1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы



бет28/57
Дата09.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66462
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Байланысты:
Жана лекциялар

Мансаптың тиімділігі– бұл адамның еңбекке деген бірқатар көзқарастарымен қанағаттанатын дәрежесі.Мансаптық жалақы, ұйым иерархиясындағы лауазым, әлеуметтік мәртебе нәтижелерімен анықталады.Қазіргі кезде мамандардың жеке және кәсіби өмірінде нақты нәтижелерге қол жетуге көмектесетін кәсіби коучингтер бар.
Ал психологиялық қызметте коучинг процесі арқылы маманның өз білімдерін тереңдетуге, өз ықпалдылығын және өмір сапасын арттыруға мүмкіндік беріледі. Коучингарқылы өмірде, кәсіби мансапта, бизнесте ең жоғары нәтижелерге жетуіне ықпал ететін кәсіби қатынастар процесі жүреді. Коуч кеңес беретін консультант есебінде емес, мәселелердің шешімін іздеудегі кәсіби дем беруші рөлінде қолданылады.
Коуч әрбір мансапқа қол жеткізгісі келетін тұлғаның творчестволық мүмкіндігін ашады. Өмірде табысты өзгерістердің болуын қамтамасыз ететін оңды нәтижелерге жетуге ықпал жасайды.Қазіргі уақытта кәсіптік білім беру саласында өзгерістер көп, сол өзгерістерге лайық маман болу үшін қойылатын талаптар да күрделене түсуде. Бұл адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту қажет дегенге әкеледі.
Түпкі түйін. Дәрісте айтылған практикалық бағдарланған бағытта берілген танымдық ақпараттарды корыта келе, барлық оқырмандарға ортақ келесі психологиялық кеңестерді ұсынуға болады:
ӨМІРЛІК ЕРЕЖЕЛЕР
Шығыстың белгілі ойшылы Далай Лама жаңа мыңжылдықтың бастауында өмірдің 18 ережесін құрастырып шыққан екен. Сіз де біле жүріңіз:
1. Үлкен махаббат пен сәттіліктің үлкен тәуекелмен байланысты екенін назарыңыздан шығармаңыз.
2. Сіз жеңілген кезде, жинақталған тәжірибеден айырылып қалмайсыз.
3. Мына үш ереженің соңынан мәңгі еріп жүріңіз:
а) Өзіңді сыйла;
ә) Өзгені сыйла;
б) Өз істегенің үшін берілетін жауапкершіліктен қашпа.
4. Ұмытпаңыз, сіздің қалаған нәрсеңіз әрдайым қажет бола бермейді.
5. Дұрыс бұзу үшін ережелерді жаттап алу керек.
6. Ұсақ текетірестің үлкен достықты бұзуына жол бермеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет