
3. Демокрит дүниедегі қажеттілік пен себептікті неден шығарады?
4. Протагордың «Адам - барлық заттардың өлшемі» деген нақыл сөзін қалай түсінесіз?
5. Платонның «идеялар әлемі» дегеніміз не?
6. Платон неге жекеменшікке қарсы?
7. Аристотельдің «Платон маған қымбат, бірақ ақиқат одан да қымбат» деген сөзін қалай түсінесіз?
Әдебиеттер тізімі
1. Мырзалы Серік. Философи. – Алматы: «Бастау», 2008. – 644б.
2. Аристотель. Метафизика. Сочинения в 4 томах. – М., 1970.
3. Асмус В.П. Античная философия. – М., 1976. – 543 с.
4. Досократики. Доэлеатовский и элеатовский периоды. – Минск, 1999.
5. Платон. Собрание сочинений. – М., 1990-1994. – В-4т.
6. Антикалық философия. 20 томдық. – Алматы: Жазушы, 2005, 2т.
4 Ортағасырлық діни философия
 
1. Ортағасырлық арабтілді философияның қалыптасуының алғышарттары, ерекшеліктері және даму кезеңдері.
2. Араб - мұсылман мектептері.
3. Ортағасырлық христиандық философияның ерекшелігі, даму кезеңдері, негізгі ұғымдары және догматтары.
4. Патристикалық философия. Әулие Августин философиясы.
5. Схоластикалық философия. Фома Аквинский философиясы (томизм).
6. Ортағасырлық батыс философиясының жалпы сипаты.
4.1 Ортағасырлық арабтілді философияның қалыптасуының тарихи-мәдени және діни алғышарттары
Ортағасырлық дәуірдегі мұсылмандық және христиандық философияларға ортақ бірнеше сипат бар. Сол сипаттарға сүйене отырып, мұсылмандық - христиандық дүниелердің салыстырмалы бірлігі, тұтастығы, буддистік дүниеге қарағанда мәдени - философиялық кеңістіктерінің ортақтығы туралы айтуға болады.
Ол сипаттар мыналар:
1) мұсылмандық және христиандық дүниелердегі философияның қалыптасуы антикалық философия негізінде іске асты: ортағасырлық философияға платонизм (және неоплотонизм) мен аристотелизм (перипатетизм) ерекше ықпал етті;
2) философияға «құдайтанудың қызметшісі» рөлі берілді, философияның бірінші міндеті - теологиялық идеяларды рационалды түрде негіздеу болды. Сондықтан бұл кезеңдегі философиялық ілімдер философия мен діни идеялардың (иудаизмнің, христиандықтың, исламның) синтезі нәтижесінде қалыптасты. Христиандық - иудаизм негізінде қалыптасып, ал иудаизм мен христиандықтың базасында ислам пайда болғандықтан, теологиялық және философиялық ілімдердің туыстығы туындады.
Ортағасырлық арабтілді философияның дамуы екі кезеңнен тұрады:
1) VII-IX ғ.ғ. - арабтілді философияның тууы мен қалыптасуы;
2) IX-XV ғ.ғ. - арабтілді философияның ежелгі грек философиясын қабылдауы, игеруі. Арабтілді философияның араб - грек философиясына айналуы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет