ІІІ нұсқа
мәтін
Бұрын үй торғайының мекендейтін аумағы Солтүстік Еуропамен шектелді. Кейіннен кеңінен , сондай-ақ Солтүстік (Азия арктикалық, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық бөліктерін қоспағанда), Еуропа және Азия таратылады және Шығыс Африка, Сенегал, Кіші Азия, Араб түбегі және Java аралдары.
ХХ ғасырдың бастап жоғарыда аталған орындарда қоспағанда, кеңінен жерде және Рассел сәтте түрлі елдердің енгізілді, сондай-ақ, Оңтүстік Африка, Австралия, Жаңа Зеландия, Солтүстік және Оңтүстік Америка мен көптеген аралдар тұрады.
Торғайдың синантропты түр болғандықтан, адамның тұрақты өмірінің әсерімен өзгеретін ортада өмір сүруге жақсы бейімделген.
Торғай ауылдық және қалалық жерлерде, Қиыр Солтүстік және Орта Азияның елді мекендерінде бірдей кездестіруге болады. Шаруа қожалығының кеңеюінен кейін солтүстіктен және оңтүстіктен тарақты таралуы оның жоғары көбейуіне ықпал етеді. Бозторғай тұрақты өмір сүреді, ол адам қонысы орындарына жақын жерде болуға тырысады, себебі адам қонысы жанында қорек мол, және ұя салуға ыңғайлы.
1. Мәтін мазмұын ашатын тақырып
A) Торғайлардың сипаты
B) Торғайлардың түрі
C) Торғайлардың ерекшелігі
D) Торғайлардың тіршілік ортасы
E) Торғайлардың азығы
2. Торғайлардың тірлік ортасы
A) Шөлейт жерлер
B) Ашық алаңқайлар
C) Ауылдық жерлер
D) Тоғайлы мекен
E) Сулы мекендер
2-мәтін
Алтын тамыр – ірі әрі жуан тамыры бар, жасаңшөп тұқымдасының семізот туысына жататын көп жылдық, шөп тектес, өте бағалы дәрілік өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900 грамға дейін жетеді. Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті, кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түсті болады. Тамырының сыртқы қабығын пышақпен ептеп аршыса мұрынға аңқыған хош иіс келеді, ал сыртқы қабықтан кейінгі қабық лимон сияқты сары түсті болады. Бұл –
тек алтын тамырға ғана тән қасиет.
Емдік қасиетіне тоқталар болсақ, Алтын тамыр 400 жылдан астам уақыттан бері халық медицинасында қолданылып келеді. Ол, әсіресе, қытай медицинасында ертеден белгілі болған. Онда бұл өсімдіктің тамырын тауып келу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырып отырған. Біздің еліміздің ғалымдары 1930 жылдан Алтай маңын мекендеген халықтарға белгілі осы дәрілік өсімдікті іздеп табу ісімен шұғылдана бастады. Соның нәтижесінде 1931 жылы совет ғалымы Г.В.Крылов басқарған экспедиция алтын тамырды Алтай тауларынан тапты.
Алтын тамыр 1961 жылдан бері ғылыми медицинада қолданылып, аз уақыттың ішінде ғана халық арасына кеңінен белгілі болды. Құрамында глюкозид, илік заттар, флавоноидтер, крахмал, органик, қышқылдар, эфир майы бар. Халық медицинасында бұл өсімдіктің тамырынан жасалған дәрілерді адамның еңбек ету қабілетін күшейтетін, шаршағанды басатын дәрі ретінде пайдаланады. – Асқазан мен жүйке ауруларын емдеуге де, жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін де кеңінен қолданады. – Өсімдікті қайнатып трахоманы да емдейді. – Фармакологиялық зерттеулер бұл өсімдік тамырының денеге қуат беретін қасиетін толық анықтады. Әсіресе, ой еңбегімен айналысып, шаршаған адамдардың еңбек ету қабілетін едәуір арттыратыны белгілі болды.
3. Тамырдың «Алтын тамыр» деп аталуының мәнісі
A) Өте бағалы өсімдік болғандықтан
B) Бағасы алтынмен бірдей болғандықтан
C) Медицинада 400 жылдық тарихы бар
D) Тамырының сырт жағы алтын түстес
E) Екінші қабығы лимон түстес болғандықтан
4. Алтын тамырдың құрамындағы заттар
A) Глюкозид, кальций
B) Фосфор, крахмал
C) Крахмал, эфир майы
D) Трахома, кальций
E) Флавоноид, лимон
5. Біздің елімізде алтын тамырды тапқан уақыт
A) 20-ғасырдың ортасы
B) 21-ғасырдың басы
C) 19-ғасырдың басы
D) 20- ғасырдың басы
E) 20-ғасырдың алпысыншы жылдары
6. Алтын тамырға ғана тән қасиет
A) Ішкі қабығынан кейін мұрынға хош иіс келеді
B) Тамырының сынған жері лимон түстес болады
C) Тамырының сыртқы жағы ақ түсті
D) Тамырының денеге қуат беретін күші бар
E) Сыртқы қабығын аршығаннан-ақ, мұрынға хош иіс келеді
3-мәтін
Тірі жан тіршілік етпестей көрінетін құзар шыңдар мен тау мұздықтарды мекен еткен бұл аңның тарихына қатысты аңыз-әфсаналар жетіп артылады. Ежелгі парсы елдері барысты аңшылық үшін қолға үйреткен деген де деректер бар. Түрік тілінен тәржімалағанда «ирбиз» сөзі «қар мысығы» деген мағынаға саяды. Халқымыз жыртқыштың өмір сүру салтына қарап «тау барысы немесе қар барысы» деп атап кеткен. Мысық тұқымдастар санатына жататын жыртқыш аңның дене тұрқы 125-135, биіктігі – 60, құйрығы бір метрге дейін жетеді. Шұбатылған ұзын құйрығы тым сезімтал әрі аса сақ жануардың басқан ізін жасырып, қауіп-қатерден сақтайды.
Ілбісті тау қабыланынан даралап тұратын да осы ұзын құйрығы болса керек. Ірілерінің салмағы 30-40 келі тартады. Денесінде сақина тәрізді қара дақтары бар жүні қалың жыртқыштың түсі теңбіл-шұбар, көк сұр. Олардың азайып кетуінің басты себебі – қашаннан табиғат заңын бұзуға бейіл тұратын адамдар. Өткен күндер еншісіне көз жүгіртсек, қар барысы қауіпті жыртқыш саналғандықтан, жыл бойы оған аңшылық құруға рұқсат берілген кезеңдер де болған. Мәселен, XX ғасырдың басында жылына 1000 теріден артық емес көлемде аулауға рұқсат берілген. Кейбір деректерге сүйенсек, 1910 жылға қарай қол жеткен тері саны 750-ге жеткен. Ал жүзжылдықтың ортасында бұрынғы Кеңес одағы аумағында бұл сан бірнеше ондыққа дейін азайып, тіпті қолға түскен жануар үшін сыйақы беріліпті. Сол кезеңдерде аса бағалы аңның терісі бар-жоғы 3 рубьлге бағаланған деген де дерек бар. Мұндай аяусыз аулау әрекеттері табиғат тағысын адамнан аулақтатып, санын күрт кеміткен. Іс насырға шауып ілбістердің жоғалып кету қаупі туа бастағанда табиғатты қорғау халықаралық одағы жыртқышты Қызыл кітапқа енгізіп, оны аулауға түбегейлі тыйым салған. Алайда, осы саланың шетінде жүрген ғалымдар әлемде сирек кездесетін аңдарға қатысты браконьерлік әрекеттер
әлі де тыйылмай тұрғанын айтады.
7. Қар барысының азайып кетуінің себебі
A) Табиғат апаттарынан
B) Көбею процесі дұрыс жүрмегендіктен
C) Жыртқыштар қырып тастағаннан
D) Адамдардың араласуынан
E) Қыс жылы болып, қар болмағандықтан
8. Қар барысының мекені
A) Ашық, алаңқай жер
B) Қарлы, тоғайлы өлке
C) Мұзды, шөлейт жерлер
D) Аласа, мұзарт шыңдар
E) Биік, таулы мекен
9. Браконьерлік әрекеттердің тиылмай тұруының себебі
A) Ілбістің аз қалғандығы
B) Ілбістің етінің молдығы
C) Ілбістер әлі де көп болғандықтан
D) Ілбістің бағалы аң болғандығы
E) Ілбістер қауіпті болғандықтан
10. Ілбістің түсіне қатысты сипаттама
A) Бойы биік
B) Қара дақты
C) Салмағы ауыр
D) Құйрығы ұзын
E) Өзі бағалы
11. Ілбістер туралы мәліметтер сақталған ел
A) Түріктер
B) Қазақтар
C) Парсылар
D) Орыстар
E) Түркілер
12.Ілбістің «қар барысы» атануының себебі
A) Өмір сүру ерекшелігіне байланысты
B) Қарсыз өмір сүре алмайтындығына орай
C) Қар түстес болғандықтан
D) Дене тұрқына байланысты
E) Бағалы аң болуына орай
Достарыңызбен бөлісу: |