«ауыз қуысының биологиясы» ПӘні бойынша білімді, шеберлікті, дағдыны қорытындылап бағалау үшін бақылап-өлшеу қҰралы: Курс



бет1/4
Дата02.05.2023
өлшемі308,5 Kb.
#89070
  1   2   3   4

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

цен

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

МОДУЛЬ ПРОПЕДЕВТИКИ ТЕРАПЕВТИЧЕСКОЙ СТОМАТОЛОГИИ
УМКД




Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы модулі
Пән – Ауыз қуысының биологиясы -
Мамандық - 051302 «стоматология»

«АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ БИОЛОГИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМДІ, ШЕБЕРЛІКТІ, ДАҒДЫНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАП БАҒАЛАУ ҮШІН БАҚЫЛАП-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫ:


Курс - екінші.
Семестр – төртінші.


Бақылау түрі: емтихан

Алматы, 2012
Бақылап-өлшеу құралы ҚазҰМУ терапиялық стоматологияның пропедевтикасы модулінің отырысында талқылынды « ______»_______________2012 ж., № хаттамма


Модільдің жетекшісі
М.ғ. д., профессор Баяхметова А.А.

Бөлім 1. Тістің қатты тіндерінің ультрақұрылымы
1 тапсырма
Кіреуке призмаларының көлденең кесінідісінің пішіні қандай?
1. дөңгелек
2. төртбұрышты
3. дұрыс емес пішінді
4. + аркада тәріздес
5. жұлдызша тәріздес
2 тапсырма
Гидрооксиапатит кристалдары кіреуке призмаларының орталық бөлігінде қалай орналасады?
1. кіреуке призмаларының бетіне 70 градус бұрыш жасай орналасады
2. кіреуке призмаларының бетіне 40-70 градус бұрыш жасай орналасады
3.+ кіреуке призмаларының бағытымен орналасады
4. кіреуке призмаларының бағытына перпендикулярлыбағытта орналасады
5. кіреуке призмаларвының бетіне 20-30 градус жасай орналасады
3 тапсырма
Кіреуке негізін құраушы кристалдардың пішіні қандай?
1.+таяқша пішінді
2. ине пішінді
3. куб тәріздес
4. ромб тәріздес
5. конус пішінді
4 тапсырма
1. кіреукенің минералдық қосылыстарының ішінде басым мөлшері:
1. карбонатапатиттер
2. хлорапатиттер
3.+ гидроксиапатиттер
4. фторапатиттер
5. фосфорапатиттер
5 тапсырма
Кіреуке кутикуласы дегеніміз не?
1. ретикулярлы тін
2.Борпылдақ дәнекер тін
3.+ редукцияға ұшыраған кіреуке эпителийі
4. аригирофилдік талшықтардан құрылған тор
5. эластикалық талшықтардан құрылған өрілім
6 тапсырма
Кіреуке дентин байламы құрылымы:
1.десмосомдармен
2. цементтейтін затпен
3. аргирофилдік талшықтардың өрілімінен
4.+ жұқа органикалық қабықтан
5.коллаген талшықтарының өрілімінен
7 тапсырма
Кіреукедегі судың жалпы мөлшері:
1. 1,5%
2. 2,2%
3.+3,8%
4.4,2%
5.5,5%
8 тапсырма
Кіреукедегі органикалық заттың орташа мөлшері:
1. 1%
2. 2%
3.+3%
4.4%
5.5%
9 тапсырма
Үлкен азу тістердің төмпешіктеріндегі кіреукенің орташа қалыңдығы:
1. 0,1-0,4 мм
2. 0,5-1,0 мм
3. 1,1-1,3 мм
4.+2,0-2,5 мм
5. 1,4-1,7 мм
10 тапсырма
Тістердің сызаттарындағы кіреукенің орташа қалыңдығы:
1. 0,1-0,4 мм
2.+ 0,5-0,6 мм
3. 1,1-1,3 мм
4. 2,0 – 2,5 мм
5. 1,4 – 1,7 мм
11 тапсырма
Орталық күрек тістердің тістеу қырындағы кіреукенің орташа қалыңдығы:
1. 0,1-0,4 мм
2. 0,5-0,6 мм
3. 1,1-1,3 мм
4. +2-2,5 мм
5. 1,4-1,7 мм
26 тапсырма
Дентин түтікшелері қандай имек жасайды:
1. + S – тәріздес
2. V - тәріздес
3. X – тәріздес
4. П – тәріздес
5. О – тәріздес
27 тапсырма
Негізгі дентин түтікшелерінен диаметрі кіші өскіншелер тарайды. Олар қалай аталады:
1. Филоподин
2. + Өзекшелер
3. Ұршық
4. Призма
5. Жиынтық
28 тапсырма
Негізгі одонтобласт өскіндісінен ( Томс талшықтары) тарамдар жасады. Олар қалай аталады:
1. + Филоподин
2. Өзекшелер
3. Ұршық
4. Филаменттер
5. Жиынтық
29 тапсырма
Дентиннің органикалық заттарының негізгі массасы неден тұрады:
1. + Коллаген талшықтарынан
2. Аргирофильді талшықтарынан
3. Ретикулярлы талшықтарынан
4. Эластикалық талшықтарынан
5 Окситаланды талшықтарынан
30 тапсырма
Сәулелі микроскопта жақсы көрінетін минералдану дәрежесі ерекше дентин матриксінің жолақтары қалай аталады:
1. Ретциус сызықтары
2. Гутнер – Шрегер сызықтары
3. Томс талшықтары
4. Корф талшықтары
5. + Оуэннің контурлы сызықтары.
31 тапсырма
Тіс қуысына қарай орналасқан дентин бөлігі қалай аталады:
1. + Предентин
2. Интерглобулярлы дентин
3. Жабынды дентин
4. Біріншілік дентин
5. Иррегулярлы дентин
32 тапсырма
Тіс шыққанға дейін дентиогенез кезінде пайда болған дентин қалай аталады:
1. + Біріншілік
2. Екіншілік
3. Иррегулярлы
4. Перитубулярлы
5. Интертубулярлы
33 тапсырма
Функциональді ынталандыру әсерінен пайда болған, бүтін тіске әсер етуші дентин қалай аталды:
1. Біріншілік
2. + екіншілік реттеуші
3. екіншілік иррегулярлы
4. перитубулярлы
5. интертубулярлы
34 тапсырма
Тісжегі қуысы кезінде пайда болатын дентин қалай аталады:
1. Біріншілік
2. екіншілік реттеуші
3. + екіншілік иррегулярлы
4. перитубулярлы
5. интертубулярлы
35 тапсырма
Тіс ұлпасындағы тығыз, көлемді жоғары деңгейдегі дентиннің пайда болуы қалай аталады:
1. + дентикл
2. петрификат
3. жалған дентикл
4. конкремент
5. филоподин
36 тапсырма
Тіс ұлпасында құрылымы бірыңғай ошақтала орналасқан тұзды минерал шөгінділері қалай аталады:
1. дентикл
2. + петрификат
3. каналикулдар
4. ұршық
5. филаменттар
37 тапсырма
Тіс цементіндегі минералды заттардың орташа концентрациясы:
1. 10-15 %
2. 20-30 %
3. 40-45 %
4. + 50-60 %
5. 70-80 %
38 тапсырма
Тіс цементіндегі органикалық затардың орташа концентрациясы:
1. 10-13%
2. +23-26%
3. 30-35%
4. 40-45%
5. 70-75%
39 тапсырма
Тіс цементіндегі судың орташа құрамы:
1. 5%
2. +12%
3. 18%
4. 23%
5. 25%
40 тапсырма
Төменде берілгеннің барлығы құрылымсыз цемент клеткасына тән, ТЕК мынадан басқасы:
1. Аз мөлшерде органикалық заттардың болуы
2. өмірінің соңына дейін бөлінеді
3. түбірдің даму кезінде ең бірінші кезеңінде пайда болады.
4. түбірдің мойын бөлігінде орналасады
5 + көп түбірлі тістердің бифуркация аймағында орналасады
41 тапсырма
Төмендегінің барлығы клеткалы цементке тән, ТЕК мынадан басқасы:
1. + Аз мөлшерде органикалық заттардың болуы
2. өмірінің соңына дейін бөлінеді
3. түбірдің даму кезінде ең бірінші кезеңінде пайда болады.
4. түбірдің мойын бөлігінде орналасады
5 көп түбірлі тістердің бифуркация аймағында орналасады
42 тапсырма
Цемент қабаттары бір – бірімен сызық арқылы бөлінген. Осы сызықтар қалай аталады:
1. + Ламеллы
2. Ретциус сызығы
3. Гунтер – Шрегер жолағы
4. Корф талшықтары
5. Оуэн контурлы сызығы
43 тапсырма
Ретциус сызығы деп нені айтады:
1. кесіндідегі кіреуке призмасының әр түрлі орналасуы
2. + кіреукенің минералданған сызығы
3. тіс мойынындағы төмпешік тәріздес сызат
4. паразон және диазонның алмасуы
5. цемент қабаты арасындағы сызықтар
44 тапсырма
Гиперцементоз қандай жағдайда пайда болады:
1. тісжегі
2. ұлпа қабынуы
3. периодонт қабынуы
4+ орпедиялық конструкциялардан тіске көп салмақ түсуінен
5. тіс түбірінің сынуы
45 тапсырма
Клеткалы цемент қай аймақта орналасады
1. + түбірдің ұшы аймағында
2. кіреуке – цемент шекарасында
3. түбірдің маргинальді бөлігінде
4. дентин – цемент шекарасында
5. түбірдің барлық ұзындығында
46 тапсырма
Иррегулярлы дентинге не ТӘН?
1. + дентин өзекшелерінің бейберекет орналасуы
2. тістің даму сатысында пайда болуы
3. ұлпаның физиологиялық үрдіс кезінде пайда болуы
4. тіске сырттан тыс салмақ түсуінен пайда болуы
5. типтік құрылым
47 тапсырма
Дентин органикалық массасы негізінен неден тұрады:
1+ коллоген талшықтарынан
2. эластикалық талшықтан
3. аргирофильді талшықтан
4. ретикулярлы талшықтан
5. окситаланды талшықтан
48 тапсырма
Кіреукенің тігінен кесіндісі кезіндегі шағылысқан жарықта күңгірт және жарық аймақтардың қайталануы
1. Ретцуис сызығы
2.+Гунтер – Шрегер жолақтары
3. Томс талшықтары
4. Корф талшықтары
5. Эбнер талшықтары
49 тапсырма
Дентинобласт өскіндері қалай орналасқан:
1. дентин –кіреуке байланысының аймағында
2. + дентин түтікшелрінде
3 . перитубулярлы кеңістікте
4. тіс ұлпасында
5. тіс кіреукесінде
50 тапсырма
Тіс сауыты аймағындағы одонтобластар өскіндерінің тармағы
1. + S – тәріздес
2. V - тәріздес
3. түзу сызықтың
4. қисық бағытты болады.
5. күңгірт және жарық жолақтың қайталануы
51 тапсырма
Кіреукенің тігінен кесіндісіндегі түзу сызықты сарғыш – қоңыр немесе қоңыр жолақтар қалай аталады:
1. + ретциус сызықтары
2. Гунтер – Шрегер жолақтары
3. Томс талшықтары
4. Корф талшықтары
5. Эбнер талшықтары
52 тапсырма
Тек біреуінен басқасы дентин қызметіне жатады:
1. + буферлік
2. сенсорлық
3. қорғаныс
4. өткізгіштік
5. аммортизациялаушы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет