1. Мейірбикелік үрдіс және оның кезеңдері. Шизофренияның қарапайым түрі. Клиникасы, күтімі, бақылау, емі



бет1/18
Дата08.12.2023
өлшемі53,07 Kb.
#135270
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
психиатр ответ (копия) (копия)


Наркология курсы бар психикалық аурулар пәнінен мейіргер ісіне емтихан сұрақтары.
1.Мейірбикелік үрдіс және оның кезеңдері.
2.Шизофренияның қарапайым түрі. Клиникасы, күтімі, бақылау, емі.

  • Қарапайым шизофрения

  • Бұл түрі қызығу жоғалуының өрши түсуімен, босаңдықтық, сезімдік немқұрайлылықтың, тұйықтықтың, парасат жағынан өнімісіздіктің өсе түсуімен сипатталады. Бұл жағдайда, әдетте, дыбыс беру түріндегі жұтаң және қарапайым есту галлюцинациясы орын алады.ойлау дәйексіздігі байқалып, уақыт өте келе үзік-үзік түрде неғұрлым анық көрінетіндей күйге жетеді. Бұл түрі үшін аурулық құбылыстардың баяу өсуі тән. Бұл жағдай аурудың беті қайтуы сирек байқалады.




  • Шизофренияны емдеу жоспары

  • Патогенетикалық ем

  • Медикаментозды емдеу (симптоматикалық ем)

  • Психотерапия

  • Еңбек терапиясы

  • Емдеу мекемесінде,үйде, жұмыс орындарында және басқа жағдайларда режим ұйымдастыру

3.Эпилепсия.Клиникасы,күтімі,емдеу принциптері.

  •  Қояншық ауруы – эпилепсия – денені құрыстырып, психиканы бұзатын, созылмалы ауру.

  • Аурудың нақтылы және симптоматикалық деген екі түрі болады.

  • Нақтылы түрі – идиопатиялық, генді осы ауруға тән клиникалық көріністерімен байқалады.

  • Симптоматикалық түрінде ми ісігінің, жарақатының және энцефалиттің әсері байқалады.

  • Құрысудыңклиникасыүлкен және кіші болып екіге бөлінеді.

  • Үлкен қояншықтық құрысу:

  • Аурудың алғашқы белгісі ретінде бірнеше сағат немесе күн бұрын бас ауырып, көңіл-күй төмендеуі байқалады.

  • Бұл аура - леп соғу деп аталады. Адам көру, иіс сезу, есту елестеушілігін басынан өткізеді.

  • Вегетативтік құбылыстар – қызару, терлеу, жүрек соғысының жиілеуі де байқалуы мүмкін. Аураның ұзақтығы бірнеше секундқа созылады, кейде болмауы да кездеседі. Құрысу тоқтағаннан кейін аура есте қалып, аурулар айтып отырады.

  • Аурадан соң құрысудың екінші кезеңі

  • – тоникалық құрысу басталады. Бұлшық еттер бір мезгілде тоникалық түрде тартылып, ауру толығынан есінен танады. Дыбыс саңылауының күрт тарылуынан (голосовые складки) ауру құлар алдында айқайлап дыбыс шығарады. Құлаған кезде қатты жарақат алып, қансырап қалуы мүмкін. Кейде кіші немесе үлкен дәреті жүріп кетуі кездеседі. Жарты не бір минутқа созылған құрысуда тыныс алуы тоқталады, көз қарашығы кеңіп, жарыққа әсер етпейді. Терісі көгеріп, еріндерінде цианоз байқалады.




  • Бір минуттай уақыттан кейін аурудың үшінші кезеңі:

  • -клоникалық құрысу басталады. Бұлшық еттер кезек-кезек жиырылып, ауру басын, аяқ-қолдарын еденге, жарға ұрғылай бастайды. Қосымша жарақаттар алуы да мүмкін.




  • - Құрысу кезеңдерінде тілі тістеліп, аурудың ауызынан қан аралас көбік ағады. Клоникалық құрысу 2-3 минутқа созылады.

  • -Талмадан кейін адам қатты шаршап, әлсізденіп терең ұйқыға (кома) кетеді.Бұл құрысудың үшінші кезеңі болып есептеледі.

  • Егер бір құрысудан кейін үсті-үстіне құрысулар қайталана берсе (эпилептикалық статус), ауруды дереуауруханаға жеткізу керек немесе дәрігерлік көмек қажет. Кейде дұрыс дамымаған құрысу, яғни өсіп-жетілмеген құрысу да кездеседі. Бұл жағдайда құрысу кезеңдері сатыланбай шала дамиды. Бұл балаларда көп кездесетін абортивті түрі. Балаларда клоникалық құрысу мүлде болмайды.

  • Кішкене қояншықтық құрысу - бірнеше секундтан 1-2 минутқа дейін созылатын, ауру есінен айырылғанымен тоникалық құрысу болмайтын эпилепсияның жеңіл түрі. Клоникалық кезең қысқа болғанымен амнезия толық болады.




  • Адамның жасына қарай фенобарбитал (люминал) пайдаланылады. Тәуліктік мөлшері 0,05-тен 0,15-0,3 ге дейін. Қояншыққа қарсы арнайы қосындының құрамына 0,02-0,05 г фенобарбитал, 0,05-0,2 г бромурал, 0,02-0,3 г папаверин, 0,015 г кофеин, 0,25-0,5 г кальций глюконаты кіреді. Дәрігердің ұсынуымен тегретол, финлепсин, бензонал, гексамедин, дефинин дәрілері жас мөлшеріне, жынысына қарап, аурудың қабылдауы-қабылдамауына (побочные действия) байланысты ұзақ мерзімге тағайындалады. Егер ауру әртүрлі себептермен 1-2 күнге үзіліс жасаса ұстама қайталанып, аурудың жағдайы бұрынғы күйіне түседі.

  • Ұзақ қолданғанда болатын бас айналу, тәлтіректеп жүру, ұйқышылық сияқты қосымша белгілерді дәрінің мөлшерін азайту арқылы жоюға болады. Тамақ ішу ережесін, дем алу және еңбек ету мерзімдерін дұрыс сақтау, витаминдер, глютамин қышқылын алу аурудың жағдайын жақсартады.

  • Қояншық статусында (ұстамалының жиілеуі) 2-4 мл 0,5 пайыз седуксенді физиологиялық ерітіндімен бірге тамырға жібереді. Магнезийдің күкірт қышқылын 5-10 мл 25% түрінде бұлшық етке немесе тамырға жіберген дұрыс. Клизмамен 3,0 г хлоралгидрат жасалады. Құрысу тоқтамаған жағдайда 1,0 г гексеналды бұлшық етке егеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет