1. Мектепке дейінгі балаларды тұлға ретінде қалыптасуда дамытушы ортаның маңызы



Дата06.11.2022
өлшемі15,33 Kb.
#47840
Байланысты:
1 тапсырма


Төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз
1. Мектепке дейінгі балаларды тұлға ретінде қалыптасуда дамытушы ортаның маңызы
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы, оған әсер ететін факторлар.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптастыру деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы- күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.
Педагогика ғылымында "тұлға" , "даму" және "қалыптастыру" ұғымдары жиі қолданылады.
Даму-ол табиғи процесс, соның негізінде адам организмінің сапа және сан жағынан өзгеруінің нәтижесі көрініс береді.
Бала жарық дүниеге келгенде биологиялық тұрғыдан тірі жан иесі, яғни адам туды дейді. Бірақта ол «тұлға» деп аталмайды. Мағжан Жумабаевтың тәрбие туралы айтқан мына бір мазмұндағы пікірімен, ойымен: «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда адам баласы туылғанда өте әлсіз, зағип, осал болып туылады. Малдың төлі туа салып аяқтанады, тауықтың балапаны жұмыртқадан жарыла салып жүгіріп кетеді. Адам баласы туылғанда іңгәлаған айқайы мол бір кесек ет, ақыл есі жоқ, денесі тым әлсіз, өсуі, ұлгаюы тым сараң, тым шабан келеді. Адам баласы осылай өте әлсіз болып туып, аса сараң өсетіндіктен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей яғни тәрбие қылмай болмайды»
Жеке тұлғаның дамуы және оның дүние тануы түрлі жағдайларға байланысты.Даму проццесінде негізгі ықпал жасайтын факторлар: туқым қуалаушылық, табиғи және әлеуметтік орта мен тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу.
Тұқым қуалаушылық- жеке тұлғаның ата-анамен биологиялық ұқсастығы. Атап айтқанда:
-дене ерекшеліктері: баланың шашы, терісінің түсі, бет келбеті, басының формасы, т.б биологиялық ұқсастығы;
-әлеуметтік қасиеттері: сөйлеуі, көруі, естуі, тік жүруі;
-дара психикалық ерекшеліктері, қабілеттері: музыкаға қабілеттілігі, бейнелеу өнеріне, биге икемділігі, есеп шығаруға, есте сақтау қабілеті т,б нышан түрінде болады. Нышандар қабілеттілікке айналады.
-жоғары жүйке қызметінің белгілі бір түрі-холериктік, сангвиникалық, флегматикалық, меланхоликалық.
Жүсіпбек Аймауытов «Неге арналсаң, соны істе» атты мақаласында: «Кісі туғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қабілет, яки деректік болады» деген көзқарасын баяндайды.
Адам дамуында орта зор рөл атқарады. Табиғи орта- бұл түрлі табиғат жағдайларының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы: ауа райы, жері, суы.
Әлеуметтік орта-жеке тұлғаның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметті қатынас, адамдар, олардың өзара қарым-қатынасытары көпжақты әрекеттері.
Тәрбие- жеке тұлғаның дамуында жетекші рөл атқарады. Адамның туғаннан ержету кезеңіне дейін дамуы негізінен тәрбие арқылы, мақсатты түрде сырттай ықпал ету жүзеге асырылады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ықпал ететін факторларға біржақты көзқарас, шешім болмауы қажет. Мысалы, 30 жылдардың аяғында, кейбір кеңес педагогтары жеке тұлғаның дамуында ортаның рөлі басым деген идеяны қуаттап, тәрбиенің жетекші рөлін бағаламады. Сол секілді тәрбиенің рөлін тұқым қуалаушылық пен әлеуметтік ортадан жоғары қою факторлары кездеседі.
2.Балалар бақшасында балалардың эмоционалды-сезімталдық даму жағдайы
Бүгінгі таңда адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеметтік сипатқа ие болып отыр. Адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімділер қатарына жатқыза алмайды. Өйткені әрқайсымыздың денсаулығымыз – бұл жеке байлық қана емес, сондый ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт. Адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениетік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты – мәдени орта, салауатты өмір салты. Тұлғаның жаңа психологиялық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағыттау, баланың психикалық дамуы, оны ілгері дамыту, мақсатқа бағдарлай ұйымдастыру, тәрбиелеуді басқару және өзін-өзі тәрбиелей әдісін ұйымдастыруға кең өрісті жағдай туғызады. Қазіргі кезеңде тұлға – психологиядағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені өоғамымыздағы қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет