1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Қазақстан Республикасындағы алдын ала тергеу және анықтау органдарының жүйесі



бет15/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

4. Қазақстан Республикасындағы алдын ала тергеу және анықтау органдарының жүйесі
Қылмыстарды анықтау және тергеу - бұл арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың қылмыс белгілері болуы мүмкін әрекеттер немесе әрекетсіздіктер туралы мәліметтер алу, қылмыс оқиғасы мен құрамын анықтау, оны жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу, қылмыстың салдарынан туған залалдарды өндіру жөнінде шаралар қабылдау, қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау бойынша қызметі. Қылмыстарды анықтау және қылмыстың жолын кесу жедел іздестіру шаралары, анықтау, алдын ала тергеу жүргізу, өзге қызмет барысында жүзеге асырылады.
Жедел іздестіру қызметі - жеке адамның өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, меншікті қорғау, ұйымдардың қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау мақсатында, жедел іздестіру шараларын өткізу арқылы, мемлекеттік органдардың жедел бөлімшелерінің жария не жасырын жүзеге асырылатын қызметі.
Анықтау, алдын ала тергеу және жедел іздестіру қызметі дегеніміз - міндеттері қылмыс жасаудың мән-жайларын анықтау және кінәлі адамдарды әшкерелеу, яғни сотта қылмыстық істерді кейіннен қарау үшін дәлелдемелерді жинау қызметтері. Қылмыстарды тергеу екі нысанда: анықтау және алдын ала тергеу әрекеті ретінде Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
Алдын ала тергеу - қылмыстық іс жүргізу заңнамасы негізінде регламенттелген қылмыстарды ашу, оларды жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту, қылмыстың салдарынан келтірілген материалдық зиянды қамтамасыз ету мақсатында дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау бойынша уәкілетті органдардың қызметі.
Тергеуші - өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам, ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының және қаржы полициясының тергеушісі.
Анықтаушы- өз құзыретінің шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілеттілік берілген мемлекеттік лауазымды адам.
Алдын ала тергеу белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Ол қылмыстық іс қозғалып, оны іс жүргізуге қабылдағаннан кейін басталады, айыптау қорытындысын жасап, айыптау қорытындысын бекіту және соттылығы бойынша сотқа жіберу үшін істі прокурорға жібергенде немесе жаза тағайындауды, оны орындауды және сол мақсаттарда істі прокурорға жіберуді қиындататын есі кіресілі-шығасылы жағдайда қылмыс жасаған немесе психикалық аурумен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы жасалғанда не іс тоқтатылғанда аяқталады. Бұл қызмет түрі іс жүргізудің процесінде күдіктінің жасаған кінәсі туралы, кінәнің дәлелденгені туралы қорытындыар түпкілікті болып табылмайтындықтан алдын ала тергеу деп аталады.
Алдын ала тергеу органдарының міндеттері заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға ықпал ету, қылмыстарды тез және толық шешу, кінәлілерді әшкерелеу, әрбір жасалған қылмыс әділ жазалануы үшін және бірде бір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы және сотталмауы үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізу заңымен өздерінің құзыретіне жатқызылған істер бойынша қылмыстарды алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мекемелер, мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар анықтау органдары болып табылады. Анықтау органдарының алдын ала тергеу органдарынан басты айырмашылығы тергеуші үшін қылмыстарды тергеу жалғыз функция болып табылса, ал анықтау органдары үшін жалғыз ғана емес, негізгі емес, өз алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қосалқы функция болып табылады. Анықтау органдары көбінесе әкімшілік қызмет саласында туындайтын қылмыстық істерге тергеу жүргізеді. Анықтау органдары тек қана лауазымды адамдар - түзеу мекемелерінің бастықтары, әскери бөлімдердің командирлері ғана емес, тұтастай органдар - полиция, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары - анықтау органдары болып табылады.
Анықтау органдарының да міндеттері алдын ала тергеу органдары сияқты қылмыстарды тез және толық ашу, кінәлілерді әшкерелеу, әрбір жасалған қылмыс әділ жазалануы үшін және ешқандай кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы және сотталмауы үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет