Байланысты: 1 модуль бойынша ба ылау ткізуге арнал ан с ра тар
Интеграциялық қызмет көрсететін цифрлық желілер келесі принциптер бойынша негізделеді: Хабардың барлық түрлері цифрлық түрде таратылады;
Абонеттер байланысы үздіксіз цифрлық арна бойынша өтеді, яғни арналар коммутациясының КК техникасы қолданылады, бірақ десте коммутациясын ДК қолданып та мәліметтерді тарату мүмкіндігі бар;
Қолданушылар желілік қызметтерге шек қойылған стандартты көпфункционалды интерфейстер арқылы қатынас құра алады;
ISDN коммутациясының түйіндеріне қолданушыларды қосу негізгі (базадық), абонеттік қатынас құру (интерфейске) арқылы жүзеге асады , ол екі (В-каналы) ақпараттық арнаны және абонеттік сигнализация үшін бір каналды (D-канал) 16 кбит/с қалыптастырады. Негізгі абонеттік қатынас құрудың каналды структурасын оны қолданатын каналдар санына қарай «2В+D» белгілеу қабылданған.
ISDN станциясын қосу үшін біріншілік қатынас құру анықталған , ол 30 ақпараттық В-каналын және 64 кбит/с («30B+D») (Еуропада) жылдамдықтағы бір D – каналын немесе 23В+D каналын құруды қарайды. Қосындылық жіберу қабілеттілігі Еуропада 2048 кбит/с және басқа континеттерде 1544 кбит/с (басқа да форматты қолдануға, бір D-да кез-келген В-ны орнатуға , 31-ден көп емес) болады.
Тұтынушының әрбір абонеттік қондырғысы шақыру үшін тек бір ғана нөмірді ала алады (абонеттік нөмір), ол таратылатын хабарлардың (мәтін, мәлімет, сурет) санына, түріне және абонеттік орнатуларында қолданылатын абонеттік терминалдарға қарамастан.
Қазіргі уақыттағы бар желілердің абоненті ISDN абоненттерімен кернеу (шлюз) құрылғысымен байланыса алады.
Қолданушылардың бір абонеттік орнатуының терминалы «шина», «жұлдызша » «нүкте нүктеге» типті конфигурацияға қосылуы мүмкін.
Тек қолданушылардың орнатулары арасында байланысты орнатып қана қоймай, сонымен қатар қолданушының бір орнатуының соңғы құрылғылар арасында да орнатылу мүмкіндігі бар.
Қолданушыға кең диапазонды қызметтермен қатынас құру қамтамасыз етіледі, мәтіндік және мәтіндік еместі де қоса.
SDSL/ SP-DSL телефонды жолақтардағы LAN байланыс желісі үшін жылдамдығы 128 кбит/с-тен 2320 кбит/с-ке дейін;
MDSL – жылдамдығы 384-пен 1168кбит/с аралығында;
MSDSL – 144-тен 2320 кбит/с-ке дейінгі аралықта;
SHDSL – стадартталған ITU-T технологиясы, жылдамдығы 192-ден 2320 кбит/с-ке дейін;
VDSL- өте жоғары жылдамдықты технология 52 Мбит/с –қа дейін бірақ үлкен ара қашықтықта (300 метрге дейін).
Екі қос оралулы мысты жұпты қолданатын технологиялар: HDSL және SHDSL түрлері, ол екі қосоралулы жұппен 384-тен 4640кбит/с жылдамдықта жұмыс істей алады. SHDSL.bis – тарату жылдамдығы 11.392 Мбит/с HDSL технологиясы негізіндегі тарату жүйесі регенерационды ауданның улкен кеңдігін қамтиды сондықтан да LAN сегменттерін қосуда үлкен қолданысқа ие , сонымен қатар сандық шығарулар құру үшін де.
Ассиметриялы xDSL технологиясы: бұл технология жеке сектор үшін құрылған, себебі мұнда телефондық қызметтерден басқа мәліметтер таратумен де қамтамасыз ету керек болды.
ADSL технологиясы- қолданушыға қарай 6,144 Мбит/с –тен аз емес, ал кері -640 кбит/с жылдамдықта таратылады. Максимальды ара қашықтық- 2,7 км.
ADSL2 – қолданушыға қарай 8 Мбит/с –тан кем емес, ал кері бағытта 800 кбит/с жылдамдықта. 1,5 км ара қашықтықта 12 Мбит/с жылдамдықты қамту мүмкіндігі бар деп жоспарланады.
ADSL2+ - жолақ жиілігі 2,2 МГц –ке дейін үлкейтілген. 5 км ара қашықтықта мәліметтер 24 Мбит/с жылдамдықта таратылады.
RADSL – ADSL-ге ұқсас, бірақ басты функциялы адаптация тарату жылдамдығымен қамтылған. Әртүрлі жолақтар арқылы орнатылған, әртүрлі мәліметтерді тарату жылдамдығын жолақтың жағдайына және созылуына қарай қамтылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәліметтерді тарату жылдамжығы арнайы станциядан келіп түсетін немесе синхронизация кезінде орнатылатын байланыс сигналымен алынады.
VDSL- ассиметриялы тәртіпте қолданыла алады.
G.Lite – бұл «жеңілдетілген» қоланушылық технология , ADSL-ге қатынас құру альтернативасы. G.Lite модемі тікелей стандартты телефондық розеткаға қосылады. Жылдамдықтары тура 1,536 Мбит/с-тен 512 кбит/с 3,5 км ара қашықтықта.
ЛВС(LAN)-ты қолданатын технологиялар: ЛВС технологиясы корпоративті қолданушыларға локальды желілердің ресурстарына қатынас құру үшін жасалынған. LAN технологиялары арасынан келесілерді бөліп алуға болады: Ethernet, Fast Ethernet, Gigabit Ethernet, Token Ring, FDDI, CDDI, SDDI, EoV.
Оптикалық қатынас құру технологиясы : бұл технологияны қолданған қолданушы көптеген қызметтер санын қыбылдай алады. Мұндай желілер келесідей топтпрға бөлінеді:
Активті оптикалық желілер (FTTx);
Пассивті оптикалық желілер (xPON).
FTTx технологиясы оптикалық кабельдің қандай да бір «х» нүктесіне дейін апару , содан кейін хабар басқа таралу ортасының көмегімен таратылады. FTTH – оптоволоконды кабельді қолданушы ортасына дейін жеткізу. FTTB - оптоволоконды кабельді ғимаратқа дейін жеткізу. FTTC- ғимараттар топтарына дейін, FTTC ab – шкафқа дейін.
Егер оптикалық талшықтан кейін сымды қолдансақ (HFS) , онда кең жолақты қатынас құруды аламыз, оны кабельді ТД операторлары қолданады. ТД бағдарламалармен ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар интерактивті телевидение және Интернетпен де.
xPON оптикалық талшыққа қатынас құрудың кең жолақты мультисервисті технологиясы. PON архитектурасының ұсынысы тек бір ғана таратып қабылдағыш модульдің ақпаратты бірталшықты оптикалық жол арқылы көптеген абонеттік құрылғыларға тарату және олардан ақпаратты қабылдау болып табылады.
Кабельді теледидардың технологиясы: кабельді теледидардың желісі қолданушыға телебағдарламаларды бөліп тұратын желілер бойынша тарату үшін қолданылады. Кейіннен гибридті HFС желілер негізінде интерактивті желілерге қатынас құру мүмкіндігі пайда болды, кері арна интернетті қамтамасыз етеді.
Коллективті желілерге қатынас құру технологиясы: көп пәтерлі үйлердегі жеке қолданушылардың интернетке коллективті қатынас құру үшін жасалынған. Үйге қосылған интернетке трафик концентратор орнатылады, ал оның транспорттық желілерге қосылуы әртүрлі технологияларды (PON,спутникті және т.б. ) қолданылады.
Әдебиеттер: 7нег.[10-70], 8 қос.
Бақылау сұрақтары:
Мультисервисті желіге қатынас құру дегеніміз не?
МЖҚҚ-ң архитектурасымен функциясын сақтау үшін қандай қызметтердің беріліс түрлерін қолдауы қажет?
Қатынас құру технологиясы қалай классификацияланады?
Сымды құралдар базасында қандай технологиялар бар?
Қандай қағидаларда интеграциялық қызмет көрсетудің цифрлық желісі құралады?