46.Қазақ халқының мәдени мұрасын таратудағы ҚР мұражайлары.Мұражай заттық жəне рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оныңнəтижелерін насихаттауда, осы негізде тəлім-тəрбие беруде маңызды рөл атқарады.
Мұражай ғылымның, білімнің, мəдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме
ретінде өскелең ұрпақтың тəрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.
1 Абайдың əдеби-мемориалдық мұражайы М.Əуезовтің ұсынысы бойынша ақынның
туғанына 95 жыл толу қарсаңында Қазақ ССР-нiң Халық Комиссарлар кеңесiнiң 1940
жылдың 1 сəуiрiндегi №347 қаулысы негiзiнде құрылды. Қазақстан тарихындағы
тұңғыш əдеби мұражай болып табылады. 1990 жылы Абайдың 150 жылдық
мерейтойына орай Қаз.ССР Министрлер кеңесінің 05.04.1990ж. №141 қаулысы
бойынша ақын мұражайы Абайдың “Жидебай-Бөрiлi” мемлекеттiк тарихи-мəдени жəне
əдеби-мемориалдық қорық-мұражайы болып құрылды. Қорық-мұражайдың негiзгi
қорын 1885 жылы Абайдың өлкетану мұражайына тапсырған заттары құрайды.
Аталмыш заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы. Алғашқы жылдар
мұражай, ақын Семейге келгенде түсiп жүрген Бекбай Байысов пен Əнияр
Молдабаевтың үйлерiнде орналасты. 1967 жылдан бастап мұражай көпес Р.Ершовтың
үйiне орын тептi. Қорық-мұражай құрамына Семейде: бас мұражай, «Алаш арыстары -
М.Əуезов» мұражайы; Абай ауданында: М.Əуезовтің мұражай-үйі (Бөрілі), Абайдың
мұражай-үйі, "Шəкəрімнің Саят қорасы" экспозициясы (Жидебай), Шəкір Əбенұлының
мұражай-үйі (Құндызды); Үржар ауданында: Əсет Найманбайұлының
əдеби-мемориалдық мұражайы (Мақаншы); «Абай-Шəкəрім» мавзолей кешені жəне
6400 гектар қорық алқабы (Жидебай) кіреді. Қорық алқабына кіретін тарихи орындар:
Абайдың мұражай-үйі, «Абай – Шəкəрім» мавзолей кешені, Еркежан зираты,
Құдайберді - Зере - Ұлжан зират қорғаны, Зұлғарыш қыстауы – Ақ баз, Кенгірбай (Би
ата) мазары, Құнанбай құдығы, Махмұт қорасы, Мұсақұл төбесі, "Орыс қорасы", Оспан
көлі, Оспан құдығы, Ырыздықбай қорасы, "Шəкəрімнің саят қорасы" экспозициясы,
Шəукенбай - Ғабитқан зират қорғаны.Семейдегі бас мұражай құрамына: көпес
Р.Ершовтың үйi, жаңа ғимарат, Ахмет-Риза мешіт-медресесі, “Алаш арыстары -
М.Əуезов” мұражайы, əкiмшiлiк ғимараты кiредi. Бас мұражай экспозициясында “Абай
дəуiрi”, “Абай бейнелеу өнерiнде”, «Абай жəне Семей шаһары» атты тақырыптық
көрме залы, «Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары», ақын дастандарына
арналған “Шығыс залы”, “Грек залы”, «Жаз» өлеңіне арналған зал, “Абайдың ақындық
мектебi”, “Абайтану”, “Абай халық жүрегiнде”, "Сыйлықтар" залдары орналасқан. Онда
Абай өмірі мен шығармашылығы, оның ақындық жəне туыстық айналасы,
замандастары мен дəстүрін жалғастырушылар жайлы мол мағлұматтар жинақталған.
Мұражай экспозициясына ақын отбасынан қалған көне мүліктер, түпнұсқа құжаттар,
Абай дəурінін, оның қоғамдық қызметін бейнелейтін этнографиялық жəне архивтік
деректер, шығыс ғұламаларының сирек кездесетін шығармалары, батыс
философтарының туындылары, замандас ақындар жазбалары жинақталған. Сонымен
бірге, экспозицияда қазақтың ұлттық салт-дəстүрін айшықтайтын, аса бір шеберлікпен
жасалған жиһаздармен жабдықталған 6 қанатты киіз үй мен ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ
ғасырдың басындағы қала тұрмысын танытатын құнды үй-іші мүліктері орын алған.
2 Отырар археологиялық мемлекеттік қорық-мұражайы — 1979 ж. 11-мамырда Қаз
КСР министрлер Кеңесі шешімімен ғылыми-зерттеу, мəдени ағарту жəне
археологиялық еекерткіштерді қорғау мекемесі ретінде құрылған.
Бұл Қазақстан аумағында құрылған алғашқы археологиялық қорық — музейі. 1998 ж.
25-желтоқсанындағы № 1335 Үкіметтің қаулысына сəйкес Отырар мемлекеттік
археологиялық қорық-музейі республикалық бағыныстағы мемлекеттік мекеме болып
қайта құрылды. Ол заңды мемлекеттік мекеме ретінде 1999 ж. 27-сəуірде қайта
тіркелді. Қорық-музей мекемесі Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шəуілдір ауылы,
Жібек жолы даңғылының бойында үш қабатты ғимаратта орналасқан.
Қорық-музейде бес ғылыми-зерттеу бөлімі жұмыс істейді:
Археология жəне тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімі;
Қор сақтау бөлімі;
Реставрация жəне Консервация бөлімі;
Этнография бөлімі;
Əдебиет жəне өнер бөлімі жəне ғылыми кітапхана (оның қорында 1511 дана кітап) бар.
Көпшілік көрермендерге Музей ғимаратымен қоса Арыстанбаб кесенесі Отырар
қалашығы, Отырар руханиятының филиалы, қазақтын қоржын үйі қызмет көрсетеді.
Қоржын үйдің жалпы ауданы 3048,5 м, экспозиция ауданы 1052 м, қор бөлімінің ауданы
254 м. 2004 жылы қорық музей қарамағында 160 — тарихи — мəдени ескерткіштер бар
болса, 2005 жылы ескерткіштер саны 200 — ге жетті. 2006 жылы археологиялық
барлау экспедициясының барысында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музей
есебіндегі археологиялық ескерткіштердің саны 220-дан асты. Музей ұжымы «Мəдени
мұра» жəне «Көне Отырарды жаңғырту» бағдарламалары негізінде Отырар өңірінде
жүргізілген археологиялық жəне реставрациялық жұмыстарға қатысып бірнеше ғылыми
есептер жазды. 2004 жылы күзде осы жұмыстарға орай музей ішінен жаңа реставрация
жəне консервация бөлімі ашылды. Қорық музейде қазақ халқының көне тарихы
насихатталады.
Қорық-музейдің негізгі мақсаты Отырар өңіріндегі археологиялық, архитектуралық
ескерткіштерді қору, ғылыми зерттеу жəне насихаттау мен мəдени ағартушылық
жұмыстарымен айналысу.