1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар


-дәріс. Электробайланыс желілеріндегі коммутация әдістері.Дестелі коммутациялы желілердегі тарату және коммутациялау режимдері



бет11/34
Дата19.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69208
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
1 модуль бойынша ба ылау ткізуге арнал ан с ра тар

6-дәріс. Электробайланыс желілеріндегі коммутация әдістері.Дестелі коммутациялы желілердегі тарату және коммутациялау режимдері

Телефондық хабарларды тарату кезінде екі абонент келіссөз жүргізеді. Бұл тек мына жағдайда, егер олардың арасында қанша түйіндік пункттер арқылы қанша байланыс өтетіндігіне тәуелсіз жалпы электрлік тізбек, байланыс каналы болса ғана мүмкін болады. Бірнеше учаскелер тұратын және екі абонент арасындағы сигналдардың таратылуын қамтамасыз ететін электрлік тізбек (канал) жалғастырушы тракт деп аталады.


Желінің түйіндік пункттері телефондық хабарлардың тарату тракттарын жасауға электрлік тізбектердің қосылуын жүзеге асыру үшін қажет. Іздеу процесі мен тізбектердің қосылуы коммутация деп аталады.
Осылайша, телефондық хабарлардың тарату процесі екі этаптан тұрады. Бірінші этапта тарату абоненттер арасындағы байланысты орнатудан, тарату тракттарын жасаудан басталады. Бұл этап телефондық аппараттың нөміртерушісінінің сигналдарды басқаруымен автоматты түрде орындалады. Екінші этап – телефондық сұхбаттың өзі. Келіссөздер аяқталғаннан кейін тракт жойылады.
Коммутация – сигналдарды тасымалдауға қажетті уақытта функционалдық бірліктердің, тарату каналдарының немесе байланыс арналарының тізбекті байланыстарының жасалу процесі.
Коммутация коммутацияның телефондық станциясы (ТС) деген атпен біріктірілген құрылғылар кешендерінің көмегімен жүзеге асырылады.
Төмендегі 6.1-суретте коммутация станциясының құрылымдық сұлбасы көрсетілген.
КС – сұхбат уақытында кіріс және шығыс сызығының байланысуын тікелей орындайтын коммутациялық жүйе. Әр кіріс және шығыс сызығы сызықты комплект (СК) деп аталатын және шақырудың түсуі туралы сигналдың берілуін, станция жабдықтарының басқа элементтеріне абоненттік сызықтарының қосылуын, нөмір жиынтығының сигнал трансляциясын және т.б. қамтамасыз ететін жеке құрал-жабдықтарға ие.















УУ

6.1-сурет. Коммутация станциясының құрылымдық сұлбасы


Станция жабдықтарының барлық элементтерінің жұмысын басқарушы құрылғы (БҚ) басқарады. Станцияда негізгі элементтерден басқа негізгі элементтердің жұмысы үшін қажетті қосалқы құрылғылардың қатары бар. Оларға жатады: кросс деп аталатын енгізу және шығару құрылғылары, электрмен қоректендіру көзі, бақылау құралдары, сигнализациялар, есеп-қисап және т.б.


Электробайланыс желілерінде хабарды жеткізу үшін байланыстың екі түрі орнатылуы мүмкін - ұзақ уақыттық және жедел байланыс орнату.
Кең таралған жедел коммутация болып табылады, бұл желінің екі нүктесі арасында уақытша байланыс орнатылған жағдаймен ерекшеленеді.
Жедел коммутацияның екі негізгі принципі белгілі:

  • Тікелей байланыс;

  • Ақпаратты жинақтаумен байланыс.

Тікелей байланыста КТ-ға кіретін арналарды шығыс арналардың сәйкес мекен-жайларымен физикалық байланыстыру жүзеге асырылады.
Жинақтаумен байланыстыру кезінде КТ-ға кіретін арналардың сигналдары алдымен ЕСҚ (еске сақтау құрылғысы)-на жазылады, сонан соң бастапқы арналарғаға олардың босау шамасына қарай келіп түсіп отырады.
Хабар тарату кезінде келесі негізгі коммутация түрлері қолданылады: арна коммутациясы (АК), хабар коммутациясы (ХК), десте коммутациясы (ДК), гибридті коммутация (ГК), адаптивті коммутация.
Арналар коммутациясы – шеткі пункт арасында коммутациялық түйін арқылы тікелей физикалық арна алу үшін арналарды байланыстыру операцияларының жиынтығы.
Арналарды коммутациялау кезінде алдымен абоненттер арасында КТ арқылы тура арна ұйымдастырылады, содан соң ғана хабар беріле бастайды. Байланысты алып тастау абоненттің сәйкес шешімінен кейін ғана орнатылады.
Шарт бойынша, бірнеше физикалық арналар тізбектей байланысқан кезде бірыңғай физикалық арна құрастыруы, физикалық арналардың әр құраушысында мәліметтерді таратуы жылдамдықтарының теңдігі болып табылады.
Арналар коммутациясы, ереже бойынша, аналогты немесе біржылдамдықты байланыс желілерінде қолданылады, мұндай желілерде желілік ресурстың статикалық таратылуы жүзеге асады немесе бекітілген өткізу жолағы қолданылады, бұл жағдайда хабардың кідіруі минималды болады. Бұл тәсіл қажетті мөлшерде иілгіш емес және оған үлкен жылдамдық жиынтығымен мультисервисті цифрлық желіні салу мүмкін емес.
Арналар коммутациясымен цифрлық желілер синхронды және асинхронды болып бөлінеді. Синхронды цифрлық желілерде каналдар коммутациясы таратушы және коммутацияланған жабдықтар арқылы бірыңғай тактылы генератордан синхронизацияланады, ол тарату процесін және уақытша жинақталу жүйелерінде ақпараттардың таратылуын оңайлатуға мүмкіндік береді, бірақ желілік синхронизациялаудың күрделі жүйесінің жасалуын талап етеді.
Асинхронды желілерде арналар коммутациясы таратушы және коммутацияланған жабдықтар тәуелсіз автономды тактылы генераторлармен синхронизацияланады, ол аппаратураны таңдауда иілгіштікті және мәліметтерді таратудың (мысалы, телеграфтық) арнайы желілермен келісушілігін қамтамасыз етеді. Бірақ бұл жағдайда бөгетке тұрақтылығын қамтамасыз етуде қиындықтар туындайды.
Хабарлар коммутациясы – коммутация тәсілі, бұнда коммутацияның әр жүйесінде хабарларды қабылдау, оның жинақталуы және кезектесіп таратылуы шығарылады. Әдетте мекен-жаймен бірге, хабар тақырып пен мәліметтерді құрайды, анықталған желі түйіндерінің маршруты бойынша таратылады.
Хабарлар коммутациясын қолдану кезінде хабардың жинақталуы немесе коммутация орталығындағы жадыларда оның бөліктері қолданылады, сондықтан ОП байланыс желісінен хабар хабардың коммутация орталығына беріледі, содан соң басқа орталыққа және т.б., хабар байланыс желісінің шеткі пункті тікелей байланысуына жетпейінше жіберіле береді.
Хабарлар коммутациясының техникасы пакеттер коммутациясының техникасынан бұрын шыққан, бірақ одан кейін желінің өткізу қабілеттілігінің критериі бойынша тиімділігіне қарай соңында ығыстырылды. Хабарлардың дискке жазылуы біршама уақытты алады және бұған қоса, коммутаторлар ретінде арнайы компьютерлердің қолданылуы желілердің ұйымына маңызды шығындарды тартады.
Дестелер коммутациясы – коммутация тәсілі, хабарлар белгілі бір форматтағы бөліктерге бөлінеді – хабарлар коммутациясы үшін қабылданған принцип бойынша дербес хабарлар сияқты қабылданатын, жинақталатын және таратылатын пакеттер.
Әр дестеге хабар мекен-жайы меншіктеледі, ал кейбір жағдайда – белгілі бір хабарға белгі және оның реттік нөмірі. Егер бір хабардың барлық дестелері бірыңғай жолмен таратылса (бір виртуалды арна арқылы), онда коммутация режимі виртуалды деп, егер де әр десте дербес жолмен таратылса – датаграммалық деп аталады.
Дестелі желінің коммутаторларының арна коммутаторларынан ерекшелігі, егер коммутатордың шығыс порты пакетті қабылдау кезінде басқа дестені таратумен бос емес болса, дестені уақытша сақтауға арналған ішкі буферлік жадының болуы.
Бұл жағдайда десте бірнеше уақыт шығыс портының буферлік жадысында дестелер кезегіне орналасады, ал оған кезек жеткен кезде, ол келесі коммутатор бойынша жіберіледі. Бұндай мәліметтердің таратылу сұлбасы коммутаторлар арасындағы магистральді байланыстарда трафиктің лүпілін тегістеуге және желінің өткізу қабілеттілігін жоғарлату үшін тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде трафик кідірісінде қатты білінетін, сонымен қатар таратылудың тұрақты жылдамдығын талап ететін, көрсетілген кемшіліктерді жеңуге мүмкіндік беретін әдістер белсенді өңделіп, енгізілуде. Бұндай әдістер қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету әдістері деп аталады (Quality of Service, QoS).
Қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ететін әдістер дестелер коммутациясы желісінде іске асырылған, ол біруақытта телефондық және компьютерлік сияқты маңызды түрлі трафик түрлерін таратуға мүмкіндік береді.Сондықтан дестелер коммутациясының әдісі қазіргі кезде кез келген үлгідегі абоненттерге комплексті сапалы қызметтерді қамтамасыз ететін конвергентті желіні құруда біршама перспективалы болып саналады.
Дестелердің ұзындықтарының кішкене болуы (әдетте 1000 бит ) және дестелер коммутацияларының жоғары өнімділікті орталықтарын қолдануы ДК принципі ХК–мен салыстырғанда, қабылдаушыға хабардың жеткізу уақытын маңызды төмендетуге және таратудың диалогты режимін орнатуға мүмкіндік береді. ДК–мен желінің негізгі ерекшелігі көптеген тұтынушылар мен қысқа пакеттердің салыстырмалы жоғары жылдамдықты таратуының арасындағы канальді және коммутациялық құрылғылардың уақытша бөлінісі арқасында байланыс ресурстарын қолданудың жоғары деңгейі болып табылады.
Коммутацияның әр әдісінің өзіндік қолдану аймағы болады. Сондықтан желілерде әртүрлі абоненттермен коммутациялардың түрлі әдістері қолданылады.
Гибридті (аралас) коммутация (АК) дегеніміз, бір КТ-де хабарлардың бөлігіне КК режимінде қызмет көрсетіледі, ал қалған бөлігіне ХК немесе ДК режимінде қызмет көрсетіледі. Бұл кезде коммутация түйіні күрделіленеді және желі қымбатқа түседі. Дегенмен коммутацияның бірнеше түрлерін (әдетте екі түрін) біріктіріп пайдалану, желілік ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Адаптивті (бейімделген) коммутация келіп түскен хабардың түріне байланысты коммутациялау тәсілін таңдауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзын хабар ХК тәсілімен қамтамасыз етіледі, сұқбат қажет болған жағдайда КК, деректерді беру кезінде - ДК-мен қызмет көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет