1.Қазақ тілін оқытуға арналған базалық-нормативтік құжаттарға аналитикалық талдау 5-сыныпқа арналған «ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ГРАММАТИКАЛЫҚ ПРАКТИКУМ» КУРСЫ
Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер - білімінің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда бағдарлама оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Практикалық сабақта әр оқушының белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі . Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. «Қазақ тілінен грамматикалық практикум» курсы бағдарламасы мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалды.
Бағдарлама 34 сағатқа құрылған. Оның 5 сағаты бақылау мен тест жұмысына, 1 сағаты кіріспеге, 2 сағаты қорытындыға арналған.
Бағдарламадағы практикалық жұмыстарға теориялық негіз ретінде С.Кенесбаевтың, Ғ.Мұсабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» \ лексика,фонетика\, С.Мырзабековтың «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі», А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» \морфология\, М.Балақаев пен Т.Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» \синтаксис\ атты еңбектері пайдаланылды.
Курстың жүргізетін жұмыс түрлері мынандай:
1. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану.
2. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу.
3. Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу.
4. Жай талдау үлгісімен қатар талдаудың даңа әдісі сатылай кешенді талдау үлгілерін жүргізу.
5. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
Негізгі мақсаты- оқушыларды кешенді тестілеуге жүйелі түрде дайындау,қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту.
«Қазақ тілінен грамматикалық практикум» курсының мақсаты- Қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыруда алған білімдерін тереңдету;
Теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдыларын арттыру;
Тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін пәнаралық ьайланыснегізінде дамытуға себеп болу.
Осы мақсаттан келіп туындайтын міндеттер;
-оқушылардың фонетикалық, морфологиялық, лексикалық және синтаксистік машықтары мен дағдыларын дамыту,
-тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы төменгі кластарда алған теориялық білімдерін жүйелеу:
-теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдеру;
-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту:
-оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;
Курс бағдарламасын оқығаннан кейін оқушыдан күтілетін нәтиже:
-салыстыра, дәлелдей, талдай, қорытындылай білу дағдыларын меңгеру, тілдік және әдеби білімдерінің толығуы;
-практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу.
-саутты жазу, саутты сөйлеу,
-өзіндік ой дербестігінің болуы;
2. Оқулыққа рецензия
Оқулық атауы: Қазақ тілі Авторлары:Ермекова Т.Н.,Ильясова Н.Ә.,Тоқтыбаева Г.Б.
Оқыту тілі: Қазақ
Сыныбы:7
Баспа:Астана«Арман-ПВ»,2017