65. Конфликт термиіне сипаттама беріңіз ТАРТЫС, конфликт (лат. conflіctus – қақтығыс) – екі немесе бірнеше жақтардың қарым-қатынасы барысында мақсаттары мен көзқарастарының өзара қарама-қайшылығы. Тартыс әлеуметтік және бейәлеуметтік болып екіге бөлінеді. «Конфликт» сөзі «conflictus» латын тілінен енген, тікелей мағынасы қарама-қарсы бағытталған мақсаттардың, қызығушылықтардың, ұстанымдардың, ой-пікірлердің қақтығысы. Екі не одан да көп индивидтің немесе топтың, қарама-қарсы жақтың белгілі бір мақсатқа жетуіне, қызығушылығының қанағаттандырылуына әдейі бөгет жасауы немесе оның көзқарасын, әлеуметтік ұстанымын өзгерту үдерісі. .....................Психолог-ғалымдар тұлғааралық қақтығысқа мынадай анықтамалар береді:
- «Екі күшті, бірақ қарама-қарсы бағыттағы пікір-көзқарастың қақтығысуы, тартысы» (А. Лурия)
- тұлғаның терең және өзекті себеп (мотив) және қақтығыстардан қанағаттанбау нәтижесі» (В.Мерлин)
- санада ерекше құндылықтар ретінде қалыптасқан екі ішкі сезім-түсініктің тоғысуы» (Ф. Василюк.) және т.б..............Ағартушылық саласында 4 субъектің қызметі өз бірлестігін, өзара ықпалдастығын таба білуі қажет: оқушы, оқытушы, ата- аналар және басқарушы (администратор). Олар арасында өзара қақтығыстар жүзеге келу ықтималы бар
66. Педагогикалық ұжымдағы қақтығыс мазмұнын ашыңыз Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен құралдары туралы әртүрлі пікірде болады.
Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық келіспеу-шіліктер бірлескен педагогикалық әрекет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар арасындағы іскерлік сипаттағы байланыс болуы мүмкін.
Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеу-шіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ - кәсіптік-педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеу-шіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды. Екінші топ - педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-құлық пен іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің бір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестеріне және оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді. Үшінші топ - педагогикалық процестерге қатысушылар-дың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды.
2-нш жауап Қақтығыстың бірнеше түрі бар. Осының ішіндегі педагогикалық ұжымда орын алатын қақтығысқа өз міндетін шынайы ықыласпени орындамау, бастық пен бағынушылар арасындағы қақтығыс.