1. Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдістері. Қаржы құқығы деп, мемлекеттің ақша корларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.
Мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу жөне пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарының іс-әрекеттері мемлекеттің каржылық қызметі болып табылады. Осы мемлекеттің қаржылық қызметінің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар қаржы құқығының пәніболып табылады.
Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан экономикалық қатынастар жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады.
Қаржы құқығында қоғамдық қатынастарды құқықпен реттеудің екі әдісі қолданылады:
біржақты-өктем, әмірлі әдіс (императивтік-әмірлі);
қаржылық-шартты әдіс (яғни, диспозитивтік-келісімге келу).
Бірінші әдістің кеңінен таралғанын мемлекеттің қаржылық қызметінің маңызынан білеміз (әсіресе, ақша қаражаттарын табу, жиыстыру элементтері бізге белгілі). Мысалға алсақ, халықтан салық алу кезінде, ақша иесінің еркі (тілегі) есепке алынбайды, ақша қаражаттары міндетті және ықтиярсыз түрде жиналады. Бірақ, кей кездерде, қаржылық қызметті жүзеге асыруға мемлекет тарапынан икемділік көрсетіледі, яғни, ақша қаражаттарын табу, жинастыру кезінде мәжбүр ету әдісін қолданбай-ақ, төлеушілер өз еріктерімен ақшаларын береді. Мәселен, мемлекеттік заемдарды сатып алу, жинақ банктерінде азаматтардың ақшаларын сақтау кезінде. Бұл жағдайларда мемлекет шарт жасасу әдісін қолданады.