1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі


Әлемдік саясат, сыртқы саясат



бет30/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46
35. Әлемдік саясат, сыртқы саясат.
Саясат – бүкіләлемдік құбылыс. Ол дүние жүзіндегі барлық адамдардың, ұлттар мен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың, ұйымдар мен мемлекеттердің өмір тіршілігінің ажырамас саласы, қоғамдық болмыстың айқындаушы факторларының бірі Бұл заманда әлемдік саяси үрдістің ағымдарынан тысқары оқшау қалып отырған ешқандай мемлекет те, халық та жоқ.Әлемдік саяси үрдіс дегеніміз – дүние жүзі қауымдастығының өміріне қатысты саяси шешімдерді қабылдап, оларды іске асыру жолындағы мемлекеттік саяси институттардың, қоғамдық және саяси қозғалыстардың, халықаралық ұйымдардың , жеке адамдардың іс-әрекеті. Әлемдік саяси үрдістің нақты тарихи дәуірге байланысты өзіндік мазмұны, ерекшеліктері мен заңдылықтары бар.
Осы тұрғыдан алғанда ең әуелі назар аударатын нәрсе – осы заманғы әлем өте күрделі, сан алуандылыққа толы, сөйте тұра – біртұтас. Бүгінгі дүние шынында да сан алуан. Әлемде 200-дей мемлекет, 2000 – нан астам этникалық топтар бар. Олардың әрқайсысының тарихта жүріп өткен өзіндік жолы, қалыптасқан дәстүрі, тілі, ділі және діни нанымы, ұлттық сипаты бар. Әр халықтың, мемлекеттіңғ экономикалық, әлеуметтік және рухани даму деңгейі де әр басқа, олар тарихи дамудың әр сатысында тұр. Соған сәкес өмір салты, мақсат-мүдделері де алуан түрлі. Мұның бәрі олардағы саяси жүйенің сипатының, мемлекеттік құрылыстың көптүрлілігін, демократиялық нышандардың деңгейін анықтайтыны сөзсіз. Осыдан келіп саяси құбылыстардың күрделілігі мен қайшылықты түрде өрбуі туындайды.Осындай сан алуандылыққа қарамастан бүгінгі әлем, адамзат қоғамы біртұтас дейтін себебіміз не? Біріншіден, дүние жүзінің түпкір-түкпіріндегі барлық адамдарға ортақ адами қасиеттер бар. Кез келген адам бақытты өмір сүріп, өз қабілетінше еңбек еткісі, бала сүйіп, қызығын көргісі келеді, қадір-қасиетін сақтап, қоғамдағы өзіндік орнын табуға ұмтылады. Соған орай әрбір адам жалпы адамзаттық құндылықтарға мойын ұсынып, өз бойына сіңіруге талаптанады. Демек, барлық адамдарға ортақ арман-мүдде, іс-әрекет, құндылық қасиеттер оларды жақындастырады. Екіншіден, дүние жүзіндегі барлық адамдардың, барлық халықтар мен мемлекеттердің өмір тіршілігіне қауып төндіретін қару-жарақ әлі жойылған жоқ. Бұл да елдердің ортақ мүддесін қалыптастырады. Үшіншіден, осы заманғы ғылыми-техникалық революция бүкіл әлемді біртұтас қамтып, бір арнаға тоғыстыруда. Өндіргіш күштердің интеграциясы, дүниежүзілік біртұтас нарықтың қалыптасу үрдістері екпінді түрде жүріп жатыр. Төртіншіден, дүние жүзі халықтарының, мемлекеттердің арасындағы өзара қарым-қатынас, алыс-беріс байланыс аса жоғары сапалы қарқынға ие болды. Әлемдік байланыс біртұтастыққа ие болады. Ешқандай да халық немесе мемлекет басқалардан тысқары, олармен байланыссыз, өзара әсерсіз өмір сүріп, ілгері дами алмайтын жағдай қалыптасты. Әр елдің тағдыры әлемдік қауымдастық тағдырымен ұштасты. Ең бастысы елдер мен халықтар өзара байланысты, өзара тәуелді екендіктерін терең сезінетін ахуал орнақты. Осы ахуал бүгінгі замандағы жаңаша саяси ойлаудың өзегі болып табылады.
Сыртқы саясат – халықаралық аренадағы мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуші саясат. Сыртқы саяси мақсаттар ұлттық мүддеге негізделеді. Оларды жүзеге асыру арқылы мемлекет сыртқы саяси қызметті атқарады. Мемлекеттің сыртқы саясаты сыртқы және ішкі факторлар ықпалымен қалыптасады. Сыртқы саясатты жүзеге асыру түрлері: мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда өз өкілеттілігін ашу немесе оларға мүше болу; мемлекеттің басқа мемлекет өкілдерімен әртүрлі деңгейлерде тұрақты немесе аракідік байланыстар орнатуы. Сыртқы саясатты жүзеге асырудағы ең басты құрал – екі жақты немесе көпжақты келісімдер мен келіссөздер.Сыртқы саясат мемлекеттің ішкі саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттің саяси жүйесі, билік тұтқасының бағыт – бағдары, алға қойған мақсаты, саяси құрылымы, даму деңгейі – бәрі сыртқы саясатпен ұштасып жатады. Сондай-ақ, мемлекеттің географиялық жағдайы, оның стратегиялық маңызы, этнодемографиялық құрылымы, тарихи қалыптасқан дәстүрлері, жер қойнауының байлығы сияқты факторлар да оның халықаралық қауымдастықтағы беделі мен мәртебесін, сыртқы саясаттың қадау – қадау принциптерін анықтауда шешуші роль атқарады.

Дегенмен де осы заманғы мемлекеттердің сыртқы саяси іс – әрекеттерінің негізіне жататын ортақ принциптер бар екеніне назар аударған жөн:

• Бейбіт қатар өмір сүру – бұл принцип мемлекетаралық қарым – қатынастарда жалпыдемократиялық нормаларды басшылыққа алуға негізделген: күш қолданбау, басқа мемлекеттің ішкі ісіне араласпау, дербестігін, территориялық тұтастығын, адам бостандығы мен құқығын құрметтеу, екі жақты тиімді қарым – қатынас жасау, т.б.;

• Мүдделер тепе – теңдігі – мемлекеттердің мәселелерді бірігіп шешуге ұмтылысы, екі жақты тиімді қарым – қатынастар орнатуға құлшынысы;

• Жалпы адамзаттық мүдделердің маңыздылығын, жоғарылығын мойындау, жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық мүддені үйлестіре білу;

• Халықаралық қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз етуге ат салысу;



• Мемлекетаралық қарым – қатынастарда идеологиялық шеңберде тұйықталуды аластау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет