1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар



бет26/34
Дата19.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69208
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Байланысты:
1 модуль бойынша ба ылау ткізуге арнал ан с ра тар

Деректерді тарату жүйесі. Деректерді тарату жүйесі (ДТЖ) –байланыс каналының ,деректерді тарату аппартурасының және деректердің шеткі құрылғысының жиынтығы болып табылыды.
ДТЖ дамуының бірден бір себебі электронды есептеуіш машиналарының дамуы.ДТЖ арқылы ЭЕМ өңделуге арналған немесе өңделіп қойған цифрлық деректер түріндегі хабарлар таратылады.
ДТЖ-нің ТБЖ-нен принципиалды айырмашылығы жоқ.Оларда хабарды сигналға және керісінше түрлендіру үшін кодалық әдіс қолданылады.Дегенмен өзгешеліктері де бар:
1)таратылатын хабарларды таратудағы жоғарғы сенімділік қажет,себебі телефондық және телеграфтық байланыспен салыстырғанда хабарлама мағынасына сәйкес оператор қателіктерді түзете алмайды.
2)Деректердің үлкен көлемін тарату үшін жоғарғы жылдамдық қажет етіледі.Жылдамдықтардың келесі түрлері анықталған:
-төмен (50,100,200 бит/с)
-орташа (600,1200,2400,3600,4800,9600бит/с)
-жоғарғы(≥16Кбит/с).
3)Деректерді өңдеудегі технологиялық алгоритмдерді қолдану мен хабар таратудағы кешігулерді болдырмауына байланысты деректерді тарату жүйесінің сенімділігіне жоғары талаптар қойылады.


13.2 – сурет. ДТЖ –нің бір нұсқасын туғызудың құрылымдық сұлбасы көрсетілген.


ДТЖ құрамына шеткі аппаратура (ША) ,деректерді таратудың арнайы аппаратурасы (ДТА) және келісу құрылғысы (КҚ) кіреді.ША ретінде арнайы жоғарғы жылдамдықты таратқыштар мен қабылдағыштар қолданылады.ДТА екі жарты комплектен тұрады:таратушы және қабылдаушы,себебі шеткі пунктердің функциалары үнемі өзгеріп отырады.
ДТА құрамына қателіктерден қорғаушы құрылғы(ҚҚҚ) мен сигналдарды түрлендіру құрылғысы кіреді(СТҚ).ҚҚҚ хабарларды тарату сенімділігін қателерді тауып түзету арқылы арттырады. Көбінесе қателіктерді түзетуге хабарлама таратуды қайталау мен қосымша ақпаратты енгізу арқылы қол жеткізіледі.
Байланыс арнасы ретінде көбінесе стандартты тоналдық арнасы немесе тоналдық телеграфтау арнасы қолданылады.
Тарат ушы жне қабылдаушы бөлктері де бар СТҚ сигналдардың жиіліктік сипаттамаларының тарату каналдарының параметрлерімен сәйкес келуін қамтамасыз етеді.Тарату бөлігінің негізгі элементі –модулятор ,қабылдау бөлігінің негізгі элементі –демодулятор.Бұл құрылғылар конструктивті байланысып ,модем аталады.
КҚ шеткі аппаратура мен деректерді тарату аппаратурасының(тарату жылдамдығы, кодалау әдісі және т.б)жұмыс режимдерін сәйкестендіру үшін қажет.
ДТЖ – нің барлық элементтері микропроцессорлармен интегралдық сұлбаларды қолдана отырып электрондық элементтерде іске асырылады. Есептеуіш ресурстарды, жалпы бағдарламаларды қолдануды,деректерді сақтауды біріктіру үшін арнайы тұрғызылған және жалға алынған байланыс сызықтары қолданылады.
ДТЖ коммутация түйіндері мен оларды біріктіруші деректерді тарату каналддарынан тұрады.ДТЖ (ЭЕМ)қолданушылары коммутация түйіндеріне еш бір құрылғысыз немесе жүктеме концентраторлары арқылы қосылады.
ДТ –дың әр түрлі желілері арасындағы байланыс шлюздар (әр түрлі архитектурадағы желілерді байланыстырады) шлюздар арқылы байланыс пайда болады .
ДТЖ ақпаратты есептеу желісінің (АЕЖ) негізі болғандықтан ,оны кейде базалық ДТ желісі деп атайды.Деректерді өңдеудің үлкен масштабты жүйесін құру үшін жеке кәсіпорындар мен ұйымдарға қызмет көрсететін есептеуіш орталықтар(ЕО)мен ЭЕМ деретерді тарату құрылғылардың көмегімен 13.3 суреттегі: ДБ-деректер банкі; БЕМ-басты ЭЕМ;КҚЕО-коллективті қолданыстағы есептеуіш орталық; ПЭЕМ-персоналды ЭЕМ;ЖА-желі администраторы; КТ-коммутация түйіні; КО-коммутация орталығы; ДТМ-ДТ мултиплексоры; ТЕМ-терминалды ЭЕМ ДТ белгілеулері бар ақпаратты –есептеуіш желілері АЕЖ түрінде бірігеді.



13.3 - сурет. ИҚЦТ құрылымы


Әдебиеттер: 7 нег. [219-256], 11қос. [141-155].


Бақылау сұрақтары:



  1. Интегралдық қызмет көрсету цифрлық торабының маңызы, оның құрылымы?

  2. Телегрфтық байланыс қалай ұйымдастырылады?

  3. Телеграфтық желімен абоненттік телеграфтық желіден айырмашылығы неде?

  4. Мәліметтерді беру жүйесіне нелер жатады?

  5. Мәліметтерді беру жүйесінен телеграфтық жүйенің айырмашылығы неде?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет