Заңды тұлғалардың салық заңнамаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылығы.
ӘҚБтК-тің 16-тарауының нормаларына сәйкес Салық кодекстің ережелерін бұзған салық төлеушілер
заңмен белгіленген жағдайларда мынадай айыппұл түрлерінде әкімшілік жауапты болады:
а) салық органында тіркеу есебіне қою туралы өтініш берудің заң актілерінде белгіленген мерзімін бұзу
– 20-дан 50-ге дейінгі, кәсіпкерлік қызметті тіркеудің мерзімін бұзу 100-ден 200-ге дейінгі айлық есептік
көрсеткіштің мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады: салық төлеушінің салық есеп – қисабын салық
органына табыс етпеуі – төленуге тиісті, бірақ төленбеген салықтың және басқа да міндетті төлем
саласының 10%-дан 50% мөлшеріне дейін айыппұл салуға, ал маниторинг жүргізу үшін қажетті құжаттарды
табыс етпеуі – айлық есептік көрсеткіштің 200-ден 500-дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
б) салық төлеушінің салық салу объектілерін жасыруы – жасырылған салық салу объектілері құнының
50% мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
в) кірістерді, шығыстарды және салық салу объектілерін есепке алу ережелерін бұзу – есепке алынбаған
тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының 10% мөлшерінде, ал салықтың және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын кемітіп көрсету – салықтың және бюджетке төленетін
басқа міндетті төлемдердің төленбегенсомасының 50% мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Заңды тұлғалардың заңсыз банк қызметін жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауаптылығы. Банк
қызметінің тіркеусіз немесе арнайы рұқсатсыз, лицензиясыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге
асыру, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса – айлық есептік
көрсеткіш 500-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады (ӘҚБтК-тің 138-б.).
Заңды тұлғалардың, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың монополияға қарсы
заңдарды бұзғаны үшін жауаптылығы «Бәсекеге және монополистік қызметті шектеу туралы» 2001ж. 19-
15
қаңтардағы заңмен
1
белгіленген. Монополияға қарсы органдар, «Табиғи онополиялар туралы»
2
және
«Жосықсыз бәсеке туралы»
3
заңдарға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер соттың қарауына
жатқызылатын реттерді қоспағанда, ӘҚБтК-тің 147-б.-да көзделген істерді қарайды.
Заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылығы. «Өрт қауіпсіздігі
туралы, 1996ж. 22-қарашадағы заңның 27-б.»
4
өрт қауіпсіздігі туралы заңдарды және өзге де нормативтік
құқықтық актілерді бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың ҚР-ның заңдарына сәйкес жауап
беретіндігін бекіткен. Мемлекеттік өрт сөндіру қызметі органдары ӘҚБтК-тің 312 және 313 баптарында
қаралған заңды тұлғалардың құқық бұзушылықтарын қарап, белгіленген мөлшерде оларға айыппұл салуға
құқылы.
Заңды тұлғалардың санитарлық және табиғат қорғау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік
жауаптылығы. «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002ж. 4-
желтоқсандағы заңмен
5
кейбір санитарлық ережелердің бұзылғандығы үшін әкімшілік жауаптылыққа
тартылатындығы көзделген.
ӘҚБтК-те қаралған басқа да әлеуметтік және экономикалық салалардағы құқық бұзушылықтардың
кейбіреулері үшін заңды тұлғалардың әр түрлі әкімшілік жауаптылықтары белгіленген.
Әкімшілік жауапкершілік түсінігі.Әкімшілік жауапкершілік қағидалары.Әкімшілік жауапершіліктен
босату жағдайлары
Қоғам қашанда белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа сүйене отырып өмір сүреді. Ол әрбір азаматтың
саналы, жақсы тіршілігі мен жарқын болашағына жол ашады. Ал қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды,
оңдай қоғамның келешегі болмайды. Сол себепті қоғамды белгілі бір заңдылыққа сүйене отырып,тәртіп
орнатудың маңызы зор. Қоғамдағы тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс әрекетін реттейтін қағидалардың
әсерімен орнатылады. Барлық қарым-қатынасты құқықтық тұрғыдан реттеу өте күрделі; ол көп салалы және
көп жүйелі процесс. Дегенмен, қазіргі уақытта реттелу субъектілері мен объектілеріне байланысты, белгілі
жағдай мен аумақ аясында қолданылатын реттеу түрлері мен тәсілдері қалыптасқан. Соның бірі-заңды
жауапкершілік.
Әкімшілік жауапкершілік қағидалары:
а) әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі заңмен, заңға тәуелді актілермен және оның нормаларымен
бекітіледі. Демек, әкімшілік жауапкершіліктің жеке нормативтік-құқықтық жүйесі бар. Әкімшілік
жауапкершілік нормалары жеке әкімшілік құқық институтын қалыптастырады. Мысалы, қылмыстық
жауапкершілік-арнайы заңмен; тәртіптік жауапкершілік –мемлекеттік қызметшілердің категориялық
бөлінісіне сәйкес заңдар мен заңға тәуелді актілермен және Еңбек туралы заңмен материалдық (қаржылық)
жауапкершілік Еңбек туралы, Азаматтық жөніндегі заңдармен,кейбір жағдайда әкімшілік құқық
нормаларымен бекітіледі немесе жауапкершілікке тартылады.;
б) әкімшілік құқық бұзушылық -әкімшілік жауапкершіліктін ұйытқысы болып табылады.Олар
қылмыс,тәртіптік іс немесе материалдық залал келтіру немесе азаматтық-құқықтық деликт (құқық
бұзушылық) болуы мүмкін.
в) әкімшілік құқық бұзушылардың іс-әрекеттеріне негізделген арнайы заңдарға сүйеніп әкімшілік
жауаппкершілік түрлі негізде әдістер қолданады. Әрбір жағдай белгілі бір нормаларға бағғытталып,заңды
түрде қарастырылуы тиіс. Жасалған құқық бұзушылық немесе теріс қылық үшін әкімшілік жауапкершілікке
16 жастан бастап тартылады;
г) қоғамға құқықтық тәртіп орнатудың құралы болып есептеледі;
д) құқық бұзушылармен үнемі күрес жүргізеді және іс әрекеттері оларға қарсы бағытталады.
Айтылғандарға қоса әкімшілік құқықтың өзіне ғана тән қағидалары арқылы, оның басқа
жауапкершіліктерден айрықша ететін ерешеліктері бар;
1.
Қылмыстық жауапкершіліктен айырмашылығы -әкімшілік жауапкерілікті сот және басқа да уәкілетті
органдарда қадағалай отырып, сонымен қатар олар әкімшілік жауапкершілкке тарта алады.
2.
Азаматтық құқықтық жауапкершілікте басты көңілге алынатын материалдық залал-әкімшілік
жаууапкерліктің қажетті қағидасы болып саналмайды.
3.
тәртіптік жауапкершілікте құқық бұзушылық атқаратын қызметі әсер етеді, ал әкімшілік құқықта
ешбір қызмет немесе қызмет бағыныштылығы әсер етпейді. Демек әкімшілік жауапкершілік брлық
азаматтарға бірде жүреді және оның алдында барлық азаматтар тең құқылы.
Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар.Қажетті қорғану
1.Қажетті қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және
қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен
қорғалатын мүдделеріне қол сұғушыға зиян келтіру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезінде
егер бұл ретте қажетті қорғану шегінен шығып кетуге жол берілмеген болса, осы Кодексте көзделген
әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
1
Ег. Қаз., 2001, 27-қаңтар.
2
Парл. Жаршысы, 1998, №16, 214-Қ-қ
3
Парл. Жаршысы, 1998, № 9-10, 84-қ.
4
Парл. Жаршысы, 1996, №18, 368-қ.
5
Парл. Жаршысы, 2002, №21, 176-қ.
16
2. Өздерінің кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлықтарын және қызмет жағдайына қарамастан, барлық
адамдар бірдей дәрежеде қажетті қорғаныс құқығына ие. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан аулақ болу не
басқа адамдарға немесе мемлекеттік органдарға көмек сұрап жүгіну мүмкіндігі болғанына қарамастан, бұл
құқық адамға тиесілі болады.
3.Қол сұғу сипаты мен дәрежесіне қорғанудың айқын сәйкес келмеуі, осының нәтижесінде қол сұғушыға
жағдайдан туындамаған шектен тыс айқын зиян келтіру қажетті қорғану шегінен шығып кету деп танылады.
Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана әімшілік жауаптылыққа әкеп
соғады.
4. Құқыққа қарсы қол сұғудан туындаған үрейдің қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан
қорғаныс шегінен асып кеткен адам әкімшілік жауаптылыққа болуға тиіс емес.
Аса қажеттілік.
1. Аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына,
құқықтар мен заңды мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін осы Кодекспен қорғалатын
мүдделерге зиян келтіру, егер бұл қауіпті өзге құралдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса
қажеттілік шегінен асуға жол берілмесе, әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
2. Қатер төндірген қауіп жойылған, құқық қорғау мүдделеріне тең немесе зиянды болдырмаудан
айтарлықтай көбірек зиян келтірген жағдайда анық сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен
асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтірген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп
соғады.
Негізгі тәуекел.
1.
Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізді тәуекел жасалған осы Кодекспен қорғалатын
мүдделерге зиян келтіру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
2.
Егер тәуекелмен байланысты емес іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) аталған мақсатқа қол жеткізу
мүмкін болмағанда және тәуекел жасаған адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келуін
болдырмау үшін жеткілікті шаралар қолданса, тәуекел негізді деп танылады.
Бұйрықты немесе өкімді орындау.
1.
Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау үшін әрекет еткен адамның осы Кодексте
көзделген әрекетті жасауы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды. Осындай әрекеттің жасалуына
заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам әкімшілік жауаптылықта болады.
2.
Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау үшін қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасаған
адам жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді
орындамау әкімшілік жауаптылықты болдырмайды.
Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары
Әкімшілік жауапкершілікке мынадай жағдайда тартылмайды:
1.
Жеңіл тәртіп бұзушылық деп танылса.
-
арнайы орган немесе лауазымды тұлға жеңіл тәртіп бұзушылықтың мән-жайын тексеріп,оның ешбір
ауыр залалы болмағанын растаса, оларға ауызша ескертулер айтып қана қояды. Яғни, мұндай жағдай заңды
олқылықтар мен ауыртпалықтарға әкелмейді (ақысыз жол жүру, шу көтеру);
2.
Басқа жауапкершілік түрлерімен алмастыру немесе қоғамдық ықпал ету шараларын қолдану.
-
сот билігіне немесе ұжымдық талдауға барлық материалдарды беруге болады; (мұндай жағдайлар
тәрбиелік маңызды болып, объективтік нгізде қалыптасқан жағдайда ғана қолданылады);
-
әкімшілік жауапкершілікті басқа жауапкершіліктермен алмастыру әскер қызметкерлері мен әскери
борышын өтеушілерге, сот, прокуратура қызметкерлеріне қолданылады;
-
жауапкершіліктің мерзімін қысқартуға болады. Мұндай жағдай құрмет көрсетіп, тәртіп пен тәрбиелік
танытқан жағдайда жүзеге асады.
Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін жағдайлар;
1.
мойындау;
2.
кінәлаушының шын көңілмен өкінуі;
3.
жасалған әрекеттерді қалпына келтіру және оның қауіпін болдырмау;
4.
кәмелеттік жасқа толмағандығы;
5.
жүкті әйел немесе 1 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы.
Мұның бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде бекітілу шарт. Дегенмен, істі зерттеп талдаған арнайы
орган заңда көрсетілмеген басқа жағдайларда да, яғни жауапкершілікті жеңілдетуге негізделген
факторларды да анықтауына болады.Аурлататын жағдайларға:
1.
бір рет әкімшілік жауапкершілікке бірнеше олқылықтар үшін жауап беру; бір жылда екі рет
қайталанған құқық бұзушылық үшін бір рет жауапқа тартылу;
2.
кәмелетке толмаған жасөспірімдерді құқық бұзушылыққа итермелеген не тартқан жағдай болса;
3.
құқық бұзушылық топ адамдармен жасалса;
4.
күтпеген күрт оқиғалар үстінде жасалған болса;
5.
алкагол ішімдігін қолданып жасалған жағдай болса;
6.
ескертулерден ешқандай қорытынды жасамаған тұлғаларға;
7.
бұрын қылмыс жасаған адам болса.
17
Осы себептердің бәрі іс жүзінде дәлелденіп, ресми түрде бекітілуі тиіс, сонда ғана ол заңды болып
танылады.
10- тақырып - Әкімшілік іс жүргізу
1 Әкімшілік іс жүргізудің ұғымы және түрлері.
2. Әкімшілік іс жүргізудің ерешеліктері.
3. Әкімшілік іс жүргізуді құқықтық реттеу және оның қағидалары.
Пайдалынатын негізгі терминдер: әкімшілік іс жүргізу, әкімшілік құқықбұзушылық, әкімшілік
жауаптылық, әкімшілік жазалар.
Әкімшілік іс жүргізу-материалдық әкімшілік құқықтық нормаларды жүзеге асыру мақсатымен
құрылған әрекеттер жиынтығы немесе басқаша айтатын болсақ атқарушы билік органдары іс -әрекеттерінің
әкімшілік процессуалдық нормалармен реттелуі деп түсіндіруімізге болады.
Заңмен алдын-ала қарастырылған жағдайда-ол басқару актілерін қабылдаумен материалдық құқықтық
нормаларын қодануы. Кез келген іс-жүргізу сияқты, әкімшілік іс-жүргізу де қандай да бір нәтижелі
әкімшілік мақсатқа жетуге бағытталған.
Әкімшілік іс жүргізудің ерекшеліктері.
Әкімшілік іс жүргізуге мынадай ерешеліктер тән:
1)
мемлекетпен тікелей байланысы : себебі әкімшілік іс-жүргізу билікті жүзеге асырудың ерекше тәсілі.
Оның негізін уәкілетті басқару органдарының іс-әрекеттері құрайды;
2)
түрлі құқық салаларының материалдық нормаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін іс жүргізудің
әлеуметтік белгіленуін білдіретін заңды әрекет;
3)
нақтылы басқару істерін шешуге бағытталған;
4)
құқықтық тәртіп көмегімен ғана нәтижеге ие болатын заңды нәтижелі іс-әрекет;
5)
процессуалдық құжаттардағы іс-әрекеттер нәтижесінің міндетті түрде толтырылуы;
6)
процессуалдық реттеудегі объективті қажеттілікті тудырады.
Әкімшілік іс жүргізудің қағидалары(принциптері).
Әкімшілік іс жүргізу- бір жағынан заңды іс-жүргізу болса, екінші жағынан бпасқару іс-әрекет нысаны
процессуалдық нормалармен реттелген құқықтық іс-жүргізу.Әкімшілік іс жүргізудің мынадай негізгі
қағидалары (принциптері) бар;
1)
ортақ басқарушылық-басқару заңдылықтарын көрсетеді;
2)
процессуалдық-басқарушы құқық шығармашылық пен құқық қабылдаушылық аясындағы ортақ
процессуалдық заңдылықтар әрекеттерінің ерекшелігін көрсетеді;
Бұл қағидалардың бөліну шарты олардың өзара тәуелділік күшіне тікелей байланысты. Әкімшілік іс
жүргізудің ортақ басқарушылық қағидасына көзқарастары мен іс-жүргізуге қатысатын тараптардың
мүддесінің еспке алынуы, әкімшілік іс жүргізуге қоғамдық бақылау жасалуы, ұлттық тең құқылық,
заңдылық жатады. Заңдылық қағидасы әкімшілік іс-жүргізуде осы іс-әрекеттің заңды табиғаты үшін ерекше
мағынасы бар. Соған байланысты заңмен шектелген биліктік өкілеттілікті қолдануды қамтамасыз етеді және
іс жүргізуге қатысатын барлық субъектілердің міндеттері мен процессуалдық құқықтарына кепілдік береді.
Мысалы: Қазақстан Республикасы Конституциясының 60-бабында «мемлекет, оның органдары мен
лауазымды адамдарының өкілеттілігі және қызметтерінің ұйымдастырылу тәртібі заңмен белгіленеді»
делінген.
Әкімшілік іс жүргізудің субъектілері
Әкімшілік іс жүргізу субъектілеріне заңды нормалар негізінде әкімшілік іс жүргізуге қатысатын тұлғаларды,
сонымен қатар мемлекеттік не мемлекеттік емес ұйымдарды жатқызамыз, мысалы оларға:
-
Қазақстан Республикасының азаматары, шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар;
-
Мемлекеттік органдар;
-
Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер;
-
Қоғамдық ұйымдар;
-
Мемлекеттік қызметкерлер;
-
Қоғамдық ұйымдар қызметкерлері;
-
Мемлекттік мекеме уәкілдері жатады.
Субъетілердің бірінші түрі әкімшілік іс-жүргізуге көп қатысады. Олар мынадай қызмет атқарады:
- әкімшілік іс жүргізуді қозғаушы, тудырушы, яғни оны шешетін органға ұсынушы;
- бұзылған құқықты қорғауға әкімшілік даудың бір жағы ретінде қатысушы;
- өз еркімен екі жақтың біреуін қолдап қатысушы;
- әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға болуы;
- өкілетті уәкіл болуы;
- әкімшілік құқық бұзушылық пен мүліктік,моральдық зиян шеккен, жәбірленуші болуы;
- куәгер болуы;
- өзге тұлғанның құқықтары мен мүдделерін қорғаушы жақ болып қатысуы.
18
Кез келген іс жүргізудегідей әкімшілік іс-жүргізуде де ерекше роль атқаратын мемлекеттік-биліктік
өкілеттілігі бар істерді қарастырып, оған шешім қабылдап, оны орындауды талап ететін атқарушы орган. Ол
міндетті түрде әкімшілік іс жүргізудің жақтарының бірі ретінде, ішкі ұйымдық іс-әрекеттер жүзеге асқанда
ғана мемлекеттік және өкілетті органдардың басшылары қатыса алады. Мемлекеттік органдарға басқару
қатынастарының аясында үлкен рөл, сонымен қатар өкілеттілік берілген. Мемлекеттік басқару, мемлекеттік
билік органдары, сот, прокуратура белгілі бір дәрежеде нақтылы басқару істерін шешуге құқылы.
Мемлекеттік орган әкімшілік іс жүргізуге 2 сипатта қатысуы мүмкін:
1)
әкімшілік істі шешетін орган ретінде;
2)
әкімшілік іс жүргізудің тек бір тарабы ретінде.
Прокуратура органдарының да әкімшілік іс жүргізуге тәжірибеде жиі кездеседі. Мысалы; заң талаптарын
бұзаны үшін әкімшілік жаза белгілеу немесе заңсыз басқару актісін ортақ бақылау тәртібінде протест беру.
Бұл қатысушылар іс жүргізуде әр түрлі қызмет атқаратындықтан олардың құқықтық мәртөбесі де әр алуан
болады. Барлық субъектілердің тең құқылы мүмкіндіктері бар. Олар заң алдында да бірдей болғандықтан
заң бойынша әрекет етуі тиіс.
Сонымен қорытындылай келгенде, әкімшілік іс жүргізу әкімшілік процессуалдық нормалардың
жиынтығы, соларға негізделген атқарушы билік органдарының және олардың лауазымды адамдарының
оларға жүктелген міндеттерін іске асыру жөніндегі қызметі болып табылады.
12 – тақырып. Әкімшілік рәсімдер туралы іс жүргізу және оның түрлері.-құқықтық режимдер.
1.
Рәсімдер туралы іс жүргізудің мәні.
2.
Басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру рәсімдері туралы іс жүргізу
3.
Лицензиялау, рұқсат беру туралы іс жүргізу.
Пайдалынатын негізігі терминдер: әкімшілік құқықтық режим, әкімшілік рәсім, лицензия, әкімшілік іс
жүргізу.
Әкімшілік-құқықтық режим дегеніміз- заңды түрде анықталған әкімшілік құқықтық әдістердің
реттелуі қандай да бір ерекше жағдайларға байланысты қатынас субъектілеріне қолданылатын тыйым салу
түрлері болып саналады.
Құқықтық режимнің мәнін- адамдардың іс-әрекетінің белгілі бір бекітілген құқықтық норманы реттеуі
деп түсіндіруімізге болады, арнайы құқықтық реттеу іс-әрекет объектілерінің (наркотикалық режим,
автокөлік құралдары, мәдени құндылықтар және т.б.) уақыты мен орнының жүзеге асуын, нағыз іс-
әрекеттің спецификасын бәрінен бұрын- бұл факторлардың байланысуын айтамыз. Құқықтық режим түсінігі
құқықтық мәртебе түсінігімен байланысты. Кейінгісі субъектінің құқығы мен міндетерін білдіреді, қандай
да бір адаммен байланыстырады: ал құқықтық режим іс- әрекетті сипаттайды және онымен
қатысушылардың құқығы мен міндеттерін байланыстырады.
Құқықтық режим - бұл қоғамдық қатынас іс- әрекетінің белгілі бір түрінің кешені, ол құқықтық
нормамен бекітіледі және құқықтық- ұжымдық құралының жиынтығын қамтамасыз етеді.Оның 2 түсінігі
бар:
1) қоғам қатынастың арнайы мәнінің ерекшелігі және оның мақсаттары мен мәселелерінің
спецификасы;
2) субъектінің құқық жән міндеттер жүйесін айқындайтын іс-әркет нысандары мен әдістерін, ерекше
қағидаларын қолдану. Режимнің түсінігі «бұл сөздің мағыналық негізгі түрін айқындайды, яғни құқықтық
режим қатан құқықтық режим дәрежесін айқындайды, белгілі шектеулер мен жеңілдіктер, субъектілердің
белсенділігінің шамасын, олардың құқықтық тұрақтылығының шегі». Құқықтық режимдерді жалпы,
әмбебаб (универсальды)және өңдірістік және т.б. режимдерге бөлуге болады.
Құқықтық режим құқық саласында құқықтық құралдар тртібінің мәнің-заңды салалық құрылысын
көрсетеді. Ол құқықтық әдіс саласына негізделеді және берілген сала қағидаларының спецификасына
базаланады, яғни негізделеді.
Әкімшілік – құқықтық режим - бұл әкімшілік құралдарын реттеудегі белгілі бір байланыс, құқықтық
ықпалдың орталықтандырылған тәртібімен, императивтік әдіспен негізделеді. Ол құқықтық қатынастың
өзінің мәртебесі бойынша заңдылық тең емес позицияны ұстанады.
Әкімшілк- құқықтық режимді аумақтық (территориялық) критерияға байланысты бөлуге болады: жалпы
мемлекеттік
(құпия
және
т.б.),
уақыт
әрекетіне
байланысты
тұрақты
және
уақытша
жағдайлы(ситуационный) (мысалы, төтенше жағдай). Осы қатарда режимдерді объект, іс- әрекет
құралдары бойынша бөлуге болады: мысалы, қаржы және т.б. түрлер бойынша.
Арнайы әкімшілік -құқықтық режимдерде бір-бірімен тығыз байланысты екі жақты атап өтуге
болады: мазмұнды және формальды. Мазмұнды жақ-режимнің себептері мен мақсатының орындалуын,
ұжымдық, экономикалық элементтерінің оның әрекетімен байланысты, ал құқықтық жақ - кім, қай уақытқа
дейін, қандай территорияда режим орындалады, процедураны оған енгізу , жойылуы, ауыстырылуы,
«режимдік» міндеттер мен құқықтар. Барлық арнайы режимдер ережеге сәйкес азаматтың құқығын
шектейді. Сондықтан мұндай шектеулер шектен тыс, ал режимдік шектеулер тек қана заңға байланысты
орындалуы тиіс.
19
Әкімшілік-құқықтық режим 2 топқа бөлінеді:
1)
Жалпы жүйе;
2)
Қосымша жүйе(өндірістік).Қосымша жүйенің өзі өз кезегінде екіге бөлінеді:
А)әдеттегі;
Б)төтенше(экстремальды).
Әдеттегі жүйе өз ішінде аумағы(территория), объектілер, әрекет түрлеріне байланысты, ал төтенше
(экстремальды) жүйеде төтенше жағдай, ерекше, әскери жағдай және мемлекеттік шекара болып бөлінеді.
Жалпы жүйе дегеніміз –қоғамдық қатынастың еркше түрлері мазмұны бойынша заңға сай реттеледі.
Қосымша жүйе дегеніміз-кейбір жағдайларға байланысты қосымша тыйым салу немесе қосымша
міндеттердің пайда болуы жатады.
Құпия режимі
Мемлекеттік құпия – бұл ақпарат, мәлімет, санкциялы емес рұқсаттың елге, мемлекетіміздің
қызығушылығына зиян келтіруі мүмкін. Мемлекеттік құпияның келесі түрлерін көрсетуге болады:
1) бұл өте қажеті мәліметтер;
2) оларды жариялау мемлкеттің мүддесіне нұқсан келтіруі мүмкін;
3) мәліметтер тізбегі мемлекетік құпияға бағынады,заңмен тағайындалады;
4) ол қылмыстық жауапкершілік және басқа да еріксіз шаралармен қорғалады;
5) оның қорғануына арнайы әкімшілік – құқықтық режим-құпия режимі құрылған.
Құпиялылық -мемлекеттік қауіпсіздігін сақтау үшін ең негізгі құрал. Құпия режимі тәжірибе
дәлелдегендей, шамадан тыс демократиялық институттарды шектеуге, мемлекетік аппараттың билігін
күшейту үшін қолданылады, құпиялық неғұрлым көп болса, билік соғұрлым шенеуніктерде болады.
Құпиялық режим – тұрақты, жалпы мемлекеттілігімен ерекше.
Құпия режимінің ең басты элементтері:
1) құпия сақтау ережесі;
2) мемлекеттік құпияны қорғау;
3) құпиялық.
Құпия сақтау ережесі әскери салада, ішкі саясатта, экономика, ғылыми - зерттеу және ғылыми
жұмыстарда, технологияда басты рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |