1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Ф. Тейлордың ғылыми басқару мектебіне сипаттама



бет45/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54
Байланысты:
Менедж. сессия 1-90 (копия)

67. Ф. Тейлордың ғылыми басқару мектебіне сипаттама
Ғылыми басқару мектебінің (1885-1920жж.) негізін қалаушылар Фредрик Тейлор мен Роджер Гилберт болды. Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Ф. Тейлор (1856-1915) «кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп, өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады» - деп тұжырымдады. Демек оның ғылыми басқару философиясының ең негізгі элементі өнімділік болып табылды. Осыдан ғылыми басқарудың әдісі, тәсілі мен құралдары өнімділікті қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан менеджер нені жасауды дәл білуі керектігін және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын зерттеді. Ғылыми басқару жұмысшы мен басқарма мүдделері арасындағы өзара тығыз байланыстың болуына, сол себептен ынтымақтасып бірге жұмыс істеулерінің қажетті әрі міндетті екендігі туралы ой-пікірге сүйенді.
Ф. Тэйлор ғылыми басқарудың уақыт, ұдайы іріктеу немесе таңдау, баулу, ақшалай ынталандыру салаларын да дамытуға өз үлесін қоса отырып, ғылыми басқару жүйесіндегі қағидаларды бөліп көрсетеді: қызметкерді ғылыми түрде сұрыптау; еңбекке мамандандыру; еңбекақыны төлеуде ынталандыру жүйесін қолдану; жауапкершілікті арттыру, т.б.
2-нш жауап Ғылыми жолмен басқару мектебі У.Тейлер, Френка, И.Лили, Гилберт және Генри Гангтың еңбектерімен тығыз байланыста болды. Американ инженері Ф.Тейлор 1885 жылы еңбек процесін жүйелі түрде талдауға кірісті. Ол ғылыми менеджменттің алғашқы авторларының бірі болды.Басқарудың ғылыми мектебін құрушылар байқау, өлшеу, ойлау және талдау арқылы көптеген қол еңбегін жеңілдетіп, оны жетілдіруге , еңбек процесін неғұрлым тиімді орындауға болатынын дәлелдеді. Гилберт еңбек процесін өлшейтін аспап (микроонометр) ойлап тапты. Бұған қоса кинокамераны да пайдаланды. Соның көмегімен еңбек қозғалысын әр жұмыскердің қимылын бақылап, оны өлшеп отырды.
68. Білім берудегі менеджмент мазмұны
білім берудегі менеджмент – бұл басқарудың бөлігі, осы үрдістің нәтижесінде басқа адамға ықпал ету, тиімді әрекетке психологиялық негіз болу.
Заманауи білім беру менеджменті - Қазақстан Республикасының 2011-2012 жж. арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының басымдығы білім беру саласын дамытуды басқару, мониторинг жүргізуді жетілдіру болып табылады. Білім берудегі сапа менеджменті жүйесінің принципі – мониторинг нәтижелерін ескере отырып, білім беру үдерісін үнемі жетілдіру. Білім беру ұйымдарында нәтижеге бағытталған жоспарлар жүйесі енгізілді, ол басшылар мен педагогтерден басқару мен біліктілікті арттырудың жаңа машықтарын талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет