Ұғымының мәні мен маңызы



Дата21.12.2023
өлшемі0,69 Mb.
#141900
Байланысты:
10 Пед анимация


<<Бос уақыт>>ұғымының мәні мен маңызы.
Жоспары:
1.Бос уақытты ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі
2. Шұғылданымпаздылық деңгейлері
3. Шұғылданымпаздылық қызметіндегі педагогогикалық процестің мәні мен құрылымы
4.Шұғылданымпаздылық қызметті ұйымдастыру әдістемесі
5.Қорытынды
Бос уақытты ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі.
Әдебиеттерде «шұғылданымпаздылық» адамдардың демалыс пен ойын сауыққа, өздігінен білім алуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ақыл-ой, эстетикалық қимылдық іс-әрекеттері деп түсіндіріледі.
Бос уақыт және шұғылданымпаздылық ұғымы. Бос уақыт бұл жеке адамның жалпы уақытының отбасылық, қоғамдық міндеттері мен үй шаруасын анықтауға, сондай-ақ физиологиялық қажеттіліктерін ,ұйықтау, тамақтану және т.б. өтеуге кеткен уақытының қалған бөлігі.
Шұғылданымпаздылық ұғымына берілетін түсініктерді төмендегідей төрт түрге бөлуге болады.
Бірінші, шұғылданымпаздылық- қол бос уақыт, сайрандау, іс бастылықтан бос кеңістік
Екінші, шұғылданымпаздылық эрекетсіздік, демалыс , жұмысістеуге қарама –қарсы ұғым;
Үшіншіден, шұғылданымпаздылық – сапа, қасиет – қабілеттілік, шеберлік;
Төртінші, шұғылданымпаздылық- адамдардың жұмыс пен оқудан бос қалыптағы жағдайы.
Француз социологы Дюмазадьенің, айтуынша; шұғылданымпаздылық- жеке адам өмірінің демалысы мен сауығуы үшін немесе адамдармен араласа отырып білімін кеңейтуге және өзінің шығармашылық қабілеттерін еркін дамытуға арналған, үйірмеліе жұмыс пен қоғамдық міндеттерді атқаруға қарама қарсы ұғымдағы әрекет болып саналады.
Әдетте социологияда шұғылданымпаздылықты міндетті жұмыстан тыс, оқу мен қоғамдық міндеттерден, демалыстың әр түрлі түрлерінен, тұрмыстық тіршіліктен бос уақыт бөлігі деп түсіндірілед
Бос уақытта айналысатын іс-әрекет түрлері кітап оқу, театрға, концерттерге бару, спортпен айналысу . шұғылданымпаздылық элементтері деп аталады. Элементтің кейбір түрлері бос уақыттың жалпы бөлігіндегі өздерінің «үлес салмағына» орай және мәдени құндылығына қарай ерекшеленеді.Нақты белгілі-бір әлеуметтік топқа тән элементтер жиынтығы, оның шұғылданымпаздылық құрылымын жасай отырып, адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, оның мәдени деңгейіне байланысты болып келеді де қоғамдағы өзгерістерге қатысты өгеріп отырады

Шұғылданымпаздылық деңгейлері:
Шұғылданымпаздылықты ұйымдастыру жүйесі адамдардың бос уақыттағы сұранымы мен қызығушылығына байланысты болып айқындалады.
Енжар демалыс-бұл шұғылданымпаздылықтың ең қарапайым түрі. Кім қандай іспен шұғылданады- бұған ешқандай да мәнберілмейді, тек күнделікті жұмыстан сананы басқа жаққа аудару.
Шұғылданымпаздылық құрылымы бір-бірінен психологиялық және мәдени мәніне байланысты айырмашылықтар негізіндегі «қабаттардан»тұрады
Шұғылданымпаздылық қызметіндегі педагогогикалық процестің мәні мен құрылымы
Шұғылданымпаздылық қызметі тек ерікті түрде қызмет түрін таңдауға ғана емес, сондай-ақ осы шұғылданымпаздылық барысында еркін жұмыс істеуге негізделген. Шұғылданымпаздылық әрекет ол педагогикалық процесс болып есептелінеді. Бұл шұғылданымпаздылық қызмет процесіндегі екі түрлі әрекеттің диалектикалық үйлесуі.Бір жағынан бұл штаттағы әлеуметтік қызметкері

Шұғылданымпаздылық қызмет адамдардың өндірістегі қызметіндей емес, «еркін» түрде құрылады. Шұғылданымпаздылық әрекет қашан да ерікті түрде іспен айналысу деп түсіндіріледі, онымен айналысу үшін ешқандай да сыртқы әсердің материалдық азаматтық, таңдауға мүмкіндіктің шектеулілігі, яғни сыртқы қажеттіліктің керегі жоқ.

  • Шұғылданымпаздылық қызметі әдістемесі- бұл мақсатты айқындайтын, идеялық-эмоционалды әсер етудің түрін, құралдарын іріктейтін,клиенттердің сұранымы мен талғамын есепке ала отырамыз.

Шұғылданымпаздылық қызметті ұйымдастыру әдістемесі:
Бүгінгі күнгі педагогика адамның қалыптасуын бүтіндей бір процесс деп қарайды, ал бұл тәрбие жұмысының өзара байланыстылығын, мақсатты түрде ықпал етуді.
Әлеуметтік шұғылданымпаздылық қызметіндегі ұйымдастыру деп әлеуметтік мекемелердегі өзара айқын байланысын басқарудың тиімді жүйесін және клиенттермен өзара қатынастарға қол жеткізетін педагогикалық процестің элементтерін барынша үйлестіріп реттелуін айта аламыз.
Қорытынды:
Шұғылданымпаздылық қызмет тұрі екі жақты тұжырымдалды. Біріншіден, адамдарды бірлескен іс-әрекетке жұмылдыру әдісі ретінде ұйымдастыру түрі-жеке, топтық, бұқаралық болып келеді, екіншіден, идеялық- эмоционалдық материалдық өзін ұйымдастыру тәсілі ретінде әдістемелік түрлері ауызша, басылымдық, насихаттық, кешендік, театрландырылған болып тұжырымдалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет