Білім алушылардың актерлік қабілетін қалай шыңдауға болады?
Кастинг
Қыркүйек
26-30
Білім алушылар өздерінің актерлік қабілетін ашуға, қарым қатынас туғызуға мүмкіндік алады
ДТЖО
ӘБ жетекшілер
Эссе Мен, мектептегі екінші кезеңдегі тәжірибеме оқушылар арасында ұлттық және патриоттық танымын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жеке бас гигиенасын сақтауды үнемі қолға алу, қауіпсіз орта қалыптастыру, «Оқушы - ата-ана, мұғалім» үштігінің жұмысын нығайту, мектепішілік «Ұлағат» кәсіби қоғамдастық жұмысын, жетекші мектеп ретінде серіктес мектептердің жұмыс жүйесін қадағалау, тәжірибе тарату, кеңес беру, бақылау, мектептегі көшбасшы ұстаздарға қолдау көрсету арқылы ұстаздардың әлеуетін ашу, қыздар педагогикалық Университетімен, «Абай» атындағы мемлекеттік университетімен келісімге келу. ЖОО-мен ғылыми-практикалық тәжірибе алмасу сондай-ақ, мектептермен ғылыми - шығармалық кәсіби байланыс орнатумен мектеп мұғалімдеріне мотивация беру басымдылықтарымен жұмыс жасауды ұйғардым.
Осы басымдылықтарды жоспарлауымның себебі, бірінші мектептегі тәжірибе кезінде анықталған мәселелерден туындады. Мұғалімдер арасында топпен, лекпен жұмыстың аздығы, топ жұмыстары бір реттік қана жұмыстармен шектелетінін байқадым.
Қоғамдастық жұмысынан кей мұғалімдердің тыс қалатынын байқаған соң, осы бағыттағы шараларға, яғни коучинг, шебер сынып тағы басқа да жұмыстарға тартамын деп шештім.
Сонымен қатар, оқушылардың мінез-құлқынан туындаған мәселелер де анықталды. Сондықтан да осы жолғы тәжірибемде тәрбие саласына да мән беруді ұйғардым. Патриоттық және салауатты өмір салты бойынша жүргізілетін түрлі шараларға үлкен мән беру керек екенін ұқтым.
Жаратылыстану және үш тілділік бағыттарына оқушыларды бұру мақсатында жоғарғы оқу орындарымен тікелей байланысып, саяхат, сұхбат секілді шараларды ұйымдастырумен кәсіби бағдарға баули келе түрлі заманауи мамандықтарды оқушыларға таныстыруды жөн көрдім.
Бірінші тәжірибеде мұғалімдер коучинг пен шебер сыныптың ара жігін ажырата алмайтыны байқалды. Сондықтан да осы бағыттағы іс-шараларға көңіл бөлетін боламын. Және де біз мектепте тек оқушы және ата-ана үнін тәрбие саласы жағынан ғана ескеретініміз көрінді. Сол себептен де, осы жолғы тәжірибемде оқу сапасын, сабақ үрдісін дамыту үшін оқушылар және ата-аналар үнін ескере жасайтын боламыз.
LS- топтарын кішігірім лектерге бөлім, яғни 3-4 адамнан құрылатындай ұйымдастырамыз деп шештік. Және осы бағыттағы жұмысымызды қайта жандандыра түсу керек екенін ұйғарып жұмыс атқарамыз деп шештім. Бірінші тәжірибеде жоғары сыныпта зерттеу жүйелі жүргізілетіндігіне көзім жетті. Себебі, мұғалімдер бір-бірін қолдай, ақылдаса, жұмыла жұмыс бастап кетті. Сабақтары да нәтижелі болды. Сабақ барысында айтылым, жазылым, тыңдалым дағдалары қалыптасқанын көрдік, бірақ осы жерде айтылым дағдысы бойынша мәселелер анықталды. Яғни, кейбір оқушылардың сөздік қорларының аздығын байқадым.
Ал, бастауыш сыныптағы зерттеу сабақтарына үлкен өзгеріс керек екенін түсіндім. Себебі, сынып жетекшілері оқушыларының сөздерін жақтап, топтағы мұғалімдерге кедергі келтірді. Мектептегі екінші тәжірибе кезінде осы мәселені қолға алу керек екендігін түсіндім.
Екінші тәжірибе барысында мектепте үлкен өзгерістер болып, мұғалімдер сабақты зерттеумен, зерттеу жұмыстарымен және де тағы басқа жоғары айтылған мәселелермен жүйелі жұмыс жасайтын болсақ, нәтижеге, жетістікке қол жеткізетінімізге сенімдімін. Сол себептен, мен IQ дода, педагогикалық дебют, тандем, фасилитация, интеллектуалды квест секілді оқушылардың логикасын дамытатын, мұғалімдердің әлеуетін артатын түрлі шараларды тәжірибеге қосуды ұйғардым.