1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар


Байланыстың алғашқы желілері құрылымы



бет10/34
Дата19.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69208
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34
Байланысты:
1 модуль бойынша ба ылау ткізуге арнал ан с ра тар

Байланыстың алғашқы желілері құрылымы.

Байланыс желісі(БЖ) бағыт бойынша екі үлкен топқа бөлінеді:



  • Жалпы қолданыстағы БЖ – жергілікті халық үшін, мекеме үшін және т.б.

  • Қолданыста шектеулі БЖ – спецификалық талап қойылады.

Байланыс желісі білім сипаттамасы бойынша және байланыс каналдарының белгіленуі бойынша бастапқы және қосымша болып екіге бөлінеді.
Бастапқы (бірінші) желі дегеніміз - берілістің типтік арналар торабын және желілік трафиктерді түзетін беріліс сызықтарының, желілік түйіндердің және желілік станциялардың жиынтығы. 5.1 - суретте бастапқы желіні ұйымдастыру принципіне түсінік беріледі. Желілік түйіндер бірнеше беріліс линияларының қиылысқан жерінде ұйымдастырылады, онда беріліс жүйесінің каналтүзетін аппаратурасы орнатылады және түрлі жүйелерге бағынатын каналдар немесе олардың топтарын ауыстырып қосу жүзеге асырылады.
5.1- суретте каналдар соңы дөңгелекшелермен көрсетілген. Желілік станциялар бастапқы желінің шеткі құрылғылары болып табылады, тұтынушыларды осы желіге қосу үшін белгіленген.






    1. - сурет. Бастапқы желінің құрылымы

Территориялық принципі бойынша бастапқы желі мыналарға бөлінеді: магистральды, зонаішілік және бастапқы жергілікті желі.


Магистральды бастапқы желі барлық облыстық және республикалық орталықтарды түрлі арналармен байланыстырады.
Зонаішілік бастапқы желі, негізінен, бір облыстың аудандарын бір-бірімен және облыс орталығымен түрлі арналардың көмегімен байланыстырады.
Жергілікті бастапқы желі қала территориясымен немесе ауылдық аудан территориясымен шектелген. Олар осы желінің станциялары немесе түйіндері арасында, сондай-ақ абоненттер арасында арналар (немесе сымдардың физикалық жұбын) ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Зонаішілік желіні және жергілікті бастапқы желіні – зоналық бастапқы желі деп атау әдетке айналып кеткен.
Электробайланыстың қосымша желілері. Бастапқы желінің каналдары қосымша желіні құру үшін негіз болып табылады, ол берілетін хабарлар түрлері бойынша жіктеледі. Қосымша желі құрамына мыналар кіреді: шеткі абоненттік қондырғылар, абоненттік желілер, коммутация түйіндері, каналдар (бірінші желіден қосымша желі түзу үшін белгіленіп алынған).
Берілетін хабарлардың түріне байланысты қосалқы желілер мынадай түрлерге бөлінеді: телефондық, телеграфтық, деректерді беру, факсимильдік, газеттер беру, дыбыстық хабар тарату, интегралдық қызмет көрсету (ISDN). Бастапқы желінің анықтамасынан мынау белгілі, ол тек белгілі бір түйіндер арасында ғана байланысты қамтамасыз етеді. Сондықтан желінің кез келген түйініне хабар беру жолын түзу үшін, бір түйінде аяқталатын түрлі магистралдар каналдарының (каналдар топтарының) арасында байланыс орнату керек. Егер бастапқы желінің түйіндерінде кросстық байланыс орнатылса, онда бірінші желі негізінде екінші (қосымша) коммутацияланбайтын желі құрылады.
Коммутацияланбайтын желі түйіндеріне абоненттік желілер қосыла алады, олар желі арналарымен кросстық байланыстың көмегімен де қосыла алады. Көп жағдайларда қосымша желі каналдары барлығы үшін немесе берілген түйінге қосылған абоненттік пункттер топтары үшін ұжымдық болып табылады. Түйінде бұл жағдайда абоненттік желіні ақпаратты беру уақытында ғана каналға қосуды қамтамасыз ететін коммутация аппаратурасы орнатылады. Осылайша, қосымша коммутацияланбайтын желі негізінде басқа типті қосымша желі түзіледі – ол, қосымша (екінші) коммутацияланатын желі.
Коммутация типі бойынша желі коммутацияланатын, бөлшектеп коммутацияланатын және коммутацияланбайтын болып бөлінеді.
Коммутацияланатын, жартылай коммутацияланатын байланыс жүйесі үшін коммутацияның түрлі вариенттары (түрлері) қолданылады.
Электробайланыс желілерінде хабарды жеткізу үшін байланыстың екі түрі орнатылуы мүмкін – ұзақ уақыттық және жедел байланыс орнату.
Ұзақ уақыттық немесе кросстық, коммутация дегеніміз – желінің екі нүктесі арасында тұрақты тікелей байланыс орнатылатын тәсіл, ұзықтығы сағатпен, тәулікпен және т.б. өлшенеді
Мұндай байланыстарға қатысатын байланыс арналары белгіленген деп аталады.
Кең таралған жедел коммутация болып табылады, бұл желінің екі нүктесі арасында уақытша байланыс орнатылған жағдаймен ерекшеленеді.
Байланыстың коммутацияланатын желісі бұл – абоненттің сұранысы бойынша байланысты қамтамасыз ететін немесе коммутациялық станцияның және хабарды тарату уақытындағы тк көмегімен екіншілік желідегі соңғы құрылғылардың электробайланыс арнасы арқылы берілген программамен сәйкестендірілген екіншілік желі.
Коммутацияланатын желідегі тарату арналары жалпы қолданыстағы арналар болып табылады. Байланыстың бөлектеп коммутацияланатын желілерінде ұзақ уақыттық және оперативтік коммутацияның барлық желілерін қолдану қарастырылады. Нақты өмір сүретін және Жобаланған желілер бөлектеп коммутацияланатын классқа жатады.
Байланыстың коммутацияланбайтын желілеріне екіншілік желілер жатады, олар ауыстыру түйіндерінің және станциялардың көмегімен электробайланыс арнасы арқылы соңғы құрылғылардың ұзақ уақыттық байланысын қамтамасыз етеді. Коммутацияланбайтын желілерге байланыстың тіректік желісін жатқызуға болады.
Шақыруладың немесе хабарларды тарату, өңдеу, қабылдауларға арналған техникалық немесе программалық жабдықтардың жиынтығын – тораптық коммутация деп атайды. ТК құрылғысының негізгі бөлігін коммутациялық құрылғы мен кросс құрайды.
Байланыс жүйесінің (БЖ) жабдығы мен орналасу шарттарына қарай мобильді және стационарлы деп бөлінеді.
Мобильді БЖ деп элементтері транспорттық базада орналасатын және орын алмастыра алатынды айтады. Стационарлық желілерді стационарлы ғимараттарда орналасқан байланыс түйіндерінің негізінде жасайды.
Автоматизация дәрежесі бойынша желілер мынадай болады: автоматтандырылмаған, автоматтандырылған , автоматтық.
Автоматтандырылмаған байланыс желілерінде көп операциялар адамның көмегімен орындалады. Функцияларының көптеген бөліктері техникалық құрылғылармен орындалатын желілер автоматтандырылған деп аталады. Автоматтық желілер хабарларды тарату мен коммутациясының барлық функцияларын автоматтар орындайды.
Электробайланыс желілерінің жіктелуі. Бұл жіктелу мынадай белгілер бойынша анықталады:

  1. Берілетін хабарлардың типі бойынша: телефондық желі, теле­графтық желілер, деректерді беру желілері, факсимильді желілер және газеттер беру, дыбыстық хабар тарату желілері, интегралды қызмет көрсетудің цифрлық желілері.

  2. Қолданушылар категориялары бойынша: жалпыға арналған желілер, ведомстволық (корпоративті) желілер.

  3. Хабарды беру жылдамдықтары бойынша: төмен жылдамдықты желілер, орташа жылдамдықты желілер, жоғары жылдамдықты желілер.

  4. Көлемі бойынша (қамту дәрежесі): аумақты желілер, аймақты (зоналық) желілер; жергілікті желілер.

  5. Коммутациялау тәсілі бойынша: ұзақ уақыттық (кросстық) коммутациялы, жедел коммутациялаушы желілер, пакеттерді коммутациялауды (ПК) қамтитын желілер, каналдарды коммутациялауды (КК) қамтитын желілер, хабарларды коммутациялауды (ХК) қамтитын желілер, аралас коммутациялауды (АК) қамтитын желілер, адаптивті (бейімделуші) коммутациялауды (АК-БК) қамтитын желілер.

  6. Қолданылатын байланыс каналдарының типтері бойынша: сымды байланысты желілер, радиожелілер, талшықты-оптикалық желілер, спутникті желілер.

  7. Желіні басқару тәсілі бойынша: орталықтандырылған басқару, орталықтандырылмаған басқару, аралас басқару, статикалық басқару, квазистатикалық басқару, динамикалық басқару.

Желіні басқару жүйесі эксплуатациялаудың өзгермелі жағдайында желілік ресурстарды тиімді пайдалануға арналған.
Жүйені орналастыру принципі бойынша, басқару мынадай түрлерге бөлінеді: орталықтандырылған басқару, мұнда желіні басқарудың негізгі функциялары басқарудың арнайы белгіленген ортасын орындайды. Орталықтандырылмаған басқару үлестірілген құрылымды қамтиты. Аралас (зоналық) басқару белгілі бір зона ішінде орталықтандырылған басқаруды ұсынады, ал зоналар орталықтандырылған түрде басқарылады (мүмкін кері де болуы).
Қазіргі кездегі телекоммуникациялық желі дербес сегменттерден тұрады, олар масштабтылықтары бойынша жіктеледі:
- жергілікті желі (Local Area Network, LAN), шағын территорияда, мекемеде, өнеркәсіп орнындағы және т.б. желі.;
- территориялық желі (Metropolitan Area Network, MAN), ірі халық шоғарланған пункттарда немесе шағын регионда қызмет көрсетуге арналған желі;
-ірі масштабты территориялық желі (Wide Area Network, WAN), үлкен регион территориясында, мемлекеттер, континенттер, сондай ақ әртүрлі континенттер территорияларында орналасқан LAN, MAN типті желілерді біріктіруге арналған. Бұл магистралдық желі, беріліс ортасы ретінде оптикалық талшықты қолданумен артықшылыққа ие. LAN, MAN, WAN желілерінің кез келгені өз кезегінде, желінің логикалық құрылымдалуын бейнелейтін шағын масштабты сегменттерге бөлінуі мүмкін, онда сегменттердің әрқайсысы жалпыжелілік алмасуды қалыптастыруда нақты міндетті атқаратын болады.

Әдебиеттер: 1 нег. [63-64], 5 қос. [11-45.


Бақылау сұрақтары:



  1. Электробайланыс желісі қандай белгілері бойынша жіктеледі?

  2. Электробайланыстың бастапқы желісі дегеніміз не?

  3. Электробайланыстың қосымша желісі дегеніміз не?

4. Территориалық және глобальды желілердің локальді желіден айырмашылығы?
5. Коммутацияланбайтын байланыс желісі дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет