1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Құқықтық мемлекет, құқық және құқықтық құбылыстар туралы түсініктер. Құқықтық мемлекет дегеніміз



бет4/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

3. Құқықтық мемлекет, құқық және құқықтық құбылыстар туралы түсініктер. Құқықтық мемлекет дегеніміз - мемлекетте гуманизм, адамгершілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтық қағидаларға ұласып, құқық үстемдік ететін, бассыздық пен заңсыздыққа жол бермеу үшін биліктің барлық тармақтары арнайы тетіктері арқылы тежеліп, адам құқықтары тиімді қорғалатын мемлекет. Құқықтық мемлекеттің басты мақсаты - жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қорғау. Құқықтық мемлекет өз қызметінде келесідей қағидаларды басшылыққа алады:
1) құқық үстемдігі қағидасы;
2) билік бөлінісі қағидасы;
3) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі қағидасы;
4) судьялардың тәуелсіздігі қағидасы;
5) адам құқықтарының ең жоғарғы құндылық деп танылуы;
6) көппікірлілік қағидасы;
7) кінәсіздік презумпциясы және т.б.
Мемлекет пен құқықтың пайда болуына адамзат қоғамының дамуы нәтижесінде туындаған объективтік қажеттіліктер өз әсерін тигізді. Алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық катынастарының күрделенуі, содан туындайтын шиеленістер мен қайшылықтар, қосымша өнімдердің жеке, арнайы отбасылардың қолдарында шоғырлануы, байлар мен кедейлер арасындағы күрестер мен қақтығыстар, рулар мен тайпалар арасындағы тауар айналымдарының күшеюі әдет-ғұрып нормаларының реттеу функцияларының әлсіз, дәрменсіз болғанын көрсетті. Бұл өз кезегінде жаңа қалыптасып келе жатқан әлеуметтік қатынастарды реттейтін әлеуметтік нормалар қалыптастыру қажеттігін туындатты. Ондай норма құқық еді.
Құқық негізінде үш жолмен пайда болады.
Біріншіден, алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әдет-ғұрып нормаларын жаңа пайда болған мемлекет бекітіп, содан кейінгі уақытта ол күшпен қамтамасыз етілді.
Екіншіден, шиеленістердің нәтижесіндегі себептерден пайда болған мемлекет өз тарапынан жаңа қалыптасып келе жаткан қатынастарды реттеу мақсатында құқық жасаушылық арқылы заң және басқа да нормативтік-құқықтық кесімдерді шығара бастайды. Әдет-ғұрып нормаларынан басқа да құқық нормалары пайда болады.
Үшіншіден, жаңа қалыптасып, пайда болған сот органдарының дауларды қарау барысында шығарған шешімдері мен үкімдері болашақта қаралатын осындай ұқсас істерге үлгі болып, құқық нормалары ретінде пайдаланылды.
Құқықтың өзіне тән мынандай нышандары бар:
1. Кұкық мемлекет тарапынан норма ретінде бекітіледі және өзгертіледі.
2. Құкық қоғамдық катынастарға түскен барлық субъектілерге қатысты тең қолданылады.
3. Құқық формальды - айқын болып сипатталады, яғни мемлекет тарапынан мойындалып, нормативтік-құқықтық кесім, сот прецеденті және бекітілген әдет-ғұрып формалары арқылы қоғамдық катынастарды реттейді.
4. Құқық бүкіл халықтың, ұлттардың, партиялардың, әлеуметтік топтардың және жеке адамдардың еріктерін білдіреді.
5. Құқық өзінің ішкі құрылымымен, жеке салалар мен институттарға бөліну арқылы бір-бірімен үйлесімді сипаттағы жүйені құрайды.
6. Құқық мемлекеттің күшімен камтамасыз етіледі. Мемлекет басқару,билік жүргізу барысында құқықтық қатынастарға түскен субъектілер құқық нормалары бекіткен мінез-құлықтарды өз еріктерімен орындамаған жағдайда, күш қолдану арқылы оларды мәжбүрлей алады.
Құқық дегеніміз - адамдардың жүріс-тұрыстарын реттеу мақсатында мемлекет тарапынан қабылданып, орындалуын мемлекеттің өзі қадағалап отыратын барлық заңдар мен өзге де нормативтік актілердің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет