1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар



бет28/34
Дата19.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69208
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34
Байланысты:
1 модуль бойынша ба ылау ткізуге арнал ан с ра тар

уақыт
жиілік

14.2- сурет. АЖБ әдісін қолданушыларды бөлу графигі


Жиіліктік бөлу жүйелерін қарастырғанда, АУБ жүйелерінде барлық абоненттер бірдей жиіліктер диапазонында жұмыс істейді, бірақ арқайсысы қатынас құрудың уақыттық шектеулеріне ие болады. Әрбір абонентке уақытша аралық (кадр) бөлінеді, және осы уақыт аралығында абонентке хабар таратуға рұқсат етіледі. Содан соң бір абонент хабар таратуын аяқтап, рұқсат басқа абонентке беріледі. Барлық абоненттерге қызмет көрсетіліп болған соң, бұл құбыоыс қайта қайталанып отырады. Абоненттің көзқарасы бойынша оның активтілігі лүпіл сипаттамасын алып жүреді. Абоненттер саны көп болған сайын, лардың әрқайсысына соғұрлым мәліметтерді тарату үшін мүмкіндіктері аз болады. Сонымен, сәйкесінше абоненттер аз ғана мәліметтерді тарата алады. Егер абоненттердің мүмкіндіктерін белгілі бір шамамен шектесек, осындай әдіспен бөлу ортасында нақты түрде жүйе қамтамасыз ете алатын, қолданушылар санын анықтауға болады. Уақыттық бөлу, ережеге сай жиіліктік бөлуге салынады және хабар тарату бөлінген жиілік жолағында жүзеге асырылады.




уақыт
жиілік
14.3-сурет. АУБ әдісін қолданушыларды бөлу графигі

Сигналдарды тарату ортасына байланысты КТЖ мынадай типтерге бөлінеді: сымды және радиожүйелер. ЕАСС –да көпарналы тарату жүйелерін қолдану ортасына байланысты магистральды, зонаішілік және жергілікті жүйелер болып бөлінеді.


Тарату ұзақтығын қамтамасыз ету. Байланыстыру ұзақтылығы мыңдаған километрге дейін жетуі мүмкін. Телеграф пен телефонның халықаралық байланыс аумағының ұзындығы 250000км –ге жетуі мүмкін.
Сигналдың таратылу ұзақтылығы физикалық тізбекте ең алдымен өшу сигналымен анықталынады, ол таратушы сигналдың тізбекте энергиясының бір бөлігінің жоғалтылуымен түсіндіріледі. Тізбектің нақты электрлік параметрлері және қабылдаушы сигналдың сезімталдығы мүмкін болатын байланыс ұзақтығын анықтайды. Мысалы, сөзді таратуда телефондық аппаратураның микрафонының шығысында сигнал қуаты Ртарат=1 мВт, ал телефонның қабылдаушы аппаратының сезімталдығы Рқаб=0,001 мВт. Сонымен, тізбектің максималды өшу аралығы amax=10 lg(Рпер/ Рпр) = 10 lg (1/0.001)=30 дБ–дан аспауы тиіс. Өшуді amax және өшудің километрлік коэффициенті α біле отырып, таратудың ұзақтығын анықтауға болады: ℓ= amax / α, км.
Байланыс ұзақтығын үлкейту үшін, әр түрлі өшу компенсацияларының әдістері қолданылады: тарату орнында, қабылдап және тарату орнында, және бірнеше тегіс орналасқан тізбек жүктемелерінде сигнал қуатын өсіру әдісі қолданылады. Соңғысында әңгіме қызмет көрсетілетін және қызмет көрсетілмейтін күшейту күшейту пункттерінде аналогтық жүйелерде, аралық күшейтіштерді қолдану туралы болмақ. Сандық жүйелерде қызмет көрсетілетін және қызмет көрсетілмейтін пункттерде сызықтық тракттың лүпілдік сигналдарды қайта қалпына келтіру (регенерациялау) аппаратурасы орнатылады. Қызмет көрсетілсмейтін пункттердің қашықтығы жүйе сыйымдылығына тәуелді болады. Жүйе сыйымдылығы үлкен болған сайын, қызмет көрсетілмейтін пункт участкелерінің қашықтығы аз болады. Біздің білуімізше ең қымбат және громоздық бөлігі болып бөлік болып, тарату желісі болып табылады. Сымды желілерге қатысты байланыс тізбегі ұғымы енгізіледі. Байланыс тізбегі деп кабельде орналасқан немесе сымның тіреулерінде ілінген, бір электрлік сигналды тарату мүмкіндігі айтылады. Бір –, екі–, үш– және төрт сымды тізбек түрлері бар. Заманауи КТЖ–де негізінен екі және төртсымды тізбектер қолданылады.

Әдебиеттер: 1нег. [136-160], 4қос.


Бақылау сұрақтары:



  1. Көпарналы тарату жүйесінің негізгі артықшылығы неде?

  2. Арналарды уақытша бөлуді қалай түсінесіз?

  3. Арналарды жиіліктік бөлуді қалай түсінесіз?

  4. Байланыс ұзақтылығы қалай қамтамасыз етіледі?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет