1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»



бет49/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
Менедж. сессия 1-90 (копия)

76.Басқару принципі ұғымын ашыңыз
Басқару принциптері-бұл басқарудың барлық деңгейлерінде практикалық қызметте ескеру және орындау қажет ең жалпы, негізгі ережелер мен ұсынымдар. Олардың заңдардан айырмашылығы, заңдар бар және адамдардың қалауы мен қалауына қарамастан объективті түрде әрекет етеді, ал принциптер саналы түрде практика
мүддесінде қалыптасады және оларды нақты жағдайларға байланысты қолданады.
Алайда, басқару жүйелерінің құрылу принциптері, басқару принциптері заңдар сиқты жалпыға бірдей қасиетке ие болып келеді. Бүгінгі күнде басқару принципінің төрт түрі белгілі:
1. Циклдың тұйықталмағандық принципі.
2. Кері байланыс принципі немесе тұйықталған цикл принципі.
3. Аралас принцип.
4. Адаптивті принципі.
Циклдың тұйықталмағандық принципінің негізі мынада талап етілетін басқару заңы берілетін әсерге сәйкес, тек қана басқару мақсатының негізінде ғана қалыптасады. Берілген принципті жүзеге асыратын басқару, берілетін әсермен басқару деп аталады. Осы принциппен құрылатын жүйе тұйықталмаған және тұйықталған болып келеді.

77. Консенус терминіне сипаттама беріңіз?
Консенсус (лат.consensus — келісім, бірауыздық, ынтымақтылық) — келіссөздер барысында қандай да бір мәселе бойынша дауыс берусіз ортақ шешімге келу.
Консенсус саясатта саяси басқару мен ықпалдасудың құралдары мен әдістерін қоғамдық мойындау тәсілі. Саяси консенсус арқылы саяси үстемдікті шынайы, іс жүзінде заңдастыру жүзеге асырылады. Келісім деңгейі неғұрлым жоғары болса, саяси жүйе соғұрлым тұрақты.
Консенсустың субъектілері, деңгейі және мазмұны әркелкі, оны қалыптастыру әдістері, тұрақты және тұрақсыз қоғамдық жүйелерде қолдау табуы дәл солай ажыратылады. Әдетте, азаматтардың ықтимал келісімдер мен мүмкін болар шиеленістерінің үш нысанын бөліп көрсетеді: көзқарастар жүйесінің құрылымын құрайтын соңғы мақсаттары; "ойын ережелері" немесе процедуралар; нақтылы үкіметтер және үкіметтік саясаттар. Бұл нысандар өз кезегінде консенсустың үш деңгейіне өзгеруі мүмкін:
• 1) қауымдастық деңгейіндегі консенсус (яғни, негізгі консенсус);
• 2) тәртіп деңгейіндегі консенсус (процедуралық консенсус);
• 3) үкімет және оның саясаты деңгейіндегі консенсус. Бірінші нысан немесе консенсус деңгейі негізгі әрі құндылықты болып табылады: бұл осы қоғамның біркелкі құндылықты көзқарастар мен мақсаттарды қаншалықты бөлісетіндігінің көрінісі. Негізгі құндылықтарда келісімге бірден келмейді, бірақ оған мақсатты нәтиже түрінде қол жеткізуге болады. Екінші нысан немесе консенсустың деңгейі, процедуралық - ол "ойын ережелерін" орнатады. Әдетте, олар конституцияда, заңнамалық актілерде, келісімді құжаттарда және т.б. көрініс тапқан. Билік бүтақтарының өзара қарым-қатынас ережелерінің және олар¬дың артында тұрған саяси күштердің ең бастысы қақтығыстарды шешуші тәртіпті анықтайтын ережелер болып табы-лады. Бұл іс жүзінде демократияның алғышарты, оның шынайы бастамасы, қажетті шарты. Үшінші нысан немесе консенсус деңгейі - үкімет пен оның саясатының келісімділігі - саяси шешімдер қабылдау мен өңдеу процесіне байланысты және ең әлсіз әрі жағдайға тәуелді болады. Мықты саяси тұрақтылық консенсустың тек осы үш түрінің бірдей болған кезінде орнайды. Демократиялық ережелер мен процедураларды қолдану саяси консенсус аймағын кеңейтуге мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет