Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз: 1-қорытынды: Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Құндылықтар әр адам үшін әртүрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Адамгершілік құндылықтарды меңгеру бұл өзіне деген қатынасын өзгерту, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттыру.
2-қорытынды: Тұлғаның құндылықтар бағдары адамның біріншіден, тұлғаның бағыттылығын жəне əлеуметтік белсенділігін қарастырса, екіншіден əлеуметтік мінез-құлқын реттеу арқылы, қажеттіліктер мен қызығушылықтарды бағалау арқылы іске асыру. Қоғам тұлғаға əсер етеді, ал тұлға өзіндік ықпалын білдіреді.
3-қорытынды: Норма өзінің сапасын белгілі сандық өзгерістерге байланысты шекараларын белгілеп,нақты мақсатқа бағытталған. Нормалардың төменгі шекара нүктесі мен жоғары шекара нүктесі оның сапасы мен санын психодиагностикада нақтылап отырады. Норма – бұл шараның ерекше жағдайы – объектінің сандық өзгеретін сапасы сақталатын аралық (интервал). Кейде норманың шекарасы және шараның шекарасы сәйкес келеді. Нормадағы шектеулер тек қарапайым жағдайларда ғана беріледі. Норма шекараларын анықтау үшін бірнеше критерийлер жоқ.
Сәттілік!
7-МОДУЛЬ. ӨЗІНДІК АНЫҚТАЛУ ТҰЛҒАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ РЕТІНДЕ
7-ДӘРІС. ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗІНДІК ЖӘНЕ КӘСІБИ ӨЗІНДІК АНЫҚТАЛУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Біздің дәрістің тақырыбы:Әлеуметтік өзіндік анықталу және кәсіби өзіндік анықталудың психологиялық ерекшеліктері.