1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері



бет37/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63
2. Қаржылық құқықтық нормалар. Қаржылық-құқықтық нормалар деп, мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жайында тәртіп қағидаларын белгілейтін құқықтық нормаларды айтамыз. Бұл нормалардың өздеріне тән ерекшелігі бар, ол: тек әмірлі (императивті) түрде болады, яғни қаржылық қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің көлемі дәл анықталғандықтан, талаптар кесімді түрде қойылғандықтан, әркімнің осы белгіленген құқықтары мен міндеттерін өз беттерімен өзгертуге қатаң тыйым салынған.
Қаржылық-құқықтық нормалардың белгілері:
- олар мемлекеттік өктем-әмірлі сипатта болады;
- олар уәкілетті мемлекеттік органдармен қабылданады;
- олар баршаға бірдей жүріп-түру ережесі;
- олар қаржылық заң актілерін қабылдау жолымен белгіленеді;
- олардың дұрыс орындалуын мемлекет қадағалайды.
3. Қаржылық құқықтық қатынастар. Қаржылық-құқықтық қатынастар деп, құқықтық нормалармен реттелген қаржылық-экономикалық қатынастарды айтамыз. Яғни, қаржылык-құқықтық қатынас мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесінде пайда болып, әрқашанда тек қаржы құқығының пәнімен реттеледі.
Қаржылық-құқықтық қатынастардың барлық құқықтық қатынастарға тән жалпы сипаттамасы бірдей болғанымен, өздеріне ғана қатысты ерекшеліктері де болады. Олар:
- қаржылық-құқықтық қатынас мемлекеттің қаржылық-экономикалық қатынастарды құқықпен реттеудің нәтижесінде пай­да болады, сондай-ақ олардың заңды нысаны болып табылады;
- қаржылық-құқықтық қатынастар өз саласына байланыс­ты қаржылық-құқықтық болып есептелінеді;
- қаржылық-құқықтық қатынастардың міндетті субъектісі - мемлекеттің біртұтас өзі немесе мемлекет мүддесін көздейтін уәкілетті органдары болып табылады;
- қаржылық-құқықтық қатынастардың материалдық объектісіне тауар немесе басқа да сатып алу, (айырбас) процесіне қатыспаған ақшалар ғана жатады;
- қаржылық-құқықтық қатынастар мемлекеттік-өктем түрде жүргізіледі, сондықтан қатынасқа қатысушылардың заң жүзінде тең құқылы емес екенін көрсетеді;
- қаржылық-құқықтық қатынастар маңызы бойынша қаржылық-экономикалық қатынастар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет