1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет16/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
Космология және космогония. Идея мен материя түпнегіздерімен қатар, Платон Ақыл-демиургтің болуын тұжырымдады.
Ақыл-демиург (немесе Құдай) - дүниені жаратушы болып табылады. Әлемдік жанды тудырып, материяға мақсатты себептер ретінде идеялар беріп ұйымдастырғанымен қоймай, басқа құдайларды да жаратады. Космос, Платонша, «ақылы мен жаны бар тірі тіршілік». Космостың тәні материалды. Космос шекті және шар формалы. Дүниенің орталығында жер шары тұр, ал оны түрлі шеңберлер бойымен Күн, Ай, планеталар мен жұлдыздар айналып қозғалып жүрген аспан сферасы қоршап тұр. Аспан денелері - тән мен жаны бар құдайлар, олар қозғалысқа өз жандары арқылы түседі.
Жан туралы ілім. Адамдардағы жандар - Әлемдік жанның қалдықтары. Өз тәні өлгеннен соң ажалсыз жан аспанға (Идеялар патшалығына) көтеріліп, өз тіршілігін сонда жалғастырады. Содан-соң тағы жерге түсіп, жаңа туылған сәби денесіне енеді.
Гносеология. Нағыз білім - идеялар патшалығына қатысты ғана болады, ал сезімдік дүние туралы пікір ғана болуы мүмкін. Жаңа туылған сәбидің денесіне енген жан бұрын нағыз, идеалды дүниеде білгеннің бәрін ұмытады. Бірақ кейбір адамдар кейбір нәрселерді есіне түсіре алады. Сондықтан ақиқат білім дегеніміз - жан бұрын білмегенді еске түсіру. 
Платонның идеалистік ілімінің басты қағидалары:
1) реалды тіршілік ететін - тек таза (денесіз, тәнсіз, материясыз) идеялар («эйдостар») ғана;
2) бүкіл дүние таза идеялардың («эйдостардың») бейнесі ғана;
3) дүниедегі кез келген зат осы заттың бастапқы идеясының материалды бейнесі ғана (мысалы, жылқылар туылып және өліп жатқанымен олар өзгермейтін мәңгі «жылқы» идеясының көрінісі); 
4) таза (тәнсіз) идеялар ақиқат, мәңгі және тұрақты;
5) материалды заттар өзгергіш, тұрақсыз;
6) материя тіршілігі уақытша; 
7) қоршаған дүние («заттар дүниесі») де уақытша және дербес субстанция ретінде тіршілік ете алмайды.
Аристотель философиясы.
Философиялық көзқарастары. Аристотель ең алғашқы философия тарихшысы. Кез келген мәселені талдауды Аристотель бұл сұрақ бойынша айтылған өзіне дейінгі белгілі пікірлерден бастайды. Бізге ежелгі грек философиясының алғашқы кезеңі туралы маңызды мәліметтер оның дәл осы қасиеті арқасында жетті.
Платонға қатынасы. Өз ұстазы Платонды жоғары бағалағанмен, оның идеялар туралы ілімін- сезімдік дүние заттары мен идеялар арасындағы қатынас түсініксіздігі үшін сынады.
Логикасы. Аристотель формальді (классикалық) логиканың негізін қалаушы. Ол дұрыс ойлаудың үш заңын (Тепе-теңдік заңы, Қайшылықсыздық заңы, Үшіншісі болмауы заңы) тұжырымдады, ақиқат пен жалғанның (европалық мәдениетте - жалпыға ортақ қабылданған) анықтамасын, силлогистиканы (ой қорытудың дұрыс және бұрыс түрлері - силлогизмдер туралы ілімді) негіздеді.
Кейіннен, Аристотельдің еңбектерін жүйелеушілер оның алты логикалық трактатын біріктіріп «Органон» («Құрал») деп атады. Логика- барлық философиялық бағыттардағы аса қажетті таным құралы саналды. Бірақ Аристотельдің өзі логикаға дербес ғылым деп емес, барлық ғылымдарға бастама ретіндегі міндетті кіріспе деп қана қараған.
Философия Аристотельдің көзқарасы бойынша: теориялық – мақсаты «білім – білім үшін» болып табылады, практикалық – мақсаты білім қызмет үшін, нойетикалық (шығармашылық) – мақсаты білім шығармашылық үшін. Теориялық философия: физикалық-математикалық және алғашқы философияға бөлінеді. Физикалық философияның пәні – жеке өмір сүріп, қозғалатындар, математикалық – жеке өмір сүреді бірақ қозғалмайтындар, алғашқы философия – жеке өмір сүреді, қозғалмайды. Практикалық философияға этика мен саясат жатады, нойэтикалыққа – шешендік өнер мен саясат жатады. Логика – жеке дара ғылым емес, пропедевтика барлығының жиынтығынан құралады.
Аристотельдің онтологиясында үш мәселе жатыр:
1) барлықты категориялық талдау немесе бір нәрселердің болмысы туралы ілім;
2) субстанцияларды каузальдік талдау;
3) мүмкіндік пен шындық туралы ілім немесе әлі болмыс еместің теориясы.
Категорияларды 10 мағыналық топқа бөледі: мән, сапа, орны, уақыт, иелену, әрекет, азап шегу.
Платонның идеализімін сынап, табиғат – заттар мен құбылыстардың бүтіндігі, материя мен форманың органикалық бірлігіндегі нақты түрі. Алғашқы мәңгі өмір сүретін материя болмыс емес, болмыстың мүмкіндігі. Материя мүмкіндіктен шындыққа айналады, тек форманың әрекеті арқылы нақты сияқтанады, әрбір зат формада өмір сүреді, материя мен форманың бірлігі оның болмысын құрайды, материя пассивті бастама, форма – жасаушы белсенді, бәрі осы екі қарама-қарсы бастамадан жаратылады деген идеяларын тұжырымдап, форманың мүмкіндіктен шындыққа айналудағы рөлін шешуші, анықтаушы деп тауып, нәтижесінде формалардың формасы – құдай, ол – табиғаттың мәңгі двигителі деген қорытынды жасайды.
Оның онтологиясы мен космологиясы жаратылу мен пайда болу және жоғалу түсініктерін таразылауға келіп саяды, оны былайша жіктеп көрсетуге болады: Сократқа дейінгі кезеңдегі жаратылу философиясына сын және түсіндірмелер, формаға басымдылық беру конструкциясы, акциденция мен потенция туралы түсініктері; пайда болу мен жойылу актілері туралы; физикалық орын мен бос кеңістік жөнінде т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет