-галлюцинациялық, сандырақтық, кататониялық симптомдармен тез алмасып отыратын көріністер.
- сананың бұлыңғырлануы: делирий, онейроид, сумеркалық жағдай, сандырақтар т.б.
Науқастар абыр-сабыр болып жүреді, ойдан шығарған аңдушылардан қашып жүреді, терезеден секіреді, жолдың қарсы бетіне өте салады, бөтен адамдарға шабуыл жасауыда мүмкін. Қозуды дереу басып және науқасты госпитализациялау керек
Нейролептиктер гипотония шақыратын болғандықтан оларды абайлап қолдану керек. Алдын ала қан қысымын өлшейміз. Бұрын психофармакологиялық заттарды қолданбаған науқас болса аз дозада қолданамыз. 50-70 мг аминазин немесе тизерцин, 5мг дроперидол қолданады. Бұрын нейролептиктер қолданған науқас болса қозуды басу үшін 100-200 мг аминазин, 75-100 мг тизерцин, 10 мг дроперидолға дейін қолдануға болады. Коллапстардың алдын алу үшін бір мезгілде тері астына 2 мл кордиамин енгізу керек.
20.Алкогольдік психоздар. Клиникалық көріністері, емдеу принциптері.Күтім ерекшеліктері. 21. Галлюцинаторлы-сандырақ синдромдары. Галлюцинация туралы түсінік. Шынайы және псевдогаллюцинациялар.
Галлюцинация шынайы және жалған болып екіге бөлінеді.
Егер елестеушілік бейнені ауру айналадағы шындық ретінде қабылдаса, ол кімді, қай жерде көргенін, оның бет әлпетін суреттеп бере алса, шайтанның құйрығының ұзындығын, түсін, оның қимылын, бетін суреттей алса бұл шынайы елестеушілік.
Егер ауруда жалған көру елестеушілігі болса, онда ол заттың түсін, түрін айнытпай айта алмайды. Дауыс естісе оның кімдікі, қайдан шыққанын анық айта алмайды. Елестеулер айналадағы кеңістікке байланыспай, өзінің нақтылығын жоғалтады. Мысалы, ауру дауысты басының ішінен, кеуде қуысынан естиді. Жалған елестеудің тағы бір белгісі – оның қолдан, зорлықпен жасалуы, ауру өзінің организміне сырттан теледидар арқылы, космостық сәулелер арқылы әсер етіп жатыр деп есептейді. Ауру адам ойланған кезде өзінің ойларын дыбыс түрінде естиді.