15-практикалық сабақ тақырыбы: Мәтін типологиясы
Сабақтың мақсаты: Мәтіндердің функционалдық-стильдік типологиясы туралы түсінік беру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: Мәтіндердің функционалдық-стильдік типологиясы
Мәтін интеграциясы туралы ұғым.
Әдістері:Баяндау, талдау, жинақтау
Әдістемелік нұсқаулықтар: Ұсынылған тапсырмалар негізінде берілген сұрақтарға дайындалып, өздерінің ой-пікірлерін білдіру. Жоғарыда аталған категорияларды шығармалардан алынған мысалдар негізінде түсіндіру.
Өткізу формасы: баяндау, сұрақ-жауап, талдау
Бағалау критерийлері: Пайдаланылған әдебиеттер: 1,2,3,,7,9,15,16.
Мәтін типологиясы Мәтіндердің функционалдық-стильдік типологиясы Мəтін типологиясы өзінің мəтін теориясындағы маңыздылығына қарамастан, əлі де жете зерттелмеген. Типологизацияның негізін құрайтын критерийлер де анықталмаған. Обьективтік тұрғыдан мұны мəтін феноменінің көпаспектілігімен, яғни күрделілігімен, ал субъективтілік жағынан мəтін мəселелерінің бір теорияға жатқызылып, жете зерттеле басталғанына көп уақыт болмағандығымен түсіндіруге болады. Ең үлкен қиындық – мəтін дифференциациясы кезінде бір ғана критерийге сүйенуге болмайды, себебі классификация жасау үшін бұндай негіздеме өте тұрақсыз болып табылады.
Қазіргі уақытта «мəтін типі» ұғымы мəтін теориясының заманауи зерттеулерінде, оның ішінде мəтін лингвистикасында жиі қолданылады. Ол мəтін манифестацияларының эмпирикалық түрдегі формаларын білдіреді. «Мəтін типі» ұғымын түсіндіруде қайшылықтар əлі де айтарлықтай. Ол бірде өте тар мағынада, бірде кең мағынада пайымдалады. Мəселен, кейде аспаздық рецепт те мəтін түрі ретінде қабылданса, кейде аударма мəтін түрі ретінде түсіндіріледі.Осы тақырыптағы дискуссиялардың барлық қиындықтарына тоқтала бермей, ғылымдағы жинақталған мəліметтерге сүйене отырып, мəтіннің түрлі манифестацияларын бөліп қарастыру мақсатында негізгі критерийлерді анықтауға болады. Бұл критерийлер көптеген көрсеткіштер қатарынан құрылып, мəтіннің ақпараттық, функционалдық, құрылымдықсемиотикалық, коммуникативтік сияқты негізгі белгілерін қамту керек.Бұл белгілердің əрқайсысы тиісті классификацияның негізі бола алады. Ал бұлардың біріктірілуі белгілі қиындықтарды туындатады: теориялық тұрғыдан əр мəтін аталған негіздемелер бойынша басқаларынан ерекшелену керек. Бұндай «мінсіз» классификация күрделі келеді, себебі белгілердің ұқсастықтары мен өзгешеліктері əр түрлі болып қиысуы мүмкін. Мысалы, ақпараттық қасиеттер ұқсастықтарына коммуникативті қасиеттердің қайшы келуі мүмкін жəне т.б. Көпаспектілік салдарынан бір мəтіннің өзінің түрлі топтарға қатысты болуы да типологизация критерийлерін таңдауды қиындатады.Түрлі критерийлерге сүйене отырып, алғашқыда мəтіндерді «ғылыми жəне ғылыми емес мəтіндер», «көркем жəне көркем емес мəтіндер», «монологтық жəне диалогтық мəтіндер», «моноадресатты жəне полиадресатты мəтіндер» жəне т.б.деп бөлуге болады. Осы бөлінулердің əрқайсысы шындығында қолданылады, алайда жалпы жəне жеке типологияға сəйкес олар бұрыс болып табылады. Мəселен, көркем мəтіндер бір жағынан ғылыми емес мəтіндерге жатса, екінші жағынан монологтық жəне диалогтық топтарға бірдей жатқызылады.Осындай қайшылықтардан ада болу мақсатында енді біршама орныққан, экстрамəтіндік, яғни шынайы коммуникациялық (коммуникативті-прагматикалық) факторларға негізделетін классификацияларға сүйенетін боламыз.
Мəтін мəселелерімен айналысатын көптеген авторлар болмыстың бейнелену сипатына сəйкес жəне коммуникация факторларын есепке ала отырып, алғашқыда барлық мəтіндерді көркем жəне көркем емес деп бөледі. Көркем емес мəтіндер бірмағыналылыққа, көркем мəтіндер көпмағыналылыққа негізделуімен сипатталады. Екеуі де түбегейлі маңызды мəселелер болып табылады.Оған қоса, мəтіндер ұсынылу формасы бойынша ауызша жəне жазбаша болып бөлінеді. Біз ары қарай жазбаша мəтіндер, оның ішінде көркем жəне көркем емес мəтіндер туралы сөз етеміз.
Төменде келтірілетін ерекшеліктер «көркем жəне көркем емес коммуникацияның негізгі белгілері болып табылады:
коммуникация мен адам тіршілік қарекетінің арасындағы тікелей байланыстың болу/ болмауы;
эстетикалық функцияның болу/ болмауы;
мазмұнның эксплициттілігі/имплициттілігі (мəтін астарының бар немесе жоқ болуы);
қабылдаудың бірмағынаға немесе көпмағынаға негізделуі;
болмыстың шынайы/шынайы емес бейнеленуі.
Бұл тізімдегі алғашқы ерекшеліктер көркем емес мəтін белгілері, ал кейінгілер көркем мəтін белгілеріне жатады» (1,112).
Көркем мəтіндердің түр жəне жанрлық белгілеріне бағытталған өзіндік типологиясы да бар. Көркем емес мəтіндер де өзіндік жеке типологияға ие. Мəселен, бұқаралық қарымқатынас мəтіндері; ғылыми мəтіндер; ресмиіскерлік мəтіндер.Көркем мəтіндер ассоциативтік-образдық ойлауға, ал көркем емес мəтіндер логикалық ойлау заңдарына негізделеді. Көркем мəтіндерде өмірлік материалдар автор көзімен көрген өзінше бір «кішкентай əлемге» айналады. Сондықтан көркем мəтіндерде үнемі мəтін астарлылығы, «екінші болмыс» болады. Көркем емес мəтіндерде болмыс көбінесе бір мағыналы келіп, шынайы бейнеленеді. Көркем жəне көркем емес мəтіндер адамның эмоционалдық жəне интеллектуалды жақтарына əсер ету түрлері тұрғысынан да ерекшеленеді. Сондай-ақ мəтіндер функциялары бойынша да ажыратылады. Көркем емес мəтіндер коммуникативтіақпараттық, ал көркем мəтіндер коммуникативтік эстетикалық қызмет атқарады.
«Көркем емес мəтін үшін фактілердің мүмкіндігінше объективті, логикалық түсінікті мəні, ал көркем мəтін үшін бейнелі-эмоционалды, яғни субъективті мəні маңызды. Сондықтан, көркем мəтінде форманың алатын орны зор, себебі көркемдіктің мəні содан басталады. Мəселен, пейзажды суреттеу өздігінен қажет болмаса да, ол автордың, кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін суреттеудің формасы ғана болуы мүмкін. Ішкі образды жоспар көбінесе сыртқы заттық жоспар арқылы беріледі. Көркем емес мəтінде кездеспейтін екіжақтылық немесе көпжоспарлылық осылайша құрылады» (2, 32).
Көркем мəтінде ассоциативті байланыс маңызды орын алатындықтан, көркем сөз мағынасы жағынан толығымен дерлік сарқылмайтындай келеді. Түрлі ассоциациялар көптеген «мағына ұлғайтуларына» («наращивания смысла») əкеледі (В.В. Виноградов термині). Тіпті заттық əлемнің бірдей реалийлері əр суретшіде түрліше қабылданып, əр түрлі ассоциацияға əкелуі мүмкін. Мысалы, О. Мандельштамда «тас» қаталдықтың, сенімділіктің («Тас» кітап аты), ал И. Анненскийде ол еркіндік жоқтығының, жан күйзелісінің нышаны («Ақ тастың мұңы»). К. Бальмонт үшін «Күн» мейрамның, қайнаған өмірдің нышаны болса, Ф. Сологуб үшін ол қураудың, жансызданудың белгісі. Көркем мəтінде заттық-ұғымдық құбылыстан гөрі, зат бейнесін ойда елестете алу маңызды. Дəл осы елестету тікелей қабылдау мен түсінудің арасындағы арқау болып табылады.
Көркем жəне көркем емес мəтіндер аналитизмнің сипатына қарай да ерекшеленеді: көркем емес мəтіндерде аналитизм ашық дəлел деу, аргументация жүйесі арқылы көрінеді, ал көркем мəтіндерде аналитизм жасырын сипатта келеді. Суретші іс жүзінде дəлелдемейді, ол нақты бейнелерді қолданып, əңгімелейді.Айтылымдардың құрылымы мен қызметі жағынан да көркем жəне көркем емес мəтіндер бір бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Көркем емес мəтіндерде құрылымдық қызметті рационалды-логикалық, ал көркем мəтіндерде эмоционалды-риторикалық құрылымдар атқарады. Рационалды-логикалық құрылымдар ақиқатқа негізделсе, эмоционалды-логикалық құрылымдар болмысты түсіндіруге негізделеді. Екінші жағдайда мəтін экспрессивтілігі жоғары келеді.
Рационалды-логикалық құрылымдар хабарлаудың фактілік жағын бейнелейтіндіктен, олардың элементтерін алып тастауға болмайды. Бөліктердің жоғалуы мағынаның өзгеруіне əкеледі. Ал эмоционалды-риторикалық буындарды алып тастау мəтіннің жалпы мағынасын бұбайды.
Эмоционалды-риторикалық құрылымдар көркем мəтіндерге тəн, бірақ ол бұқаралық коммуникациялар мəтіндерінде (мысалы, газеттерде) де көрінеді. Себебі бұқаралық-ақпарат құралдарындағы мəтіндердің көпшілігі əсер ету функциясына негізделген.Мəселен, мына мəтінге назар аударайық:«Белгілі ғалым, профессор Р.Г.Пиотровский жетекшілік ететін Бүкілодақтық «Статистика речи» тобы 1970 жылдан бастап машиналық аударма жүйесі бойынша зерттеулер жүргізді. Бұл жүйе қазіргі уақытта да актуалды болыпсаналатын интерактивті-стратификациялық тəсілге негізделеді. Мұндай əдіс бойынша аударуға тиісті мəтінді қайшылықсыз сипаттау үшін ол кезеңдік сипатта қарастырылуы қажет.Ленинградтағы А.И.Герцен атындағы Педагогикалық институттың инженерлік лингвистика зертханасында 1975 жылдан бастап зерттеле бастаған СИЛОД атты аударма жүйесі көптілді жүйе ретінде өз міндетін атқара бастады. Оның сөздіктермен жəне морфологиялық тұрғыда жабдықталуы аса күшті жəне құрамында трансфер қолданыс табатын грамматикасы бар жүйе болып саналады».Көріп отырғанымыздай мəтіннің айтылымдары фактілерге негізделген. Олар эмоционалды-баға беру ерекшеліктерінен ада, тек объективті мазмұнды беруді көздейді. Баяндау негізінде рационалды-логикалық құрылымдарға бағытталған жəне интеллектуалды қабылдауға арналған.Ал мына үзіндіге назар аударайық:В 1771 году Москву посетило ужасное бедствие — в январе месяце в столице открылась страшная мировая язва. Занесена была чума в Москву войском из Турции.Жители столицы впали в уныние … По словам очевидца, Подшивалова, народ умирал ежедневно тысячами...Вот как описывает это страшное время П.И. Страхов, профессор Московского университета, бывший еще гимназистом.«Вот, бывало, говорит он, я, в казенном разночинском сюртуке из малинового сукна с голубым воротником и обшлагами над голубом же стамедном (шерстяная косонитная ткань) подбое, с медными жёлтыми большими пуговицами и в треугольной поярковой шляпе, бегу от братца с бумажкою в руке по валу, а люди то из разных домов по всей дороге и выползут и ждут меня и, лишь только завидят, бывало, и кричат: «Дитя,дитя, сколько?»А я-то лечу, привскакивая, и кричу им, например: «Шестьсот, шестьсот». И добрые люди, бывало, крестятся и твердят: «Слава Богу, слава Богу!» Это потому, что накануне я кричал семьсот, а третьего дня восемьсот! Смертность была ужасная и росла до сентября так, что в августе было покойников чуть-чуть не восемь тысяч».
Мəтіндегі сапалық сын есімдері, төл сөз, ауызекі-халықтық үлгілермен эмоционалды боялған мəтіндегі баяндау, суреттелген оқиғаны атап қана қоймай, куəгерлердің сезімдерін де көрсетеді.Мұндай баяндау үлгісі эмоционалды əсер етуді мақсат етеді.Көркем емес мəтінде сөйлеудің рационалдылогикалық құрылымы мазмұнды берудің эксплициттілігімен жəне жүйелілігімен ерекшеленеді. Мұнда эмоционалды сөздер мен экспрессивті конструкциялар болмайды. Мұндай сөйлеу эмоционалды-риторикалық құрылымы басым көркем немесе публицистикалық мəтіндерден ерекшеленді. Мəселен, төмендегідей сөйлемайтылымдарды салыстырайық: Свою остановку он узнал, сошел. Теперь километра полтора надо было пройти по широкой улице унылого заводского типа, без деревца, раскалённой (А. Солженицын Раковый корпус). Сал.: Он узнал свою остановку и сошёл. Теперь надо было еще пройти километра полтора по широкой раскаленной улице унылого заводского типа, не имеющей ни одного дерева.Толыққанды лекикалық сəйкестікке қарамастан, эмоционалды тұрғыда бұл айтылымдар сəйкес келмейді. Екінші нұсқа өз эмоционалдылығын жоғалтқан. Осындай айтылым үлгі-
Бірақ мені кім алып шығады? Күйеуім?
Құрбым? Костя мен Машка Кудрявцева?
Қоңырау шалынды. Мен көзімді үстелден телефонға жүгіртемін. Телефон үн-түнсіз. Сол кезде мен есікті қағып тұрғанын түсінемін. Орнымнан тұрып есікке қарай бет алдым. Есікті аштым.Есік алдында – итальян тілінен аударғанда «сұлу əйел» дегенді білдіретін Белладони есімді менің көршім тұр екен».Көріп отырғанымыздай мəтінде ешқандай образды (ауыстырмалы) қолданылған, эмоционалды сөздер жоқ. Алайда мəтіндегі фразаларда эмоция жоқ деп айта алмайсыз. Сұраулы құрылымдар, қайталаулар, парцелляция, грамматикалық құрылымдардың толық еместігі т.б. үзіндінің көркем мəтінге жататындығын көрсетеді.Бұдан образдылықтың көркем мəтіннің негізі болып табылғанымен, ондағы болатын эмоционалдылықпен міндетті түрде қатар келе бермейтіндігін көреміз. Ал сөздегі образдылық ұғымы өз алдына бөлек қарастыратын мəселе болып табылады.
Мәтін лингвистикасын соңғы 10-15 жыл ішінде қарқынды дамып келеді деуіміздің бір реті – лингвистика мен мәтін стилистикасының аражігін ашып, бірін-бірі толықтыратын тең дәрежелі ғылым деп ұсынуға болатындығы. Мәтін – күрделі категория. Оны бір әдіс шеңберінде зерттеп, тануға келмейді. 1985 жылы 25-27 қыркүйекте Қазан университетінде мәтін стилистикасы бойынша өткізілген бүкілодақтық мәжілісте профессор М.Н. Кожин мәтін лингвистикасын «лингвистиканың перспективалы бағыты » ретінде бағалап, мәтін лингвистикасын функционалды стилистика дамуының заңды жалғасы деп таниды
Сонымен, қазірде мәтінді түрлі әдістермен, әр қырынан алып қарастыру кең өріс алып отыр. Мәселен:
– Онтологиялық тұрғыда – мәтіннің болмысы, алатын орны
– Лингвистикалық тұрғыда – мәтіннің тілдік ұйымдасуы
– Психологиялық тұрғыда – мәтінді қабылдау
– Прагматикалық тұрғыда – мәтін авторының обьективті болмысқа және мазмұнға деген қатынасы сипатталады.
Мәтіндердің ең ауқымды және лингвистикалық типологиясы оның функционалдық стилі болып табылады. Кез-келген мәтін түрін белгілі бір стиль түріне негіздеуге болады.