1. Микробиология пәні, оның мақсаты


Микроорганизмдердің өсуі мен көбеюі



бет8/8
Дата28.09.2024
өлшемі56,79 Kb.
#146023
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
микробиология лекция

Микроорганизмдердің өсуі мен көбеюі.

Өсу дегенміз- жекелеген бактериялардың салмағының ұлғаюы. Көбею- микроорганизмдер особьтарының санының өсуі. Бактериялар түрлі жазықтарда ортасынан бөліну арқылы көбейеді. Бұл кезде клеткалардың әртүрлі бірігуі пайда болады (топталған виноград- стафиллококктар, моншақ-стрептококктар, қосарланып бірігуі –диплококктар, пакет-сарциндер, т.б.). Бактериялардың бөліну үрдісі кезекпен жүреді. Алдымен цитоплазмалық мембрананың созылуы жүреді, соңынан пайда болған клеткалар ажырайды. Осымен қатар клетка қабырғасы синтезделеді. Пайда болған клеткаларға цитоплазмамен бірге ДНК-дан тұратын нуклеоид те өтеді. Сутекті байланыстардың ажырауы нәтижесінде екі ДНК спиралі түзіледі, оның әрқайсысы жаңа клетканың құрамына енеді. Жаңадан пайда болған ДНК спиралі сутекті байланысты қалпына келтіреді де, екі спиральді ДНК құрайды. Саңырауқұлақтар споралар арқылы ашытқы бүршіктену арқылы көбейеді.
Клеткалардың көпшілігі 20-30 минут аралығында бөлінеді. Ішек бактериясының көбеюі 20-30 минуттан соң, нитрофицирленетін бактериялар 5-10 сағаттан соң, туберкулез қоздырғыштары 18-24 сағаттан соң жаңадан түзіледі.
Микрорганизмдер тез көбейеді, бірақ шексіз емес. Бұл өсу мен көбеюге қолайлы жағдайдың бұзылуына байланысты (температура, жарық, ортаның нашарлауы, тірішілік азығы).Микроорганизмдердің көбею үрдісі ауыспайтын ортада әртүрлі өтеді (кезеңдермен). Кезеңнің сегіз (кейбір авторларда 4) түрі болады.
1.Бастапқы фаза (лаг-фаза) немесе тыныштық фазасы. Культура қоректі ортаға бейімделеді.
2. Экспонециальді (логарифмдік) фаза клеткадағы культураның өсуімен сипатталады. Ол геометриялық прогресспен өтеді. Клекалардың көпшілігі жас және биологиялық белседі. Қоректік орта азаяды, азық алмасу өсуді тежейді. Өсу қисықтығы бірте-бірте горизонталь жағдайға ауысады.
3. Стационарлы фаза немесе толысу периоды. Қисық абцисс осіне паралелль. Жаңадан пайда болған клеткалар мен өлген клеткалар саны теңеседі. Қоректену ортасы азаяды, клеткалардың тығыздығы артады, алмасқан заттың улылығы күшейеді. Осының барлығы клетканың өсуіне әкеліп соғады.
4.Өлу фазасы (қартаю ) Клеткалардың азаюы мен өзгеруі өтеді. Форма мен споралардың дегредирленген түрі пайда болады. Біренеш аптадан немесе айдан соң тіршілік өнімінің улылығынан культура өледі. Микроорганизмдердің физиологиялық қасиеттерін білу оларды сұйық және тығыз ортада өсіруге, микроб түрін анықтауға, қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет