1. Менің көзқарасым бойынша студент Идеалды студент Заманауи студенттердің портреті



бет1/4
Дата18.10.2023
өлшемі21,1 Kb.
#118385
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Алихан Айдана психология 4сөж


Реферат
Орындаған:Алихан Айдана Тх 22-12
Тексерген:Джакупова Чинара
Жоспар:
1.Менің көзқарасым бойынша студент
2.Идеалды студент
3.Заманауи студенттердің портреті
4. КСРО кезіндегі студенттерден қандай айырмашылығы бар?
Қазіргі студенттің психологиялық портретін қүру
Студент дегеніміз кім? Студент ол - 11 жылдық мектепті аяқтаған бұрынғы оқушы. Университет қабырғасында оқитын, оқумен қатар белгілі бір іс-шараларды, тіпті жұмысты алып жүретін, өз алдына жауапкершілігі мол адам деп елестетемін. Ал мен, қазіргі студенттің психологиялық портретін 2 жақтың көзқарасымен сипаттайын. Бірі - менің, екіншісі - мұғалімдердің.
Менің көзқарасым бойынша: Қазіргі студенттер көңілді уақыт өткізуге тырысады және онымен шектелмей, олар сабақты да барынша тырысып оқиды. Ең бастысы - интернетті тек қана көңіл көтері үшін емес, оқу үшін де, өз-өздерін дамыту үшін де пайдаланады. Заманауи студент - жаңа білімге, жақсы өмірге ұмтылғыш, ізденімпаз, ашық-жарқын, ментальды және психикалық жағдайына аса мән береді, салауатты өмін салтын ұстануға тырысады.
Мұғалімдердің көзқарасы бойынша: Қазіргі заман студентінің психологиялық портреті - белсенді, өзіне сыни көзқараспен қарайтын, үнемі қозғалыстағы және шытырман оқиғаларды іздейтін, кейде еңбеқор - кейде жалқау адам. Сондай-ақ, оның білімнен гөрі амбициясы көбірек, батыл әрі тәуекелшіл. Және де бастарына емес, интернеттен тікелей қағазға түсіретін, еріншектігі болмаса, мұғалімдердің мінсіз оқушысы бола алатын студент.
Жалпы, өз пайымдауымша қазіргі студенттің психологиялық портретін құра алдым деп ойлаймын. Ең бастысы-студент үшін университеттегі оқу кезеңіндегі негізгі кәсіп - бұл оқу және кәсіптік қызмет. Демек, оқуға, оның жетістігіне деген көзқарастың көрсеткіштері, оқу әрекетінің мотивтері жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасуының маңызды критерийлері болып табылады.
Студeнт белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде сипатталуы мүмкін: психологиялық жағы – психологиялық үдерістер, жағдайлар және қасиеттердің бірлігін көрсетеді. Психологиялық жағынан, ең бастысы, психикалық үдерістердің жүзеге асуына, психикалық жағдаяттардың пайда болуына, психикалық құрылымдардың көрінісіне тәуелді болатын – психикалық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер). Дегенмен, нақты студентті зерттеу кезінде, әр индивидтің ерекшеліктерін, олардың психикалық үдерістерін және жағдаяттарын ескеру керек.
Бұл жақтaрын зерттеу студенттердің қасиеттері мен мүмкіндіктерін, оның жасына байланысты және тұлғалық ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен, егер студентке белгіл жастағы адам деп қарасақ, оған қарапайым, құрама және сөз сигналдары, абсолютті және әртүрлі сезім анализаторлар оптимумы, күрделі психомоторлық құрылымдардың және басқа дағдылардың иірімділігі тән болады. Басқа жастағы адамдарға қарағанда, жасөспірімдік шағында оларда үлкен жылдамдықтағы оперативтік еске сақтау, және зейіннің тез басқаға ауысуы, вербалды-логикалық есептерді шығаруы және т.б. мүмкіндіктері басым болады.
Сонымен, студенттік жас барлық алдындағы психологиялық, даму үдерістеріне негізделген ең жоғары, «шың» жетістітерге жетуімен сипатталады.
Егер студент жеке тұлға ретінде зерттелсе, онда 18-20 жас – адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің ең көрнекті дамыған, мінез-құлықтың қалыптасу мен тұрақтану кезеңі, және, ең маңыздысы, ересек адамның әлеуметтік ролінің толық кешенін игеру: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. Бұл кезең «экономикалық белсенділіктің» басталуымен байланысты, демографтар оны адамның жеке өндірістік іс-әрекетке кірісу, еңбек биографиясының басталу және өзінің меншікті от басын құру кезеңі деп түсінеді. Бір жағынан, мотивацияның, барлық құндылық бағдар жүйесінің өзгеруі, келесі жағынан – мамандандырылуына байланысты арнайы қабілеттердің қарқынды қалыптасуы, бұл жасты мінез-құлық пен интеллектінің тұрақтануының орталық кезеңі сипатында бөліп көрсетеді. Ол спорт рекордтарының, көркем шығармашылықтың, техникалық және ғылыми жетістіктердің уақыты. Студенттік жас - интеллектуалдық және физикалық күштің дамуының көптеген оптимумдарына жететін кезең болып сипатталады. Бірақ, кейбір кезде осы мүмкіндіктер мен олардың нақты жүзеге асуының арасында «қайшылықтар» қатар жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет