1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы



бет3/57
Дата14.10.2023
өлшемі0,67 Mb.
#113761
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
Дәріс тезистері

Экстраверттер көпшіл, ұжымдық іс-шаралар мен ойын сауыққа кұмар, достары мен таныстар шеңбері кең, уақытты қызықты өткізуге болатын адамдармен қарым-қатынас орнатуды қажет ететін, өзін оқумен немесе жұмыспен жүктегенді ұнатпайтын, әсерлі сезімдерге құштар, жиі тәуекелге барып, алғашқы ұшқын сезімге беріліп, ойланбай әрекет жасауы мүмкін адамдар.
Экстраверттің қарама-қайшы полюсы интроверт.
Интроверттер ішкі жан дүниесіне бағытталған адамдар.Олар айналасындағы болып жатқан жағдайларды елемейді; өзге адамдардың пікіріне қарағанда, өз күші мен тілектеріне сенімділік танытып; нақты құбылыстарға қарағанда, абстрактілі идеяларға таңдау береді. Интроверттердің көңіл-күйлері бірқалыпты, аздап түсіріңкі болады. Олар өздерінің жеке басты шаруалары мен сезімдеріне алаңдайды.
Ақкөңілділік - адамдарға деген позитивті қатынас, өзге адамдар жанында болу қажеттілігі. Әдетте, бұл қайырымды, жауапты адамдар, олар өзгелерді жақсы түсінеді, өздерін басқалардың аман-саулығына жауапты сезінеді, өзгелердің кемшіліктеріне түсінікпен қарай алады. Мұндай адамдар ұжымдық іс-шараларды қолдап, ортақ іске жауапкершілікпен қарайды, өз міндеттеріне алған істі адал әрі жауапты орындайды.
Оғаштық - тәуелсіз және дербес болуға ұмтылыс. Мұндай адамдар қарым-қатынаста ара қашықтықты сақтауға тырысады және өздерінің жекеше көзқарасын ұстанады. Олар қоғамдық істерден қашады және өз міндеттері мен уәдесіне ұқыпсыз болады. Бұл фактордағы адамдар өзгелерге суыққандылық танытып, сөйлескен адамдарын түсінбеуі мүмкін
Адалдыққасиетіне іс-әректті ерікті басқару; ұқыптылық, жауапкершілік, міндеттілік, нақтылық пен мұқияттылық секілді ерекшеліктер тән. Мұндай адамдар тәртіп пен комфортты ұнатады, істе табандылық танытып, биік жетістіктерге жетеді.
Табиғи. Бұл типтегі адам өмірінде еріктік қасиеттерді сирек танытады, өмірін қиындатпауға тырысады. Ол «жеңіл өмір» іздейді. Бұл тұлғаға табиғи іс-қимыл, қамсыздық пен ойсыз іс-әрекеттер тән.
Нейротизм - импульсивтііс-әрекеттері мен эмоцияларын басқара алмау. Іс-қимылда бұл жауапкершіліктің болмауы, шындықтан жалтарту, қыңырлық таныту. Мұндай адамдар өздерін шарасыз, өмірлік қиындықтарға төтеп бере алмайтындай сезінеді. Олардың іс-әрекеті көбіне жағдайға байланысты болады. Олар үреймен жағымсыз жаңалықтарды күтеді, депрессияға тез түседі. Мұндай адамдар психологиялық қысым бар стресстік жағдайда нашар жұмыс жасайды. Әдетте олар өзін-өзі бағалауы төмен және ренжігіш болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет