1. Мәтін мазмұын ашатын тақырып



бет2/2
Дата16.02.2023
өлшемі26,05 Kb.
#68454
1   2
Байланысты:
Оқу сауаттылығы(1) (3)

4- мәтін

1.Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аязда, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата – аналарымыз бас киімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған.


2.Ұлттық бас киімдердің түрлері: бас киімдер XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жасаған И. В. Захарова мен Р. Р. Ходжаева ер адамның бас киімдерін 6 түрге бөлген:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім – тақия;
2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім – төбетей;
3. Киізден тігілген бас киім – қалпақ;
4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара);
5. Тері қапталған жылы бас киім бөрік;
6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім.
3.Үйге келген қонақ ілулі тұрған кимешектің үлгісіне қарап – ақ отбасындағы әйелдердің жас мөлшері, талғамы мен дәрежесінен хабардар болған. Демек, кимешек – әрі төлқұжат, әрі мінездеме рөлін атқарған.
«Кимешек – пайғамбардың ноқтасы» деген де сөз бар. Бұл жерде «ноқта» сөзі тура мағынасында емес, бейнелі мағынада: тыйым, тәртіп, белгілі бір өлшем деген түсінікті білдіреді. Кимешектің өзге мұсылман әйелдер бас киімінен ерекшелігі – тек басты жабатын бүркеншектігі ғана емес, салтанатты да сәнді әшекейі мен әдемі пішіні. Кимешек әр аймақтың тұрмыс қажеттігінен туындағанын, ортақ өндірістік қатынастардың болмағанын ескерсек, сырт көзге ғана бөлек болып көрінеді. Ал – жақынырақ танысып, бізге жеткен пішім үлгілерін сараласақ, негізгі басты ұстанымы ортақ. Яғни, мәні сақталады, сәні уақыт үрдісіне, жеке ісмердің шеберлік деңгейіне, ой – қиялы мен өресіне сай өзгереді. Алайда, ортақ қағидасы бұзылмады. Әр өңір өзінше әр түрлі береді. Біреу ойығын ойып, біреу жиегін жиып, біреу өңірін сырып киді. Бәрі пайдасын біліп киді.
4.Кимешек– қазақ әйелдерінің дәстүрлі ұлттық бас киімі. Кимешек ақ матадан тігіліп, жиегі астарланады. Кимешектің иекті айнала, маңдайды жауып тұратын екі жағын шықшыт дейді. Кимешек жас ерекшелігіне қарай көркемделеді. Жасы егделенген әйелдердің кимешегінің ою-кестесі жеңіл, сары, ақ жіппен сырылады. Жас әйелдердің кимешегі қызыл, жасылмен әшекейленеді. Кимешектің алдын жақ деп атайды. Оны қол кестесімен кестелейді. Кимешектің шылауыш деп аталатын түрін жас келіншектер, орта жастағы әйелдер, әжелер де киеді. Кимешекті басқа сәйкестіре пішіп, тігеді. Кимешектің белден төмен түсіп, шашты жауып тұратын ұзын ұшы құйрықша деп аталады. Кимешек кеуде, иық, жонды жабатындай тұйық етіп жасалады. Тек адамның бет — әлпеті ашық тұратын жері ойық болады. Ойықтың екі жағы, кеудеге келер тұсы кестеленіп әшекейленеді. Жылтыр жіптермен бастырылып, сырыла тігіледі. Ал, ойықтың жиегін өңді жіппен шалып тігеді. Мұны «алқым шалу» дейді. Кимешектің кеудедегі бөлігінің ұшына күміс теңгелер тағылады. Бұл кимешекке сән береді, әрі төмен қарай басып, жазылып тұруға әсер етеді.
5.Кимешек әйелдердің шашын шаң-тозаңнан сақтап, қобырап тұрмауына септігін тигізеді. Кимешектің Қазақстанда бұрама жаулық, иекше, т.б. атаулары да кездеседі. Кестесіне қарай кимешек қызыл жақты, сары жақты, ақ жақты кимешектер болып бөлінеді. Ақ жақты кимешекті қарт әжелер, қызыл жақты кимешекті келіншектер, сары жақты кимешекті орта жастағылар киеді. Кимешек кейде күміспен, моншақтармен шеттіктеледі. Бұрын әр тайпа мен рудың кимешек терінің пішімінде, түрінде және сырт көрінісінде өзіне тән ерекшеліктері болған. Дәстүрлі қазақ қоғамында жаңа түскен жас келіннің алғаш кимешегін кигізуге байланысты ғұрыптық рәсім өткізілетін болған. Жаңа түскен жас келінге алғаш кимешегін кигізу әйелдің қонақ асын беруімен бірге өтеді. Оны келіннің енесі ұйымдастырып, ауылдың қарт әжелері шақырылады. Келгендердің бірі жас келінге кимешек кигізіп, енесінен сый алатын болған.
13. Мәтін боынша ер адамның бас киімінің түрлерінің реттілігінің дұрысын көрсетіңіз
A) Төбетей, күләпара, тақия, бас киім, қалпақ, төбетей
B) Тақия, қалпақ, төбетей, бапшлық, бөрік, бас киім
C) Бас киім, төбетей, башлық, қалпақ, тақия, бөрік
D) Тақия, төбетей, қалпақ, башлық, бөрік, бас киім
E) Тақия, төбетей, бас киім, башлық, қалпақ, бөрік
14. Кимешектің рөлі
A) Үйде үлкен адам барын аңғартқан.
B) Ақ матадан тігілген .
C) Дәстүрлі ұлттық бас киім болған .
D) Кимешек алдын жақ деп атаған.
E) Төлқұжат іспеттес болған.
15. Кимешектің мұсылман әйелдер бас киімінен ерекшелігі
A) Ерекше түсі
B) Бірнеше түрі
C) Ашық ойығы
D) Сәнді әшекейі
E) Аппақ матасы
16. Жас әйелдер кимешегінің өзгешелігі
A) Ою-кестесі жеңіл
B) Қызыл-жасылмен әшекейленеді.
C) Сары, ақ жіппен сырылады
D) Иық, жонды жабады
E) Кеуде тұсы әшекейленеді
17. Кимешекке қатысты ырымдар мен әдет-ғұрып туралы айтылған бөлім
A) 1
B) 5
C) 2
D) 3
E) 4
18. Мәтін мазмұнының реттілігін көрсетіңіз
1. Жалаң бас жүрмеудің негізі бар
2. Кимешектің мұсылман бас киімінен өзгешелігі
3. Кимешектің құрылымы
4. Жас келінге кимешек кигізу
5. Ұлттық бас киім түрлері
A) 4, 3, 2, 5, 1
B) 1, 5, 4, 3, 2,
C) 4, 2, 5, 1, 3
D) 1, 5, 2, 4, 3
E) 1, 5, 2, 3,4
19. Мәтін мазмұнына алшақ сөйлем
A) Кимешек әйел шашын шаң-тозаңнан сақтайды.
B) Кимшекке күміс теңгелер тағылады.
C) Кимешекте ұзын құйрықша болады.
D) Келгендер жас келінге кимешек кигізбей-ақ, сый алатын.
E) Кимешек әр аймақтың тұрмыс қажеттігінен туындаған.
20. Мәтін мазмұнын түйіндейтін даналық ой
A) Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, Атадан тағылым алмаған ұл жаман
B) Кісінің кісілігі,
Киімінде емес, білімінде.
C) Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек.
D) Кеңесті хан азбайды,
Кең киім тозбайды.
E) Көне киім жаңаны сақтайды,
Кәрі кемпір баланы сақтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет