1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның көзқарасының дамуы



Дата14.03.2023
өлшемі64,49 Kb.
#74272
Байланысты:
1. М мкіндігі шектеулі балалар а о амны к з арасыны дамуы


1.Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның көзқарасының дамуы
Адам болмысынын даму тарихында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қоғамның қатынасы тіршілік әрекетінде әр кезеңнін әлеуметтік деңгейіне сәйкес сөйлеу әдеттерінің формасымен сипатталды. Мұндай түсініктерді қазіргі таңдағы адамдардың пікірлері мен көзқарастарынан жиі ажыратуға болады. Демек, әрбір кезеңнің моделі бар.
«Сырқат адам» моделіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлға сырқат адам болады. Бұл сырқат адамның емдеу үрдісін жүргізетін объект ретінде қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаға медициналық көмек көрсетудің маңызы зор, бірақ мұндай балалардың білім алуындағы мүмкіндіктерінің шектеулігі оқыту мен әлеуметтендіруді оңайлықпен меңгерілмейді. Сондықтан да білім беру бағдарламалар медициналық ем көрсетумен бірдей қарастырылуы қажет. Қоғам мүмкіндігі шектеулі баланы – сырқат адам деп қабылдағандықтан, оларға тек медициналық көмек көрсетіп, білім беру жүйесін тысқары қалдырады. Қоғамның белсенді дамуымен бұл модель адамның мүмкіндіктерін шектейтін ауытқушылықтың себептері мен пайда болуын клиникалық ғылыми зерттеуге және қажетті алдын алу шаралары мен жеке ауруларды емдеуге ынталандырды. Дегенімен, қазіргі таңда өз маңыздылығын төмендетті.
«Қоғамға қауіп төңдіретін» модель дамуында ауытқушылығы бар тұлғалардың кейбір категорияларына (ақыл-ойы кем, естімейтін, психикалық ауытқушылығы бар) байланысты пайда болды. Әлеуметтік орта адамдардың пікірінше осы категориядағы балалар ауруды тасушы «бақытсыздықты тасушы» материалды және моральды шығын келтіреді деген. Аталған мәселеге байланысты қоғам өзін «қауіп-қатерден» сақтау үшін әлеуметтік ортадан алшақ орналасқан, кейде қатаң тәртіп негізінде жабық мекемелер мен интернаттар ашыла бастады. Мұндай жағдай да оқыту мүлдем болмады немесе жеткіліксіз деңгейде болды.
«Аяушылық білдіру» моделі адамның жеке тұлғасының дамуына, өз-өзіңе қызмет көрсетуге ынталануына кедергі келтіреді. Модель мүмкіндігі шектеулі адамның өмір бойы балалық жаста қалатын адамдарға (мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балаларға кеңінен таралған) тән. Бұл модельдің негізгі міндеті – бұл білім беру мен дамытуға көмекпен қамтамасыз етпей, керісінше, қоғамнан жекелеу арқылы қоршаған ортадағы «жамандықтан» мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау, тіршілік етудің қолайлы ортасын құру болып табылады.
«Дамыту» моделі мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы мен даму қабілеттілігінің деңгейін көрсетеді. Бұл модельге сәйкес қоғам мүмкіндігі шектеулі баланың толыққанды дамуына жауапты; қоғам мұндай балаларға педагогикалық түзету мен дамыту үшін тиімді жағдайлар жасауға міндетті. Бұл модельдің талаптарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның мүшелері сияқты барлық құқықтарға ие: өзінің тұрғылықты жерінде өмір сүруге, оқуға, жұмыс жасауға, өз үйінде тұруға, өз еркімен достарды таңдауға және достық қатынас пен барлығымен тең болуға құқылы. Мұндай модельді жүзеге асыру «қалыпты жағдайға ұмтылу» қағидасына сәйкес келуі мүмкін. Мүгедектік тек медициналық аспектімен шектелмейді, оған қоса барлығымен тең құқықтарға ие болмауымен әлеуметтік проблема болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі баланың басты проблемасы - қоршаған ортамен байланысының болмауы, құрдастарымен қарым-қатынас жасауының жиілігімен, табиғатпен қарым-қатынасының шектеушілігі, мәдени құндылықтарының қолжетімді болмауы, кейбір уақытта білім алуға мүмкіндіктерінің болмауы болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың жеткіліксіздігі оңашалауға және толыққанды дамымауына әкеп соғады. А.Р.Малер бұл қиындықтардың туындаудың себебі әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісі баланың талаптарына сәйкес келмеуімен және қарым-қатынас жасауға дайындығының болмауымен түсіндіріледі. Нәтижесінде қалыпты деңгейдегі әлеуметтік қатынастан тысқары қалады, сол себептен әлеуметтік көмек көрсетуді мұқтаж етеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеру, қоғамдық қатынастың жүйесіне енгізу қоғамнан қосымша шаралар, құралдар мен күштерді талап етеді: (олар арнайы бағдарламалар, оңалту бойынша арнайы орталықтар болуы мүмкін). Әлеуметтік жұмысты баланы әлеуметтік ортаға бейімдеуге бағыттау қажет, егер де баланы қоғамға бейімдеуде кедергілер мен әлеуметтік маңызы бар байланыстар қалыптаспаса, онда мұндай жағдай да әлеуметтік оңалту – әлеумет пен баланың жоғалтқан байланысын қалпына келтіруге бағытталған арнайы шараларды ұйымдастыруға міндетті.
2. Инклюзивті білім беру жүйесіне тарихи шолу
3. Инклюзивті білім беру жүйесінің эволюциясы = екеуіне бір жауап
Қазіргі таңдағы әлеуметтік философияда интеграция - бұл қоғамның және оның жүйелеріне (сонын ішінде білім беру институттарының жүйелерін) қолдау көрсетіп дамытатын барлық қоғам мүшелері қатыса алатын таңдау құқығы бірдей мүмкіндігі шектеулі адамдар мен қалыпты дамитын адамдардың өмірәрекетінде бірлескен болмысының формасы ретінде түсіндіріледі.
ХІХ ғасырда педагогика тарихында (1746-1827) И.Г.Пестолоцидің педагогикалық идеясымен европалық білім беру тәжірибесіне қалыпты балалалар мен дамуында ауытқуы бар балаларды біріктіріп оқыту феноменінің енгізу (ол бастапқыдай «интеграция» термині сияқты аталмады) үлкен дайындықпен жүргізілді. Интегарция әлеуметтік-тұрмыстық формасы ретінде қарастырыла отырып қалыпты дамыған адам мен ерекше қажеттілікті қажет ететін адамдардың бірдей әлеуметтік үрдіске, барлық білім беру сатыларына, күнделікті бос уақыттарына, жұмыстарына, әртүрлі әлеуметтік функциялар мен рөлдерді жүзеге асыруға тең құқылы екені барлық дамыған елдердің заңдарында заңды түрде бекітілген.
Педагогика терминінде «әлеуметтік интеграция» ХХ ғасырда пайда болған. Ол АҚШ-та нәсілдік, этникалық азшылықтардың мәселелерінде, кейіннен эмигрант балаларға және тек қана соңғы жиырма жылдықтарда (ХХ ғасырдың 60 жылдары) мүмкіндіктері шектеулі балалардың мәселелер контексінде қолданыла бастады.
Л.С.Выготский дамуында ауытқуы бар балалардың қалыпты дамыған балалардан, яғни қоғамдық ортадан шектелмейтіндей білім беру жүйесін құру керек екенін айтты. Ол арнайы мектептердің жетістіктерімен қоса негізігі кемшілігін көрсетті. Ол өздерінің тәрбиеленушілерін – естімейтін, көрмейтін немесе ақыл-ойы кем балалардың мектеп ұжымының ішінде тұйықталған ортаны құрып, өз бойындағы жетіспеушілігіне көңіл аудартып, оның шынайы өмірге бейімделуіне кедергі келтіреді. Арнайы мектеп ауытқуы бар балаларды бөлектенген ортадан шығарудың орынан, керісінше балада оңашалануға ұмтылу дағдыларын дамытады. Сол себептен Л.С.Выготский дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеудің міндетті - баланы өмірге кіріктірудің немесе бойындағы ауытқуды компенсациялаудың басқа да жолдарын іздестіру керек деп есептеді. Л.С.Выготский мұндай мәселелерді шешуде бала бойында пайда болатын сапалық өзгерістерді өзі өмір сүрген ортаға және сыртқы жағдайға бейімдеу заңдылықтарына сүйене отырып шешуге болады дейді. Өйткені мұндай заңдылық қалыпты дамыған балалар мен кеміс балалардың дамуында бірдей. Сондықтанда ол компенсацияны биологиялық тұрғыдан емес, әлеуметтік аспектіде алады. Осыған орай Л.С.Выготский ең бірінші интеграциялық білім беруді енгізді.
Дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беру жүйесінде оқытудың технологиялары мен әдістерін мұғалімдерге арнайы курстар өткізу арқылы дайындық сапаларын жоғарлату қажет. Бұл мәселені неміс педагогы 1829 жылы Фридрих Х.К. Шварц «Үш томдық тәрбие теориясы» еңбектерінде жазды: «Естуінде және көруінде ауытқуы бар балаларға арналған жақсы арнайы мекемелер бар және оның дәл осы уақытта алға ұмтылудың басты қадамы олардың жетістіктерін дәстүрлі мектептерге қоса отырып жандандыру». Сол уақыттарда естуінде және көруінде ауытқуы бар балаларды жалпы білім беру мектептерінде арнайы дайындалған мамандар жұмыс жасаса, онда арнайы мектеп-интернатынан қарағанда көп шығынға түспейді деген болжамдар жасалған.
Еуропа елдерінде ақыл-ойы кем балаларды жалпы дәстүрлі мектептерге (кедейлерге арналған мектеп) біріктірудің бірнеше факторлары болды. Шет елдердің педагогикасында интеграция - бұл экономикалық, әдістемелік, дидактикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы үрдістерімен қамтамасыз етілуімен және қолдау көрсетуімен қалыпты дамыған балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп өмір сүруі мен білім алу мүмкіндігі ретінде қарастырады. Педагогика ғылымында интеграция ұғымына мынадай сипаттама береді: «Әр баланың мүмкіндігі мен қажеттілігінің ерекшелігіне және ортақ коммуникативтік кеңістігіне қарамастан барлық балалар бірдей деңгейде білім алады, ойнайды, жұмыс жасайды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жас өспірімдердің бірлескен білім беру процесіне белсенді қатысуы мен жетік дамуы үшін арнайы шарттар ұйымдастырылады».
Интеграцияның жаңа формасы тек ХХ-ғасырдың екінші жартысында шет елдерде пайда бола бастады. ХХ ғасырдағы технологиялық және ақпараттық революцияның 70 жылдардың либеральды-демократиялық реформалармен сәйкес келуі экономикалық жағдаятты көтеруге мүмкіндік туғызып, жалпылама, арнайы, гуманитарлық инновациялық теория мен технологиялық идея ретінде педагогикаға енуіне, сонымен қатар білім беру жүйесіне экономикалық және интерактивтік тұғырында тәжірибелік және теория ретінде енгізіп жүзеге асыру.
Экономикалық, технологиялық және ақпараттық мүмкіндіктері дамыған Европа, Япония, АҚШ елдерінде инклюзивті білім берудің пайда болуымен оны жүзеге асыруға ықпалын тигізеді. Демек, оларда арнайы білім беру жүйесінің болуымен, жалпы білім беру мекемелеріне арнайы білім беру жүйесін енгізу, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға максималды қолжетерліктей қалалық инфроқұрылымын құруға мүмкіндіктері бар екенін сөзсіз айтуға болады. 1975 жылы АҚШ мемлекетті барлық анамольды балалардың «интеграциялық білім алуы» туралы Заң қабылданды. Бұл өте ұзақ және күрделі үрдіс болды. Демек, қоғамның оңашаланған (сегрецияланған) мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың қоғамға енгізуін мойындау мен қолдау. Демократиялық тенденцияның әрі қарай бұл бағыт бойынша дамуы тек интеграциялық идеяны ғана емес сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларға қарасты өзекті мәселелерді және «ортақ топта» (mainstriming) оқытуға бағытталған арнайы білім беруге сәйкес интеграциялық үрдістің дамуына септігін тигізді.
АҚШ пен Еуропаның білім беру жүйесінде бірнеше амал-тәсілдер дамыды: мэйнстриминг, интеграция, инклюзия.
Мэйнстриминг білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар мерекелік шараларда, бос уақыттарына арналған әртүрлі бағдарламалар арқылы құрбы құрдастарымен қарым-қатынас жасайды.
Интеграция білім беру жүйесінің баланың психологиялық, дене дамуындағы ауытқуына сәйкес өзгертілмей, оларға қажетті жағдайлардың жасалмауы.
Инклюзия – бұл барлық балалардың қажеттілігі мен мүмкіндігіне сәйкес мектеп бағдарламаларының қайта жоспарлауы мен қалыптасуы.
1970 ж. американдық E.N.Deno осыған ұқсас «Модель», «Каскад» (см. Deno E.N. “Spezial Education as Developmental Capital” //Exceptional Children, 1970, № 37, 229-237) концепцияны ұсынды. «Каскад» ұғымы мүмкіндігі шектеулі балалардың «ортақ ағынның» ішінен аз деңгейде шығуы ретінде әлеуметтік-педагогикалық шараларды қолдау жүйесі болып табылады («mainstream»). Бұл ұғымды ХХ ғасырдың 90 жылдары біздің елімізде кеңінен қолданып жүрген кезде, АҚШ «инклюзия» деген жаңа ұғымды қолданды.
Батыс еуропа елдерінен кейін ең бірінші 1975 жылы интеграция ұғымын өз елінде құқықтық 94-142 негізгі заңды қабылдайды (The Education for all Handicapped Children Act). ХХ ғасырдың 70-80 жылдары АҚШ-тың жалпы мектептеріне инклюзивті енгізуде көптеген қиындықтар және өзекті мәселелермен қақтығысқа түсті. Сол уақытта жүргізілген жұмыстың қорытындысы жалпы мектептің мұғалімдерінің жаңа түрдегі кәсіптік қызметке дайын емес екендігін көрсетті.
ХХ ғасырдың екінші жартысында еуропаның басқа елдерінде де білім беруге интеграциялық жүйені енгізу өзекті мәселе болып табылды. Демек, жалпы мектепке арнайы мектептегі ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңайлықпен көшіру және әкімшілік шешімдердің әдістерімен нормаланған және интеграцияланған білім беру бағдарламасы бір күннің ішінде енгізілмейтіні айқындалды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы мектепке ауысу үшін түбегейлі және ұзақ уақыт, ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысқа жалпы мектеп мұғалімдерінің дайындығының сәйкес келуі,оқу жоспарларын түрлендірулердің ұтымды әдістердің табылуы, барлық балалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және бірлестік қажеттіліктеріне сәйкес оқу процесіне қатыса алатындай дидактикалық құралдарды, жаңа әдістемелік тұғырларды, тәсілдерді құрастыру қажет.
ХХ ғасырдың 80 жылдарында АҚШ-тың жалпы мектептегі әдістемелік және дидактикалық, ұйымдастырушылығының маңыздылығы білім беру жүйесіндегі педагогика ғылымында интеграция «дұрыс» терминологиясының орынына біріктіріп оқытудың жағдаяттың таңбалаушы жаңа ұғымның пайда болуы мен оны қолдануға (түзетуге) септігін тигізді: inclusion – бұл жаңа халықаралық құжаттардың арқасында бүкіл әлемге түбегейлі таралып барлық дамыған елдер үшін басқарушы қызметі ретінде қалыптасты.
1994 жылы Испания мемлекетінде Саламанка қаласында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың білім алуына «Саламандық декларациясы» қабылданған. Бұл құжатты Дүниежүзінің барлық мемлекеттері ат салысты. Аталмыш құжатта барлық адамдардың білім алуына тең құқылы екендігі жайлы, ерекше қажетттілігі бар тұлғаларға арнайы білім алуына арнайы жағдайлармен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтылған. Олар:
әр баланың білім алуы мен оны жалғастыруға;
білім алуында ерекше қажеттілігі бар тұлғалардың жалпы мектептерде оқуға;
инклюзивті білімді ұйымдастыру бағыттында жалпы мектептерде дискриминациялық көзқарастарды алдын-алу, жою туралы;
жалпы мектептерде инклюзивті білімді ұйымдастыру;
арнайы білім беру бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу т.б.
И.Никитина «интеграция» ұғымы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамның құқылы мүшесі ретінде барлық қоғам өмірлеріне енгізу процесі ретінде, яғни оқуды, ғылымды, мәдениетті, экономиканы игеру деген анықтама бере отырып интеграциялық оқыту мен инклюзивті білім берудің мақсатын ажыратып көрсеткен.
Интеграциялық оқытудың мақсаты - білім беру аумағында жұмыс жасайтын әлеуметтік және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын сақтау қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.
Ал инклюзивті білім беру – әлеуметтік қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес оқытудағы білім беру шарттарын ұсыну және қол жетерлік сапалы білім алу. Сонымен қатар автор екі модельдің мақсатқа жетудің әдістері мен айырмашылықтарын ерекшелеген. Бірлесіп оқыту ұжым шартына сәйкес дамуында ауытқуы бар бала мен мұғалімнің (негізгі немесе көмекші) нақтыланған жұмыс жасауы.
Дегенімен, қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытуды білдірудің синонимі ретінде мамандардың жиі қолданатын «инклюзивті білім беру» мен «интеграциялық оқытудың» мәнді айырмашылықтары бар. Инклюзивті білім беру мен интеграциялық оқытудың айырмашылықтарының критерилерін отандық зерттеушілері де Р.А.Сүлейменова, А.А.Байтурсынова анықтап көрсетті.
Авторлар интеграциялық оқытудың мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру жүйесінің аумағында әлеуметтік және білім алуындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру деп түсіндіреді. Ал әр баланың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес сапалы білім алу және әлеуметтік мұқтаждығын қамтамасыз ету – инклюзивті білім беру жүйесіне жүктеледі. Авторлар сондай-ақ екі модельдің мақсатына жетуде қолданылатын амал-тәсілдерінің де айырмашылықтарын көрсеткен. Біріктіріп оқыту – мұғалімнің (негізгі немесе көмекші мектеп) дамуында ауытқуы бар балалармен ұжым жағдайында нақты жұмыс жасау.
Интеграциялық оқытуда - қалыпты деңгейде дамыған балалардың деңгейіне арналған оқу бағдарламасын меңгере алатын мүмкіндігі шектеулі балалар топтарын таңдап алынатын стратегия болып табылады.
Инклюзивті оқыту – оқу мекемелерінің құрылымы мен оқу бағдарламасының балалар деңгейіне қарай өзгертуді талап етеді. Инклюзивті білім беруді енгізу – мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және білім берудегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға, білім беру ортасына бейімделуге және тосқауылдарды жоюға септігін тигізеді.
4. Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық базасы
Қазақстан Республикасының арнайы білім беру жүйесі 90-шы жылдарда мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімделуін жетілдіру мақсатында халықаралық құқықтық актілер қабылданды, олар “Бала құқықтары туралы Конвенция” (1989) және “Мүгедектердің құқықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету туралы ережелер” (1993), білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және жағдайын реттеу үшін “Саламандық декларация” (1994).
Саламандық декларацияда (1994) «инклюзия» - бұл білім беруді дамытудағы басты бағыт деп есептеген.
«Қазақстан Республикасының балалар құқығы» туралы заңы ҚР-ның Конституциясында қарастырылған баланың қызығушылығы мен негізгі құқықтарын жүзеге асырумен байланысты қатынастарды реттейді. Заңға сәйкес барлық балалар шығу тегі, нәсіліне және ұлтына, әлеуметтік және тұрмыстық жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, діни қатынасына, тұрғылықты жеріне, денсаулық күйіне және басқа да жағдаятарға қарамастан тең құқыққа ие.
2007 жылы қабылданған мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияда үздіксіз сапалы тұрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға құқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген. Қазақстанда мүмкіндігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тексерулерді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында, «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектелген балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы», Қазақстан Республикасында «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында бекітілген.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді Мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты мәселелерді шешу жолдары айқын көрініс тапты.
5. Дүниежүзіндегі инклюзивті білім беру жүйесінің нормативтік-құқықтық құжаттар
БҰҰ-ның қабылдаған Уставына және Адам құқығы туралы жалпы декларацияға сай мүмкіндігі шектеулі тұлғалар белгіленген нормативтік құжаттар негізінде өздерінің азаматтық, саяси, әлеуметтік, мәдени құқықтарын жүзеге асырып, өзге адамдармен қатар өздерінің еркіндігі мен бостандығын сақтай алады.
1989 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблеяда Бала құқығы туралы конфенция қабылданып, баланың мүмкіндігін әлемдік деңгейде сақтай білу, оны дамытудың қажеттілігі қабылданды. Конвенцияның негізгі мақсаты - максималды түрде баланың қызығушылығын сақтау. Конвенцияның ережелері маңызды төрт талап негізінде (өмір сүруге қабілеттілік, даму, қорғау, қоғамдағы белсенді өмір сүруін қамтамасыз ету) қарастырылды. Конвенцияның 23-ші бабында «мүмкіндігі шектеулі баланың өмір сүруіне жағдай жасау» туралы мәселелер көтеріледі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы, кәсіби еңбекке дайындығы, оларға медициналық көмек көрсету, денсаулығын нығайтудағы қажеттіліктердің қанағаттандырылуы туралы баса айтылады.
1975 жылы БҰҰ Ассамблеясында қабылданған мүгедектердің құқығы туралы Декларация мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың азаматтық және саяси теңдігін сақтауға негіз болады. Сонымен қатар олар өздерінің қоғамдағы интеграциялану мүмкіндіктерін қабылдау үшін максималды түрдегі арнаулы көмек түрлерін қабылдауға құқылы.
БҰҰ қабылдаған ақыл-ой дамуы кешеуілдеген тұлғалардың құқығын қорғау Декларациясы (1971) аталған категорияларға жататын тұлғалардың өмір сүру мүмкіндіктеріне түбегейлі өзгерістер енгізуге бағытталған.
6. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы коррекциялық қолдаудың заманауи жүйесі
Қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету – педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе инклюзивті білім беру туралы ай- туда. (Д.Митчелл – профессор, Жаңа Зеландия, 1997ж.) Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықта білім беру саясатындағы басымдылық сая- саты дәл осы инклюзивті білім беру принциптеріне негізделеді. Дегенмен инклюзивті білім беруді енгізу бойынша әр елдің қайталанбас ерекшеліктеріне байланысты барлық мемлекет үшін қолданылатын нақты әдістемелер мен нұсқаулықтар жоқ, инклюзивті үрдістерді дамыту тәжірибесі оның дұрыс бейімделу барысында оларды пайдалану үшін маңызды болып табылады. Тәжірибені біздің елімізде оқыту 2000 жылы «Мүмкіндігі шектеулі балаларға базалық білім беруге көмек» Қазақстан Респулбикасының Үкіметі және ЮНЕСКО-мен бірігіп САТР Орталығымен Пилотты жобаны жүзеге асыру барысында басталды. Осы жобаның арқасында «инклюзивті білім беру» түсінігі орнықты енді. Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси құрылымының өзгеруі, БҰҰ дүниежүзілік құқықтық құжаттарымен сәйкес қоғамды демократияландыруға бағытталған іс-шаралар өткізу мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, соның ішінде балаларға білім беруіне мемлекет пен қоғамның қатынасы жаңа ұстанымның қалыптасуына ықпал етті. Білім беру саласындағы мемлекет саясаты Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің радикалдық өзгеруіне бағытталған. Оның расталуы соңғы жылдары еліміздің Үкіметімен мүгедектер мен денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін білім беруге тең құқылықты кепілдемелікті қарастыратын халықаралық нормаларға сай республикамызда білім беру жүйесін реттейтін нормативті-құқықтық актілер мен бірқатар заңдардың қабылдануы болып табылады. Қазақстан Республикасының бірыңғай білім беру кеңістігін құруға көшуі БҰҰ Де- кларациясында, «Бала құқықтары туралы конвенция», «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2010-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында бекітілген тұлғаның құндылықтары туралы адамгершілік идеяларымен сәйкес педагогикалық білім беру мазмұнын жаңартуды қажет ететіндігін ескертеді. Әсіресе бұл мектепке дейінгі тәрбиеге қатысты. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесін модернизациялау барлық балалардың сапалы, мек- тепке дейінгі білім берумен қамту сұранысын көрсететін, жаңа мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ҚР МЖБС 1. 001 – 2001, бағдарламаларын енгізумен қарастырылады. Ұлттық білім беру жүйесін жүзеге асыру кез-келген мектепке дейінгі ұйымда, мектепте, мүгедек-балалар мен денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалармен табысты әлеуметтендіру қамтамасыз етіледі деп жорамалдайды. Бүгін де білім беру үрдісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды түгелдей қосу аталып өтуде, сондықтан мектептік және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары арнайы педагогтар мен біріктіріп оқытатын педагогтардың аса қажет екендігінен қауіптенеді. Ерекше назарды тәрбиешілер даярлауға аудару қажет, өйткені ол қалыпты топқа қарағанда инклюзивті топта балаларға одан да зор ықпалға иеленеді. Заманауи тәрбиешіге инклюзивті топпен тиімді жұмыс істеу үшін қосымша құзіреттіліктер қажет: балаға байқау жүргізуді, оның дамуының жеке жоспарын түзете білу; балалармен әріптестік дағдыларын меңгеру: ұйымдастыруға көмек көрсете оты- рып, олардың белсенділігін арттыруға жағдай жасай отырып ойындық өзара әрекетін дамытуға белгісіз бола отырып балаларға көмектесу; мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, сонымен қатар балалардың бірлескен ойын әрекетіне жағдай жасайтын әртүрлі, «мазмұнды» пәндік орта құра білу; Ерекше сұранысты қажет ететін балаларға білім беру кез- келген ел үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Бұл – әркім өз әрекетінің қажеттігі мен қатыстылығын сезіне білетін шын мәніндегі инклюзивті қоғам құруға қажетті шарт. Біз әрбір балаға оның сұранысы мен басқа да жағдайларына тәуелсіз, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға, қоғамға пайда әкелуге және оның толық қанды мүшесі болуға мүмкіндік беруге міндеттіміз. Дэвид Бланкет Информационно-методический журнал 13 бірлескен әрекеттің түрлерін ұйымдастыру арқылы топтық ортақтық құру; ата-аналармен қызметтестікті құру
ССРО кезіндегі арнайы білім берудің жетістіктері
8. ССРО кезіндегі арнайы білім берудің жетіспеушіліктері – екеуіне бір
Ресей. 1991 жылдың күзінен бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996 жылының 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы (коррекциялық) педагогиканың негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді. Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер; «Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту. Швеция. Бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан.
Мүмкіндігі шектелуі балаларлың білім алуындағы инклюзивті білім берудің типтері
Типтерін таппадық мынау формалары мен модельдері
Ерекше білімді қажет ететінбалаларды жалпыға білім беру кеңістігіне жай ғана физикалық қосу инклюзивті білім беру болып табылмайды. ҚР-ң инклюзивті білім беру концепциясы білім беру мекемесінің түрі мен мүмкіндіктеріне байланысты интеграциялаудың әр түрлі модельдері мен түрлерін қолдануды қарастырады. Бұл жағдай түрлі топтардағы балаларды біріктіріп оқытудың жағымды жақтарын іске асыруға жол ашады. Инклюзивті бағыттың интегративтіден айырмашылығы - инклюзивті білім беруде жалпыға білім беру мектептерінде ерекше білімді қажет ететін балалар мен олардың ата-аналарына қарым-қатынас өзгереді. Білім беру идеологиясы оқу процесі мен білім берудің тәрбиелік мәнін күшейтіп, ізгілендіру бағытында өзгереді.
Интеграциялық оқытудың бірнеше түрлері мен қалыптары бар.
Толық интеграция – қандай да бұзылыс түрі бар балыны қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалармен бірге мектепке дейінгі топтарда, сыныптарда оқыту. Толық интеграция психофизикалық және тілдік дамуы жасерекшелік деңгейіне сәйкес немесе жақын, және де балалардың қалыпты құрбыларымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын жағдайында іске асырылуы мүмкін.
Тұрақты, бірақ толық емес интеграция – ерекше білімді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балалар мен оқушыларға да пайдалы бола алады. Ол, психофизикалық дамуы жасерекшелік деңгейі қалыптыдан сәл төмен, жүйелі және түзету көмегін қажет ететін, бірақ бірқатар пәндер аймағында қалыпты дамыған құрбыларымен бірге оқи алатын, олармен сыныптан тыс уақыттың көп мөлшерін өткізетін балалар үшін нәтижелі болады.
«Жартылай» интеграция – қалыпты дамудағы құрбыларымен қажетті іскерліктер мен дағдылардың аз ғана мөлшерін меңгере алатын, сыныптан тыс уақыттың аз ғана мөлшерін балалармен өткізе алатын балалармен нәтижелі жүргізіледі.
Тұрақты, толық емес интеграцияның маңыздылығы мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты деңгейдегі құрбыларымен қарым-қатынасын кеңейтумен анықталады. Жартылай интеграция қалыпты және арнайы топтары бар аралас типті мектепке дейінгі мекемелерде, сонымен қатар даму ауытқушылықтары бар балаларға ашылған арнайы сыныптары бар жалпыға білім беру мектептерінде жүргізіле алады.
Уақытша интеграцияда арнайы топтың немесе сыныптың тәрбиеленушілері жеткен жетістік деңгейлеріне қарамастан қалыпты деңгейде дамитын құрбыларымен айына 2 реттен кем емес тәрбиелік мәнді іс-шараларды бірге өткізуге кездеседі.
Уақытша интеграцияның мағыналылығы мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты деңгейлі құрбыларымен қарым-қатынасқа түсудің алғашқы тәжірибесін меңгеруге жағдай жасаумен анықталады.
Эпизодтық интеграция моделі -ерекше білімді қажет ететін балалармен қалыпты деңгейлі балаларды біріктіріп оқыту мен тәрбиелеу жұмысын жүйелі жүргізуге жағдайы жасалмаған арнайы мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына арналған. Эпизодтық интеграцияның мағынасы болып анық күрделі даму бұзылыстары бар балалардың құрдастарымен аз ғана мөлшерде болса да өзара байланысқа түсуін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі балалар оқытылатын арнайы (түзету) мекеме жағдайында қалыптасатын әлеуметтік қарым-қатынастағы объективті шектеулерден асу табылады. Сонымен бірге, бұл жағдайды инклюзивті білім беру деп атауға болмайды.
Сонымен, интеграция модельдерін қарастыру арқылы ерекше білімді қажет ететінбалаларды интеграциялық оқытудың түрлері анықталады:
1) аралас түрлі интеграциялық оқыту – даму бұзылысы бар оқушы қалыпты деңгейлі құрбыларымен бір сыныпта оқиды, және де дефектолог–мұғалімнің, логопедтің, психологтың жүйелендірілген көмегін алады.
2) Жартылай – даму бұзылыстары бар оқушылар қалыпты деңгейлі құрбыларымен қатар білім беру бағдарламасын меңгере алмайды; бұл жағдайда олар жарты күнді арнайы сыныпта, басқа жыртысын қалыпты сыныпта өткізеді.
3) Уақытша – арнайы сыныптарда оқитын балалар қалыпты сыныптардағы оқушылармен айына 2 реттен кем емес бірге серуендеуде, мерекелерде, жарыстарда, тәрбиелік мәнді іс-шаралар өткізуде кездеседі.
4) Толық түрдегі интеграциялық оқыту – даму бұзылыстары бар 1-2 бала балабақшаның қалыпты топтарына немесе сыныптарға қосылады (тілдік бұзылыстары бар балалар, нашар көретіндер немесе кохлеарлы имплантанттары бар балалар); бұл балалар психофизикалық, тілдік даму деңгейлері бойынша жасерекшелік көрсеткіштеріне сай және де қалыпты деңгейлі құрдастарымен бірге оқуға психологиялық тұрғыдан дайын; түзету көмегімен олар оқытылатын орындарында қамтылады.
Инклюзивті білім берудің басқару ұйымдастырушылық аспектілері
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді Мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты мәселелерді шешу жолдары айқын көрініс тапты. Олар төмендегідей:
Арнайы білім беру ұйымдарын, түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерін, арнайы балабақша және мектеп, ата-аналарға кеңес беру пунктерін сақтай және кеңейте отырып ерте жастан түзете-педагогикалық қолдау көрсету.
Білім беру жүйесінде білім алуға мүмкіндігі жоқ, үй жағдайында білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және жеке бағдарлама құрастыру.
Мұғалімдердің қазіргі таңдағы жаңа технологиялық құралдармен жұмыс жасау біліктілігін арттыруда және жаңа білім беру жүйесінде кәсіби құзыреттілігін дамытуда қайта даярлану мен арнайы курстардан өткізу.
Балабақша және жалпы білім беру мекелерінде мүмкіндігі шектеулі әр балаға «тосқауылсыз» жағдай мен ортаны құру.

11. Инклюзивті білім беру идеясының негізгі принциптері


15. Инклюзивті білім беру жүйеде жұмыс жасайтын педагогтың негізгі қағидалары екеуіне бір жауап
Адамның құндылығы оның мүмкіндіктерімен жетістіктеріне тәуелді емес;
Әрбір адам сезе және ойлай алады;
Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы және тыңдалуға құқықылы;
Барлық адамдар өз құрдастарының қолдауы мен достығын қажеттенеді;
Әр түрлілік адам өмірінің барлық жақтарын дамытады;
Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж;
Барлық оқушылар үшін прогресс жетістігі олардың білгенінде;
Нағыз білім беру тек шынайы өзара қарым-қатынас контексінде болып жүзеге асырылады.
12. Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагогтың құзыреттілігіне сипаттама
Р.П.Дименштейн, П.Ю.Кантор, И.В.Ларикованың көзқарасы бойынша мұғалімнің сыныпқа енгізілген психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баламен жұмыс жасап, түрлі категориядағы балаға оқу материалын түсіндіру мен туындаған проблеманы шешуге қабілетті болғанда ғана жоғары бағаланатынын айтқан. Сондықтан да түрлі деңгейдегі балаларды біріктіріп оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибенің жемісті болуы мұғалімнің құзыреттілік деңгейімен байланысты. Бұл біріктіріп оқыту жүйесінде мұғалімнің жұмыс жасай алу қабілеттілігін жоғарлату үшін педагогикалық кадрлардың қайта даярлануы мен біліктілігін көтеру курстарынан өтуін талап етеді.
Мүмкіндігі шектеулі бала дамуының алуантүрлігін ескере отырып, жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдерінің арнайы педагогика мен психология, коррекциялық педагогика, валеология бойынша білімдерінің болуы маңызды рөл атқарады. Жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің көбіне оқытудың көрнекілік және дамытушылық сипаттағы жеке және әр түрлі амалдардың дидактикалық үрдістерін талапқа сәйкес жүзеге асырудың түзете оқу-тәрбие жұмысының амалдарын меңгеруді және сабақты беру әдістемесінің негізгі ережелерін қайта қарастыру қажет. Жалпы білім беру жүйесіндегі мұғалімдерге арнайы педагогика мен психология саласында ағартушылық жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігінің нәтижелері көптеген зерттеу жұмыстарында дәлелденген. Зерттеушілердің жұмыстарында жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің психикалық дамуы тежелген және жеңіл деңгейдегі ақыл-ойы кем балалармен қатар мінез-құлқында ауытқушылығы бар қалыпты деңгейде дамыған баламен жұмыс жасауға дайын еместігін көрсеткен.
Жалпы білім беру жүйесіндегі мұғалімдерді қайта даярлау кезінде инклюзивті білім берудің әлеуметтік-психологиялық аспектісіне ерекше көңіл бөлу қажет, өйткені дамуында ауытқуы бар баланың білім беру жүйесіне кіріктіруде сыныптың, топтың әлеуметтік және психологиялық қалпы өзгереді. Бұл оқыту барысында қарама-қайшылық пен конфликтінің, күйзелістің және психотравмалық жағдаяттардың туындауына жол бермеу үшін мұғалім алдын алу шараларын ұйымдастыру немесе дұрыс шешім қабылдай алуы қажет. Дегенмен, әр мұғалім дамуында ауытқуы бар баламен қандай қарым-қатынаста болуын дербес анықтап шешуі керек:
адамгершілік таныту, яғни барлығына теңдей қарау, немесе ақылсыз және санасыз ретінде қабылдап, қалыпты деңгейдегі баладан төмендету;
баланың өз күшіне сенуге сендіру, әр баланың даму деңгейі бар екеніне және одан асып түсуге қажет еместігіне сендіру немесе ішкі сезімінің потенциалын жоғарлату.
Қазақстандық зерттеушілерде инклюзивті білім беру жүйесінде мұғалімнің дайындық деңгейі маңызды рөл атқаратынын көрсеткен. А.А.Айдарбекова жалпы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі баланың жемісті оқыту мен тәрбиеленуі көбінесе мекеме басшыларының құзыреттілігіне, жалпы білім беру мекемедегі педагогикалық кадрлардың дайындық деңгейіне тәуелді деп санайды. Ол үшін білім алуында ерекше қажеттілігі бар баланың білім алып жатқан жалпы білім беру жүйесіне қосымша штаттық мұғалімдердің - арнайы психолог, арнайы педагог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед), әлеуметтік педагог кіріктірілуі керек екенін айтқан.
Қорыта келгенде, жалпы білім беру мекемелерінде барлық балалардың базалық білім алуы үшін мұғалім білім алуында ерекше қажеттілігі балаларға қажетті көмек көрсетудің білік пен дағдыны меңгеруі керек. Дегенімен, арнайы педагогтарды даярлау тек арнайы мекемелерінде жұмыс жасауға ғана емес, сонымен қатар қазіргі таңдағы жаңа типтегі мекемелерде жұмыс жасау біліктілігін дамытуға бағытталғаны жөн. Алайда, Отандық зерттеушілерінің жүргізген тәжірибелері Қазақстан республикасындағы жоғары оқу орындары базалық білімі бар арнайы педагогтармен қамтамасыз ету деңгейі жеткіліксіз екенін көрсеткен. Жалпы білім беру шартында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы көмек көрсету жүйесін құрудың негізгі қадамы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау тәжірибесі бар және арнайы білімі жоқ, бірақ өз еркімен жұмыс жасауға ниет білдірген мұғалімдерді қайта даярлау болып табылады.
13. Арнайы педагогтың құзыреттілігі
Жалпы білім беру мекемелеріне біріктіріп оқыту үрдісін белсенді жүргізу үшін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілуі қажет: мұғалім-дефектолог, тәрбиешілер, психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, емдік дене шынықтыру бойынша мамандар, еңбектерапевт, дәрігерлер (психоневролог, оториноларинголог, офтальмолог, кинезитерапевт). Психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баламен жұмыс жасаудың маманы ретінде арнайы педагогқа педагогикалық қолдау көрсету жүйесінде негізгі рөл жүктеледі. Жалпы білім беру шартында арнайы педагог қызметінің негізгі міндеті:
а) жалпы білім беру мекемелеріндегі тәрбиеші, қосымша қызметкер, мұғалім, оқушылар жағынан мүмкіндігі шектеулі балаларға оңды көзқарас құру;
б) психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баланың өзгешеліктерін түсінуге, оларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда мамандарға көмек көрсету;
в) жалпы білім беру жүйесіне кіріктірілген балаларды үй жағдайындағы педагогикалық мәселені тиімді шешуде ата-аналарға және қамқоршыларға кеңес беру;
г) біріктіріп оқытуға мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық дайындығын қалыптастыру, оларға қажетті көмек көрсетуді анықтау, баланың дамуын модельдеу бағдарламасы мен оқытудың мониторниг нәтижесі, түзете-дамытушылық сабақтарын жүргізу және ұйымдастыру.
О.Газман педагогикалық қолдау көрсету – баланың психикалық және дене дамуына байланысты жеке проблеманы шешуде балаға қолма-қол көмек көрсетуге бағытталған мамандардың қызметі деген анықтама береді.
Жалпы білім беру шартында арнайы педагог қызметінің ерекшелігін сызба түрінде көрсетуге болады.
Біріктіріп оқыту шартында арнайы педагог қызметінің бағыты
Арнайы педагог

Кеңес беру


Арнайы (түзете-дамытушылық) көмек көрсету
Жалпы мектепке кіріктірілген бала
Интеграциялық сыныптағы оқушылар
Ата-аналар және қамқоршылар
Қосымша мамандар
Мұғалім

Арнайы педагог жұмысының негізгі бағыттарының бірі – дамуында ауытқуы бар баланың ата-анасымен тығыз қарым-қатынаста болу. Баланы оңалту мен кіріктіру бағдарламасын жүзеге асыруда ата-ана мен отбасы серіктес ретінде қарастылуы қажет. Сондықтан да мүмкіндігі шектеулі баланы кіріктірудегі кешенді бағдарламада отбасының әлеуметтік-интеграциялық шараларды жүйелі орындау қатынастарын қалыптастыру үшін міндетті түрде ата-аналармен арнайы дайындық жұмыстары қарастырылады. Отбасы бала бойындағы әлеуетін ашуға және көтеруге көмектесу қажет: оңалту және кіріктіру. Қалыпты деңгейде дамыған баланың ата-анасы мұндай отбасымен қарым-қатынас жасаудан аулақ болады.Сол себептен арнайы педагогпен қатар барлық білім беру мекемелеріндегі мұғалімдер ұжымының негізгі міндеттерінің бірі – дамуында ауытқуы бар бала отбасының басқа да отбасылармен қарым-қатынас жасауын ұйымдастыру. Жоғарыдағы серіктестік қызметті жүзеге асыру үшін мектепте ата-аналар үшін арнайы клубтар, мектептік іс-шараларға қатыстыруға көмек көрсететін арнайы топтар ұйымдастырылуы мүмкін. Сонымен қатар ата-аналарға кеңес беретін арнайы психологтар жұмыс жасау қажет. Қалыпты деңгейдегі және мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналармен әңгемелесу, дөңгелек үстел және тренингтер, арнайы дәрістер ұйымдастыру.


Арнайы педагог сабақты жүргізумен қатар мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу үрдісіне белсенді қатысады. Тәрбие педагогикалық үрдістің бір бөлігі болып жеке тұлғаның даму ерешеліктерін, өмір стратегиясын анықтайды. Тәрбиенің экзистенциальды және әлеуметтік құндылығы жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру бойынша алуантүрлі қызметін қалыптастыруға ынталандыру мен ұйымдастыру үрдісін жүзеге асырады: білім, тәжірибелік білік пен дағды, әлеуметтік қатынасты жоғарлататын шығармашылық әрекет амалы. Сондықтан да дамуында ауытқуы бар баланы мектеп ішіндегі түрлі тәрбиелік үрдіспен қатар сыныптан тыс жұмыстарға қатыстыру қажет.
Р.П.Дименштейн, П.Ю.Кантор, И.В.Ларикованың көзқарасы бойынша мұғалімнің сыныпқа енгізілген психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баламен жұмыс жасап, түрлі категориядағы балаға оқу материалын түсіндіру мен туындаған проблеманы шешуге қабілетті болғанда ғана жоғары бағаланатынын айтқан. Сондықтан да түрлі деңгейдегі балаларды біріктіріп оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибенің жемісті болуы мұғалімнің құзыреттілік деңгейімен байланысты. Бұл біріктіріп оқыту жүйесінде мұғалімнің жұмыс жасай алу қабілеттілігін жоғарлату үшін педагогикалық кадрлардың қайта даярлануы мен біліктілігін көтеру курстарынан өтуін талап етеді.
Мүмкіндігі шектеулі бала дамуының алуантүрлігін ескере отырып, жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдерінің арнайы педагогика мен психология, коррекциялық педагогика, валеология бойынша білімдерінің болуы маңызды рөл атқарады. Жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің көбіне оқытудың көрнекілік және дамытушылық сипаттағы жеке және әр түрлі амалдардың дидактикалық үрдістерін талапқа сәйкес жүзеге асырудың түзете оқу-тәрбие жұмысының амалдарын меңгеруді және сабақты беру әдістемесінің негізгі ережелерін қайта қарастыру қажет. Жалпы білім беру жүйесіндегі мұғалімдерге арнайы педагогика мен психология саласында ағартушылық жұмыстарын ұйымдастыру қажеттілігінің нәтижелері көптеген зерттеу жұмыстарында дәлелденген. Зерттеушілердің жұмыстарында жалпы білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің психикалық дамуы тежелген және жеңіл деңгейдегі ақыл-ойы кем балалармен қатар мінез-құлқында ауытқушылығы бар қалыпты деңгейде дамыған баламен жұмыс жасауға дайын еместігін көрсеткен.
14. Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж жүйесі
Медициналық - әлеуметтік педагогикалық патронаж (МӘПП)
Патронаж - дегеніміз балаға оның ата-анасы мен оқытушыларына ерекше кемек көрсету, баланың өмірін сақтау, қалпына келтіру, емдеу, арнайы оқыту, тәрбиелеу және коғамға бейімдеу мәселелерін шешу бағытында арнайы көмек түрі.
Медициналық - әлеуметтік педагогикалық патронаж (МӘПП) дамуында ауытқуы бар баланың отбасына әр түрлі мамандардың біріге отырып, кешенді оңалту көмек шараларын ұзақ мерзімде қолдануды қалайды.
Кешенді МӘПП психологиядық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік мекемелер мен және қызметтермен жүзеге асырылады. Аталмыш мекемелер мемлекеттік немесе жекеменшік (қоғамдық бірлестіктер, қайырымдылық орталықтар) болуы мүмкін және олар бір бірінің жұмыстарын толықтыра отырып, дамуында ауытқуы бар балалардың әлеуметтік кеңістікте бейімделудің әртүрлі жолдарын ұйымдастырады ол отбасына әлеуметтік қолдау көрсетудің ұзақ мерзімді шараларына бағытталған.
МӘПП-ң негізіне психологиялық-педагогикалық консультациялар (кеңестер), психологиялық-медициналық әлеуметтік орталықтар диагностикалық және оңалту орталықтары, логопедтік пункттер, ерте жастан көмек көрсету кабинеттері және үйде оқыту ұйымдары кіреді.
16. Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру дамуының стратегиясы
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және оны іске асыру стратегиялық жоспарларда мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру үдерісіне қосу механизмі нақты белгіленген, олар үшін қолжетімді ортамен қамсыздандыру талаптары анықталған. Құжаттарға сәйкес 2020 жылы жалпы білім беру мектептерінің 70%-ында инклюзивтік білім беруге арналған жағдайлар жасалуға тиісті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 07.12.2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді қарастырады.Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
- мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. 3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалу міндеті (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің,арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) алға қойылған.Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету сияқты істері жүзеге асырылмақшы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы.
Қазіргі уақытта дамуында ақауы бар балалар саны артып отыр. Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдіруде. Инклюзивті білім беру ерекше балаға білім беру саясатының негізгі құралы. Инклюзивті білім беру – сау балалармен бірге жалпы білім беру мектептерде немесе арнайы құрастырған топтарда, сыныптарда дамуда мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту .Инклюзивтің басты мақсаты-мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру ғана емес, ол «барлығы үшін бір мектеп» мақсатын көздейді.Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады.Бүгінгі таңда іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, елімізге мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің ұлттық бағдарламасын жасау қажет.Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы мекемелерде оқытылатындықтан, олар өзге балалардан бөлектенген.Бұл мекемелерде көбінесе медициналық әдістемелер қолданылады. Қазақстанда қазір оларда бір жағынан кемістік болғанымен, екінші жағынан олардың да дені сау екендігін түсіндіріп, оларды дені сау балалармен қатар, жалпы ортаға бейімдеу керек. Тек олардың сырқаты мен өзгешеліктерін ескере отырып, жай мектептің оқу бағдарламасына кіріктірген жөн.Ол үшін мемлекеттік деңгейде стратегиялық реформа жүргізу керек. Мемлекеттік деңгейде мектептерге және мектепке дейінгі ұйымдарға жаңа стандарттар енгізіліп, жүйе өзгертілгеннен соң ғана құрал-жабдықтар, ғимараттар бейімделеді.
2015 жылға дейін инклюзивтік білім беру мен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25 пайызын қамту көзделсе, инклюзивті білімге жағдай жасаған мектеп үлесін 30-ға жеткізу керек.Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл баланың өзін –өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына,өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады.Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай , ата- анасынан алшақтамай,яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, тұрғылықты жерде білім алып, қоғаммен біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата –анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып,жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады.
17. Инклюзивті білім беру дамуының өзекті мәселелері
Мүмкіндігі шектеулі баланың басты проблемасы - қоршаған ортамен байланысының болмауы, құрдастарымен қарым-қатынас жасауының жиілігімен, табиғатпен қарым-қатынасының шектеушілігі, мәдени құндылықтарының қолжетімді болмауы, кейбір уақытта білім алуға мүмкіндіктерінің болмауы болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудың жеткіліксіздігі оңашалауға және толыққанды дамымауына әкеп соғады. А.Р.Малер бұл қиындықтардың туындаудың себебі әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынас жасау үрдісі баланың талаптарына сәйкес келмеуімен және қарым-қатынас жасауға дайындығының болмауымен түсіндіріледі. Нәтижесінде қалыпты деңгейдегі әлеуметтік қатынастан тысқары қалады, сол себептен әлеуметтік көмек көрсетуді мұқтаж етеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеру, қоғамдық қатынастың жүйесіне енгізу қоғамнан қосымша шаралар, құралдар мен күштерді талап етеді: (олар арнайы бағдарламалар, оңалту бойынша арнайы орталықтар болуы мүмкін). Әлеуметтік жұмысты баланы әлеуметтік ортаға бейімдеуге бағыттау қажет, егер де баланы қоғамға бейімдеуде кедергілер мен әлеуметтік маңызы бар байланыстар қалыптаспаса, онда мұндай жағдай да әлеуметтік оңалту – әлеумет пен баланың жоғалтқан байланысын қалпына келтіруге бағытталған арнайы шараларды ұйымдастыруға міндетті.
Білім алуында ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға кіріктіру мен еңбек қабілеттілігінің шектеушілігін Н.Н.Малофеев интеграцияның «қалыпты жағдайға ұмтылу» концепциясына негіздеген және оның негізгі ой түйіні - мүмкіндігі шектеулі баланың өмірі мен тұрмыстық жағдайы қоғамның өмір сүру стилі мен жағдайына жақын болуына негізделген. Н.Н.Малофеевтің жоғары да айтқан мәселелеріне қарай қорытынды жасауға болады:
1. Білім алуында ерекше қажеттілігі бар бала барлығына тән – дамуын ынталандыратын жағдайлар мен сүйіспеншілікке бөленуді талап ете алады;
2. Бала қалыпты деңгейде өмір сүретін қоғамдық өмірге жақын болуы қажет;
3. Баланың тиімді дамуында үй ең қолайлы орта болып табылады. Сондықтан да жергілікті өкімет білім алуында ерекше қажеттілігі бар баланың отбасында болуына қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді;
4. Барлық бала білім алады, демек дамуындағы ауытқушылықтың деңгейіне қарамастан, білім алуға мүмкіндік беріледі.
18. Инклюзивті білім беру дамуының себептері
19. Инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналармен жұмыс істеу бағыттары
Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша: - баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере оты- рып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар ұсыныстарды даярлау; - оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып мұғалімнің оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу; - ата-аналармен жұмыс: - баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру; - ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау; - ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру; -ППҚ қызмет мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу.
Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В. А. Сухомлинский ата – анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден- бір фактор. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінде ата – аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
20. Инклюзивті білім беру жүйесін кадр мәселесімен қамтамасыз ету
21. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру мекеменің басқарушылық-ұйымдастырушылық өзгешеліктері
22. Ерекше білім алуды қажет ететін балалардың диагностикасы
I. Диагностикалық бағыт: - баланы алғашқы дефектологиялық тексеру -баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау -баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау -оқушының жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу - жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау -компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу -баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу.
Сонымен диагностика мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
Баланы алғашқы тексеру.
Баланы динамикалық тексеру -оқыту процесінде оқушының даму деңгейіне таңдалған оқытудың түрі, әдістері мен тәсілдердің сәйкестігін анықтау, баланың даму динамикасын бақылап отыру мақсатында жүргізіледі. Динамикалық тексеру жылына екі рет жүргізіледі. Кезеңдік диагностика- бұл диагностиканың түрі баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқутанымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
Ағымдық диагностика – бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан (психолог, логопед, сынып жетекшісі, пән бойынша ұстаздардың) сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі.
23. Жалпы білім беру мекеме мен инклюзивті білім беру статусына ие болуына қажетті талаптар
24. Инклюзивті білім беру мекеменің ұйымдастырылуына қойылатын талаптар
Жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті үдерісті ұйымдастыру дегеніміз инклюзивті тәжірибені жүзеге асыратын әр түрлі ұйымдардың пәнаралық өзара әрекеттестігінің көпдеңгейлі бір-біріне бағынышты жүйе болып табылады. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық жұмысты кең мағынада қарастыру керек, себебі, міндетті түрде оның адресаты тек балалар ғана емес, педагогтар, ата-аналар және олармен байланысатын басқа да ересектер болады. Сәйкесінше, білім беру ұйымы дамуының спецификалық міндеттеріне байланысты педагогтар мен мамандар жұмысының ортақ мақсаты жасының, білім алу және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін балалар мен білім беру үдерісінің басқа қатысушыларын психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу жүйесін жасау болып табылады. Инклюзивті білім беру мекемесінде психологиялық-педагогикалық ұйымдастыру – бұл, ең алдымен, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың актуалды жағдайы және жақын даму перспективалары тұрғысынан баланың психологиялық-педагогикалық статусын жүйелі түрде қадағалау, балаларды нәтижелі оқыту мен дамыту, нақты бір баланың оқыту, сөйлесу психикалық күйінің проблемаларын шешу үшін әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау. Сонымен қатар, жалпы білім беретін үдерісте даму мүмкіндігі шектеулі балаларды нәтижелі педагогикалық қолдау, оларды қоғамда әлеуметтендіру білім беру үдерісіне қатысушылардың, ең алдымен, мектеп мұғалімдерінің даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеуге қажетті білім мен құзыреттілік болған жағдайда ғана жүзеге асады. Жалпы білім беретін үдерісте даму мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу барысында әр түрлі мамандар мен мектеп мұғалімдерінің өзара әрекеттестігінің спецификасы болып білім беру үдерісіне барлық қатысушылардың мұғалім-дефектологтың жетекшілігімен өзара тығыз әрекеттесуі және білім беру, тәрбиелеу мен түзету міндеттерін бірігіп шешу болып табылады.
25. Мүмкіндігі шектеулі баланың инклюзивті білім беру мекемеге орналасу кезеңдері, талаптары.
Ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу үшін келесідей жағдайлар жасалатын болады: - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте айқындау жүйесін құру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру жүйесін, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін, оңалту орталықтарын және 11 басқа да білім беру ұйымдарын, әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтауды дамыту арқылы уақтылы кешенді қолдау мен көмек көрсету; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың дағдыларын, оқу жетістіктерін және жалпы білім беру жүйесіне дайындық дәрежесін бақылау құралдарын әзірлеу; - жеке оқу бағдарламасын дайындау әдістемесін әзірлеу; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға арналған жоғары білім беру бағдарламаларын әзірлеу; - оқуды аяқтағаны туралы икемді деңгейлік құжат жасау (аттестат, диплом); - білім берудің барлық деңгейлерінде «кедергісіз» орта құру, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтау және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды білім берудің көмекші техникалық құралдарымен қамтамасыз ету; - жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды кешенді (әлеуметтік және медициналық-психологиялық- педагогикалық) қолдау қызметін ұйымдастыру; - арнайы білім беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әлеуетін қолдану арқылы инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету бойынша түрлі деңгейдегі ресурстық орталықтар жүйесін құру; - жалпы білім беру жүйесінде ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды ерте кәсіби бағдарлауға, мамандық алды және мамандыққа даярлауға арналған жағдайларды қамтамасыз ету; - инклюзивті білім беру процесіне ата-аналарды, сарапшылар қауымдастығын және қоғамдық ұйымдарды тарту. 2. Кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мыналарды қамтитын болады: - жоғары және кәсіби білім беретін барлық педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына арнайы пәндер қосу жолымен институттар мен колледждердегі барлық мұғалімдер мен тәрбиешілерді ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқытудың дағдылары мен тәсілдеріне даярлау және оқыту; - инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша жалпы білім беру ұйымдарындағы барлық басқарушы қызметкерлерді, педагогтарды және мамандарды (педагог-психологтарды, педагог-дефектологтарды, әлеуметтік педагогтарды) кезең-кезеңмен қайта даярлау; - инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін, ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс әдістерін, кемсітушілікті жою және жағымсыз жағдайларды шешу, адам құқығы негіздерін зерделеу дағдыларын арттыру. 3. Ғылыми және оқу-әдістемелік қолдау: - жалпы білім беру ортасына ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды 12 қосудың вариативті үлгілерін әзірлеу және эксперименттік түрде ендіру; - инклюзивті білім беруде инновациялық үлгілерді, оқыту әдістері мен технологияларды қолдану, халықаралық озық тәжірибені зерделеу және қолдану; - білім беру жүйесінде инклюзивтік процестердің тиімділік критерилерін әзірлеу; - оқушылар білімін бағалаудың икемді (бейімделген) критерилерін және инклюзивті білім беру жүйесінде қолданылатын икемді (бейімделген) жалпы білім беретін оқу бағдарламалар мен жалпы білім беру стандартын әзірлеу; - ерекше оқытуды қажет ететін білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жеке оқу бағдарламалар әзірлеу мен бағалаудың икемді критерилерін қолдану бойынша және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, әлеуметтік оңалту бойынша әдістемелік ұсынымдар, оқу-әдістемелік құралдар жасау. 4. Іске асыру кезеңдері Бірінші кезең - 2014-2015 жылдар - инклюзивті білім беруді дамытудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеу; - инклюзивті білім беру жүйесін дамытуды ресурстық қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін жетілдіру; - бастауыш білім мазмұнының жаңартылуын ескере отырып, ерекше оқытуды қажет ететін адамдарды жалпы білім беру ортасына қосудың вариативті модельдерін апробациялау бойынша экспериментальдық алаң – ресурстық орталықтар құру; - инклюзивті білім беру саласында әлеуметтік және қолданбалы зерттеулер жүргізу; - инклюзивті педагогика қағидаттарын және білім беру практикасына ендіру жүйесін әзірлеу; - ерте диагностикалау және ерте жастағы балаларды түзету-педагогикалық қолдау тәсілдері мен әдістерін әзірлеу; - мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін әзірлеу; - инклюзивті білім беруді ендіру мәселелері бойынша республикалық және өңірлік ғылыми-практикалық семинарлар өткізу; - медиажоспарларды, ақпараттық қолдауды және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастырудың кешенді бағдарламасын іске асыру. Екінші кезең– 2016- 2017 жылдар: - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды мектепке қабылдау дайындығын бағалау индикаторларын әзірлеу және ендіру; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне қосу модельдерін әзірлеу және апробациялау; - білім беру ортасын бейімдеу мен жеке жоспарларды, оқу 13 бағдарламаларды және ерекше оқытуды қажет ететін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың икемді жүйесін қосатын оқушыларды қолдау жүйесін құру; - оқу жоспарларына «Арнайы педагогика негіздері», «Инклюзивті білім беру» пәндерін қосу арқылы педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттырудың типтік оқу жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеу; - әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан оқушылар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру. Үшінші кезең - 2018-2020 жылдар: - барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің ұлттық модельдерін кешенді ендіру; - инклюзивті білім беру бағдарламаларын техникалық және кәсіби, жоғары білім беру деңгейлерінде жүзеге асыру; - алдағы уақытта жұмыспен қамтылуын ескере отырып мүмкіндіктері шектеулі адамдардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін ендіру. 5. Инклюзивті білім беруді мониторингілеу: - бірыңғай және сәйкес қағидаттар, сапалық және сандық көрсеткіштер мен тәртіп негізінде инклюзивті білім беруге мониторинг жүргізу және оның тиімділігін бағалау
26. Инклюзивті білім беру жағдайында білім беру мекеменің міндеттері мен мазмұны
Мақсаттары
-мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу.
-жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.
-балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;
- арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
Міндеті
- мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесі.
- ақпараттық-қатынастық технологиялар арқылы мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесін жетілдіру
- арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
Инклюзивті білім беру міндеттері: - инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі; - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын деркезінде қолдану; - білім беру модельдерінің бейімділігі және әр оқушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту; - еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы; - білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы; - кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет; - мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «тасымалдаушы проблема» болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктеріне әлеуметтік ықпал; - денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзете- дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы..
27. Инклюзивті білім беру жағдайындағы білім беру мекеменің материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесі
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету: - инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беретін метептердегі материалдық-техникалық базаны арнайы оқу-әдістемелік, техникалық көмекші компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету және қолжетімді «кедергісіз орта» құру есебінен нығайту механизмдерін игеруді; - білім беру ұйымдарын және жоғары оқу орындарын білім беру 10 бағдарламаларын меңгеру тиімділігін көтеретін көмекші техникалық құралдармен (тифло-, сурдо-және т.б. техникалар) қамтамасыз етуге және мүгедектерге арналған оқу кабинеттері мен аудиториялардағы арнайы орындардың болуына қойылатын талаптарды әзірлеуді көздейді.
28. Шет елдегі инлюзивті білім берудің тәжірибесі
29. Инклюзивті білім беру тарихының кезеңдері
Инклюзивті білім беру жүйесі өзіне орта, кәсіби және жоғары білім беру мекемелерін енгізеді. Оның мақсаты мүмкіндіктері шектелген жандардың білім алуы мен кәсіби даярлануына кедергісіз орта құрылуы болып табылады. Инклюзивті білім беру тарихының дамуында барлық интеграцияланған білім берудің даму тарихы инклюзивті білім беру концепциясының қалыптасуына әсер еткен деп айтуымызға болады.
Мүмкіндігі шектелген балалардың жүйелі оқытудағы алғашқы қадамдарының бірі Киев мемлекетінің құрылуынаң алғашқы кезеңдерінде байқалады. Ол ең алдымен Киев Русінің ХХ ғасырда христиан дінін қабылдауымен байланысты. 996 жылы шіркеуді кедей және кемтар жандарға қамқор жасауға міндеттейтін православиелік шіркеу Жарлық қабылданды.Осы топтағы балаларды оқыту мақсатында мекемелер ашылған. Аталмыш мекемелерге қабылданатын кедей және өзге де балалар арасында әртүрлі бұзылыстары бар балалардың болуы стихиялы педагогикалық интеграцияның алғашқы мысалдары жайында куәлік етеді. Ағарту дәуірі еуропалық жаһанданудың даму жолында білім беру тарихының жаңа кезеңін ашты. Осы кезеңде сенсорлық бұзылыстары бар балаларды емдеу мен оқыту мүмкіндіктері пайда болған. Балаларды жекелей оқытудағы жетістіктер арта түсті. 18 ғасыр интеграциялық және түзетушілік педагогика тарихына өз үлесін қосқан бірқатар жарқын тұлғалардың есімімен байланысты болды. 18 ғасырдың екінші жартысында жетім және мүгедек балаларды тәрбиелеумен айналысқан және сол арқылы өзінің алғашқы педагогикалық тәжірибелерінде оқыту мен тәрбиелеудің интеграциялық ықпалын зерттеген педагог – гуманисттің бірі И.Г.Песталоцци (1746 – 1827ж.ж.) болып табылады.
Осылайша, аталмыш кезеңде мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру мәселелері ғылыми жоба ретінде калыптасты. Ал оның тәжірибе жүзінде кеңінен іске асуы 19 ғасырдың 2 кезеңінен бастау алады және қосымша сабақтардың өткізілуінен, көмекші сыныптар мен мектептердің құрылуынан көрінеді. Скандинавиялық мемлекеттердің тәжірибелері қызықты болып табылады. 19 ғасырдың 90 жылдарында Норвегияда қалыпты мектептерде «арнайы» сыныптар ашыла бастаған, кейіннен олар арнайы мектептер деп бөлінген, мұнда қабілеттері төмен балалармен қатар, денсаулық мүмкіншілігіне байланысты (есту немесе көру мүмкіншілігі, кекештену және т.б.) сабақ үлгерімі төмен балалар қабылданды.Ресейде отандық психолог және педагог Л.С.Выготскийдің іскерлігі назар аудартады. Педагогикадағы интеграциялық ықпалдың дамуында Л.С. Выготскийдің үлесі оның мүмкіндіктері шектелген балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесін қатаң сынға алуымен байланысты, ол «қалыпты балалық шақ педагогикасы мен арнайы педагогиканы органикалық тұрғыда байланыстыратын» жүйенің құрылуы жайлы тезисті ұсынды. Г.Я. Трошин мен В.П. Кащенконың ойларын жалғастыра отырып, Л.С. Выготский баланың кемістігінің биологиялық жағы, сонымен қатар әлеуметтік салдары едәуір қиыншылықтар тудыратындығын қолдаған.
Халықаралық деңгейдегі ерекше оқиғалардың бірі 1971 жылы ақыл – есі артта қалған тұлғалардың құқығы туралы БҰҰ – ның декларациясын қабылдау болды. Бұл құжат ақыл – есі артта қалған тұлғалардың «қоғамның қалыпты өміріне» енуінің мүмкіндігінше көмектесу қажеттілігін дәлелдеді.
Иклюзивті білм беру дегеніміз – ол қалыпты балалармен мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіре отырып, дамыту болып табылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың бір орында қалып қалмауы үшін бұл өзекті мәселе болып табылады.
30. Интеграциялық білім берудің модельдері
Интеграция (лат. іnteger – тұтас) – тұтастыққа біріктіру, элементтер бірлігі; бірліктерді қалпына келтіру дегенді білдіреді [1, 33-бет].
Интеграция педагогикалық категория ретінде педагогикалық шынайылықтың жалпы қасиеттері мен байланыстарын көрсететін ғылыми ұғым болып табылады, ол бір жағынан педагогикалық құбылыстар мен фактілердің белгілі бір тобын көрсетсе, екінші жағынан педагогика пәнін анықтайды. Интеграцияның бірнеше модельдері ажыратылады:
1-модель – білім берудің бір саласына қатысты бірнеше пәндерді біріктіретін курс құру. Бұл арада әр түрлі пәндердің мазмұнының салмақ үлесі бірдей, ал олардың өзара араласуы мазмұнды сапалы жаңа деңгейге шығарады.
2-модель – оқу пәндерін білім берудің бір саласы немесе бір пәннің негізінде блогке біріктіру.
3-модель – әр түрлі, бірақ тең дәрежедегі, сонымен қатар біреуі өз ерекшелігін сақтайтын, ал қалғандары көмекші негізде болатын өзара жақын білім беру салалары пәндерінің сәйкестігі негізінде топтастыру.
4-модель – оқу үдерісінің вариативті бөлігі алыстатылған білім беру салаларының пәндері біріктірілетін интеграцияланған курстарды құруды жорамалдайды.
5-модель – өткен тақырып пен жаңа тақырыптың интеграциялануы.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың негізгі формалары.
Мүмкіндіктері шектелген балаларда қоршаған орта туралы сәйкес түсінікқалыптастыру көп жағдайда педагогтың оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдістері мен формаларын қолдана отырып, дұрыс педагогикалық процессұйымдастыруымен анықталады. Ерекше көзқарасты қажет ететін балардыңдамуы оқу мен тәрбие барысында практикалық әрекеті негізінде құрылады.Сондықтан, бұл балаларды өмірге бейімдеу экскурсия және сабақтар, түрліойындар формасында ұйымдастырылып, бала дамуында жетекші орыналады. Егер ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Тағамдар», «Дүкенде»тақырыптары өтілсе, сабақтан тыс уақыттарда тақырыптық эксурсия өткізудің маңызы ерекше. Бірақ балалар белгілі бір объектіні сырттай бақылап қана қоймай, ересектердің әрекеттеріне еліктей отырып, өздері де жас шамаларына қарай әрекет ете алатындай етіп ұйымдастыру өте маңызды. Мысалы, дүкен жұмысын бақылаудағы экскурсиялар балалар сауда залдарында жүріп түрлі бөлімдерді белгілер арқылы анықтауға болатынын, сатушыдан керектерін сұрауға, дүкендегі қалыптасқан қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға үйренетіндей және өздері әрекет жасайтындай етіп жоспарлану керек. Мұндай экскурсия үлкен, егжей-тегжейлі ұйымдастыру жұмыстарын қажет етеді. Егер педагог әрбір ұйымдастырылатын әрекет, іс-шаралардың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын, алынған материалдарын игертіп қана қоймай, балаларға (экскурсия барысына есеп беру, әңгіме жазу немесе бір оқушының әрекеттерін сипаттау) т.б. тапсырмалар жүйесін дайындаса, бұл мүмкіндіктері шектелген балаларды өз ісіне, жұмысына, берілген тапсырмаларды орындауға дағдыларын қалыптастырумен қатар, балаларға үлкен жауапкершілікті сезіне бастауға дайындап, жүктей бастайды. Мысалы, төменгі сыныптарда ұйымдастырылатын ойындардың өзінде жеке баланың әрекеті барлық ұжымның әрекетімен тікелей байланысты екенін түсіндіру.
«Инклюзивті білім беру» түсінігіне сипаттама
Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу. 
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.4. Барлық адам бір - біріне қажет.5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата - аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу - педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат
3. Инклюзивті білім беру жағдайда арнайы педагог жұмысының мақсаты мен міндеттері
Арнайы педагогика ғылымының негізгі мақсаты: әр түрлі кемістігі бар балалардың психалогиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындайды.
Қазіргі таңда арнайы педагогика ғылымында бірнеше өзекті мәселелер кездеседі. Ол мәселелер арнайы педагогиканың категорияларымен тығыз байланысты. Яғни оларга: есту қабілеті бүзылган балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалгандар); көру қабілеті бүзылган балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, немесе нашар көретін ); сөйлеу қабілеті бүзылган, тіл мүкістігі бар балалар- лагоппаттар; интеллектуалды дамуы немесе ақыл-ой, ойлау қабілеті зақымданган, кемақыл (ақыл-ойы, есі кеміс-кемақыл жэне психикалық дамуы тежелген балалар); психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті, күрделі түрде бүзылған (соқыр-мылқаулар);естімейтін-көрмейтін және ақыл-ойы жетілмеген, естімейтін т.б); тірек-қимыл аппараты зақымданган балалар; педагогикалық өзгерісі бар (жүріс-түрысы,мінез-қүлқы, тэртібі бүзылган) балалар жатады. Өкінішке орай, қазіргі таңда дамуында ауытқуы бар балалар саны артуда. Ол балалар арнайы бала-бақшаларда, арнайы мектеп интернаттарында, арнайы сыныптарда және де логопедиялық пункттарда тэрбиеленеді. Демек, мүнда олар арнайы коррекциялық, психологиялық жэне педагогикалық көмектермен қамтамассыз етіледі. Осы мақсатқа сай арнайы педагогика гылымы төмендегідей:
1. Әр кемістіктің немесе кемтар балалардың ауытқулардың түрлерін, дәрежесін анықтап олардың қалыптасу ерекшеліктерін анықтау.
2. Физикалық немесе психологиялық дамудағы ауытқулардың негізгі биологиялық әлеуметтік жэне педагогикалық себептерін анықтап оларды түзету, толықтыру әдістерін қарастыру.
3. Арнайы мекемелерді қалыптастыру орталықтарын үымдастыру және оларды дамыту бағыттарындағы жүмыстарын негізгі принциптерін таныстыру.
4. Арнайы түзету, толықтыру жэне дамыту мекеменің негізгі мақсат-міндеттерін айқындау жэне жүмыстарының мазмүнын талдау.
5. Болашақ дефектолог мамандарын даярлау үшін қажетті ғылыми оқу эдістемелік эдебиеттермен танысып көрнекі қүралдар және тэжрибелік мекемелер жүмыстарына қатысу.
4. Инклюзивті білім беру жағдайда арнайы психолог жұмысының мақсаты мен міндеттері
Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихологыя - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.
5. Инклюзивті білім беру жағдайда логопед жұмысының мақсаты мен міндеттері
Логопедтік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуде сөйлеу тілі бұзылған балалардың қажетті сөйлеу алғышарттарын қалыптастырудың алғашқы деңгейін анықтау қажет. Бұл үшін логопед мұғалім оқу жылының басында барлық тәрбиеленушілерінің сөйлеу тілінің дамуына "үстірт" шолу жасап өтеді. Үстірт зерттеуде алынған деректер сөйлеу тілінің бұзылуы бар балаларды тіркеу журналына енгізіледі. Сөйлеу тілі бұзылған балаларды анықтап, логопедтік пунктке тіркеу топтарда оқу жылының басында және аяғында жүргізіледі. Сәуір-мамырда мектепке баратын балаларды жүйелі зерттеу жүзеге асырылады. Содан кейін сөйлеу тілінің қандай да бір ауытқушылығы бар балалармен "егжей-тегжейлі" логопедтік зерттеу жүргізіледі. Ол дәстүрлі логопедтік сөзін және сөздік емес функцияларын зерттеу және зерттеу нәтижелері бойынша әрбір сөйлеуі бұзылған балаға карта толтыру, сондай-ақ сөйлеу қорытындысын шығару арқылы жүргізіледі. Алынған деректер мен сөйлеу қорытындысы негізінде логопед болашақ жоспарын және әр баламен дербес түзету-дамыту жұмыстар бағдарламасын жобалайды, оларда сөздің барлық құрылымдық құрауыштарына мақсатты бағытталған жұмыстармен қатар, әртүрлі психикалық процестері мен жеке басының сапаларын дамытуға бағытталған мақсатты жұмыс қарастырылады. Зерттеу кезеңі аяқталғаннан кейін логопед өзі логопедтік жұмыстар жүргізуді жоспарлаған сөйлеуі бұзылған балалар тізімін жасайды, оны балабақша меңгерушісіне бекітуге береді, онымен МДҰ педагог-тәрбиешілерін, сондай-ақ сөйлеуі бұзылған балалардың ата-аналарын таныстырады..
6. Инклюзивті білім беру жағдайда әлеуметтік педагог жұмысының мақсаты мен міндеттері
Әлеуметтік педагог –арнайы білім беру мекемесінің қызметкері (коррек-лық)барлық әлеуметтік институт жетекшілерімен байланысты болады (педагог,психолог,дәрігер,әлеуметтік жұмысшы,қызметкер,құқық қорғау органдармен,еңбек ұжымымен,ата-аналармен) жеке басқа қызығушылық танытушы тұлғалармен әлеуметтік педагог негізі міндеті –көмек қажет ететін тұлғаларға әлеуметтік өмірге бейімделу жағынан көтермелеу,жеке тұлғалық жағынан дамуына көмек ету. Осы тұлғадағылардың ерекшелік жағдайларына мән беріле отырып ,қоғамысызоларды әлеуметтік жағынан қорғауға және оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу жолына үлкен назар аударуда .Әлеуметтік жағынан көмек ете білудең тиімді жолдарын іздеструде әлеуметтік көмек-бұл гуманитарлық қызмет ету комплексі ,экономикалық жағынан қамтамасыз етілмеген ,әлеуметтік жағынан әлсіз, психологиялық көмекті қажет ететін тұрғындар тобының қабілеттілігін әлеуметтік тұрғыда жақсарту мақсатын көздейді.Бұл белгілі ерекше бойынша кезеңді (мерзімді) және бір мезгілде зейнетақыға қосымша және жәрдем ақы төлеу сипатында сонымен бірге ұзақ уақытың қызмет көрсету (медициналық., психологиялық., құқықтық,, педагогикалық, тұрмыстық т.б.) осындай тұрғындар тобына қиын кезде көмек ету,әлеуметтік-экономикалық қолайсыз жағдай сипатынан құтқаруды қамтиды.Қазіргі таңда әлеуметтік тұрғыданкөмек беру мүгедектік тұлғалар меен өмірлік әрекетімен еңбек ету қаблеттілік жағдайларымен шектелген тұлғаларды көтермелеуге әлеуметтік –педагогикалық тұрғыдай комек ету кеңтүрде көлем алып келеді,әлеуметтік –педагогикалық әрекет мүмкіндігі шектелген тұлғаларды көтермелеу үсдінсіз педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған тәрбие үрдісіндегі жеке тулғаның даму ерекшелігінің өзіндік сиаптын есепке ала отырып әлеуметтік көмек ету және барлық тәрбие субьектілерін қамитиды,әлеуметтік – педагогикалық қызмет мүмкіндігі шектелген тұлғаларды көтермелеу мақсатында білім беру аймағында құрылады ,әлеуметтік –педагогикалық әрекет-экономика,саясатпен,адам өмірінің жеке тұлғалық жағдаймен тығыз байланысты .Ол әртурлі профильді мамандар күшімен қамтамасыз етіледі .Бірақта бұл жолда ең басты маңызды да,міндет роль әлеуметтік педагогика жүктеледі.
7. «Тоқсаусыз білім беру орта» түсінігіне сипаттама
8. Тоқсаусыз білім беру ортасын ұйымдастыруына қойылатын талаптар
9. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтендіру мәселесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық түзету арқылы қолдаудың маңызы зор. Себебі, тұрмыс тіршілігіндегі шектелуді жою үшін жағдай жасауды қамтамасыз етіп, оларға басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасау керек деп ойлаймын. Біздің Отанымызда да осы салаға байланысты арнайы сауықтыру орталықтары да жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта республикалық арнайы түзету мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленуде. Осы топқа жататын арнайы мектептерде сырқаттары және басқа себетерге байланысты оқуға мүмкіншіліктері жоқ оқушылардың жалпы орта мектептерде білім алуы қиыншылық туғызады. Осы себепті әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну және шешу жолдарын қарастыру, мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және қатарға қосу мен тәрбиелеуді жүзеге асыруды міндет етіп алға қою керек. Егер, әлеуметтік педагогикалық үдерісте мүмкіндігі шектеулі балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортасын зерттей алсақ, онда баланы өзі өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатыстыру мүмкіндігі туады. Тек осыдан кейін әлеуметтік психологиялық үдерісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын, білімді, мәдениетті, еңбеққор және тұлғаны қалыптастыру мүмкіндігі туар еді. Бұл қасиеттерді бала бойына дарыту үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясын терең, жетік меңгеруіміз керек. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу үшін психолог, емдік физкультура, логопед, олигофренопедагог мамандарының арнайы тапсырмалары өте қажет. Сонымен қатар, әлеуметтік бейімделудегі, тәрбиелудегі кемшіліктерді жеңу үшін ата-аналар мен бірігіп арнайы түзету жұмыстарын ұйымдастыру қажет және оны неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым әлеуметтік бейімделуде нәтижелі болады.
10. «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық-коррекциялық қолдау туралы» Заңына сипаттама
«Барлық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекше түрін ескере отырып. оларды арнайы мекемелерге орналастыру. оларға жағдай жасау. Психологиялық – медициналық – педагогикалық консултациялар арқылы балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеуді қолға алу. Әрбір мүмкіндігі шектеулі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңы бойынша білім алуға құқы бар» делінген. Сонымен қатар, кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепілдікті тегін алуға;
-мемлекеттік медициналық ұйымдарда психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияларда тегін тексерілуге және тегін медициналық көмек алуға;
-дене немесе психикалық кемістіктері байқалған сәттен бастап, оның көріну, дәрежесіне қарамастан, психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегін психологиялық – медициналық – педагогикалық түзеуге;
-медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен протез – ортопедия бұйымдарымен және аяқ киіммен, арнайы қарпі бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткіш аппаратурамен және сигнал бергіш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегін қамтамасыз етілуге;
— психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациялардың қоырытындысына сәйкес білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік жалпы білім беретін оқу орындарында тегін білім алуға;
-мемлекеттік оқу орындарында мемлекеттік білім беру бағдарламалары шегінде конкурстық негізде тегін кәсіптік білім алуға;
-оқу бітіргеннен кейін алған біліміне және (немесе) кәсіби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмысқа орналасуға құқығы бар;
-Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттік тегін білім алу, білім беру сқалармен бірдей болған жағдайда, медициналық — әлеуметтік сараптау бөлімдерінің қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында білім алуына болатын І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінде мүгедектер басым құқыққа ие болады;
-жетімдер қатарындағы ата – анасының қамқорлығынсыз қалып, толықтай мемлекет қамтамасыз ететін кемтар балалар арнаулы білім беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейін және кәмелеттік жасқа жеткен соң, жергілікті атқарушы органдар оларды заңдарда белгіленген иәртіппен тұрғын үймен қамтамасыз етеді.[2.3]
Кемтар балалардың ата – аналарының және өзге де заңды өкілдерінің:
1)баланы психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияларда куәландыру кезінде қатысуға;
2)баланы тексерудің нәтижелері, жеке әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың мақсаттары мен нәтижелері туралы дұрыс ақпарат алуға, медициналық арнаулы білім берумен және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен айналысатын органдар мен ұйымдардан консультациялар алуға;
3)өз балаларының Қазастан Республикасының заңдарында белгіленген әлеуметтік және медициналық – педагогикалық тузеу арқылы қолдау алуына;
-Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және мөлшерде, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларын жеке оқыту жоспарына сәйкесүйде тәрбиелеу мен оқытуға жұмсаған шығындарының өтемін алуға құқығы бар.
Қазіргі өркениетті заманымызда қоғамдағы алға қойылып отырған ең өзекті міндеттердің бірі-арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып,оны жаңаша бағыттта ұйымдастыру нәтижесінде жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
11. Инклюзивті білім беру жүйесін регламенттейтін нормативтік құжаттар
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында Қазақстан қоғамының стратегиялық бағдары мен басымдықтары белгіленген.Республикалық конференцияның қатысушылары тәрбиелеу басымдықтары мен оқыту сапасын көтеру негізінде инклюзивтік білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.Конференция қатысушылары, инклюзивті білім беруді іске асырудың бірқатар мәселелерін талқылай отырып, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне енгізудің оң тәжірибесі бар екенін атап өтті және мынадай негізгі бағдарларын белгіледі:- даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте анықтау және оларға білім беру саласының барлық деңгейлерінде (мектепке дейінгі, жалпы білімдік, кәсіби-техникалық және жоғарғы білім беру) түзеу-педагогикалық қолдау көрсету;- инклюзивті білім беруді іске асыруды регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға толықтырулар енгізу;- инклюзивті білім берудің отандық және халықаралық оң тәжірибелерін енгізу.Инклюзивтік білім беруді дамытудың негізгі міндеттеріне қол жеткізу үшін республикалық конференция қатысушылары мыналарды ұсынады:1. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Түзеу педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы:-инклюзивті білім берудің отандық және шетелдік оң тәжірибелерін зерделесін және таратсын;-инклюзивті білім беруді ғылыми-әдістемелік қолдауды қамтамасыз етсін;-мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үшін арнайы жағдайлар жасау тетіктерін іске асырсын.2. Түзеу педагогикасы Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Өрлеу» Ұлттық орталығы:-біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді курстары шеңберінде инклюзивті білім беру бойынша тақырыптамасын анықтасын және мектепке дейінігі және жалпы білім беру ұйымдарының педагогтары үшін тұрақты түрде курстар өткізсін;-қысқа мерзімді курстар категориясының тәртіптемесінде инклюзивті білім беру бойынша жалпы білім беру ұйымдары педагогтарының біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын қарастырсын;-біліктілікті арттыру курстарының үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлесін және бекітсін.3. «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы:-«Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер, құралдар және басқа да қосалқы әдебиеттер (соның ішінде білім беру ұйымдарында рұқсат етілген электрондық тасымалдаушылардағы) тізбесіне» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендерді сараптамадан өткізу және енгізу шараларын қарастырсын.4. «Дарын», «Бөбек», «Балдәурен» республикалық орталықтары:-мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрақты түрде республикалық іс-шараларға тартылуын қарастырсын;-инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ведомстволық ұйымдардың өзара іс-қимылын жүзеге асырсын.5. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары:мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте көмек көрсету үшін психологиялық-педагогикалық-медициналық түзеу кабинеттері желісін көбейту шараларын қабылдасын;-мектепке дейінігі және жалпы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдайлары жасалған инклюзивті сыныптар (топтарын) ашсын;-балабақшалар мен жалпы білім беретін метептерде логопедтік пункттер қызметін жандандырсын;-мектепке дейінігі және жалпы білім беру ұйымдарында арнайы білім беру ұйымдары базасында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың және тәрбиелеудің әдістемелік қолдау бойынша ресурстық кеңестік орталықтар құрсын;-мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін мектепке дейінігі және жалпы білім беру ұйымдарында кедергісіз орта құру, техникалық және көмекші оқу құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырсын;-мүмкіндігі шектеулі балаларды дефектологтар, логопедтер, психологтар, әлеуметтік педагогтар сияқты мамандардың психологиялық-педагогикалық қолдауын қамтамасыз етсін:-аймақтық ресурстық кеңес беру орталықтары базасында ата-аналар мен мұғалімдерге арналған оқу семинарларын өткізсін;-мүмкіндігі шектеулі балаларға позитивтік көзқарас бойынша жұмыстар жүргізсін, мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балалардың сапалы білім алуы жөнінде мәселелерді жария етсін.
12. Саламандық декларациясына сипаттама
Инклюзивті білім беру – бҧл жалпы білім беру процесінің дамуы. Ол барлық балалардың білім алуына қолжетімділік пен мҥмкіншілігі шектеулі балаладың білім алуына жол ашу. 1994 жылы қол қойылған Саламандық дикларация, 92 мемлекеттік және 25 халықаралық ҧйымның 300 астам ӛкілдері инклюзивті білім беруді жалпы мектепке енгізу мҥмкіндігі шектеулі балаларды оқшаулаумен кҥресу әдістерінің бірден бір жолы, ол мектеп қоғамының жылы қарым-қатынасқа бейімделуін, барлығына қолайлы және жалпы білім беру жағдайын ҧйымдастыруды белгілейді.. Алғы сөз 92 үкіметтер мен 25 халықаралық ұйымдарды ұсынатын үш жүзден астам қатысушылар Испания, Саламанкада 1994 ж. 1 маусымынан бастап 10 –на дейін барлығы үшін білім беру мақсаттарына қол жеткізу және инклюзивті білім беруден тұратын тәсілді ынталандыру үшін талап етілетін саясаттың негізгі бағыттары саласында жүзеге асыру қажет өзгерістерді қарау мақсатымен жиналды, атап айтсақ: мектептердің барлық балалар үшін ашық болуын қамтамасыз ету, әсіресе ерекше білімдік қажеттіліктері бар балалар. Испания үкіметі ЮНЕСКО-мен ынтымақтаса отырып ұйымдастырылған Конференция жұмысына білім беру сұрақтарымен айналысатын жоғары шенді лауазымды тұлғалар, әкімгерлер, басшылар мен мамандар, сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен мамандандырылған мекемелер, сонымен қатар, басқа да халықаралық үкіметтік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен донор-мекемелер өкілдері қатысты. Конференция ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру саласындағы принциптер, саясат пен практикалық қызмет туралы Саламандық декларацияны және Әрекеттер шектерін қабылдады. Осы құжаттар «Барлығына арналған мектептер» - барлығын біріктіріп, айырмашылықтарын ескеріп, оқыту үрдісіне көмектесіп және жеке қажеттіліктерге сәйкес келетін мекемелер ұйымдастыру бағытында әрекет ету қажеттілігін мойындау жолымен қосу принципіне негізделеді. Осы мектептер барлығы үшін білім мақсаттарын қамтамасыз етуге және оқыту көзқарасы бойынша мектептер тиімділігін арттыруға маңызды үлесті қамтамасыз етеді. Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беруді оқшаулап қарасақ, жетістікке қолжеткізу қиын, себебі осы сұрақ тең дәрежеде Солтүстік елдерімен қатар, Оңтүстік елдерінде де маңызды. Осы білім педагогикалық стратегияның, және сөзсіз, жаңа әлеуметтік және экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болуы тиіс. Бұл үшін жалпы білім беретін оқу мекемелерінің түбегейлі реформасын өткізу қажет. Осы құжаттар әлемнің барлық елдерімен әзірленген, ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған, білім беруді дамытудың болашақ бағыттарына қатысты консенсусты көрсетеді. ЮНЕСКО осы Конференция жұмысына қатысқандығын мақтан етеді, және онда жасалған маңызды қорытындыларды мақұлдайды. Барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға енді осы шақыруды қабылдап және барлығына арналған білім шын мәнінде БАРЛЫҒЫ, әсіресе аса осал және оны аса қажет ететіндер ҮШІН болатындай етіп әрекет ету қажет. Болашақ белгісіз, бірақ ол біздің құндылықтарымызға, көзқарасымызға және әрекеттерімізге тәуелді. Біздің болашақ қызметіміздің сәттілігі біздің не істейтіндігімізге ғана емес, сонымен қатар, біздің неге қолжеткізе алатындығымызға да тәуелді.
13. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру дамуының негізгі бағыттары
Кең мағынадағы инклюзивті білім беру – кедергілерді жоюға және оқыту процесіне ерекше оқытуды қажет ететін барлық адамдарды қосу мен сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған білім беру процесі. Инклюзивті білім берудің дамуы инклюзивті саясат пен тәжірибені жетілдірусіз және инклюзивті құндылықтарды жүйе деңгейіне толық, сондай-ақ 7 олардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз мүмкін емес. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді. Осыған байланысты инклюзивті білім беру түбегейлі өзгерістер жасауға және білім беру мақсатын қайта бағдарлауға ықпал ететін инновациалық процестердің «кристалдану орталығы» болуы тиіс. Мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім беру жүйесінде қағидаттық өзгерістерді айқындай отырып, инклюзивті білім берудің мынадай стратегиялық бағыттарын көрсетуге болады: - инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру; - ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оқу- әдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу; - мектеке дейінгі жастағы балаларға ерте бастан диагностика жасау және түзету-педагогикалық қолдау жүйесін дамыту; - мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға қажетті жағдай туғызу; - инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу
14. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарына арналған білім беру дамуының мемлекеттік бағдарламасындағы инклюзивті білім беру дамытудың концепциясы
Тұжырымдамалық тәсілдер Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инклюзивті білім беруді дамытудың жоғары көрсеткіштеріне жетуге, барлық адамдардың сапалы білім алуына толыққанды тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, инклюзивті үдеріспен қоғамның қанағаттануына, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды толерантты қарым-қатынас қалыптастыруға; инклюзивті білім беруді ресурстық қамтамасыз етуге, нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін қамсыздандыруға мүмкіндік береді. 1. Ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу үшін келесідей жағдайлар жасалатын болады: - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте айқындау жүйесін құру және оларға психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру жүйесін, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін, оңалту орталықтарын және 11 басқа да білім беру ұйымдарын, әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтауды дамыту арқылы уақтылы кешенді қолдау мен көмек көрсету; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың дағдыларын, оқу жетістіктерін және жалпы білім беру жүйесіне дайындық дәрежесін бақылау құралдарын әзірлеу; - жеке оқу бағдарламасын дайындау әдістемесін әзірлеу; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға арналған жоғары білім беру бағдарламаларын әзірлеу; - оқуды аяқтағаны туралы икемді деңгейлік құжат жасау (аттестат, диплом); - білім берудің барлық деңгейлерінде «кедергісіз» орта құру, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтау және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды білім берудің көмекші техникалық құралдарымен қамтамасыз ету; - жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды кешенді (әлеуметтік және медициналық-психологиялық- педагогикалық) қолдау қызметін ұйымдастыру; - арнайы білім беру ұйымдарының, басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әлеуетін қолдану арқылы инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету бойынша түрлі деңгейдегі ресурстық орталықтар жүйесін құру; - жалпы білім беру жүйесінде ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды ерте кәсіби бағдарлауға, мамандық алды және мамандыққа даярлауға арналған жағдайларды қамтамасыз ету; - инклюзивті білім беру процесіне ата-аналарды, сарапшылар қауымдастығын және қоғамдық ұйымдарды тарту. 2. Кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мыналарды қамтитын болады: - жоғары және кәсіби білім беретін барлық педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына арнайы пәндер қосу жолымен институттар мен колледждердегі барлық мұғалімдер мен тәрбиешілерді ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқытудың дағдылары мен тәсілдеріне даярлау және оқыту; - инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша жалпы білім беру ұйымдарындағы барлық басқарушы қызметкерлерді, педагогтарды және мамандарды (педагог-психологтарды, педагог-дефектологтарды, әлеуметтік педагогтарды) кезең-кезеңмен қайта даярлау; - инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін, ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс әдістерін, кемсітушілікті жою және жағымсыз жағдайларды шешу, адам құқығы негіздерін зерделеу дағдыларын арттыру. 3. Ғылыми және оқу-әдістемелік қолдау: - жалпы білім беру ортасына ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды 12 қосудың вариативті үлгілерін әзірлеу және эксперименттік түрде ендіру; - инклюзивті білім беруде инновациялық үлгілерді, оқыту әдістері мен технологияларды қолдану, халықаралық озық тәжірибені зерделеу және қолдану; - білім беру жүйесінде инклюзивтік процестердің тиімділік критерилерін әзірлеу; - оқушылар білімін бағалаудың икемді (бейімделген) критерилерін және инклюзивті білім беру жүйесінде қолданылатын икемді (бейімделген) жалпы білім беретін оқу бағдарламалар мен жалпы білім беру стандартын әзірлеу; - ерекше оқытуды қажет ететін білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жеке оқу бағдарламалар әзірлеу мен бағалаудың икемді критерилерін қолдану бойынша және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, әлеуметтік оңалту бойынша әдістемелік ұсынымдар, оқу-әдістемелік құралдар жасау. 4. Іске асыру кезеңдері Бірінші кезең - 2014-2015 жылдар - инклюзивті білім беруді дамытудың отандық және шетелдік тәжірибесін зерделеу; - инклюзивті білім беру жүйесін дамытуды ресурстық қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздерін жетілдіру; - бастауыш білім мазмұнының жаңартылуын ескере отырып, ерекше оқытуды қажет ететін адамдарды жалпы білім беру ортасына қосудың вариативті модельдерін апробациялау бойынша экспериментальдық алаң – ресурстық орталықтар құру; - инклюзивті білім беру саласында әлеуметтік және қолданбалы зерттеулер жүргізу; - инклюзивті педагогика қағидаттарын және білім беру практикасына ендіру жүйесін әзірлеу; - ерте диагностикалау және ерте жастағы балаларды түзету-педагогикалық қолдау тәсілдері мен әдістерін әзірлеу; - мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін әзірлеу; - инклюзивті білім беруді ендіру мәселелері бойынша республикалық және өңірлік ғылыми-практикалық семинарлар өткізу; - медиажоспарларды, ақпараттық қолдауды және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастырудың кешенді бағдарламасын іске асыру. Екінші кезең– 2016- 2017 жылдар: - ерекше оқытуды қажет ететін балаларды мектепке қабылдау дайындығын бағалау индикаторларын әзірлеу және ендіру; - ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды жалпы білім беру процесіне қосу модельдерін әзірлеу және апробациялау; - білім беру ортасын бейімдеу мен жеке жоспарларды, оқу 13 бағдарламаларды және ерекше оқытуды қажет ететін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың икемді жүйесін қосатын оқушыларды қолдау жүйесін құру; - оқу жоспарларына «Арнайы педагогика негіздері», «Инклюзивті білім беру» пәндерін қосу арқылы педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттырудың типтік оқу жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеу; - әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан оқушылар мен мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру. Үшінші кезең - 2018-2020 жылдар: - барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында инклюзивті білім берудің ұлттық модельдерін кешенді ендіру; - инклюзивті білім беру бағдарламаларын техникалық және кәсіби, жоғары білім беру деңгейлерінде жүзеге асыру; - алдағы уақытта жұмыспен қамтылуын ескере отырып мүмкіндіктері шектеулі адамдардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесін ендіру. 5. Инклюзивті білім беруді мониторингілеу: - бірыңғай және сәйкес қағидаттар, сапалық және сандық көрсеткіштер мен тәртіп негізінде инклюзивті білім беруге мониторинг жүргізу және оның тиімділігін бағалау.
15. Арнайы мекемеде оқыту мен тәрбиелеудің жақсылығы мен кемішіліктері
16. Инклюзивті білім беру жағдайында баланың білім алу мүмкіндіктері (білім беру бағдарламалары бойынша)
Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық, мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді, олардың сапалы білім беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік ортада бейімделуін және ықпалдасуын көздейді. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар; мигранттар мен оралмандар отбасыларының, аз ұлттар балалары; қоғамға әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар жатады.Кеңейтілген мағынада инклюзивті білім беру дегеніміз кедергілерді жою мен ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды оқыту процесінде енгізуге бағытталған білім беру процесі және олардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
17. Жеке дамыту бағдарламаның мақсат, міндеттері, мәні
Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді: 1) өз оқушыларының темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі; 2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік доспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі; 3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы; 4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі; 5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі; 6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі; 7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.
18. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу бағдарламалары
Көру, есту, сөйлеу қабілеті, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары мынадай білім беру деңгейлерінің жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады:
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту 2) бастауыш сынып;3) негізгі орта білім;4) жалпы орта білім.
Зерде бұзылыстары бар, күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары арнайы бағдарламаларға сәйкес білім беру процесін жүзеге асырады.
19. Есту қабілеті зақымдалған балаларды оқытудағы коррекциялық компонент
Есту қабілеті бұзылған балалармен арнайы коррекциялық жұмыс жағдайы өмірге бейімделуге үйретеді, есту қабілетін дамыту кабинеті, сыныптар, оқу кабинеттері музыкалық ритмикалық сабақтарға арналған зал, оқу шеберханалары, ойын бөлмелері, асхана, дум спорт зал, кинокласс, кітапхана, компьютерлік сынып, т.б.
Мектеп арнайы жобада құрылады. Оқудың міндетті жағдайы дыбыс күшейткіш аппараттар, жеке есту аппаратары, музыкалық құралдар, видеотехникалар, т.б техникаларды пайдалану болып табылады. Мектеп ауласында әр түрлі жасқа арналған спорттық ойындық құрал-жабдықтар болуы керек.
20. Көру қабілеті зақымдалған балаларды оқытудағы коррекциялық компонент
Көру қабілеті бұзылған балалар үш топқа бөлінеді. Олар: 1-топ мүлдем көрмейтін балалар; 2-топ көру деңгейі төмен балалар;3-топ көру деңгейі функционалдық бұзылған балалар. (қыли, амблиопия)1 - топтағы балаларға брайль жүйесінде оқытылу ұсынылады. Брайль жүйесі – бұл бедерлі нүкте арқылы оқыту мен жазу. Аталған жүйемен оқыту үшін арнайы құралдар (прибор, брайль дәптері, грифель) қолданылады. 1-топтағы балаларға брайл жүйесін үйретпес бұрын ет сезім қабілеттерін дамытумен жұмыстану керек. Баланың ет сезім мүшелері дамыса, қалыптасса бедерлі нүктелерді сезуіне, әріптер мен сандарды тез үйренуіне көп көмегін тигізеді. Ет сезім мүшелерін дамытуға түрлі әдістерді пайдалануға болады. Үлкен заттан бастап, ұсақ затқа дейін ауысу. Мысалы: жіпке тізілген үлкен моншақтан бастап, ұсақ моншаққа дейін төмендеу және оған ілгекті де алуға болады. Сабаққа қатысты үлестірмелі материалды грифелмен бастыру, құрастырмалы, бұрандалы заттармен, жіптің түрлерімен, өсімдік дәндері мен дақылдарын пайдаланға т.с.с. көрнекі заттармен жұмыстануға болады. Әр 15 минут сайын көз бұлшықеттері шаршамауға, көру деңгейі төмендемеуі үшін көзге арналған жаттығулар жасап тұру керек. Мысалы мынадай жаттығуларды қолдануға болады. Брайль жүйесінде оқитын балаларға әуеннің сүйемелдеуімен орнында отырып, басты оңға, солға, алға, артқа айналдыру. Қолды алға созып алақандарымызды ашып-жұму. (15-20 рет). Орнынан тұрып, басын жүректен төмен қойып, дем алып, дем шығару. Қолдарын жаңға созып, жұдырығын түйіп білегін, шынтағын, айналдырады, қолдарын жоғары көтеріп жұдырықтарын ашу. (15-20) рет, басында 5-10 рет, т.с.с. Сонымен қатар саусақ ұштарына, алақанға бүдірлі заттармен жеңіл массаж жасау.Көру деңгейі төмен балалар мен көру деңгейі функционалдық бұзылған балаларға мынадай үлгідегі көзге арналған жаттығулар жасатуға болады. Әуеннің сүйемелдеуімен көзді ашып, жұму, ауаға көзбен көлденеңнен сегіз салу (15-20 рет), көзге сұқ және ортаңғы саусақпен жеңіл массаж жасау, т.с.с. Көзге арналған жаттығулармен қатар денеге де жаттығулар жасап отырылады. Сонымен қатар көзге арналған электронды жаттығулар мен тренажорлар бар. Көру деңгейі функционалдық бұзылған балалардың ауру диагнозына байланысты әр қайсысымен ұсынылым бойынша жұмыстанылады. 
21. Психикалық дамуы тежелген балаларды оқытудағы коррекциялық компонент
Кешенді түзеу-дамыту жұмысын жүргізу;
балалардың соматикалық және психоневрологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған емдеу-сауықтыру іс-шараларын жүзеге асыру;
қорғау режимін сақтау (3-сыныпты қоса алғанда күндізгі ұйқы, серуендеу, т.с.с.);
төменгі сынып оқушылары үшін ақпанда ұзақтығы 7 күнтізбелік күннен ьұратын қосымша демалыс ұйымдастыру. Жекелеген оқушыларға (мед. Айғақтамалар бойынша) аптасына бір рет «демалыс күні» берілуі мүмкін;
психологиялық жайлы ахуал жасау;
балалардың білім беру стандартының талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгеруі үшін қажетті ғылыми-әдістемелік жарақатандыру.
ПДТ балаларға арналған сыныптардың толықтырылуы 9-дан 12 адамға дейін болуы тиіс.
Бір оқушыны үйде жеке оқыту үшін аптасына дайындық сыныбында, 1-4 сыныптарда -8сағат, 5-9 сыныптарда 10 сағат бөлінеді.
Мектептің (мектеп-интернаттың) материалдық-техникалық базасы жалпыға арналған мектептің жабдықтарына қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Жалпыға арналған мектепке көзделген үй-жайлардың сыртында арнайы мектептің (мектеп-интернаттың) 1-3 сыныптарға арналған логопедтік сабақтар, психологпен сабақтар өткізуге арналған үй-жайлары, емдік дене шынықтыру мен ритмикаға арналған мед.
Кабинеттері, физиотерапия, ойын бөлмелері, еңбекке баулу кабинеттері және 4-9 сыныптарға арналған еңбек шеберханалары болуға тиісті.
Көпшілік оқитын мектептердегі ПДТ балаларға арналған сыныптарда түзеу-тәрбиелеу міндеттерін ойдағыдай іске асыру үшін балаларды оқытудың барлық жылдарында ұзартылған күн режимі бойынша жұмыс жүргізген дұрыс.
22. Зияты бұзылған балаларды оқытудағы коррекциялық компонент
Ақыл-ой қабілетінің мешеулік дәрежесіне қарай олигофрения: идиотиялық олигофрения, имбециалдық олигофрения және дебильдік олигофрения деп бөлінеді. Идиотиялық олигофрения (грек. іdіoteіa – надан) – олигофренияның ауыр түрі; ақыл-ойдың мүлдем дамымауы. Бұл жағдайда ойлау, сөйлеу қабілеті дамымайды; науқас міңгірлеген дыбыстар ғана шығарады, оларға айтылған сөздің мағынасын түсінбейді. Имбециалдық (лат. іmbecіllus – ақыл-ойы әлсіз) олигофрения – олигофренияның орташа түрі; алдыңғы жағдаймен салыстырғанда, науқас қарапайым сөздерді анық айтып, аздап санай да біледі. Дебильдік (лат. debіlіs – әлсіз) олигофрения – олигофренияның әлсіз түрі; орташа түріне қарағанда науқастың сөйлеу қабілеті біраз дамыған, бірақ сөз қоры аз, көбіне жаттап алған сөздерін айтады. Олигофрениямен ауырған науқастардың барлығы да психиатрдың бақылауында болады, негізінен оларға психикалық ой-өрісінің дамуына себепші болатын емдік шаралар жүргізіледі.
23. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды оқытудағы коррекциялық компонент
Тірек-қозалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы сынып жағдайында оқыту түзету компонентін қамтитын арнайы Үлгілік оқу жоспарларына, сонымен қатар жалпы білім берудің бағдарламалары мен оқулықтарына жүзеге сәйкес асырылады. Негізгі мектепте оқыту мерзімінің 1 жылға ұлғайтылуына байланысты жалпы білім беру бағдарламаларының мазмұны балалардың ерекшелігін ескере отырып жаңаша бөлістіріледі және бейімделеді.
Оқу процесінде оқушылардың қимыл-қозғалыстық және сөйлеу ерекшеліктерін ескеретін арнайы әзірленген дидактикалық материалдарды, АКТ және басқа да материалдарды қолдану қажет.
Оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру
Барлық оқу пәндерінде оқытудың түзетушілік бағыттылығы жүзеге асырылады, сонымен қатар дене, танымдық және сөйлеу әрекеті дамуындағы ауытқуларды жеңу мақсатын алға қояды. Оқу процесін ұйымдастыру арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдануды, бағдарламаның жекелеген бөлімдері мен тақырыптарын зерделеуге мүмкіндік беретін пропедевтикалық (алдын ала) оқытудың арнайы сабақтарын кіргізуді, сонымен бірге дамудағы ауытқуды түзету бойынша жекелеген және топтық арнайы сабақтар өткізуді қарастырады. Бұндай сабақтарда алынған білімдер мен дағдылар жалпы білім беретін пән сабақтарында бекітіледі.
Тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған балаларды оқыту емдеу-қалпына келтіру жұмыстары аясында жүзеге асырылады, бұл жұмыстардың құрамына: қимыл-қозғалыстың бұзылуын медициналық түзету, жүйке-психикалық ауытқуды дәрі-дәрмектік емдеу, соматикалық аурулардың алдын алу кіреді. Емдеу іс-шараларын бала дәрігерлері (педиатрлар), психоневрологтар, ортопедтар, емдік дене шынықтыру (ЕДШ) дәрігерлері, физиотерапевтер, орта және кіші медициналық қызметкерлер жүзеге асырады.
Мектеп оқушысының қимыл-қозғалыстық, сөйлеу және жалпы дамуындағы кемшіліктерді жеңу үшін келесі курстар бойынша арнайы оқу жоспарымен қарастырылған жекелеген және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады:
1)Массаж, шипалы балшық-сумен емдеу, дәрі-дәрмекпен емдеу аясында ұйымдастырылатын ЕДШ (балалардың қимыл-қозғалысы бұзылуы басымдылығының орнын толтыру мақсатында жекелеген және топтық). Әр оқушыға арналған түзету жұмыстарының жоспарын ЕДШ әдіскері мен дәрігер бірлесе отырып оқу жылына құрастырады. ЕДШ нұсқаушысы әр оқушыға арналған есеп карточкасын жүргізеді, оның ішіне баланың қимыл-қозғалысы туралы мәліметтер, жұмыстың жалпы жоспары, кезеңді жаттығу кешендері, әр сабақтың өткізілуі және оның нәтижелері жазылады. Әр тоқсанның аяғында түзету жұмысының қорытындысы шығарылады және қол жеткен нәтижелерді ескере отырып жоспарға толықтырулар енгізіледі. Сабақтар ЕДШ бөлмесінде немесе арнайы жабдықталған гимнастика залында өткізіледі.
2)Сөйлеу кемістігі бар балалар үшін ұйымдастырылатын логопедиялық сабақтар, ең күрделі бұзылулар барысында компьютерлік бағдарламаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Логопед баланың мектепте оқыған барлық кезеңінде оның тілінің дамуын бақылап отырады. Ол оқушының мұғалімдерімен және ата-аналарымен тығыз байланыста болады. Логопедиялық сабақтарды өткізу уақытына арналып логопед және психоневролог дәрігердің бірлесіп әзірлеген ортопедиялық тәртіпті қатаң сақтау, логопедтік жұмыстың ерекшелігі болып табылады. Логопед баланың партада дұрыс отыруына, оның аяқ-қолдары жағдайының дұрыс болуна үнемі назар аударуы тиіс. Қажет емес потологиялық қимыл-қозғалыс реакцияларының пайда барысында логопед селқос-белсенді араласу арқылы оларды жеңіп шығуға жағдай жасайды.
3) сабақтарда оқу бағдарламасын меңгеруде ауырлық көретін оқушылардың психикалық функцияларының бұзылуын түзетуге арналған жеке және топтық сабақтар. Бұл сабақтар жалпы дамытушылық, сонымен бірге пәнге бағытталған сипатқа ие. Сабақтардың мақсаты – оқушылардың жалпы даму деңгейін көтеру; бұрынғы дамыту мен оқытудағы кемшіліктердің орнын толтыру; жеткіліксіз меңгерілген оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру бойынша жеке жұмыстар жүргізу; танымдық қабілетінің дамуындағы ауытқуларды түзету; жаңа оқу материалын қабылдауға арналған мақсатты-бағытталған дайындық
24. Күрделі тіл кемістігі бар балаларды оқытудағы коррекциялық компонент
Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде саусақтарды жаттықтыра отырып бас миының жұмыс істеу қабілетіне күшті ықпал етеміз. Сондай-ақ қолдың жазуға икемділігін арттырамыз. Балалардың дыбысты дұрыс айтуын түзету жұмыстарына кіріспес бұрын, оның жеке тұлғалық белгілерін міндетті түрде білу қажет. Кейбір балалардың сөйлеу тілінің бұзылуымен қатар, нервті-психология саласында да психологиялық ауытқушылықтар болатына да назар аудару қажет. Сол себепті де балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет.
Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда әртүрлі массаж қолданады. Оның негізгісі сылау, сипау, қысу, сілкілеу, қозғалту, дірілдету арқылы босаңсыту және қатайту массаждары. Сондай-ақ биологиялық активті нүктелерге әртүрлі вибро-массажер, зонд, дөңгелек, массаж доптар, спанжер және өз-өзіне массаж түрлері жасалады.
25. Мүмкіндігі шектелуі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі «қалыпты жағдайға ұмтылу» қағидасының мәні
26. Мүмкіндігі шектелуі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі «кешенді коррекциялық қолдау көрсету» қағидасының мәні
Түзетушілік көмек көрсету мектеп жасында даму мүмкіндігі шектеулі (бұдан әрі – ДМШ) балаларды 30–40 пайызға азайтуға мүмкіндік береді. Кешенді қолдаудың 3 кезеңі бөлініп шығады: психофизикалық дамуындағы ауытқушылықтарды анықтау жән диагностикалау; әлеуметтік-педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту; бейімделу.
27. Мүмкіндігі шектелуі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі «ата-анасымен бірлестікте болу» қағидасының мәні
Инклюзивті білім берудің нәтижесінде бала оқып қана қоймай, бір-біріне жанашырлық танытып, өзара ынтымақ та қалыптасады. Мүмкіндігі шектеулі балалар қалыпты балалармен бірге оқығанда олардың ынтасы артады, олар да қалыпты балалармен бірдей сөйлейді, қимылдайды, бірге ойнайды, осыдан келіп өмір сүруге құштарлығы оянып, өзін басқаша сезінбейді.
Сондықтан мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік реабилитация жасауды оның өзінен емес, ата-анасынан бастаған дұрыс, нақтылап айтқанда олардың даму мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуге деген психологиялық даярлығын қалыптастырудан бастаған жөн.
28. Мүмкіндігі шектелуі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі «баланың даму кезеңдерін есепке алу» қағидасының мәні
Оқытуды және тәрбиелеуді оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізу оң нәтиже береді. Дамудың табиғи сатыларын есепке алмау немесе теріске шығару кез келген әлеуметтік тәжірибені, кез келген білімдерді, біліктер мен дағдыларды кез келген жаста беру мүмкін деген қате тұжырымға және әдістеме таңдауда қателікке алып келеді. Әлеуметтік даму үрдісінің жылдамдауы, түрлі ақпараттық көздерге кең қол жеткізу мүмкіндігі адамның мүмкіндіктерін біраз ұлғайтады, дегенмен, ол мүмкіндіктер шексіз еместігін ескерсек, жас ерекшеліктері дамуда өз шарттарын қояды.
Я.А. Коменский алғашқылардың бірі болып оқу-тәрбие үрдісінде балалардың жас ерекшеліктерін қатаң есепке алуды ұсынды. Ол табиғатқа сәйкестілік принципін негіздеді, яғни табиғаттағыдай тәрбие процесінде де барлығы өз орнымен және кезегімен жүріп отыруы тиіс.
Жас ерекшеліктерін есепке алу – педагогикалық принциптердің ішіндегі негізгілерінің бірі. Оған сүйене отырып, мұғалімдер оқу жүктемесін белгілейді, еңбектің әр түрімен қамтуды қалыптастырады, дамуға оң мүмкіндік беретін күн тәртібін анықтайды. Жас ерекшеліктері оқу пәндерін, әр пәндегі оқу материалын таңдау және орналастыру мәселелерін дұрыс шешуді міндеттейді.
29. Мүмкіндігі шектелуі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі «педагогикалық оптимизм» қағидасының мәні
Педагогикалық оптимизм қағидасы. Тұлға өзіне тілектестікті, назарды, қамқорлықты талап етеді, сондықтан оқытушы оның жағымды негізіне, нәтижеге бағдарланып, рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал етуі тиіс.
30. Мүмкіндігі шектелуі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі «педагогикалық көмекті қатаң өлшеу, яғни баланың даму темпін есепке алу» қағидасының мәні
Білім берушілік, дамытушылық және тәрбиелеу принциптерінің бірлігі педагогикалық білім мен іскерліктер жүйесінің қалыптасуына, жеке тұлғалық қасиеттердің, мінез-құлықтың ерекшеліктерінің дамуына, аса кәсіби-мәнді құндылықтарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді;
1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаға деген қоғамның көзқарасының бірі «Сырқат адам» моделіне сипаттама беріңіз
«Сырқат адам» моделіне сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлға сырқат адам болады. Бұл сырқат адамның емдеу үрдісін жүргізетін объект ретінде қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаға медициналық көмек көрсетудің маңызы зор, бірақ мұндай балалардың білім алуындағы мүмкіндіктерінің шектеулігі оқыту мен әлеуметтендіруді оңайлықпен меңгерілмейді. Сондықтан да білім беру бағдарламалар медициналық ем көрсетумен бірдей қарастырылуы қажет. Қоғам мүмкіндігі шектеулі баланы – сырқат адам деп қабылдағандықтан, оларға тек медициналық көмек көрсетіп, білім беру жүйесін тысқары қалдырады. Қоғамның белсенді дамуымен бұл модель адамның мүмкіндіктерін шектейтін ауытқушылықтың себептері мен пайда болуын клиникалық ғылыми зерттеуге және қажетті алдын алу шаралары мен жеке ауруларды емдеуге ынталандырды. Дегенімен, қазіргі таңда өз маңыздылығын төмендетті.
2. Аутизм және псевдоаутизмнің салыстырмалы сипаттамасын беріңііз
Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.
3. Ақыл-ойы кемшілік пен психикалық дамуының тежелуіне салыстармалы сипаттама беріңіз
Психикакалық дамуы тежелген балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу кезінде ақыл-есі кем балалардан ажыратып тұратын бірқатар белгілері байқалады. Көптеген практикалық және интеллектуалдық есептерді олар өз жасының деңгейінде шығара алады, көрсетілген көмекті пайдалануға қабілетті, суреттер мен әңгімелердің сюжетін ұғынады, қарапайым есептердің шарттарын ажыратып, басқа да көптеген тапсырмаларды орындауға қабілетті
Дегенмен сонымен бір мезгілде олардың танымдық белсенділігінің жеткіліксіздігі байқалады, тез шаршап қалатындықтан, оқу мен дамуында тежелушілікке жол беріледі. Тез шаршау жұмыс қабілетінің жоғалуына алып келеді, оқу материалын меңгеруде қиындықтар туындайды: олар есеп шарттарын, айтып тұрып жаздырған сөйлемдерді зердесінде ұстап тұра алмайды, сөздерді ұмытып қалады; жазба жұмыстарында қате жібереді; есеп шығарудың орнына цифрлармен механикалық түрде айла-шарғылық әрекет жасайды; өз әрекеттерінің нәтижелерін бағалауға қабілетсіз.
4. Ақыл-ойы кемшіліктің жеңіл және орта деңгейлеріне салыстармалы сипаттама беріңіз

Дебилдік дәреже (миақы, қауқарсыздық) – (латын тілінен “debilis”-әлсіз, қуатсыз) олигофренияның жеңіл дәрежесі. Дебилдердің интеллектуалдық коэффициенті (IQ) 50-70-ті құрайды. Ересек дебилдердің психологиялық дамуы 8-12 жастағы баланың дамуына сәйкес келеді. Дебилдердің интеллектуалды дамуының зақымдалу деңгейіне байланысты: орташа, жеңіл және ауыр түрлері анықталған. Мешеулік ерте балалық шақтан біліне бастайды. Бұл балалар бастарын ұстауды, отыру, жүру және сөйлеуді өте кеш бастайды. Балалық шақта сөз қоры жетілмеген, қысқа болады. Бірақ, жылдар өте, егер дебилдік жеңіл түрінде болса және асқынбаса, көп нәрсеге үйренеді және психикалық жетіспеушіліктері азая бастайды. Дебилдіктің жеңіл түрінде балалардың сөздік қоры жеткілікті, олар жалпы мектепте де оқи алады, бірақ мәліметтерді ұғыну оларға қиын болады, әсіресе математика амалдарын игере алмайды. Дебилдер қарапайым еңбекпен ғана шұғылдана алады. Дебил балалардың танымдық әрекетінің бұзылуы қиын түсініктерді талдап, қорытуға қабілетсіз екендігін көрсетеді. Олар маңызды, басты істі жалпыдан айыра алмайды; абстракты ойлауы нашар дамыған немесе мүлдем жоқ; нақты-жазылу, көрнекі құралдар арқылы ғана қабылданатын нәтижесіз ойлау басым болады. Бірақ кейбір балалар интеллектісінің жетіспеушілігіне қарамастан, көп нәрсені аңдамай (механикалық түрде) жаттап алумен, еліктеушілікпен кемістіктерін аз да болса толықтырып, жеңілдетеді. Бірақ оларда инициатива, өз бетінше шешім қабылдау байқалмайды, барлық психикалық үдерістерде селсоқтық, енжарлық, мән бермеушілік байқалады.


Имбецил (милау) (латын тілінен “imbecillus” – әлсіз, елеусіз) – бұл психикалық дамудың орташа зақымдануы. Ересек имбецилдің психикалық дамуы салыстырып қарағанда 3-7-жастағы қалыпты дамыған баланың деңгейіне сәйкес. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-50, ауыр имбецилдік кезінде 20-35, ал жеңіл кезінде 35-50. Имбецилдердің барлық психикалық процестері баяу, селқос. Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек өздеріне қарапайым қызмет етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді түсінеді, ал өздерінің сөздік қорлары аз, сөйлеу әрекеті нашар дамыған. Имбецилдердің сөздік қоры небары 200-300 қарапайым сөздерден құралған. Логикалық ойлау, тұжырымдау және абстракты түсінік – оларға тән емес. Ойлауы өте төмен деңгейде, нақтылық жоқ және тиянақсыз. Кейбір имбециалдерде жақсы механикалық есте сақтау қалыптасуы мүмкін, бірақ олар санау, оқу, оқығанының мағынасын түсінуге және жазуға бейім емес. Имбецилдердің ортаға бейімделуі үйреншікті, жақсы таныс жағдайда ғана болуы мүмкін. Олар ең оңай жұмыс әдістері – үй жинау, кір жуу, ыдыс жуу немесе ең қарапайым өндірістік процестерді еліктеу әрекеті арқасында ғана үйренуге қабілетті. Олар ынтасыз, бір әрекеттен екіншіге әзер ауысады, сондықтан еркін әрекеттенуге қабылетсіз, олардың эмоционалды реакциялары өте әлсіз және бірыңғай.
5. Психикалық дамуының тежелуінің 4 түріне салыстармалы сипаттама беріңіз
Психикалық дамуының тежелуінің конституционалды түріндегі балаларға келесі сипаттамалар тән: баланың дамуында эмоционалдық бейнесінің төменгі даму кезеңінде қалып қоюы, көңіл- күйі мен ойынға қызығушылығы жоғары болуы, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмен болуы байқалады. Көбінесе бұл түр төменгі сыныптарда кездеседі, оқу үлгерімінде қиындық көреді. Психикалық даму тежелуінің соматогенді түрі -бұл түрлі ұзақ уақытта әр түрлі себептегі соматикалық науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулар, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулары, балалар неврозы негізінде пайда болады. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз, қорқақ және түлғалық қарым- қатынаста шектеулі болып келеді. Науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жетеді. Психикалық даму тежелуінің психогенді түрі- тәрбиелік жағдайдың қолайсыздығына байланысты. Баланың ұзақ уақыт қолайсыз ортада тәрбиеленуі, олардың жүйке психикалық жүйесін тұрақты өзгеріске әкеліп соқтырады. Жанұядағы қатаңдықпен, зорлық-зомбылықпен, отбасының ішімдікке салынуының салдарынан баланың жалпы түсінігі төмен болады. Қоршаған орта туралы бейхабар болады. Аталған үш түрдегі ПДТ балаларды жалпы мектепте жеке бағдарламамен түзеу сыныптарында оқытып, қатарға қосуға болады. Психикалық даму тежелуінің церебральды - органикалық түрі - шығу тегі жүйке жүйесінің органикалық жетіспеушілігіне байланысты. Көптеген жағдайда баладағы орталық жүйке жүйесінің органикалық өзгерістері анасының жүктілік кезіндегі денсаулығына байланысты (жұқпалы аурулар және бүйрек,жүрек аурулары басқа да созылмалы аурулары...).Жүктілік кезіндегі көңіл-күйі,уайым-қайғыға салынуы да нәрестенің іште дамуына әсер етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет