1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі


)Заманауи қазақ мәдениетіндегірухани дәстүрлер мен жаңашырлық үдерістер



бет32/39
Дата14.09.2023
өлшемі292,59 Kb.
#107224
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы мәдениеттің мәнін жәнÐ

43)Заманауи қазақ мәдениетіндегірухани дәстүрлер мен жаңашырлық үдерістер
Дǝстүр мен жаңашылдық - ǝдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дǝстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған ǝдет-ғұрыптар, жолжобалар көзқарас түсініктер жатады. Дǝстүр- рǝміздер мен білімді ұрпақтан ұрпаққат жеткізіп отыратын ісǝрекеттер тǝсілі. Жаңашылдық - экономикалық, қоғамдық өзгерістердің нǝтижесінде пайда болған ǝрекеттің жаңа түрі. Олар өздері дǝстүрлік сапасына ие болмайынша, белгілі бір нақты дǝстүрге қарамақайшы іс-ǝрекеттер жасайды. Ол жалпы өркениеттің дамуына ǝсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Дǝстүр мен жаңашылдық арақатынасы адамзат мǝдениетінің, тарихының кезеңдерінде өзара байланысын табады. Олар өзгерістің екі жағы, бұл өзгеріс өркениет тарихында прогресс немесе регресс ұғымдарымен сипатталып, кезеңдік дǝуірлерде өз белгілерін беріп отырады. Дǝстүр мен жаңашылдық - бірлестікте болып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды. Олардың арасындағы заңды байланыс - материалдық жǝне рухани мǝдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен ǝдебиеттің, өнердің барлығына тǝн. Жаңашылдық - ǝрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нǝтижесі, ол ǝдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дǝстүр мен жаңашылдық ǝдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланысты ǝдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл тұрғыда кейбір дǝстүрлік ǝдіс-тǝсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Бұл - ǝдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дǝстүр мен жаңашылдық түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды, мағынаны білдіреді, түр мен мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың идеялықкөркемдік сипатын жаңа сатыда елестетеді. ХХ-ғ. 70- ж. қазақ халқының ұлттық мǝдениеті, дǝстүрі, салтының даму мǝселесі туралы философиялық идеялар тарих жǝне мǝдениет, қазақ халқының салт-дǝстүрін терең зерттеген ғалым Нұрұлла Сǝрсенбаевтың ғылыми еңбектерінде жарық көрген. Оның пікірнше, кез келген этностың ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалу ішкі этностық факторлар - яғни, мǝдениет пен салтдǝстүрге байлынысты. Сонымен, дǝстүр - өркениеттің мǝдени өзегі, ал жаңашылдық өркениеттің ары қарай дамуына қажет үрдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет