Жаңартылған мазмұнда «Қазақ тілі» пәнін оқытуда оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшеліктер Қазақ тілін оқыту – қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап – жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдеру. Уақытты дұрыс пайдалану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу –мұғалімнің жеке басының интеллектісін, оқу іс-әрекетін, өтілетін тақырыптың мазмұнын аша білу. Оқу орындарында жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйренудің сапасын, маңызын арттырады. Білім берудің мынандай жаңа технологияларын атап өтуге болады. «В.Ф. Шаталов технологиясы», «Саралап оқыту технологиясы», «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы», «Ұжымдық оқыту технологиясы», «Модулдік технология», «Ш.А. Амонашвили технологиясы», «Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» т.б. Әр технологияның өзіндік ерекшеліктері, әдіс-тәсілдері бар. Сонда технология деп нені айтады? Технология – өнер, шеберлік, біліктілік әдістемелер жиынтығы. Адамның ойына және іс-әрекетіне байланысты мәдениетті ұғым өте маңызды сапа мен дағдының интеллектуалды сарапталуы.
Осымен қатар, қызығушылығын арттыруда қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданаған қызық.
Ойын технологиясын әсіресе бастауыш және ортаңғы сыныптарда қолданса, баланың қызығулышығын, белсенділігін арттырады. Яғни оқушының қызығушылығы, белсенділігі артса, онда білім сапасы да артады.Ойын технологиясы – жағдаяттар қызметінің түрі, жаңа бағытталған және қоғамдық тәжірбиені игеру, өзін басқару құлқын қалыптастыру.
Кез келген ойынның негізі – шындық өмір. Ойында өзінің даму заңдары бар. Ойын оқушының жас ерекшелігіне сай болу міндетті. Ойында оқушылар бір жағынан демалып, көңілдерін көтерсе, екінші жағынан ойын шығармашылыққа, ізденушілікке үйретеді. Ойындарды барлық сынып оқушыларына өткізуге болады.
«Сөйлемнен әңгімеге» атты ойында мұғалім бірнеше сөйлемді өзі ойлап айтады. Оқушылар сөйлемге өзідерінің ойлаған сөйлемдерін қосып, әңгімені аяқтайды. Мұғалім оқушыларға айтылған сөйлемдерді қолданып, әңгіме жазуды тапсырады. «Балаға ат қою», «Көктем», «Етістік»,
«Сын есімдерді қайталау» атты өткізген сабақтарымда «Кім жылдам», «Көргенді есіңе сақта», «Тізбек ойыны», «Рольдік ойындар», «Кім тез», «Кім жалғасын табады» сияқты ойындарды қолдандым.
Мысалы, «Кім жылдам?» ойынында әр бала өз атынан басталатын жер- су аттарын, сын есімдер, етістіктер айтады. «Көргенді есіңе сақта» ойынында оқушыға суретті бір-ақ сәт көрсетіп, оқушының есінде қалғанын, көргенін бірінші сөзбен, одан кейін сөз тіркесі, сөйлеммен жеткізіп айтады. Бұл ойында баланың сөздік қоры, тілі, ойы дамиды. Рольдік ойынның да маңызы зор. Мысалы «Дәрігерде» деген тақырыпты өткенде оқушылар дәрігер мен ауру адамның ролінде ойнап, өздері диалог құрып, сұхбаттасады. Бұл ойындарда оқушының көңілі көтеріліп демалды. Екінші жағынан тілі, ойы, сөздік қоры дамыды. Әр ойынды оқушының жас ерекшелігіне сай, өз орнында қолдансақ, сабақтарымыз нәтижелі, қызықты болады.Сын тұрғысынан ойлау технологиясында мұғалім тек ұйымдастырушылық қызмет атқарады. Оқушы өз бетімен ойлау арқылы жаңа білім алады. Осы технологияның ЖИГСО, кластер құру, аялдамамен оқу, Венн диаграммасы, Т кестесі, Білемін, білгім келеді, үйрендім және де интервью, Рафт сияқты стратегиялары көп. Мен өз сабақтарымда осы стратегиялардың өзіме қолайлысын қолданып жүрмін. Сабақ соңында әр топ өз газеттерін шығарды. Сабақ барысында кластер, аялдамамен оқу, интервью, Венн диаграммасы, не білдім деген стратегияларды қолдануға болады.
Қорыта келгенде, жаңа технологияларды қазақ тілі сабақтарында пайдаланудың тиімділіктері көп. Біріншіден, оқушының қазақ тіліне деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Соның нәтижесінде оқушы жұмыс істейді. Екіншіден, білім сапасы артады, бұл мұғалімге тиімді.Үшіншіден, біз оқушыны болашақ мамандық иесі болуға даярлаймыз. Қай салада мамандық таңдаса да, ол жан – жақты дамыған, өмірге бейімделеген адам болып шығуға мектептен үйреніп, білуі тиіс. Жоғарғы оқу орындарында кредиттік жүйе. Сондықтан осы технологияларды қолдану арқылы болашақ студентті жоғарғы оқу орындарының қабырғасында ауыртпашылық көрмей, тез үйреніп кетуге жағдай жасаймыз.