1. Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап бер. Әдепті балалар



бет2/2
Дата07.09.2023
өлшемі28,07 Kb.
#106481
1   2
Байланысты:
жаттығу

2.Мәтіндегі сөздерді буын түрлеріне қарай талда.
Өзінің жазба сөзін саналы түрде және еркін пайдалану үшін, алдымен басқалардың жазба сөзіне түсіне білу өте қажет. Баланың сөз қоры жеткілікті болғанда ғана, өз пікірін айтып, басқалардың сөздерін дұрыс ұға алады.
11-тапсырма
1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Нан дастарқанға қалай келеді?
Диқандар көктемде жер жыртып, егін егеді. Егін жақсы шығу үшін жәндіктерден қорғайды. Содан кейін күзде піскен егінді комбайнмен жинайды. Машинамен элеваторға тасиды, себебі элеваторда астық жақсы сақталады. Элеваторда бидайдан ұн тартылады. Нан дастарқанға дейін көп еңбекпен келеді. Сондықтан нанды қастерлеу керек.
а) Диқандар көктемде не істейді?
ә) Егінді неден қорғайды?
б) Нан дастарқанға қалай келеді?
2, Фонетикалық талдау
қамқорлық, қант


3..Жуан буынды сөзді бір бөлек, жіңішке буынды сөзді бір бөлек, аралас буынды сөзді бір бөлек жаз және мысал келтір.
Аймақ, жұмыс, Кішітау, бүйір, Жезқазған, геометриялық, қазіргі, сал-сері, географияда, оңтүстік, кездесулер, қыз-келіншек.

12-тапсырма


1.Сөйлемдерді көшіріп еріндіктің астын бір сызық, езуліктің астын екі сызықпен сызыңдар.
Өзгелері балаларды атқа мінгізіп, ауылға алып келді. Малшылар Асн, Үсенді көріп, олар да қуанып, біреуі әке-шешелерінен сүйінші сұраймыз деп, шауып кетті. Нақ бесін мезгілінде балалар аман-есен үйлеріне келіп, әке-шешелеріне қосылыпты.


2. Төмендегі сөздерге тиісіпі дыбысты қой, буынға бөл
Үл...ілі, е...еу, қай...р, пә...ер, қор...ақ, жо...ары, мейірі...сіз, м...йдан.

Мәтінді көшіріп, білім, күш, оқушы сөздеріне дыбыстық талдау жаса.


Қазіргі кезде терең білім болмаса, елімізді өркендете алмаймыз. Әр оқушы жан-жақты білім алуға міндетті. Білім алу да зор күш екенін ұмытпа.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет