Т-13. Сыбайлас жемқорлық ұғымы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет саясаты Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамырлары
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ұғымы
Сыбайлас жемқорлықпен күресу
1. Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамырлары. «Коррупция» термині латын сөзі «сorruptio», өздерінің қызмет бабын тікелей теріс пайдалану арқылы жеке бастарының баюына мақсат қыла отырып, лауазымды тұлғалардың және саясаткерлердің сатылуы және сатып алу.
Саясаткерлердің пікірінше, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы және шарықтауы қоғам және мемлекет бюрократияланған жағдайда, экономика мен саясатта күйзеліс пайда болғанда, саяси режим ауысқан жағдайда болатын құбылыс екендігімен түсіндіреді.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік теріс құбылыс ретінде ерте заманда, қоғамның таптарға бөлінетін, мемлекеттің алғашқы белгілері пайда болған кезден бастап пайда болды.
Сыбайлас жемқорлық туралы алғашқы қолжазбалық талқыламаларды б.э.д. XXIV ғ. ерте заманғы Вавилон архивтік қолжазбалық дәлелде-мелерінен көруге болады. Онда патша Лагаша Урукагинаның мемлекеттік басқару туралы жүргізген реформасында шенеуніктер мен судьялардың қызмет баптарын теріс пайдаланғандығын жою жолдарын қарастырған. Шығыс мемлекеттерде ерте заманнан «бакшиш» деген ұғым қалыптасқан, яғни бір шәйлық пұлын артығымен қалдырып кету, беру дегенді түсіндіреді. Бұл құбылыс қоғаммен еш талқыға салынбайтын, әдеттегідей дұрыс ұғым. Өйткені, бұл қызмет көрсетілгені үшін алғыстың орнына жүретін ертеден қалыптасқан разылық білдірудің бір түрі. Дегенмен, қазіргі заманауи жағдайда бұл мемлекеттерде сыбайлас жемқорлықпен күрес жоқ деген ұғымды білдірмейді.
Платон да, Аристотель де сыбайлас жемқорлықтың – саяси санаттағы ұғым екендігін айтты.
Макиавелли сыбайлас жемқорлық азаматтық көзқарасты жойып қана қоймай, мемлекеттің ауруға ұшырау сипатымен ерекшеленуі мүмкіндігін айтып өтті.
Ш.Л.Монтескье халықтың рухын және қоғамдық қатынастардың сипатын анықтайды деген идеяны негіздеуге тырысып, сыбайлас жемқорлықтың бүкіл тәртіпті бұзатын процесс екенін айтты.
Абсолютизм кезеңіндегі Ресей заңнамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы және сыбайлас жемқорлықтық әрекеттерімен күресті қатты күшейтті, яғни сыйақы жинап алу, парақорлықпен айналысу сияқты көз жұмушылық әрекеттерге әскер салу арқылы кедергі жасау.
1917 жылғы Қазан төңкерісінің идеологы В.И.Ленин өзінің «Французско-русские обычаи «подмазывать»!» мақаласында төңкеріске дейінгі Ресейдегі парақорлықтың жан түршігерлік ауқымын жазған. Қазақстан, Ресейдің шет аймақтарындағы халықпен бірге, осы державаның парақорлық, параны қорқытып алу, қазынаны ұрлау, қол сұғу сияқты қулық, сұмдық, қорлықтың бәрін бірге көрді.
Одақтас республика ретінде КСРО-ның құрамына кірген кеңес одағы кезеңіндегі Қазақстанның дамуында, әрине сыбайлас жемқорлық көрінісі таңқаларлық құбылыс болған жоқ. Ол туралы ҚазССР-дың 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің 13 Тарауында орналасқан «Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар» тарауы куә.
КСРО құлағаннан кейін егеменді Қазақстан жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат сақталды және жаңа белсенділікпен бетбұрыс жасады. Қазақстан тарихында алғашқы рет қылмыстық құқық саласының айналымында «сыбайлас жемқорлық» термині және одан туындайтын ұғымдар пайда болды.