1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Т-2. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері



бет7/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

Т-2. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері

  1. Конституциялық құқықтың пәні мен әдістері

  2. Конституцияның түсінігі және мәні

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясының даму кезеңдері

  4. Қазақстандағы адам құқықтарының қорғалуы

  5. Қазақстан Республикасының контитуциялық құрылымы

  6. Қазақстан Республикасның сайлау құқығының түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері.

1. Конституциялық құқықтың пәні мен әдістері. Конституциялық құқық кез-келген мемлекеттің құқық жүйесінде айрықша маңызды орынды иеленеді. Конституциялық құқық дегеніміз - қоғамдық өмірдің саяси, әлеуметтік және экономикалық негіздерін орнықтырумен, жеке тұлғаның мемлекеттегі орны мен ролін айқындаумен, жалпы мемлекет нысанын бекітумен байланысты мемлекет үшін аса маңызды қарым-қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекет пен қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылуымен тікелей байланысты болады.
Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін мынадай бірнеше әдістер қолданылады:
а) міндеттеу әдісі тек мемлекеттік органдарға ғана емес жеке тұлғаларға да қатысты қолданылады. Бұл әдіс арқылы мемлекет мемлекеттік органдармен қатар, жеке тұлғаларды да өзінің басты ұстанымдарына сәйкес әрекет етуге міндеттейді.
ә) тыйым салу әдісі құқық субъектілеріне мемлекет пен қоғам үшін тиімсіз әрекеттерді жасауға тыйым салады, көбінесе мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарға қатысты қолданылады, ал жеке тұлғаларға қатысты тек шектеулі жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
б) рұқсат ету әдісі көбінесе заң арқылы республика азаматтарына заңға сәйкес әрекеттер жасауға құқық береді.
в) тану әдісі арқылы азаматтардың, мемлекеттік органдардың нақты құқықтары мен мүдделерін тану немесе танымау мәселелерін шешетін норма қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет