1-тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап бер.
Әдепті балалар
Біздің елімізде ақылды, әдепті балалар өте көп. Үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда, олар шуламайды. Үлкен кісілер әңгімелескенде, сөзге араласпайды. Автобуста, трамвайда, троллейбуста үлкендерге орын береді.
а) Біздің елімізде қандай балалар көп?
ә) Олар не істейді?
б) Қайда үлкендерге орын береді?
2. Өзің туралы айт.
Менің атым - ..... . Фамилиям - ..... . Мен .... жастамын. Туған жерім - .... . Мен ........ жасағанды ұнатамын. Менің хоббиім........... Болашақта.......... болғым келеді.
3. Фонетикалық талдау жаса.
ақылды, өнерпаз
2-тапсырма
1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Менің бөлмем.
Мына бөлме менікі. Бөлмеде зат көп. Бөлменің ортасында үстел және орындықтар бар. Оң жақта диван және екі кресло тұр. Еденде кілем жатыр. Үстелде менің оқулықтарым, дәптерлерім, қаламдарым жатыр. Менің бөлмем әр уақытта да таза.
а) Мына бөлме кімдікі?
ә) Бөлменің ортасында нелер бар?
б) Үстелде нелер жатыр?
2. Отбасың туралы айт.
Менің отбасымда .... адам бар. Олар: ..., ...., ..., ... . Біздің отбасымыз .... .
3. Фонетикалық талдау жаса.
балықшы, театр
3-тапсырма
1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Отбасындағы дәстүрлер.
Біздің отбасымыз тату. Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді бірге қарсы алу. Мысалы, Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді. Біз дастарқан жаюға көмектесеміз. Келген қонақты қарсы аламыз, мерекені көңілді өткіземіз.
а) Біздің отбасымыз қандай?
ә) отбасымызда қандай дәстүрлер көп?
б) Біз неге көмектесеміз?
2. Сөздерді буынға бөліп, қай түріне жататын белгіле.
Бал, қарағай, қара, бала, ағай, ара, ай, қар, балға, Арай, қарға, лақ
3. Фонетикалық талдау жаса.
дәптер, сахна
4 – тапсырма
1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Біздің үй
Біздің үй Әбілқайыр көшесінде орналасқан. Біздің үй үлкен, биік және жарық. Үйде бес бөлме бар. Қонақ бөлмесінде үлкен кілем жатыр. Бөлмелердің едендері қоңыр бояумен сырланған. Терезеде әдемі перде ілулі тұр. Көршілеріміз жақсы.
а) Біздің үй қайда орналасқан?
ә) Үйде неше бөлме бар?
б) Терезеде не ілулі тұр?
2. Мектебің туралы айт.
Менің мектебім .... аталады. Мектепте ..., ...., ..., ... үйірмелер бар. Маған ........ пәндер ұнайды.
3. Мына сөзге фонетикалық талдау жаса.
Отбасымызда, бақыт
5-тапсырма
1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Біздің мектеп
Бүгін күн жылы. Аспан ашық. Біздің мектептің алды таза. Сынып терезелерінің алдында ағаштар өсіп тұр. Мектеп алаңында балалар футбол ойнап жүр, қыздар оларға қарап тұр. Біздің мектептің ауласы үлкен. Біздің үй мектептен алыс емес.
а) Бүгін күн қандай?
ә) Сынып терезелерінің алдында не тұр?
б) Біздің мектептің ауласы қандай?
3. Фонетикалық талдау жаса.
мұғалім, дәрігер
3. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қой.
Отан – с...нің ата-...наң,
Отан – д...сың, баур...ң.
Отан - өл...ең, астана....
Отан – ау...ан, ауыл...ң.
6-тапсырма
1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Біздің мұғалім.
Біздің мұғалім - өте жақсы адам. Ол мейірімді. Бізге қазақ тілі сабағын жақсы түсіндіреді. Сабақтары маған ұнайды. Ол бізге көп көңіл бөледі. Жақсы бала болуға үйретеді, тәрбиелейді.
а) Біздің мұғалім қандай адам?
ә) Сабақтары кімге ұнайды?
б) Жақсы бала болуға не істейді?
2. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.
…ор, …иклон, …ертеж, тұ…ы, Гау... ар, … адиша, жи…аз, …оккей, қа…. арман, пла…, …емпион, бор…, …ётка, кон... ерт, стан.... ия,.... ифр,... абар.
3. Фонетикалық талдау жаса.
бауырмал, жүрек
7-тапсырма
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Күз
Күн жексенбі еді. Балалар мұғаліммен бірге серуенге шықты. Ауа райы салқындады. Олар көлдің қасына келді. Көлдің жағасындағы жапырақтардың басы сарғайған. Балалар табиғатпен танысты. Дала, көл, тау, өзен - бәрін көрді. Серуенге шыққан балалар үйлеріне көңілді қайтты.
а) Балалар кіммен серуенге шықты?
ә) Балалар не істеді?
б) Нені көрді?
2. Мына сөздерге көптік жалғауын жалға. –лар/-лер; -дар/-дер; -тар/-тер;
Қағаз, көл, үй, бала, кітап, түс;
3. Фонетикалық талдау жаса.
теледидар, сөмке
8-тапсырма
1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Біздің Отанымыз.
Біздің еліміз – бай әрі қуатты ел. Мұнда барлық халық еркін өмір сүреді. Әркім қалаған еңбегін істеуге, оқуға, демалуға ерікті. Біздің еліміздің балалары бақытты. Қазақстан - әлемдегі ең ірі астықты мемлекеттердің бірі. Қазақстанның әдемі жерлері көп.
а) Біздің еліміз қандай?
ә) Әркім не істеуге ерікті?
б) Қазақстанда не көп?
Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.
Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.
Дауысты: ________________________________________________________
Дауыссыз: ________________________________________________________
3. Фонетикалық талдау жаса.
шамшырақ, тақтай
9-тапсырма
1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Абай.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы туған. Абай жасынан ынталы, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдерді тез жаттап алатын. Абай 10 жасқа келгенде, әкесі оны Семей қаласындағы медресеге оқуға береді. Абай қазақ халқын мәдениетке, білімге, орыс халқымен дос болуға шақырды.
а) Қазақ халқының ұлы ақыны кім?
ә) Ол нені тез жаттап алатын?
б) Абай қазақ халқын неге шақырды?
2. Отбасы тақырыбы бойынша ойынды жаз.
Сұрақтар:
1. Сенің отбасың қандай? 2. Отбасыңда неше адам бар?
3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді? 4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді? 5. Сенің анаң неше жаста? 6. Сенің әкең неше жаста?
7. Сенің әжең кім? 8. Отбасың тату ма? 9. Сен әкеңе қалай көмектестің?
3, Фонетикалық талдау
Омарташы, Балқадиша
10-тапсырма
1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Мамандықтар
Әр түрлі мамандықтар бар. Олар: дәрігер, мұғалім, наубайшы, жүргізуші, егінші, шаштараз, кітапханашы, сатушы, аспаз және тағы басқалар. Мамандықтың барлығы адамға керек. Әр мамандықтың өз ерекшелігі болады. Дәрігер адамдарды емдейді. Мұғалім балаларды оқытады. Наубайшы нан пісіреді. Жүргізуші машина жүргізеді. Барлық мамандықтар жақсы, қызықты. Әр адам өзіне ұнаған мамандықты таңдап алады.
а) Мамандықтардың түрлерін ата?
ә) Мамандықтың барлығы адамға керек пе?
б) Барлық мамандықтар қандай?