1 модуль бойынша бақылау өткізуге арналған сұрақтар


Тәжірибелік сабақтың (семинарлық) жоспары



бет31/34
Дата19.02.2023
өлшемі0,55 Mb.
#69208
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
1 модуль бойынша ба ылау ткізуге арнал ан с ра тар

2.3 Тәжірибелік сабақтың (семинарлық) жоспары

1 Тәжірибелік сабақ


Тапсырма: Әрбір студентке берілген графикалық модель желісі бойынша түйіндер үшін жолдар жиынын тұрғызу.
Әдістемелік ұсыныстар:

  1. Берілген нұсқа бойынша желі үшін байланыс матрицасын тұрғызу.

  2. 1,2,3 түйіндері үшін бұтақ тұрғызу.

  3. Берілген нұсқамен жолдар жиынын табу.

Негізгі әдебиет : 4[45-64], 5[45-64]
Қосымша әдебиет: 5[55-73],6.
Бақылау сұрақтары:

  1. Байланыс желісінің құрылымдық түрлерін және негізгі сипаттамаларын атаңыз?

  2. Желінің құрылымдық құрамын зерттеу үшін оларды қалай ұсынады?

  3. Бұтақ жолдары қалай тұрғызылады?

  4. Байланыс матрицасы нені көрсетеді

2 Тәжірибелік сабақ


Тапсырма: желінің ертеректе берілген нұсқасы бойынша 1,2,3 түйіні үшін бұтақтардың қысқа жолдарын анықтау
Әдістемелік ұсыныстар;

  1. Жолдар кестесін тұрғызу.

  2. Салмақ матрицасын тұрғызу және 1,2,3 түйіндері үшін бұтақ бойынша қысқа жолды анықтау.

  3. Табылған жолдар үшін түйіндер бұтағын тұрғызу.

Негізгі әдебиет: 5[65-90].
Қосымша әдебиет: 5[55-73].
Бақылау сұрақтары:

  1. Салмақ матрицасы қалай анықталады?

  2. Желінің логикалық құрылымы дегеніміз не?

  3. Қандай желі бағытталмаған деп аталады?

  4. Нөл- график дегеніміз не?

3 Тәжірибелік сабақ


Тапсырма: Графиктерді пайдалану арқылы желі байланысының сенімділігінін есептеу.
Әдістемелік ұсыныстар:

  1. Табылған минималды жолдар үшін минималды түйіндер бұтағын тұрғызу.

  2. Минималды түйінді тізбекті-параллелді байланысқа түрлендіру

  3. Желі сенімділігін есептеу.

  4. Әрбір жолдың салмағын есептеп шығару.

Негізгі әдебиет: 5[67-97], 6[57-70].
Қосымша әдебиет: 7[6-60],6.
Бақылау сұрақтары:

  1. Желі сенімділігі дегеніміз не?

  2. Желінің өмірсүргіштігі дегеніміз не?

  3. Желінің жұмысы үшін түйіннің қандай баланысы сенімді?

  4. Салмақ жолы бізге нені көрсетеді?

4 Тәжірибелік сабақ


Тапсырма: Бірінші ретті желінің база арнасында берілген иілгіштік бойынша екінші ретті коммутацияланбайтын желіде каналдың орналасу жоспарын құру
Әдістемелік ұсыныстар:

  1. Алгоритм бойынша отырып каналдарды үлестіру жоспарын құру.

  2. Алдыңғы пункте алынған нәтижелер бойынша екінші ретті коммутацияланбайтын желіні тұрғызу.

Негізгі әдебиет: 3[23-256], 6[57-70].
Қосымша әдебиет: 6,7 [6-60].
Бақылау сұрақтары:

  1. Қосымша коммутацияланбайтын желі дегеніміз не?

  2. Арналарды үлестіру жоспары не үшін керек?

  3. Қосымша желі қандай функцияны орындайды?

  4. Бастапқы желі қандай функцияны орындайды?

5 Тәжірибелік сабақ


Тапсырма: бастапқы стандартты кодалар
Әдістемелік ұсыныстар:

  1. Кодалық таблицаны пайдаланып, қажетті ақпаратты кодалау.

  2. Кодалау, хабарды сигналға және керісінше түрлендіретін құрылғы жұмысының таратқыш пен қабылдағыштың бірге отырып жұмыс жасауының принципін түсіндіру.

Негізгі әдебиет:1нег.[112-121]
Қосымша әдебиет:2қос.[54-55]
Бақылау сұрақтары:

  1. Кодалау дегеніміз не?

  2. Сигналдарды түрлендіретін кандай құрылғыларды білесін?

  3. Қандай кодалар біркелкі және біркелкі емес деп аталады?

6 Тәжірибелік сабақ


Тапсырма:симметриялық байланыс кабельдеріндегі таратудың бастапқы параметрлерін анықтау.
Әдістемелік ұсыныстар:

  1. Симметириялық кабельді байланыстың конструктивті элементтері мен олардың электрлік бастапқы параметрлерін оқып білу.

  2. Симметриялық кабельді байланыстың өзінің нұсқасына сәйкес бастапқы параметрлерін есептеу.

Негізгі әдебиет:1 нег.,8 нег.[64-66]
Қосымша әдебиет:2 қос.
Бақылау сұрақтары:

  1. Симметриялық кабельді байланыстың құрылымы қандай?

  2. Электрлік контурлар мен байланыс жолдары үшін R,L,C параметрлерінің айырмашылығы неде?

  3. Байланыс тізбегінің активті кедергісі неден құралады?

  4. Изоляцияның өткізілуі нені сипаттайды?

7 Тәжірибелік сабақ


Тапсырма: коаксиалды кабельді байланыстың таратуының бастапқы
параметрлерін анықтау.
Әдістемелік ұсыныстар:

  1. Коаксиалды кабельді байланыстың элементтері мен электрлік бастапқы параметрлерін оқып үйрену.

  2. Симметриялық кабельді байланыстың өзінің нұсқасына сәйкес

бастапқы параметрлерін есептеу.
Негізгі әдебиет:1 нег.,8 нег.[79-80]
Қосымша әдебиет:2қос.
Бақылау сұрақтары:

  1. Коаксиалды кабельдің құрылымы?

  2. Коаксиалды кабельді байланысты қайда қолданады?

  3. Неліктен коаксиалды кабель бөгеуілден қарсылығы жоғары?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет