1. Мәтіндегі тазалықты ұнататын жануар



бет1/3
Дата11.08.2023
өлшемі45,5 Kb.
#105178
  1   2   3
Байланысты:
2-нұсқа оқу сауаттылық без отв


1-мәтін
Әлемдегі ең акылды жануарлар Егеуқұйрық. Өздеріңіз білетіндей, егеуқұйрық адамға жақын жерде өмір сүреді. Кей түрін адамдар қолға үйретіп, үй жануарларының қатарында ұстайды. Егеуқұйрықты зерттеген кезде ғалымдар оның ешқандай қателіксіз алдындағы нысанасын жылдам тауып алатынын көрген. Қоңыр түсті егеуқұйрық көне Қытай елі ерекше қадірлейтін жануар болған.
Сегізаяқ – ең ақылды және толығымен зерттеле қоймаған моллюска түрі. Оның денесіндегі уға толы қалташасы жақсы қорғану мен аң аулауға мүмкіндІк береді. Бірақ егер сегізаяққа қандай да бір кауіп төнетін болса, ол улы сиясын шашып жібереді. Әйткенмен, ол оның жалғыз ғана қорғанышы емес, сонымен қатар жаудың иіс сезу мүшесін нашарлататын сұйық зат бөледі. Оның есте сақтау қабілеті өте қысқа және қиын жағдайға тап болғанда өңін өзгерте алады.
Тиін – қолға тез үйретілетін жануардың бірі. Ол есте сақтау, жылдамдық, ептілік, аңғарғыштық сияқты қабілеттерге ие. Тиін адамға жақын аймақта өмір сүреді, өйткені тамақты үйдің қуыстарынан іздейді. Үй тиіні өзінің иесін танып, лақап атымен шақырғанда келеді. Мұның барлығы тиіннің ақылдылығының арқасы.
Пілдер. Ең алғашкы пілдер 23 миллион жыл бұрын Африка жерінде пайда болған. Табиғат аясында піл азығына қол жеткізу үшін сан алуан құрал қолданады. Піл миының әр шаршы сантиметрінде жүздеген жасушадан бар. Оның есте сақтау қабілеті күшті. Піл – табиғатынан тазалықты сүйетін жануар.
Орангутанг. Орангутангтар бірлесіп өмір сүреді. Ұрғашы орангутанг баласын жылдар бойы түрлі нәрселерге машықтандырып өсіреді. Жабайы табиғат даласында олар пілдер секілді нысанасына жету үшін көптеген амалдарды қарастырады. Адамның іс-әрекетін бақылап, тез үйреніп алады.
Дельфин – адамның ең сүйікті сүт қоректі хайуаны. Дельфиннің адамның ғана қолынан келетін іс-әрекеттерді жасай алатын икемділігі бар. Дельфин іс-әрекет арқылы тілдеседі. Өзін айнадан жақсы таниды
1.Мәтіндегі тазалықты ұнататын жануар
A) Дельфиндер
B) Маймылдар
C) Сегізаяқтар
D) Пілдер
2.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Орангутангтар адамдарды сырттай бақылау арқылы әрекеттерін үйреніп алады.
B) Пілдерді лақап атымен шақырғанда тез жүгіріп келеді екен.
C) Сегізаяқ толығымен зерттеліп қойған моллюскаларға жатады.
D) Егеуқұйрықты Қытайда ерекше қадірли жануар ретінде таниды.
3. Мәтіндегі ақпаратқа сай тұжырымды сөйлем
A) Жануарлар адамдардың көмегі арқылы ғана өмір сүру ортасын құра алады.
B) Әрбір жануардың өзіне лайықты ерекшелігі мен қасиеттері болады.
C) Барлық жануарлар адамдардың іс-әрекетін бақылап, тез үйреніп алады.
D) Жер бетіндегі барлық жануарлар толығымен зерттеліп қойған.
4.Мәтінде автор: «Ұрғашы орангутанг баласын жылдар бойы түрлі нәрселерге машықтандырып өсіреді» -деген сөйлем арқылы нені аңғартады
A) Орангутангтың ерекше қабілеті мен қасиеттілігін
B) Жануарлардың баласына деген асқан махаббатын
C) Жан-жануарлардың да балаларын өмірге бейімдей алатынын
D) Орангутангтың өз ұрпағын көбейту жолдарын
5. Мәтіннің негізі түйінді ойы
A) «Әр күннiң өз таңы бар, Әр жанның өз қамы бар»
B) Құс баласы қырымға қарайды, Ит баласы жырымға қарайды
C) Аз да бітер, көп те бітер, Татулыққа не жетер?
D) Тірлігі жоқтың, бірлігі жоқ.
2-мәтін.
Ұрпағы үшін өмір сүрген халық
1.Бала мен ұрпақ мәселесі көшпелі жұртшылықтың қашан да назарынан тыс қалып көрген емес. Бала – келешек өмірдің тірегі. «Адам өзі мың жасамайды, ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» дейтін де мақал бар.
2.Бүкіл тарихи ғұмырын ат үстінде өткізіп, мың өліп, мың тірілген көшпелілер ұрпақ мәселесіне айырықша мән берген. Заманымыздың көрнекті ғұламасы Әлкей Марғұлан ертедегі ауыз әдебиеті түрлеріне арнаған салиқалы еңбегінде былай деп жазған еді: «Қой бастаған ақ қошқар сенікі болсын. Тікірейген құлағының түбінде қара қалы бар, көзі мөлдіреген ақ боз айғыр сенікі болсын, құлыншағым. Жалы желмен желбіреп, адамдардың үрейін ұшырып келе жатқан кара бура да, оның соңынан ерген түйе келесі де сенікі болсын. Азуы ақсиған қасқыр көрсе, қарағайдай мүйізін шаншып, тарпа бас салатын боз бұқа да, ол бастаған сиыр табыны да сенікі болсын».
3.КөшпенділердІң өз ұрпақтарына қалдыратын аманаттарын былай жіктеуге болар еді: 1. Нәрестенің бесігінен бастап оған қатысы бар заттардың барлығына құрметпен, ұқыптылықпен қарау. 2. Келешек ұрпақты өмірге әкеліп, тәрбиелейтін әйел затына сыйластықпен қарау. 3. Жастар мен жас сарбаздарды жылқының ат әбзелдері мен ер-тұрманын дайындай білуге үйрету.
4. Ежелгі сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың Көкшетау, Бурабай, Қарғалы, Шелек, Есік төңірегінен табылған археологиялық мұралары бұл жұрттардың бала бесігіне, бесіктің безендірілуіне жете мән бергенін байқатады. Әдетте бесікті өте сапалы ағаштан жасап, оны алтын жалатқан бүркіт бейнелерімен, сом алтыннан құйылған бөрі мүсінімен әшекейлеген. Бұлар тұмар сияқты баланы сақтайды деп сенген. Осыдан-ақ көшпелілердің өз балаларын бүркіт пен қасқыр сияқты сымбатты әрі күшті болуын қалағанын байқау қиын емес. Бабаларымыз бала тәрбиесіне қатты ден қойған. Тіршіліктерінің басты шарты кеңістік пен уақыт ішіндегі қозғалыс болған көшпелілер қауымында өмірге келген баланың көзқарасы да өзінше қалыптасқан. Әке-шешенің аялы алақанында тәрбиелене жүріп-ақ, бүркіт пен көкжал бөріні пір тұта білді, тез есейді. Сөйтіп жастайынан-ақ ер қанаты аттың құлағында ойнап шыныққан сарбаз болып өседі.
6. Мәтіндегі көшпенділер аманаты
A) Жылқы малын өсіру
B) Нәрестеге ұқыпты қарау
C) Нәресте бесігіне құрметпен қарау
D) Нәресте бесігін безендіру
7.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Ежелгі сақтар бала бесігін безендіруге ерекше мән берген.
B) Балалар жылқы мен көкжал бөріні пір тұта білген.
C) Бесікті күмістен құйылған бөрі мүсінімен әшекейлеген.
D) Сақтар тіршіліктің басты шарты өмірге бала әкелу деп білген.

8. Мәтін бойынша бесікті бүркіт, бөрі бейнелерімен әшекейлеуінің себебі


A) Баланы сақтайтын тұмар болады деп ырымдаған
B) Бүркіт пен бөрі баланы қорғап жүретін болған
C) Бала бесігінің әдемі, әсем көрінуі үшін
D) Бесіктің басты нышаны бөрі мен бүркіт болғандықтан
9.Мәтін мазмұнындағы ақпараттар реттілігі
1. Бала - өмір тірегі.
2. Көшпенділер аманаты
3. Әлкей Марғұлан еңбегі
4. Археологиялық мұралар
A

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет