1. Мемлекеттік басқару әдістері мен нысандары. Мемлекеттік басқару әдістерін топтастыру



жүктеу 445.43 Kb.

бет1/5
Дата31.03.2017
өлшемі445.43 Kb.
  1   2   3   4   5

 

 



«Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы» пәні бойынша дәрістердің қысқаша мазмұны 

 

1.Тақырып. Басқару, мемлекеттік басқару және әкімшілік құқықтың түсінігі. 



1.Мемлекеттік басқару әдістері мен нысандары. 

2. Мемлекеттік басқару әдістерін топтастыру. 

3. Басқару нысандарының түсінігі мен түрлері. 

 

Пайдалынатын негізгі терминдер:мемлекеттік басқару, басқару нысаны, әкімшілік құқық, әкімшілік 

құқықтық әдістер, әкімшілік шарт, әкімшілік әдет ғұрып.  

 

 



1.  Мемлекеттік  басқару  әдісі  –  бұл  басқару  субъектісінің  басқару  объектісіне  ықпал  ету  тәсілі 

(амалы);  Ол  басқарудың  алдына  қойылған  мақсаттары  мен  міндеттеріне  қол  жеткізу  үшін    басқарудың 

функцияларын іске асыру үшін пайдаланылады. 

 

Мемлекеттік басқару әдісінің белгілеріне мыналар жатады: 



- мемлекеттік қызметтің белгілі бір түрін  мақсатты түрде танумен табиғи байланысты болады; 

- басқару қызметі субъектісінің объектіге басқару ықпалын білдіреді: 

- басқару субъектісінің өз құқық өкілеттігін іске асырудың құралы(амалы); 

- тиісті объектіге арналған; 

- алға қойылған басқару мақсатына нақты жағдайларда қол жеткізудің қолайлы тәсілі; 

- белгілі бір мерзімдік шеңберлері болады.  

 

 

Атқарушы билік органдары азаматтар мен қоғамның саяси, әлеуметтік-экономикалық және 



басқа да мүдделері мен қажеттіліктерін жүзеге асыруда әкімшілік құқықтың 2 түрлі әдісін қолданады:  

1/  субординация; 

2/  координация; 

 

Субординация  –  төменгі  сатыдағы  қызметшілердің  жоғарытұрған  қызметшілерге  қызмет  бабында 



қатаң бағынуын білдіреді. 

 

Координация  –  орталық  атқарушы  органдар,  олардың  қызметшілері  және  лауазымды  тұлғалардың 



басқару міндеттерін шешуде үйлесімділік пен келісімділік арқылы шешуі. 

 

 



2. Мемлекеттік басқару әдістерін топтастыру. 

 

Мемлекеттік басқару әдістері ықпал ету сипаты бойынша тікелей(тура) және жанама болып 2 топқа 



жіктеледі. Тікелей әдістерге – иландыру мен мәжбүрлеу жатады.  

 

Иландыру  дегеніміз  –  басқару  субъектісінің  басқарылатын  объектіге  мақсатты  бағытталған  ықпал 



ету  процесі,  соның  нәтижесінде  басқару  субъектісінің  идеялары,  құндылықтары  мен  нұсқаулары  басқару 

объектісінің ішкі идеяларына, жеке нұсқауларына айналады. 

 

Мәжбүрлеу  дегеніміз  –  арнайы  өкілетті  субъектінің  қоғамдық  тәртіп  пен  қоғамдық    қауіпсіздікті 



қамтамасыз  ету  мақсатында  белгіленген  процессуалдық  нысандарда  қолданатын,  әкімшілік  құқықтың 

нормаларына  негізделген психикалық, физикалық, материалдық немесе ұйымдастырушылық  ықпал жасау 

құралдары. 

 

Жанама әдістерге   әлеуметтік-психологиялық және экономикалық әдістер жатады.  



 

 

3. Басқару нысандарының түсінігі мен түрлері. 

 

Мемлекеттік басқарудың нысаны – атқарушы билік органының (лауазымды адамның) өзінің құзіреті 



шеңберінде жүзеге асырылған және белгілі бір салдарлар туғызатын қызметінің сыртқы көрінісі.  

 

Мемлекеттік басқару нысандарының түрлері:    - құқықтық ;  



                                                                                             - құқықтық емес; 

 

Басқарудың құқықтық нысаны белгілі бір заңдық салдарлардың болуына әкеп соғады.  



 

Басқарудың құқықтық  нысанын  былайша  жіктеуге  болады:  –  құқық шығару, құқық қолдану, шарт 

жасасу.  Нормативтік  құқықтық  актілерді  дайындау  және  қабылдау  атқарушы  билік  органдарының  негізгі 

жұмысы, осы актілерді қабылдау арқылы заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Нормативтік актілерді 

дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңмен белгіленеді. 

 

Келісім  шартқа  отыру  басқару  қызметін  бірігіп  жүргізуді  көздейді.  Келісім  шартқа  отыру 



мемлекеттік басқару органдары қызметінің  көлденең деңгейдегі үйлесімділігін қамтамасыз етеді. 

 

 



 

Әкімшілік құқық - құқық саласы және ғылым ретінде.  

ҚР  Конституциясына  сәйкес,  мемлекеттің  ең  қымбат  қазынасы  –  адам,  оның  өмірі,  құқықтары  мен 

бостандықтары  танылады.  Адамдар  өздерінің  құқықтары  мен  бостандықтарын  жүзеге  асыру  үшін 

мемлекеттік  билік-басқару  органдарымен  құқықтық  қарым-қатынасқа  түседі.  Ал  сол  құқықтық 

қатынастарды реттейтін заң нормаларының жүйесіне әкімшілік құқық ғылымы жатады.  

 

Әкімшілік құқық ғылымы – Қазақстанның құқық ғылымының құрамдас элементі, әкімшілік құқық 

саласы  және  оның  реттейтін  пәні  туралы  ғылыми  көзқарастар  мен  түсініктердің,  білім  мен  теориялық 

ережелердің жүйесі.  



 

 



 

Әкімшілік құқық ғылымының пәні – мемлекеттік басқарудың дамуы мен қызмет етуінің ең жалпы 

заңдылықтары  болып  табылады.  Ол  мемлекеттік  басқарудың  пайда  болуының,  дамуының  және  қызмет 

атқаруының    заңдылығын,  ондағы  санаттар  мен  ұғымдар  жүйесін,  мемлекеттік  басқарудың  негізгі 

принциптерін,  әкімшілік  құқықтық  заңнамаларды,  әкімшілік  құқық  субъектілерінің    құқық  қолдану 

тәжірибесін,  сондай-ақ  әкімшілік  құқықты  жетілдіру  мен  дамыту  туралы  болжамдар  мен  ұсыныстарды 

қамтиды. 

 

Әкімшілік  құқық  –  Қазақстан  Республикасы  құқық  жүйесінің  жеке    саласы  ретінде  қоғамдық 

қатынастардың ерекше тобын реттейді. 



 

Әкімшілік  құқық  саласы  –  мемлекеттік  басқару  қызметін  ұйымдастыру  мен  жүзеге  асыру 

процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы.  



 

Әкімшілік құқық саласының мынадай белгілері бар:  

- әкімшілік құқық ҚР құқығының негізгі, жариялы салаларының бірі; 

- әкімшілік құқықтың өзінің реттейтін пәні бар, сол арқылы ол басқа құқық  

  салаларынан ажыратылады. 

- әкімшілік құқық өзінің құқықтық реттеу әдістеріне ие. 

- әкімшілік құқық ішкі ұйымдастырушылық құрылымына ие. 

- нормативтік базасына, яғни қайнар көздеріне ие. 

 

 

 



Әкімшілік  құқықтың  пәні  -  әкімшілік  құқық    нормаларымен  реттелетін  мемлекеттік  басқару 

сферасындағы  қоғамдық қатынастардың жиынтығы. 

 

 

Әкімшілік  (администрация)  сөзі  латын  тілінен  аударғанда  –«басқару»  деген  мағына  береді, 



сондықтан бұл саланы көбіне басқару құқығы деп те атайды.  

 

 

  

Әкімшілік құқықтың  жүйесі және қайнар көздері. 

 

Әкімшілік  құқықтың  жүйесі  дегеніміз  –  мемлекеттік  басқару  саласындағы  қоғамдық 

қатынастарды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалардың реттелген жиынтығы.  

 

Әкімшілік  құқық  жүйесі  жалпы  және  ерекше  бөлімнен  тұрады.    Жалпы  бөлімге  мемлекеттік 



басқару жүйесіне жалпы сипаттама беретін әкімшілік  құқықтың негізгі институттарын құрайтын нормалар 

жатады.  Бұлар:  мемлекеттік  басқарудың  негізгі  қағидалары,  әкімшілік  құқық  субъектілерінің  әкімшілік 

құқықтық мәртебесі, мемлекеттік басқару нысаны мен әдістері, әкімшілік құқықтық жауаптылық, әкімшілік 

іс жүргізу тәртібі, мемлекеттік басқарудағы заңдылықты сақтау тәртібі.  

Ерекше  бөлімде  әр  сала  бойынша  басқару  органдары,  олардың    нақты  атқаратын  функциялары  туралы 

айтылады.  Бұлар:  сыртқы  істерді  басқару,  ішкі  істерді  басқару,  әділетті  басқару,  қорғанысты  басқару, 

денсаулық сақтауды басқару, білім беруді басқару, көлік және коммуникацияны басқару, т.б.  

 

Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:  

- нормативтік құқықтық акт 

- әкімшілік шарт 

- әкімшілік прецедент 

- құқықтық әдет-ғұрып 



- ғылыми-құқықтық доктрина 

Нормативтік  құқықтық  акт  дегеніміз  –  референдум  немесе  мемлекеттің  өкілетті  органдары  мен 

лауазымды  адамдары  қабылдаған,  құқықтық  нормаларды  белгілейтін,  өзгертетін  немесе  тоқтатын, 

белгіленген нысандағы нормативті құжат.  

 

Әкімшілік  шарт  дегеніміз  –  екі  не  одан  да  көп  субъектілер  арасындағы  келісім,  оның  ережелері  тек  сол 

субъектілер үшін ғана міндетті болады.  

 

ҚР әкімшілік құқықтың қайнар көзінің иерархиясы: 



1. ҚР Конституциясы, 30.08.1995ж. 

2. Конституциялық заңдар; 

3. Заңдар; 

4. ҚР Президентінің Жарлықтары; 

5. ҚР Үкіметінің қаулылары; 

6. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік актілері; 

7. Парламент палаталарының қаулылары; 

8. Әкімшілік құқық нормалары қаралған мемлекетаралық келісім шарттар; 

9. Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың қаулылары; 

10. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативті  актілері; 

11. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативті актілері; 

12. Локальдық нормативтік актілер. 

 

2.Тақырып. Әкімшілік құқықтық нормалар мен қатынастар. 

 

1.

 

Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі 

2.

 

Әкімшілік құқықтық қатынастар 


 

 



 

 

 



Пайдалынатын  негізгі  терминдер:  құқықтық  норма,  гипотеза,  диспозиция,  санкция.  құқықтық 

қатынас, құқықтық қатынас субъектісі, объектісі, мазмұны. 

 

Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.  

 

Әкімшілік  құқықтық  нормалар  дегеніміз  –    мемлекеттік  органдардың  басқару-атқару  жұмыстары 



процесінде  пайда  болатын,  атқару  билігі  аясында  қоғамдық  қатынастарды  реттеуші,  мемлекеттік 

органдардың  актілерінде  көрсетілген,  мемлекеттік  заң  шығару  және  атқару  билігінің  органдары 

тағайындаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелері. 

 

Әкімшілік  құқық  нормалары    басқару  аясында  пайда  болатын    қатынастарды  ұйымдастыруға, 



реттеуге және жетілдіріп жоғары сатыға көтеруге негізделген.  

 

Әкімшілік құқықтық нормалардың алдына қойған міндеттері:  



 

-мемлекеттік басқару жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің өзара қатынасын реттеу және жөнге салу; 

 

-басқару  функцияларына  ие  субъектілер  мен  оларға  бағынышты,  объектілердің  заңды  талаптарын 



орындауға  қатысты  ғылыми  тұрғыдан  негізделген  және  мақсатқа  сәйкес  келетін  орынды  өзара  қатынасын 

баянды ету; 

 

-басқару  қызметінің  әр  түрлі  салаларының  байланысын  және  мемлекеттік  органдардың  басқа  да 



құқық субъектілерімен өзара әрекеттестігінің (қатынасының) тәртібін белгілеу. 

 

 



Әкімшілік-құқықтық нормалардың, құқықтың басқа салаларының нормалары сияқты, өзінің 

бөлімдерінің  өзара  орналасу  тәртібі,  яғни  құрылымы  бар.  Әкімшілік  құқықтық  норманың  құрылымы 

дегеніміз - оның ішкі құрылысы, негізгі құрамының (бөлшектерінің) өзара байланысының айқын тәртібі.  

 

Әкімшілік құқықтық норманың ішкі құрылысы мынадай бөлшектерден тұрады: 



 

- гипотеза; 

 

- диспозиция; 



 

- санкция; 

 

Гипотеза норманы іс жүзінде асыру шартының сипаттамасы, яғни ережені қолдану шарты. 



 

Гипотеза жорамал не болжам түріндегі пікірді білдіреді.  

 

Диспозиция – норма тағайындаған  мінез-құлық ережесінің мазмұны. 



 

 

Санкция  –  норма  тағайындаған  мінез-құлық  ережесін  бұзудың  салдары,  яғни  норманы 



бұзғаны үшін қолданатын шара.  Әкімшілік құқықтық санкциялардың өзіне тән ерекшелігі әкімшілік жолмен 

ықпал ету әдістерінің, санкция түрлерінің көптігі, сонымен қатар өкілетті органдар мен олардың лауазымды 

тұлғаларына белгіленген шеңберде берілген ықпал ету шараларын қолданудың мол мүмкіндігі.  

Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері. 

 

Әкімшілік құқық нормалары  мазмұны бойынша: 



 

1. материалдық (қаржылық) нормалар 

 

2. процессуалдық нормалар  болып екіге бөлінеді. 



 

Материалдық  нормалар  –  азаматтардың  әкімшілік-құқықтық  мәртебесін,  атқарушы  билік  органы 

мен  ұйымдарды  біріктіретін  ережелер.  Мысалы:  атқарушы  билік  органдары  субъектілерінің  қоғамға, 

тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті (компетенциясы). 

 

Процессуалды  нормалар  –  мемлекетпен  бекітіліп, санкцияланған материалдық  нормаларды жүзеге 



асыру  барысында  және  мемлекеттік  басқару  органдарының  жаңа  нормативті  актілерді  шығарумен 

сипатталады. Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы: 

 

а)  өзінің  тағайындалуымен,  яғни  материалдық  нормалар  субъектілерінің  әкімшілік  құқықтық 



мәртебесін  тағайындаса.  ал  процессуалдық  нормалар  олардың  орындалуы  мен  міндеттелуін  заңды  түрде 

жүзеге асырады; 

 

б)  талап  ету,  яғни  процессуалды  нормалар,  ең  алдымен  материалдық  нормалардың  орындалуын 



талап етеді; 

 

в)  іске  асыру,  яғни  әкімшілік  құқықтық  материалдық  нормалардың  қабылдануын,  олардың  жүзеге 



асырылуын талап ету арқылы іске асыру. 

 

Процессуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты 



жіктеледі. Мысалы: заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортаға, яғни сфераға байланысты және т.б. 

 

Субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістері бойынша нормалар 3-ке бөлінеді: 



 

1. міндеттеуші; 

 

2. тыйым салушы; 



 

3. уәкілдік беруші  әкімшілік құқықтық нормалар болып бөлінеді. 

 

 

 



Сонымен қорытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалар – бұл конституцияда бекітілген белгілі 

бір  қағидалар  мен  ережелердің  жиынтығы.  Ал  әкімшілік-құқықтық  қатынастар  –  бұл  әкімшілік-құқықтық 

нормалармен реттелген, мемлекеттік  басқару саласындағы қоғамдық қатынастар.  Бұл екі ұғым бір-бірімен 

тығыз байланысты, біріншісі мемлекет бекіткен қағидалар мен ережелердің жиынтығы болса, сол ережелер 

құқықтық қатынастарды реттеп басқарып отырады. 


 

 



 Әкімшілік құқықтық қатынастардың ұғымы, құрылымы. 

 

Әкімшілік  құқықтық  қатынастар  дегеніміз  –  мемлекеттік  басқару  саласында  пайда  болатын  



әкімшілік құқықтық нормалармен реттелген қоғамдық қатынастар.  

 

Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері: ҚР азаматы, шетел азаматы, азаматтығы  жоқ тұлғалар; 



мемлекеттік  органдар,  қоғамдық  ұйымдар  мен  бірлестіктер,  мемлекеттік  қызметшілер  мен  қоғамдық 

ұйымдар қызметшілері.  

 

Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие болады.  



 

Әкімшілік  құқықтық  қатынас  объектісі:  әкімшілік  құқықтық  қатынас  бағытталған  мақсаты  оның 

мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында құқықтық қатынастар туындайды. 

 

Заңды  фактілер  -  әкімшілік  құқықтық  қатынастардың  пайда  болуына,  өзгеруіне  немесе 



тоқтатылуына  әсер  ететін  мән-жайлар.  Заңды  фактілер  2  түрге  бөлінеді:  оқиға  және  іс-әрекет.  Оқиға 

адамдардың  еркінен  тыс  болатын  мән-жайлар.  Мысалы:  адамның  туылуы,  белгілі  бір  жасқа  толуы;  жер 

сілкінісі,    су  тасқыны,т.б.  Іс-әрекет  адамдардың  еркімен  байланысты.  Іс-әрекет  заңды  және  заңсыз  болып 

екіге бөлінеді.  



Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері. 

 

Әкімшілік құқықтық қатынастар байланысы сипаты бойынша - тік және көлбеу болып бөлінеді.  



 

Мазмұны бойынша - материалдық және процессуалдық болып бөлінеді. 

 

Құқықтың функциялары бойынша – реттейтін және қорғайтын. 



 

Заңды  фактілерінің  сипаты  бойынша  –  заңды  іс-әрекеттер  туғызатын,  заңсыз  іс-әрекеттер 

туғызатын, оқиғалар туғызатын болып бөлінеді. 

 

Қорғау  тәсілі  бойынша  -  әкімшілік  тәртіппен  қорғалатын,  сот  тәртібімен  қорғалатын  болып 



бөлінеді.  

 

Әкімшілік  құқықтық  қатынастар  мен  нормалар  болмаса  қоғамның  дамуы  мүмкін  емес,  өйткені 



әкімшілік құқықтық нормалар бекітілуі арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Ал әкімшілік құқықтық қатынастар 

тек  биліктік  өкілеттікке  ие  болып  қоймастан,  сонымен  бірге  әкімшілік  құүқық  субъектілерінің  түрлі 

қажеттіліктері мен мүдделерін қорғап, құқықтық қатынастарды тұрақтандырады. 

 

 3.Тақырып. Азаматтар әкімшілік құқық субъектісі ретінде 



 

1.

 

Әкімшілік құқық субъектілерінің түсінігі 

2.

 

Әкімшілік құқық субъектілерінің жіктелуі 

3.

 

Азаматтар әкімшілік құқық субъектісі 

 

 

Пайдалынатын негізгі терминдер:құқық субъектісі, құқық қабілеттілік, әрекет қабілеттілік, деликт 

қабілеттілік, азаматтық, 

 

1. Әкімшілік құқық субъектілері  деп ҚР заңдарына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық 



қатынастарға  қатысушы  тұлғаларды  айтамыз.    Әкімшілік  құқық  субъектілері  жеке  және  ұжымдық 

субъектілер болып екіге бөлінеді.  

 

Әкімшілік құқықтың жеке субъектілеріне - ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ 



тұлғалар, лауазымды тұлғалар жатады.  

 

Әкімшілік  құқықтың  ұжымдық  субъектілеріне  –  ҚР  Үкіметі,  Министрліктер,  агенттіктер, 



мемлекеттік  комитеттер,  ведомстволар,  жергілікті  өзін  өзі  басқару  органдары,  қоғамдық  және  діни 

бірлестіктер кәсіпорындар және коммерциялық емес ұйымдар жатады.  

 

2.  Жеке  субъектілерді  қарастыру  ең  алдымен  азаматтардың  әкімшілік  құқықтық  мәртебесінен 



басталады.  Сондықтан    азамат  деген  түсінікті  анықтап  алу  қажет.  Азаматтық  дегеніміз  –  адамның 

адамгершілігін, негізгі құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге негізделген олардың өзара байланысты 

құқықтарының,  міндеттері  мен  жауапкершілігінің  жиынтығынан  көрініс  табатын  адамның  мемлекетпен 

тұрақты  түрдегі  саяси  құқықтық  байланысы.  Азаматтық  белгісі  бойынша  жеке  тұлғалар  бірнеше  топқа 

жіктеледі:  ҚР  азаматтары,  шетел  азаматтары,  азаматтығы  жоқ  адамдар,  қос  азаматтығы  бар  адамдар. 

Азаматтардың  әкімшілік  құқықтық  мәртебесі  дегеніміз  –  азаматтардың  әкімшілік  құқық  нормаларымен 

бекітілген субъективтік құқықтарының, заңды міндеттерінің және жауаптылығының жиынтығы.   

 

Азаматтардың  әкімшілік  құқықтық  мәртебесі    азаматтардың  әкімшілік  құқық  қабілеттілігі  мен 



әрекет  қабілеттілігінен,  олардың  мемлекеттік  басқару  саласындағы  құқықтары  мен  міндеттерінен  тұрады. 

Құқық  қабілеттілігі  азаматтардың  әкімшілік  құқықтық  қатынастарға  түсуге  мемлекет  белгілеген  және 

қорғайтын мүмкіндігі.  

 

Азаматтардың  әкімшілік  әрекет  қабілеттілігі  –  азаматтың  құқығымен    берілген    өзінің  іс-әрекетін 



жүзеге  асыруға,  өзінің  жүріс-тұрысына  заңды  жауапты  болуға  және  белгіленген  міндеттерді  орындауға 

бейімделген қабілеті.  Әрекет қабілеттілік толық (18 жастан), шектеулі (16 жастан) және ішінара (7 жастан) 

боп бөлінеді.  

 

Мемлекеттік  басқару  саласында  азаматтардың  мынадай  құқықтары  мен  міндеттері  болады:



 

құқықтары:    мемлекеттік  басқаруға  қатысу;  мемлекеттік  қызметке  кіру;  мемлекеттік  органдар  мен 

лауазымды адамдарға өтініш жасау; еркін жүріп тұру; тұрғын үйге қол сұғылмауы; тегі мен атын өзгертуі; 


 

 



бірлесуге;  хат  жазысу,  телефонмен  сөйлесу,  телеграф    хабарларының  құпиялығы;  басқару  органдары  мен 

лауазымды  адамдардың  әрекеттеріне  шағымдану;  заңды  бостандықтарын  жүзеге  асыру;  білім  алу; 

денсаулығын  сақтау;  мемлекеттік  органдарға  олардың  қызметін  жақсарту  туралы  ұсыныс  енгізу,  олардың 

кемшілігін сынға алу:  

 

міндеттері: басқару аясында заңдылық пен мемлекеттік тәртіпті сақтау; арнайы тыйымдарды сақтау 



(мысалы:  арнайы  білімсіз  заңдық  практикамен  айналысуға  тыйым  салу);  бірқатар  әрекеттерді  жасауға 

басқару органдарынан рұқсат (лицензия) алу (мысалы, жолаушы тасымалдау үшін рұқсат алу; 

Шетел 

азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғаларды ҚР-да болу мерзімі бойынша мынадай топтарға бөлінеді:  



-тұрақты тұратындар; -уақытша тұратындар; -транзитпен жүріп өтетіндер.  

3. Ұжымдық субъектілер.  

 

Кәсіпорындар  –  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  және  пайда  табу  мақсатында  өнімдер 



өндіру, жұмыстар атқару  және  қызметтер көрсету үшін құрылған дербес  шаруашылық жүргізетін субъект. 

Кәсіпорынның құқық субъектілігі оның құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі және деликт қабілеттілігінен 

тұрады. Кәсіпорын  құрылған, мемлекеттік тіркеуден өткен  кезден бастап  құқық  қабілеттілігіне  ие болады, 

жекелеген қызмет түрімен тек лицензия негізінде айналыса алады, ол таратылған кезде тоқтатылады.  

 

Коммерциялық  емес  ұйым  –  кіріс  түсіру  негізгі  мақсаты  болып  табылмайтын  және  алынған  таза 



кірісті  қатысушылары  арасында  бөлмейтін заңды  тұлға. Түрлері: тұтыну кооперативі,  қор, қоғамдық  және 

діни  бірлестіктер,  мекеме,  нотариалдық  палаталар,  адвокаттар  алқасы,  меншік  пәтер  иелері  кооперативі, 

сауда өнеркәсіп палаталары, т.б. 

 

Атқарушы билік органдары  –  тиісті құзірет берілген, белгілі бір аумақ шеңберінде атқарушы-өкім 



етуші қызметті жүзеге  асыратын мемлекеттік аппараттың бір бөлігі.  Атқарушы  билік органына  –  Үкімет, 

министрліктер,  агенттіктер,  комитеттер,  комиссиялар,  ведомстволар,  инспекциялар,  басқармалар, 

департаменттер, әкімияттар,бөлімдер жатады.  

 

Үкімет  –  ҚР  атқарушы  билігін  жүзеге  асырады,  атқарушы  органдардың  жүйесін  басқарады,  және 



олардың қызметіне басшылық жасайды. 

 

Министрлік  –  тиісті  мемлекеттік  басқару  саласына  басшылықты  және  салааралық  үйлестіруді 



жүзеге  асыратын  Республиканың  орталық  атқарушы  органы  боп  табылады.  Ғылым,  Білім,  Денсаулық 

сақтау,  сыртқы  істер,  ішкі  істер,  қоршаған  ортаны  қорғау,  мәдениет,  ақпарат  және  қоғамдық  келісім, 

индустрия және сауда, қорғаныс, қаржы, т.б. 

 

Агенттіктер  –  Үкімет  құрамына  кірмейтін  орталық  атқарушы  орган.  қаржы  полициясы,  стастика 



жөніндегі агенттік, еөші қон және демография жөніндегі агенттіктер. 

 

Комитет,  мысалы  ұлттыз  қауіпсіздік  комитеті  –бұл  орталық  атқарушы  органдардың  жүйесіне 



кірмейтін, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және оған есеп беріп отыратын арнайы мемлекеттік орган.  

 

Ведомство  –  орталық  атқарушы  органның  құзіретінің  шегінде  арнайы  атқару,  бақылау,  қадағалау 



міндеттерін жүзеге асырады. Су ресурстары жөніндегі комитет, мал дәрігерлік қадағалау комитеті;  

 

Республика  комиссиялары  –  ҚР  Президенті  жанындағы  Адам  құқығы  жөніндегі  республикалық 



комиссия; ҚР Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия.  

 

Жергілікті  атқарушы  билік  органдары  –  бұған  жергілікті  атқарушы  орган  (әкімдік)  –  облыстың, 



республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың,  ауданның,  облыстық  маңызы  бар  қаланың  әкімі 

басқаратын,  өз  құзіреті  шегінде  тиісті  аумақта  жергілікті  мемлекеттік  басқаруды  жүзеге  асыратын  алқалы 

атқарушы орган.  

 

Әкім  –  ҚР  Президенті  мен  Үкіметінің  жергілікті  атқарушы  органды  басқаратын  және  өзіне  сеніп 



тапсырылған  ҚР  орталық  атқарушы  органдарының  барлық  аумақтық  бөлімшелерінің  үйлесімді  қызмет 

істеуін,  тиісті  бюджеттен  қаржыландырылатын  атқарушы  органдарға  басшылықты  қамтамасыз  ететін,  ҚР 

заңдарына  сәйкес  мемлекеттік  басқару  өкілеттілігі  берілген,  тиісті  аумақтың  әлеуметтік  экономикалық 

дамуының жай-күйіне жауапты өкілі. 

 



  1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал