1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы



бет55/57
Дата14.10.2023
өлшемі0,67 Mb.
#113761
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
Дәріс тезистері

Когнитивті бағдар: адамның объективті немесе субъективті көзқарасына сәйкес қалыптасқан өзі туралы дербес пікір, ойлар.«Мен» бейнесін қалыптастыратын тұжырымдамалар сан түрлі болуы мүмкін. Мысалы, «сенімді», «парасатты», «жомарт», «адал» және т.б. Мұның барлығы нақты оқиға мен жағдайға қатысы жоқ абстрактілі қасиеттер. Адамның жалпылама бейнесінің элементтері ретінде, бұл қасиеттер, бір жағынан, сол адамның іс-әрекетінің тұрақты сипаттамасы, екінші жағынан, өзіміздің ол адамды іріктеулі қабылдауымыз. Дәл осылай адам өзін-өзі қабылдау ерекшелігін өзін сипаттау барысында анықтайды.
Эмоциялық бағалау бағдары. Өзімізге берер сапа кейбір жағдайда өзгелердің бізге беретін бағасына сай болмауы мүмкін. Бұл жерде адам өзінің өзіне берер субъектівті бағасын танытады. Яғни, «Мен-концепциясы» адамның тұлғалық ерекшеліктерін сипаттау ғана емес, оларды бағалау және қатынастық қасиеттерінің жиынтығы. Мысалы, 40 жас біреу үшін күш жігердің арта түсетін шақ болса, біреу қарттықтың бастамасы деп қабылдайды. Бойдың 170 см. ұзындығы кейбір ер азаматтарға жеткілікті болса, кейбіреулер бұл ұзындықты тым аз көреді. Мұндай бағалаулардың көбісі тұрып жатқан әлеуметтік ортаның стереотиптерімен байланысты.
Егер адам өзін-өзі ұсқынсыз санаса, ол өзгелердің оған деген негативті көзқарасын бақылайды (яғни солай көрінуі мүмкін). Мұндай жағдайда позитивті «Мен» бейнесін қалыптастыруда үлкен кедергілер болуы мүмкін. Адамның өзін-өзі эмционалды бағалауының негізінде өзі туралы пікірлер жатады.
Әр пікір адамда өзіне деген сезімдер мен нақты бір қатынас тудыралы. Ол пікір-ойдың жағымды немесе жағымсыз күшіне байланысты адамда өзін-өзі бағалау бағыты пайда болады. Адамның өзінің бағалығы туралы пікір-ойлары астында оның өзін-өзі бағалау дәрежесі жасырылған.
Ал Сіз өзіңізді қалай бағалайсыз?
Төменде берілген 4 дөңгелектің біреуін таңдаңыз. Олардың пішіні мен көлемі, түстері мен арақашықтығы бірдей. Еш айырмашылықтары жоқ.




Егер сіз сол жақтан бірінші тұрған дөңгелекті таңдасаңыз, сіз өзіңізді тым асыра бағалайсыз. Өзіңізге берген жоғары баға шынайы қасиеттеріңізге және қабілеттеріңізге сай болмауы мүмкін.
Егер сіз 4-ші тұрған дөңгелекті таңдасаңыз, сіз өзіңізді төмен бағалайсыз. Қабілеттеріңіз бен жақсы қасиеттеріңіз өзіңіз ойлағаннан да көбірек және дамыған.
Егер сіз ортасында орналасқан екі дөңгелектің бірін таңдаған болсаңыз, сіз өзіңізді адекватты (шынайы жағдайға сай) бағалайсын. Бірақ сол жақтағы ортаңғы дөңгелек – асыра бағалауға бейімділік, оң жақтағы ортаңғы дөңгелек – төмен бағалауға бейімділік.
Бұл тест нәтижесі сізде сұрақтар туғызды ма? Демек, өзіңіздің «Мен» бейнеңізді жіті зерттеу сіз үшін үлкен жаңалықтарға толы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет